88
Ислам және өнеге
басының атын өзі алып жүре алатын адам еді», – дейді.
Азалы елдің бір үлкен адамы:
– Абай-ау, ол не дегенің?! Меңаяқ өз атының ғана
басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді.
Оған Абай:
– Елді билеуден адамның өзін-өзі билеу қиын.
Жағдайы келгенге бақ көтеріп, таққа отыру бола береді.
Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын
ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор
адамдығының өзі сонда еді, – деп жауап береді
137
.
Шынында да, өмірде байлық пен биліктің буы-
на мастанбай, «жаман адам» кездегі өрім-өрім, қырық
шоқпыт шапанын би болған шағында керегесіне ілдіріп,
«Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп әркез
тәубаға түсіп отыратын, қай кезде де нәпсіге ие болып,
адамшылықтан алыстап кетпейтіндер некен-саяқ.
Алматыда біраз уақыт жүріп, ауылға бірге қайтқан
кезінде Ноғайбай шешеннің қуақыланып:
– Кебеке, сіз Әселді, мен Былғары жеңгейді
түнде барып бір сынасақ қайтеді, – дегеніне, Кебекбай
ақынның байсалдылықпен:
– Қой, Ноғайбай,
Нәпсі деген пәледүр,
Жанған отқа саладүр.
Өз
нәпсің қандай болса,
Кісі нәпсісі де сондай, – деп тыйым айтқаны да
«Нәпсіге ерік берме, име бойыңды, Ләззаты – мұң, тілегі
– құр ойынды» деген Жүсіп Баласағұн бабамыздың
сөзін қуаттап, нәпсінің адамды соңы өкінішті істерге
соқтыратын пәле екендігін, ол жамандыққа тартқан
137
А. Машани.
Әл-Фараби және Абай. А.,-1994. Б.126.
89
Адами мінез – арға сын
сайын алды-артын бажайлап, үлкен сабырлылықпен
тоқтамға келе
білу керектігін білдіргендей
138
.
Расында
да
нәпсінің
жетегінде
кету,
нәпсіқұмарлыққа салыну аса қауіпті жайт. Оны ата-
бабаларымыздың ел арасында насихаттаған өсиет,
нақылдарынан да көреміз. Мәселен, Ахмет Яссауи ба-
бамыз:
Нәпсі жолына кірген кісі рәсуа болар,
Жолдан азып-тозар, жұртта қалар.
Жатса-тұрса,
шайтанменен бірге болар,
Нәпсіні теп, нәпсіні теп, ей, пәтшағар!
Нәпсі сені ақырында торға салар,
Діннен қуып, жақсылықтан ада қылар.
Өлер
кезде иманыңнан жұрдай қылар,
Ақылға ерсең ит нәпсіден безер болғай, – деп,
нәпсіге салынған кісінің түбі рәсуа болатындығын, тіпті
ажал алқымына жармасқан сәтте имансыз кетуі мүмкін
екенін айтып зар илесе, Асан қайғы бабамыз:
Адам әзіз айтар деп,
Көңіліңді салмағыл.
Нәпсі алдаушы дұспанның
Насихатын алмағыл, – деп,
жоғарыда біз атап
өткен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) нәпсіні адамның ең
үлкен дұшпанына балаған хадисін еске түсіреді.
Бұқар жыраудың мына бір өлеңі де адамдағы
нәпсінің тоғышар әрі қомағай екендігін, өмірден
қанша қызық көрсе де тойым білмейтіндігін жақсы
ұғындырады.
Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
138
Ж. Қарабасов.
Тура биде туған жоқ. А., - 2006. Б.99.
90
Ислам және өнеге
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Қызыққа тоймас адамзат!
Ол тіпті Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.)
«Адам баласына бір тау алтын берілсе, тағы бер-
се деп тілеп тұрар еді» деген хадисінің ақиқаттығын
сездіргендей.
Нәпсіқорлық адамды бұл дүниеде рәсуалап
қана қоймайды, о дүниеде де сол істегендеріне жаза
тартқызады. Бұл дүниеде қызыққан нәрсесіне қол
жеткізгенше, әркімнің бабын табам деп сілікпесі шықса,
о дүниеде сол қол жеткізген нәрселерінің есебін бере ал-
май, қара терге түседі. Сол себепті бұл дүниеде нәпсіге
тыйым сала білген жандар ғана о дүниедегі тозақ от-
ынан аман қалатындығын Қабан жыраудың мына бір
өлеңінен көреміз:
Артынан қу нәпсінің жүгіре берсең,
Қу нәпсі жүгірістен танған емес.
Нәпсіге тоқтау салған бәндесіне,
Тозақтың оты кеулеп жанған емес!
Абай атамыз да нәпсінің түрлі құбылмалы жақтарын
бірқатар өлеңдерінде тамаша сипаттаған. Бірде:
«Лапылдақ, көрсеқызар нәпсіге ерме», – деп нәпсінің
көрсеқызар, лапылдақ сипатын көзімізге елестетсе, енді
бірде «Күзетсең көптің аузын күн көрмейсің; Өзіңді-
өзің түзет, кел, шырағым», – деу арқылы нәпсі тәрбиесі
әр адамның жеке өзіне қатыстылығын алға тартады.
Ғұлама әрі ойшыл бабамыз «Ескендір» поэмасында:
«Мықтымын
деп
мақтанба,
ақыл
білсең,
Достарыңызбен бөлісу: