Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет23/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Адами мінез – арға сын
Бос күлкіні ұнатпаймын біртүрлі, – деуі де сөзімізді 
қуаттай  түсіп,  бос  күлкімен  өмірді  босқа  өткізгеннен 
гөрі, күн сайын ойға ой жамап, ақылға ақыл қосудың 
анағұрлым пайдалы екеніне назар аудартатындай.
Абай  атамыз  да  өзінің  төртінші  қарасөзінде  осы 
күлкі мәселесіне арнайы тоқталған. Күлкіні мастыққа 
балаған ғұлама бабамыз көп күлкіге салынған адамның 
көп ғапылдыққа ұрынатынын былай деп түсіндіреді: 
«Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі бір мастық 
екенін,  әрбір  мас  кісіден  ғафил  көп  өтетұғынын  да, 
әрбір  мастың  сөйлеген  кезінде  бас  ауыртатұғынын. 
Бұлай  болғанда,  күлкіге  салынған  кісі  не  шаруадан, 
не  ақылдан,  не  бір  ұят  келерлік  істен  құр,  ғафил  көп 
өткізіп отырса керек».
Абай  атамыз  ары  қарай  пенденің  бұл  дүниеде 
уайым-қайғысыз жүруінің дұрыс еместігін сынға алып, 
түбі өкінішке апаратынын ескертеді: 
«Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не 
дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек. 
Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, 
не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. 
..Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. 
Уайым-қайғысыздығыңа  уайым-қайғы  қыл-дағы,  сол 
уайым-қайғысыздықтан  құтыларлық  орынды  харе-
кет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет 
өзі  де  уайым-қайғыны  азайтады,  орынсыз  күлкіменен 
азайтпа, орынды харекетпен азайт!»
Қарасөзінің жалғасында Абай атамыз басқалардың 
нашар  қылығын  табалап  күлуге  емес,  қайта  солардан 
ғибрат алып күлуге шақырады. «Бос күлкіге» тағы да 
«ызалы  күлкі»,  «бояма  күлкі»  деген  жаңа  тіркестерді 
қосады:


64
Ислам және өнеге
«Әрбір  жаман  кісінің  қылығына  күлсең,  оған  ра-
хаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі – 
өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, 
әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып 
күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын 
ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа 
жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де 
мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, Құдай 
жаратқан  орныменен  іштен,  көкіректен,  жүректен 
келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, 
бай-бай  күлкінің  әнін  сәндеп,  әдемілік  үшін  күлетін 
бояма күлкі».
Күлкіге  себеп  болатын  нәрсе  көп,  соның  бірі  – 
әзіл. әл-Фараби бұл туралы «Сөз тапқырлық – жақсы 
адамшылық  қасиет  және  мұның  өзі  әзілді  орны-
мен  пайдаланғанда  болатын  нәрсе»  деп,  орнымен 
айтылған  әзілдің  кісі  бойындағы  ізгі  қасиеттердің 
біріне  жататындығын  ұқтырған.  Әзіл  өз  өлшемінен 
аспай,  тамаққа  қосылған  тұз  мөлшеріндей  болғанда 
ғана  сөздің  дәмін  келтірмек.  Осы  тұста  «Әр  ісі  үлгі-
өнегеге толы Пайғамбарымыз әзілдесетін бе еді?» де-
ген сұрақ туындайды. Ақырғы елшінің (с.а.с.) өміріне 
көз  жүгірткенімізде,  жиі  болмаса  да  оның  әрдайым 
әзілдескенін көреміз. Тіпті кейде «Уа, Аллаһтың елшісі, 
сіз де әзіл айтасыз ба?» – деп таңырқағандарға: «Иә, мен 
әзіл айтам, бірақ арасына өтірік араластырмаймын», – 
деп жауап беретін
86
. Әзіл айтса да ақиқаттан аттамаған 
Пайғамбарымыз:  «Әзілдеп  болса  да  өтірік  айтудан 
сақтанған адамға жұмақтың ортасынан жай беріледі», – 
86
  Тирмизи, Бирр, 57.


65
Адами мінез – арға сын
деп, әзіл айтудың да өз тәрбиесі барын үмбетіне ескерт-
кен
87
.
Аллаһ елшісінің әзілдері санаулы-ақ болған: 
Бірде бір қарт әйел келіп: «Мен де жұмақтағылардың 
қатарынан  болғым  келеді,  дұға  етіңізші»,  –  деп 
өтінгенде, Пайғамбарымыз оған: «Қарт кісілер жұмаққа 
кірмейді», – деп әзілдеді. Бұны шын көріп қалған әлгі 
әйел жылап кетіп қалады. Сонда Пайғамбарымыз: «Ана 
кісіге  айтыңыздар,  әйелдер  қартайған  түрінде  емес, 
Аллаһ оларды уыздай жас күйінде жұмаққа кіргізеді», 
– деп түсіндірді
88
.
Тағы  бірде  бір  кісі  келіп,  мініске  көлік  сұрады. 
Пайғамбарымыз: «Жарайды, сені бір түйенің ботасына 
мінгізейік», – дейді. Ол кісі: «Мен ботаға қалай мінем?!» 
– деп таңданғанда, Пайғамбарымыз оған күліп: «Түйе – 
түйеден тумай ма, әр түйе бір түйенің ботасы емес пе?» 
деп әзілдегенін аңғартты
89
.
Иә,  иманды  адам  әрдайым  байыпты  болуы  тиіс. 
Әзілдесе  орнымен  әзілдеп,  күлсе  де  білікпен  күліп, 
тәрбиесі  мен  көргенділігін  байқатуы  тиіс.  Өмірі  тірі 
жанға жылы қабақ танытып, жылы сөз айтып, күлімсіреу 
дегенді білмейтін қаталдық пен қарадүрсін мінез оған 
жат. 
Үлкен  әулие  Жәләладдин  Руми  адамның  күлкісі-
ақ көп нәрсені аңғартатынын меңзеп: «Қалай күлгеніне 
қарап кісінің – әдептілігін, неге күлгеніне қарап – оның 
ақыл-өрісін танимын», – деген екен. 
87
   Әбу Дәуіт, Әдеб, 7.
88
  Тирмизи, Шәмаил, 18.
89
  Әбу Дәуіт, Әдаб, 84.


66
Ұ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет