Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет36/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Ислам және өнеге
қарассын, сауап алсын деп берген байлық адамды қайта 
тәкаппарлыққа,  кедейлерді  адам  құрлы  көрмейтін 
өркөкіректікке  ұрындыратын  болса,  онда  ол  байлық 
иесінің  соры  ғана.  Бұны  Мәшһүр  Жүсіп  бабамыз  өз 
өлеңінде өте әдемі ұқтырған:
Көңілді шын ниетпен қойсаң аққа, 
Тура жол, түзу бастар оңған жаққа. 
Біреуді бай, біреуді жарлы қылған, 
Пендесін әр күйменен сынамаққа. 
Бай-кедей – бәрі бірдей Құдайға құл, 
Біреуді кем қып қойған, біреуді мол.
«Бай кедейге ауыссын, қарассын» деп, 
Шеберлікпен жаратқан құдіреті сол!
Иә,  байлық  –  сынақ,  сол  себепті  адам  өзімен 
әкелмеген,  кетерде  өзімен  бірге  ала  кетпейтін 
байлығына мақтанбауы керек. Күн сайын астан-кестені 
шыққан мына дүниеде көп жыл тірнектеп жиған дүние-
мүліктің  бір-ақ  күнде  көзден  бұл-бұл  ұшатынын  көз 
көріп,  көңіл  түйіп  жүрген  жайт,  тіпті  бір  зілзаламен-
ақ  көзіңізге  ыстық  көрінген  дүниеңізді  жер  асты  өз 
қойнауына сіңіріп әкетсе, таңғаларлық іс емес. Басынан 
бағы тайған шақта, бақ-дәулеттің іске аспай қалатынын 
жақсы  білген  данышпандар  осы  себепті  артқа  «Адам 
ештеңенің  де  мәңгілік  егесі  емес,  уақытша  күзетшісі 
ғана» деген мәні терең сөз қалдырған екен.
Кеше бір тамшы судан жаралып, ертең өзін кәрілік, 
ауру-сырқау, өлім, қабірде құрт-құмырсқа күтіп тұрған 
пенденің бүгінгі қысқа уақытында өз бойындағы артық 
қасиеттерін айтып мақтануы да ақылға қонымсыз. Бұл 
жайында  Ыбырай  Алтынсарин  (1841-1889)
 
бабамыз 
былай дейді: 
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа, 


109
Адами мінез – арға сын
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа! 
Зылиха, Жүсіппенен сұлу өткен, 
Тұрмаған ажар ара ажалына.
Иә,  ең  көрікті  етіп  жаратқан  пендесі  Жүсіп 
пайғамбар  да,  Зылиха  сұлулар  да  түбі  ажал  құшқан. 
Сұлулықтары оларды ажалдан арашалап қала алмаған. 
Ендеше,  адамға  Аллаһ  көрік  берсе,  оған  мақтанып, 
өзгелерге  мұрын  шүйіргеннен  гөрі  дұрысы  ажарсыз 
адамдарға қарап, Аллаһқа шүкіршілік ету болса керек.
Асыра  мақтау  ешқашан  да  адамды  жақсылыққа 
апармаған, керісінше, күнәға батырған. Осыдан болар 
Пайғамбарымыз бірде сахабаларына «Мәриямұлы Иса-
ны мақтағандай мені мақтауда тым шектен шықпаңдар. 
Мен бар болғаны Аллаһтың құлы әрі елшісі ғанамын», 
–  деп  ескерткен  еді
162
.  Расында  да,  Иса  пайғамбарды 
асыра  мақтаған  христиандар  оны  «Құдайдың  ұлы» 
деуге  дейін  барып,  адасушылыққа  ұрынды.  Алайда, 
бұл  дегеніңіз  өмірі  ешкімге  жақсы  сөз  қимау  дегенді 
білдірмейді.  Пайғамбарымыз  бір  кісінің  жақсылығын 
көргенде, оны оған айту керектігін, өйткені сіз айтқан 
жағдайда  ол  адамның  жақсылық  жасауға  деген 
құлшынысы артатындығын білдірген. Бұл өз кезегінде 
халқымыздың «Жақсының жақсылығын айт, нұры та-
сысын» дегенге саяды.
Хазірет Али (р.а.) мақтау сөз естігенде: «Я, Аллаһ 
тағалам!  Мына  айтылған  сөздерге  еріп,  желігіп  кету-
ден  сақта!  Оларға  белгісіз  тұстарымды  кешіре  гөр! 
Мені олар айтқаннан да жақсырақ қыла гөр!»
163
 – деген 
162
  Бұхари, Әнбия, 48; Тирмизи, әш-Шәмәил, Б.172.
163
  Ғазали, Ихияу-улумуддин. 3т. 359б. Бедир баспасы. Стамбул. 
1974.


110
Ислам және өнеге
дұға оқитын болған. Біле білгенге бұл дұғаның терең 
мағынасы бар екені аян. 
Кей  адамның  өзін-өзі  мақтауы  сырттай  оғаш 
көрінетіні  де  белгілі.  «Өзін  мақтау  –  ауамен  қарын 
тойдыруға  ұқсайды»,  –  деп  Имам  Бұхари  мысал  ет-
кен бұл жағымсыз қылықты халқымыз да жаратпаған. 
Жанқұтты шешен оны надандыққа балап былай деген: 
«Надандықтың  белгісі  –  өзін-өзі  мақтайды.  Көкірегі 
соқырға, өмірде таң атпайды».
«Мақтау  –  жел  сөз  жанға  қас,  қошеметшіл 
шығарған»,
 
«Сыпыра  жақын,  сұм  құрбат,  мақтанмен 
алды мазамды», – деп кейіген Абай атамыздың да мақтау 
естуге еш құмартпағаны байқалуда. Өзін-өзі мақтауды 
ол ақымақтыққа балап, өлеңінде былай дейді: 
Мақтанады өзгелер мақтасын деп, 
Шаужайымнан еш адам қақпасын деп. 
Ол кеткен соң артынан күліп қалар
Антұрғаннан Құдайым сақтасын деп. 
Ақымақ өзін мақтап былжырайды, 
Шамаңа өлшеп сөйлесең нең құрайды. 
Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?! 
Расында  да  жарықты  –  жарық  деп  жұртқа  жар 
салудың не  керегі бар? Ел  оны  өзі-ақ көрмей ме? «Іс 
бітті,  қу  кетті»  деп  аяқталатын  «Қарға  мен  қу  түлкі» 
мысалында түлкі қарғаны аузындағы ірімшігін алу үшін 
мақтайтындығын еске алсақ, демек, мақтаудың да тегін 
болмайтынын сезу қиын емес секілді. Абай атамыз оны 
«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, әуре етеді ішіне 
қулық сақтап» деп ескерткен. 
Бұл пікірді Шәкәрім бабамыз да қостаған:
Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін, 


111
Адами мінез – арға сын
Дұспан мақтар елірте бермек үшін. 
Есептемей есірік елің мақтар, 
Көп нені айтса соны айтып ермек үшін. 
Иә, біреуді мақтау не өзі мақтанудан адам барын-
ша сақ жүргені дұрыс. Өмірде «Бүгінгі – дос, ертең – 
жау,  Мен  не  қылдым,  япырым-ау?!»  деген  жағдайлар 
да жиі кездесіп жатады. Ел бүгін жер-көкке сыйғызбай 
мақтаған жанның ертең халықтың қазынасынан қарын 
тойғызып  жүрген  алаяқ  екенін,  ұсталып  түрмеге 
түскенін, шынтуайтында, елдің қамын емес, нанын же-
ген арамза екенін естігенде, жаға ұстап жүрген жайттар 
аз ба?! Осындайда көпті көрген, аузы дуалы данышпан 
бабаларымыздан  Шал  ақынның  айтқанымен  еріксіз 
келісесіз: 
Біреуді жақсы деме сен,
Біреуді жаман деме сен. 
Бұл дүниеден өткен соң, 
Шын дүниеге жеткен соң, 
Көтеріп көрге салған соң, 
Көр қараңғы болған соң, 
Кімнің жақсы- жаманын, 
Бір жаратқан Хақ білер!
Рас,  шын  мәнісінде  кімнің  жақсы-жаманы  Есеп 
күні  о  дүниеде  білінер.  Ендеше,  бұл  дүниеде  жұмыр 
басты, екі аяқты көкірегі былғаныш пендені жер-көкке 
сыйғызбай  мақтау  орынсыз  болар,  одан  да  «Барлық 
мақтау бір Құдайға ғана жарасады» деген мұсылмандық 
танымды бәрінен биік қойғанымыз дұрыс-ау. 


112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет