Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет20/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Ислам және өнеге
оның  көңіліне  селкеу  түсірме.  Ол  тізе  бүкпей  тұрып, 
сен отырма. Әкең ұйықтамай жатып, сен жастыққа бас 
қойма!»
70
 
Ата-ананың  қас-қабағын  бағу,  оларды  қалтқысыз 
көңілден  сыйлау,  айтқанын  екі  етпеу  тұрғысынан  ірі 
мұсылман ғұламаларынан имам Әбу Ханифаның басы-
нан өткен мына бір оқиға да сабақ бола алады. Шешесі 
бірде оған өтініш жасап, бір мәселенің жауабын ғалым 
Омар ибн Зәррден сұрап келші деп жұмсайды. Айтқан 
кісісі  алты  шақырымдай  алыста  тұратын.  Әбу  Хани-
фа  анасының  айтқанын  екі  етпестен  дереу  әлгі  кісіге 
барады.  Шешесінің  өтінішін  жеткізеді.  Алайда  ғалым 
ол  жауапты  білмейтіндігін  айтып,  арланбастан  жауа-
бын Әбу Ханифаның өзінен сұрайды. Әбу Ханифа ол 
жауапты  білетін  еді,  айтып  берді.  Таңырқаған  Омар 
ибн Зәрр: «Өзіңіз де біледі екенсіз, маған несіне келіп 
әуре болдыңыз?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: 
«Шешемнің аузынан шыққан өтінішін сол күйі орын-
дау – менің міндетім», – деп жауап берген екен
71

Өз уақытында теңдесі болмаған ғұламалардың бірі 
Имам  Раббани  Үндістанда  болған  кезінде  Брахмани-
стермен  көп  күресті.  Парасаттылығымен  көпшілігін 
тура жолға шақырды. Сол замандарда ел билеген Әкбар 
шаһ  Индуизмнен,  Буддизмнен,  Христиан  дінінен, 
біразын  Исламнан  алып  қойыртпақ  жаңа  бір  дін  ой-
лап  таппақ  болып  ниет  танытты.  Бұл  қайткенде  де 
мұсылмандарды тұқыртудың амалы еді. Шаһтың бала-
70
  әл-Хаким, әл-Мүстәдрак, 3/689, әт-Табарани, әл-Мұғжамул-
кәбир, 1/158.
71
  Хайтами Шахабаддин Ахмәд ибн Хажа, әл-Хаиратул-Хисан 
фи  мәнақибил-Имам  Әбу  Ханифа  ән-Нуман,  Бәйрут,  1983, 
Б.186-7. 


55
Адами мінез – арға сын
сы Алемгир, Имам Раббаниді көріп іліміне құрмет таны-
тып жүрген болатын. Бір күні: «Уа, имам, әкемнің істеп 
жүрген қылығы өзіңізге мәлім, қаласаңыз, мен онымен 
қарым-қатынасымды үзейін», – деп ақыл сұратты. Ол 
тұс Имам Раббаниды Әкбар Шаһтың түрмеге қаматып 
тастаған  кезі  болса  керек.  Өзіне  қиянат  жасалып, 
түрмеге қаматқанына қарамастан, Имам Раббани Ислам 
шегінен шықпастан, баласына: «Жоқ, ол сенің әкең ғой, 
әкеңді барынша сыйла! Құран қандай жағдай болмасын 
ата-анаға құрмет көрсету керектігін бұйырады», – деп 
жауап берген еді.
Иә,  ешқашан  «алты  ағаң  жиылса  да  –  ата,  жеті 
жеңгең жиылса да – ана» бола алмаған. Ислам діні ата-
анаға  құрмет  көрсетуде  олардың  игі  батасын,  тілек-
дұғасын  алуға  шақырады.  Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  үш 
адамның  тілеген  тілегі  міндетті  түрде  қабыл  болады 
деп, жәбірленушінің, келген қонақтың, сондай-ақ бала-
сына жасаған ата-ананың дұғасын атаған
72
. Сол себепті, 
көзі тірісінде ата-ананы разы қылып, алғысын көбірек 
алған жөн. 
Ата-бабаларымыз: «Әке-шешең жынды болса, бай-
лап бақ», – дегенде, ата-анасы қандай жағдайға тап бол-
са да, оларды бағып-қағып, құрмет көрсету – ұрпағына 
міндет екенін ұқтырғысы келсе керек. 
Бірде  сахабалардың  бірі  Пайғамбарымызға  келіп, 
бар  ынтасымен  дін  жолында  жиһадқа  шыққысы 
келетінін,  бірақ  қолының  қысқа  екенін  айтып  өкініш 
білдіреді.  Сонда  Аллаһ  елшісі:  «Үйдегі  әке-шешең 
тірі ме  еді?»  –  деп  сұрайды. Ол:  «Иә,  шешем тірі»,  – 
дегенде,  Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  оған:  «Ендеше,  сен 
үйдегі  шешеңді  жақсылап  күтуге  ден  қой.  Анаңның 
72
  Тирмизи, Бирр, 7.


