Ислам және өнеге


Нашар әдеттің нашарлығы неде?



Pdf көрінісі
бет14/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Нашар әдеттің нашарлығы неде?
Нашар дағды – тәрбиесіздік пен мәдениетсіздіктің 
көрінісі.  Ол  –  адамның  абыройын  төгіп,  көп  жерде 
ұятқа қалдырады. Басқалардың өзінен бойды аулақ са-
лып, жиіркене қарауына себеп. Айталық, үнемі өтірік 
айтатын адамның шын сөзіне де халық күмәнмен қарап, 
сенбейтін болады. Аузы балағат сөзге үйренген адам да 
сыртқа өз тәрбиесіздігін байқатады. Жиі түкіріне беру 
де өзгелердің жиіркенішін тудыратын жаман әдеттердің 
бірі.  Хадисте  қарғысқа  ұшырайтындардың  қатарында 
қоғамдық  орындарды  былғайтындардың  айтылғанын 
әрі жөнсіз түкіріктің де күнәға жататыны ескертілгенін 
назарға  алсақ,  ел  жүретін  жолға  қалай  болса  солай 
былш-былш түкіріп кете баратындардың қаншалықты 
нашар  қылыққа  бой  алдырғанын  шамалауға  болады. 
Ғылымдағы мәліметтер бойынша, бір грамм түкірікте 
100  млн  бактерия  кездесетіні  белгілі.  Олай  болса, 
түкіріне  беретіндер  ортаны  ластап,  қаншама  ауру  да 
таратуда.  Міне,  көрдіңіз  бе,  бір  ғана  жаман  әдеттің 
зияндығы қандай?! Бұл тұста көрші Қытай елінде ар-
найы қоқыс жәшігіне емес, ел жүретін көшеге, жерге 
түкіретіндерге мың юань айыппұл салынатындығы үлгі 
аларлық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет