Жаудың ұсағы да – жау Кей жағдайда өмірде ұсақ нәрселердің еленбеуі,
кейін уақыт өте келе адамға опық жегізіп, сан
соқтыртып жатады. Асылында алғашында аса көзге
ілінбейтін нәрселерге де мән беріп қарап жүрген дұрыс.
Алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлының
ұлағатты сөзі бар: «Кiшкене кiлттің үлкен сарайға жол
ашатыны сияқты, үлкен iске көбiне жай iстерден бастау
алады, кiп-кiшкене ұшқыннан үп-үлкен өрт шығады».
Расында, сарай қаншалықты зәулім болса да, оған кіп-
кішкене ғана кілт жол ашады емес пе? Тұтас ормандар-
ды алып кететін үлкен өрт те, қып-қызыл шоқтың май-
да ұшқындарынан пайда болмай ма? Олай болса, кілтке
де, ұшқынға да көңіл бөлмеуге бола ма?
Бұған мысалдар жетерлік.
Бір патша: «Кімде-кім ормандарымнан бір бұтақ
кесетін болса, мен оның басын кесемін!» – деп жар са-
лыпты. Неге? Өйткені, бүгін бұтақты кескен адамның
ертең ағашты да кесуден тайынбайтынын жақсы білген.
Былайша айтқанда, бүгін түйме ұрлатқан жаман дағды
ертең түйе де ұрлатуы мүмкін деген сөз.
Шынында да өмірде ұсақ нәрселердің маңызын
ешкім жоққа шығара қоймас. Айталық, көз кіп-кішкене
болғанымен, адам үшін қандай орасан зор қызмет
атқарып тұр? Керек десеңіз, бармақтай көзге тау да, тас
та, аспан да, қара жер де – бәрі сыйып тұр емес пе?
Кіп-кішкене тас үлкен әйнекті күл-парша етеді...
Кішкене у қосылған суды іше алмайсыз...
Меңдей ғана дәрі меңдеген дертіңізге шипа бола-
ды...
Тышқан қазған інге ат сүрініп кетуі мүмкін...
Кішкене ғана тесігі бар қайық суға батады...
38
Ислам және өнеге Мылтықтың кішкене ғана шүріппесін ойланбай ба-
сып қалу...
Демек, «Зор дұспаннан қандай сақтансаң, ұсақ
жаудан да сондай сақтан» деген Шәкәрім бабамыздың
сөзімен еріксіз келісесіз.