Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет33/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
Ислам және өнеге
кісі  бойынан  асатын  деседі.  Тәпір  саласында  жазған 
еңбегінің  өзі  он  екі  мың  бетті  құраған.  Бұны  өміріне 
шаққанымызда, балалық шағынан бастап күніне 15-20 
бет ғылыми зерттеу жазған болып шығады. Дастарқан 
басына отырғанда да ол бір жағы тамақ жеп, бір жағы 
кітапқа шұқшиюдан бас алмаған. 
Ал әл-Жахыз атты ғалым түнімен кітапханаларды 
жалға алып кітап оқыған көрінеді. 
Кітапқұмар  тағы  бір  кісі  XI  ғасырда  Фатимид-
тер  билеушісі  Махмұддудәулә  ибн  Фатих  еді.  Ол  ме-
дицина,  математика  және  пәлсапа  ілімдерін  үйреніп, 
өзі  де  сол  салаларда  көп  қалам  тербейтін.  Ибн  Әби 
Ұсайбия:  «Ол  көп  жазатын.  Өз  қолымен  жазған  көп 
еңбектерін  таптым»,  –  деген.  Махмұд  ибн  Фатихтың 
жинаған  кітабының  есебі  жоқ  еді.  Қызығы  сол,  Ибн 
Әбу  Ұсайбаның  жинаған  кітаптарының  көбі  иістеніп, 
бүлініп,  суға  малынғандай  әсер  беретін.  Кітаптардың 
бұл  жағдайын  Каирлік  ғалым  Шейх  Садиддин  былай 
түсіндірген:
«Фатих  билеуші  ілімқұмар  болғандықтан,  бір 
кітапхана  салдырған  еді.  Атынан  түсе  салысы-
мен,  кітапханасына  жүгіретін.  Оны  ешкім  кітаптан 
бас  тартқыза  алмайтын.  Басқа  көп  ештеңеге  көңіл 
бөлместен оқу-жазу ісімен айналысатын. Өйткені бұл 
істі өте маңызды деп санайтын. Әйелі де өзі секілді текті 
әулеттен  шыққан  кісі  еді.  Күйеуі  қайтыс  болысымен, 
әйелі жалшыларды ертіп барып, кітапханадағы барлық 
кітаптарды су толы кең хауызға тастатыпты. Күйеуінің 
қайғысына да қарамады. Өйткені ең жек көретіні осы 
кітаптар  еді.  Күйеуі  осы  кітаптарға  шұқшиятыны 
соншалық  –  әйеліне  де  көңіл  бөлмейтін.  Кейіннен 


99
Адами мінез – арға сын
кітаптар судан шығарылады, алайда көпшілігі иістеніп, 
бүлініп қалған еді»
152

Рай  қаласында  Уәзір  Ибн  Амид  (қ.ж.  971)  та 
кітапқұмар ғалым кісі еді. 965 жылы Амидтың үйін бір 
мәзһабтың  адамдары  келіп  қиратып,  бүкіл  дүниесін 
талан-таражға салады. Ибнул-Амидтың кітапханасына 
қарайтын  Ибн  Мискауайх  сол  оқиғаны  былай  еске 
алған: «Ибнул-Амид үшін әлемдегі ең қымбат дүние – 
кітап еді. Ол бұл іске қатты налыды. Ғылым, пәлсапа, 
әдебиеттің барлық салалары жайында жүз түйеге жүк 
боларлық кітаптары бар болатын. Мені көргенде, басқа 
дүниесін емес дереу кітаптарын сұрады. Кітаптарының 
түгел  екенін  естігенде,  қатты  қуанып:  «Сен  бақытты 
адамсың. Барлық нәрсені жаңалауға болар. Бірақ қолға 
түсе бермейтін кітаптарды жаңалау қиын», – деді. Сөйтті 
де ол кітаптарды басқа жаққа апаруымды өтінді»
153

Бұл мысалдар тарихта мұсылмандардың кітап оқуға 
қаншалықты ынтамен қарағанын ұғуымызға жеткілікті. 
Кітапқа,  білімге  құмар  болған  кезде  мұсылман  әлемі 
дамыды.  Ғылымда,  білімде,  мәдениетте  ешкімге  ат 
оздырмады.  Күллі  әлемді  таңдай  қақтырды.  Демек, 
қандай да бір елдің болашағын сол елдегі кітап оқуға 
деген  қызығушылықтың  деңгейінен  болжауға  болады 
деуге толық негіз бар. 
Өмірде кітап оқудың адамға берері көп. Шындап 
келгенде,  әр  кітап  бір-бір  тәжірибелі  ұстазға,  ақыл 
қалтаға  ұқсайды.  Басқалардың  қанша  жылғы  білген-
түйген  нәрселерін,  ізденісін  біз  сол  кісінің  жазған 
кітабын оқу арқылы-ақ үйрене аламыз. Демек, кітап оқу 
152
  M. Meyerhof, «Ueber einige Privatbibliotheken im fatimidischen 
Aegypten,» Rivisla degli studi orientali, XII (1929-30), 286-90.
153
  A. Mez, Die Renaissance des Islams (Heidelberg, 1922), 166. s.


100
Ислам және өнеге
өмірде қателеспеу үшін басқалардың тәжірибесімен та-
нысу дегенді де білдіреді. 
Кітап  –  адамға  таптырмайтын  пайдалы  дос.  Ол 
жай  уақытта  ешкімнің  мазасын  алмайтын,  қажет  кез-
де үнемі қасыңнан табылатын, кез келген сәтте кеңес 
беруге  әзір,  ақылына  ақы  сұрамайтын,  жан  сарайы-
мызды  серпілтіп,  көңілге  түрлі  шабыт  сыйлайтын, 
үнсіз тұрғанмен оқысаң өзінің сырлы әлеміне ертіп ала 
жөнелетін, дұрыс жолды көрсететін жанашыр әрі адам-
ды жалықтырмайтын серік деуге болады. 
Кітап  оқу  –  білімділікке  баулиды.  Ал  білімсіздік 
–  адамның  опа  бермес  дұшпаны.  Көп  қателік 
білімсіздіктен  туатыны  даусыз.  Білімді  адамға  өмірде 
қашанда  жол  ашық  болады.  Ел  де  білімді  адамды 
құрметтейді.  Өйткені  білімді  адам  әрқашан  елге  пай-
дасын тигізеді. Оны маңайына жарық түсірген шамға 
ұқсатуға  болады.  Айталық,  ұлық  имам  Әбу  Ханифа 
Құран  мен  сүннеттен  бес  жүз  мың  мәселенің  үкімін 
айқындап, төрт мыңнан аса пәтуа берген деген деректер 
бар
154
. Әрине, бұл көп оқудан, көп ізденістен туған пай-
далы еңбек. Ал білімсіздің өзгелерді кері сүйрегеннен 
басқа берері болмайды. Өйткені, өзі ұйқыдағы жанның 
басқаларды оятуы мүмкін емес. Сол себепті Құранда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет