Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет3/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Ислам және өнеге
(с.а.с.) хадистерімен байланыстырып, кітаптан бірнеше 
үзінділер келтірейік.
Пайғамбарымыз:  «Менің  білгенімді  білсеңіздер, 
аз  күліп,  көп  жылар  едіңіздер»,  –  деп  айтқан  екен. 
Және Құрандағы «Күлесіңдер, бірақ жыламайсыңдар, 
тым қаперсізсіңдер», – деген аяттардың да терең сы-
рын  ұғынатын  жан  болса  дейміз.  Бос  күлкінің  адам 
көкірегінің  бостығының  белгісі  екенін  Мұқағали  бір 
шумақ өлеңімен дәлелдей түседі.
Ақылыңа айырбастап күлкіңді,
Қайтесің сол күлкі деген шіркінді.
Бейқам күліп өспеген соң өз басым,
Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі. 
Ақыретті ойламасақ, өзгенің нашар қылығына жа-
нымыз  ашымай,  бәріне  көз  жұмып  қарасақ,  күлкіден 
бізге  келер  пайда  не?  Көйлегіміздің  көктігінен, 
қарнымыздың  тоқтығынан  күлеміз  бе?  Бос  күліп 
ғапылдыққа  салынбағанымыз  жөн  болар.  Бір  сәт 
жоғарыда  айтылған  ойлы  орамдарға  толы  насихатты 
ақылға салып бағамдалық.
«Көп  күлу  де  әдепсіздіктің  көлеңкесіне  кіретінін 
ескерсек,  әдепсіздерден  де  әдеп  үйренуге  болады 
екен». Осылай деген кітап сөзі мына оқиғаны мысалға 
келтіреді. 
Бір  данышпаннан:  «Осыншама  әдепті  қайдан 
үйрендіңіз?» – деп сұраса керек. Сонда «Әдепсіздерден», 
– деген екен. Тауып айтылған ойлы сөз. Сөз демекші, 
«сөйлеу  де  байыптылықты,  парасаттылықты  қажет 
етеді. Көп сөйлеу емес, дөп сөйлеу ғана ақылдылықтың 
белгісі.  Қазақ  –  бір  ауыз  сөзге  тоқтаған,  сөздің  сары 
майын қалқып алған халық. Жетес бидің: 
Адамның сәні – өнер, білім, ақылы,
Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы.


9
Ислам және өнеге
Сөздің сәні – өнегелі нақылы,
Пікірдің сәні – ойландырар мақұлы, – деген ойлы 
өлеңі  оқырман  қауымды  ойландырмай  қоймайды»,  – 
дейді автор ойлы сөз бен сөйлеушісін қазақ бабамыздың 
қалай құрметтегенін Жетес бидің сөзінен мысал келтіре 
отырып.
Ғасырлар өтсе де сарқылмай, халықтың қазанында 
қайнап жатқан бабалар сөзі мен жыраулардың толғауы 
кітапта  мол.  Мұсылмандықты  берік  ұстаған  бабала-
рымыз  халық  арасындағы  бауырмалдық  пен  бірлікті, 
ынтымақ  пен  сыйластықты,  татулық  пен  көркем 
мінезді үгіттеп, өздерінің аманат жырларына арқау ет-
кен Кердері Әбубәкір бабамыздың:
«...Нұр иманның белгісі,
Көңліміздің жұмсағы» – деген сөзі адам бойындағы 
көрікті мінездің мәйегі жұмсақтылық екенін меңзейді. 
Жұмсақ  мінез,  мейірім,  сыйластық  қана  бізді  бұл 
дүниенің  дүрбелеңінен,  қилы-қилы  торапта  жол 
көрсетіп,  адамгершіліктің  биігіне  алып  шықпақ. 
Мәдениеттілік,  сезімталдық,  ар-иба  адамды  бақытқа 
жетелемек.
Қош, мұның бәрі кітапта айтылған қатпар-қатпар 
әлеуметтік,  этикалық,  діни  толғамдардың  негізгі 
тақырыптары,  ал  әр  тақырыпқа  арналған  әңгімелер 
мен  мақалалардың  әрқайсысы  –  адамгершілік  пен 
әдептіліктің мызғымас мектебі. Соның бәрі ой елегінен 
өтіп,  ақыл-білім,  әдеп,  көркем  мінез-құлық,  үлкенге 
құрмет,  кішіге  ізет,  қайырымдылық,  жақсы  қарым-
қатынас таразы басына тартылады. 
Кітап – парасатымызды пайымды ететін, жанымыз-
ды жақсылыққа бастап, жүрегімізге ізгіліктің шуағын 
шашатын,  рухани  азғындаудан  сақтайтын  құнды 
қазына.  Қолыңыздағы  кітаптың  осындай  салиқалы 


10
Ислам және өнеге
әңгімелер мен пікірлерге, әр беті жұмыр басты пенденің 
тұрмыс-тіршілігі мен сана-сезімі, мінез-құлқы жайлы, 
мына бес күндік жалғанда қалайша мәнді де салиқалы 
ғұмыр  кешу  керек  деген  көкейдегі  сауалға  ықылым 
заманда  ой  тастаған  ұлылардың  ұлағатты  әңгімесіне, 
күллі жаратылыстың иесі – Жаратқанға деген шынайы 
ниет пен ыстық ықыласқа, дұға-тілектерге толы.
Адамдық  борыш  пен  пенделік  пейіл,  әдеп 
құндылықтары, өмір өлшемдеріне деген көзқарас, арты-
на өлмейтін хат қалдырған данышпандардың салиқалы 
ойлары,  сыйластық  пен  қимастық,  айналадағы  бо-
лып  жатқан  оң  өзгерістер  мен  мұсылманға  жат  теріс 
қылықтар,  нәпсінің  қалауы,  өркениет  пен  мәдениетте 
орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар туралы айтылған 
пікірлер кітапта өзінше бір төбе. 
Кітап  адамның  жан-жақты  дамуынан,  қарапайым 
күнделікті  сөз  сөйлеуден  бастап  дұрыс  жүріп-тұру, 
қарапайымдылық пен кішіпейілділік, ата-анаға, үлкенге 
құрмет,  кішіге  ізет  көрсету,  көркем  мінез  жайында, 
уақыт кеңістігіндегі оқиғаларды тілге тиек ете отырып, 
адамзат өмірінде Исламның, діни тәрбиенің алатын ор-
нын баса көрсетіп, рухани құндылықтарды дәріптеуге 
үндейді.  Мұндай  ғибратқа  толы  еңбектің  бізге  берері 
мол. Олай болса, кітапта айтылған көркем ойлар, өмірдің 
өміршең  қағидаларын  сөз  еткен  ғибратты  әңгімелер, 
руханиятқа толы мысалдар көзі қарақты оқырман сана-
сына ой салар деген үміттеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет