61
Адами мінез – арға сын
қиындықтар күтіп тұрғанын білетін рухани сауаты бар
жан қарқылдап күлуді дөрекілікке балап, еренсіздік
не ғапылдық ретінде өзіне ар санайды. Осы себепті
өмірінің көбі қайғырумен өткен шерлі Пайғамбарымыз:
«Менің білгенімді білсеңіздер, аз күліп, көп жылайтын
едіңіздер»
81
, – деген еді. «Күйдірген соң шыдатпай,
қоя ма екен жылатпай» деп Абай атамыз айтпақшы,
ардақты Пайғамбарымыздың кеудесін күйдірген
жайт – халықтың ертеңгі күннен ғапылсыздығы,
нәпсіқұмарлықтан бас алмауы, ақыретті ұмытқан
қамсыздығы, мейлінше жайбарақаттығы, бұл дүниеде
күліп күнә істегеннің о дүниеде жылап тозаққа
түсетінін білмеуі, осыларды ойлап көңілі толқып,
көзіне жас алудың орнына қайта қарқылдап күлуі еді.
Оларға жанашырлықпен түсіндірген сайын, өзін келе-
междеп, мазақ етуі, жақсылықтың сауабы ұшан-теңіз
екенін айтқан сайын, қасарысып күнәға белден батуы
Ақиық елшінің (с.а.с.) арқасына тікендей батып, жы-
лаудан көз аштырмады. Өзі де осыны меңзеп, бірде:
«Мен күйіп қалатынын білмей отқа жүгірген көзсіз
көбелектерді жасқап әлек болған адам секілдімін», –
деп, тозаққа күйесің деп күнәдан аластатпақ болған
сайын, адамзаттың қайта соған ентелей түсетінін ойлап
қатты қамығып, іштей күйзелген еді
82
.
Иә, сыпайы күлкі адамның ажарына ажар, мінезіне
салмақ қосса, ырқыл-жырқылға беріліп, күлегештене
беру кісіні сырт көзге тым жеңілтек көрсетеді. Бұл жай-
ында хазірет Омардың (р.а.) айтқан мына бір сөзі ойға
оралады:
81
Бұхари,
Тәфсир, 5/12.
82
Мүслим,
Фәдаил, 19.
62
Ислам және өнеге
«Күлкісі көбейгеннің –
сұсы азаяды. Көп
қалжыңдасатын адам – келекеге ұшырайды. Кім нені
көп істесе, сонысымен танылады. Көп сөйлеген адам
– көп қателік жібереді. Қателікті көп істейтін адамның
– ұяты азаяды. Ұяты азайған адам – күнәлі нәрселерге
үйірсек келеді, ондай адамның жүрегі өледі»
83
.
Расында да күлегеш адамды салмақты, байсал-
ды мінезді деп айту қиын. Мұның ақыры сол, ондай
адамның көп күлуден бара-бара жүрегі қарайып, ішкі
сезім түйсіктері әлсірей түседі. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
осыны меңзеп Әбу Хұрайраға берген кеңесінде: «Көп
күлуден сақ бол, көп күлу жүректі өлтіреді», – деп
ескерткен еді
84
.
Күлкінің ішінде де Аллаһқа ұнайтыны әрі
ұнамайтыны бар екенін де хадистерден үйренеміз. Бір
хадисінде Пайғамбарымыз былай дейді: «Күлкінің екі
түрі бар: Аллаһтың жақтыратыны әрі жақтырмайтыны.
Аллаһқа ұнайтын күлкі – бір мұсылманның екінші
бір мұсылманды жолықтырғанда, қуанғанын білдіріп
жүзіне күліп қарауы. Ал Аллаһтың жақтамайтын
күлкісі – біреуді-біреу мазаққа айналдырып, келемеж-
деп күлуі»
85
.
Бос күлкі адамның шикілігін, көкірегінің бос екенін
аңғартатын тәрізді. Оны терең ойлы жандарға жарасты-
ру қиын. Мұқағали ағамыздың:
Ақылына айырбаста күлкіңді,
Қайтесің сол күлкі деген шіркінді?!
Бейқам күліп
өспеген соң өз басым
83
Ғазали,
Ихия-у-улумуддин, ІІІ, 288.
84
Тәнбихул-ғафилин, Бустанул-арифин, Б. 225.
85
Мұхтарул-ахадисин нәбәуия, №727-хадис, Б. 398-399.