56
Ислам және өнеге
көңілін тауып, ризашылығын алсаң, қажылық пен ұмра 
жасағандай сауапқа кенелесің. Аллаһ жолында қызмет 
ету бақытына қол жеткізген мұжаһидтің сауабынан да 
құр қалмайсың», – деп қайтарған-ды
73

Әйгілі Ақтамберді жырау осы бір ғибратты жайт-
ты толғауына арқау етеді:
Меккені іздеп не етесің, 
Меккеге қашан жетесің?
Әзір Мекке алдыңда – 
Пейіліңмен сыйласаң
Ата менен анаңды! 
Шал ақын да бұдан шет қалмай: 
Мекке менен Мәдина жолдың ұшы, 
Алыс сапар дейді ғой барған кісі. 
Ата менен анаңды құрметтесең, 
Мекке болып табылар үйдің іші, – деп халық ара-
сында ата-анаға құрметтің Меккеге барғаннан кем емес 
сауап екенін кеңінен насихаттаған. 
Дана Абай: «Әке ұрысса балаға ол да достық; Бала 
ұрысса  әкеге  жараса  ма?!»  дегенде,  перзенттің  өзін 
өмірге әкелуге себепкер болған ата-анасына қарсы келуі, 
сөз қайтарып, тайталасуы орынсыз екенін сынаған. 
Бес  уақыт  намазыңды  жинамасаң,  Ораза  ұстап 
жаныңды қинамасаң. Аллаһның кешірмейтін бір күнәсі 
–  Ата  менен  анаңды  сыйла-масаң,  –  деген  Орманбай 
ақын  да  хадистерде  айтылған  ең  үлкен  күнәлардың 
қатарында  ата-ананы  сыйламаудың  да  бар  екенін 
меңзеген. 
Қытай  ойшылы  Конфуций:  «Ата-анаға  қызмет 
көрсеткенде,  аса  жұмсақтық  танытыңыз.  Сіздің 
айтқаныңыз  оларға  ұнамаса,  бұрынғыша  қызметіне 
73
  Әбу Яғла, әл-Мүснәд 5/149.


57
Адами мінез – арға сын
жүгіріп,  сыйлаудан  тартынбаңыз.  Олардың  айтқаны 
сізге  ұнамаса,  оны  түк  білдірмеңіз»,  –  деген  екен. 
Шындығында, әке-шешеге құрмет тек тірі кезінде ғана 
көрсетілмеуі тиіс. Ол кісілерді өмірден озғаннан кейін 
де сыйлай білген жөн. 
Бірде  бір  кісі  Пайғамбарымыздан  (с.а.с.):  «Уа, 
Аллаһтың елшісі, өмірден қайтқан ата-анаға жасайтын 
жақсылық бола ма, айтыңызшы, мен соны жасайын», – 
деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: – Иә, бар, 
оларға  игі  дұға  жаса,  Аллаһтан  кешірім  тіле,  өсиетін 
орында,  туыстығы  бар  кісілермен  араластықты  үзбе, 
достарын сыйлап тұр», – деп кеңес берген екен
74
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет