Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет34/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71
«Білімділер мен білімсіздер тең бе?»
155
 – делінген. 
Мал  екеш  малдың  өзі  кей  шөптерді  жемейтінін 
ескерсек,  адамға  қандай  кітап  оқу  керектігі  де 
ойлануға  тұрарлық.  Бұл  тұрғыда  «Я,  раббым,  пайда-
154
  Мұстафа Кара, Теккелер ве завиелер 15, Дергаһ йайынлары, 
Стамбул, 1990.
155
  «Зүмәр» сүресі, 9-аят.


101
Адами мінез – арға сын
сы жоқ ілімнен сақта!» деп тілеген адамзаттың асылы 
Мұхаммед  пайғамбарымыздың  (с.а.с.)  өнегесі  ерекше 
үлгі  аларлық.  Иса  пайғамбар  да  (а.с.)  бір  сөзінде  осы 
ақиқатты тілге тиек етіп: «Ағаштар көп, бірақ барлығы 
жеміс  бермейді.  Жемістер  көп,  бірақ  барлығы  дәмді 
бола бермейді. Ілімдер де көп, бірақ барлығы пайдалы 
бола бермейді», – деп ой салған. Сол себепті тарихта 
мұсылмандар не нәрсенің де жақсы жағына ұмтылып, 
оқылатын  кітаптарға  зор  талғаммен  қарап,  білім-
ғылымның да ақыретке пайдалысын, адамгершілік пен 
имандылықты  арттырып,  адамдық  мінезді  түзейтінін 
таңдауға ерекше назар аударған.
Кітап  оқу  –  адамның  өзін  тануына  жол  ашады. 
Өйткені өзін таныған, бойындағы сан түрлі қасиеттердің 
астарына  үңілген  жан  өзін  қадірлеп,  мінсіз  етіп 
жаратқан Раббысының құдіретіне тәнті бола бастайды. 
Тіршілік ету үшін адамға ең керекті мүшелерді берген, 
бойына сансыз сезімді сіңірген, түрлі қабілет дарытқан 
Жаратушының асқан шеберлігін ұғынады. Сол себепті 
бұрынғы тақуа кісілерден «Өзін таныған адам Раббы-
сын да таниды» деген нақыл сөз қалған. 
«Кітап  –  рухани  сарқылмас  қазына».  Мұсылман 
үшін кітап оқу иманын жаңалап отыру үшін де керек. 
Өйткені бір хадистерінде Пайғамбарымыз: «Киімдерің 
ескіргенде  оны  жаңалағандарың  секілді,  көкіректегі 
иманды  да  тот  басады.  Оны  да  жаңалап  отыру  ке-
рек», – деп, осы шындықты меңзеген. Яғни мұсылман 
адам үнемі өзін рухани тұрғыдан жетілдіріп, жаңалап 
отыруға  мәжбүр.  Кері  жағдайда  иманы  әлсіреп, 
босаңсып, ғапылдыққа ұрынады. Сол себепті күн сайын 
адамды рухани өсіріп, иманын арттырып, адамдық пен 
адалдыққа  жөн  сілтеп  отыратын  кітаптарды  тұрақты 


102
Ислам және өнеге
түрде оқып отырудың берері мол. Бұл тұста «Оқымасаң, 
тоқырайсың»  деген  аталы  сөзді  есте  ұстаған  артық 
емес. 
«Кітап – көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан». 
Күнделікті өмірде үзбей кітап оқуды әдетке айналдыра 
білу керек. Айталық, жол жүргенде, аялдамада немесе 
қоғамдық  көлікте  отырғанда,  жұмыста,  үйде  т.б.  қол 
қалт еткен кез келген сәтте өзіңмен бірге ала жүріп газет, 
журнал, кітап ашып оқып, сол уақыттарды да ұтымды 
пайдаланудың  берері  көп.  Өркениетті  елдерде  халық 
бұл әдетті бойға жақсы сіңіре білген. Ғалымдардың ай-
туынша, кітап оқығанда, «Оқығанды көңілге ықыласпен 
тоқып»  (Ы.  Алтынсарин)  сол  кітаптың  нәрін  сарқып 
алуға  тырысу  керек.  Қажет  болса,  кітаптың  өзіне  ең 
түсінікті  жерінен  бастау  да  сөкеттікке  жатпайды. 
Кітап оқу барысында іштей мынадай сұрақтарға жау-
ап іздеген жөн: «Кітаптың атауына ішкі мазмұны сай 
ма?»,  «Автордың  ізденісі,  баяндау  мәнері  қандай?», 
«Қай  тұстары  ерекше  көңілге  қонымды?»,  «Кітап 
қанша тарауға бөлінген?», «Жалпы алғанда мен өзіме 
не  түйдім?»  т.б.  Бұл  қолға  алған  кітапқа  толық  көңіл 
бөліп, мазмұнын жақсы есте сақтауға көмектеседі. 
Иә, «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы». 
Адамгершілігін  арттыру,  шын  мәнінде  оқыған  аза-
мат,  зиялы  мұсылман  болу  жолында  кітаптың  берері 
мол.  Тарихта  әлі  күнге  есімі  ел  есінде  келе  жатқан 
тұлғалардың  бәрі  де  жастай  ерінбей-жалықпай  оқуды 
өздеріне әдет еткендер. Айталық, «Артық ғылым кітапта 
ерінбей оқып-көруге» деген Абай атамыз жас кезінен 
қаладан ауылға қатынаған адамдардан қоржын-қоржын 
кітаптар  алып  оқуды  өзіне  әдет  еткен.  Абай  атамыз 
оқыған кітаптар арасында батыстың да, шығыстың да 


103
Адами мінез – арға сын
ең озық әдебиеттері болғаны белгілі. Бүкіл пәлсапалық 
еңбектері  Ислами  дүниетанымға  негізделгенін  ескер-
сек,  әрі  аят-хадистерден  мол  хабардар  болғанына 
қарасақ, әлемдік классикалық еңбектермен қатар Абай 
атамыздың  әсіресе  рухани  азық  боларлық  дүниелерге 
көбірек көңіл бөлгенін аңғару қиын емес. Шәкәрім де 
кезінде Ытамбұл кітапханаларына дейін барып, сары-
ла кітап іздегенін білеміз. Артына 30 томдық мол мұра 
қалдырған Мәшһүр Жүсіп бабамыз да жасынан зейінді, 
өте көп оқыған жан болған. 
«Ағаштың  жемісі  бұтақта  болса,  сөздің  жемісі 
кітапта».  Осы  орайда,  бұрынғы  дана,  ойшылдармен 
сырлас,  мұңдас  болып,  солармен  әңгімелесіп,  пікір 
алмасуға бүгінгі күні де жол ашық. Ол – сол кісілердің 
еңбектерін  оқуда  жатыр.  Л.Н.  Толстой  бұл  туралы 
«Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей», – 
деген. Шын мәнісінде, біз Аллаһ тағаланы да қасиетті 
Құран арқылы, сүйікті Пайғамбарымыз бен сахабаларды 
да, небір тақуа құлдар мен ғалым, дана, ойшылдардың 
барлығын  кітап  оқу  арқылы  танимыз.  Тіпті  әдебиет, 
мәдениет,  тарих,  салт-дәстүр  негіздерін  де  кітаптан 
үйренеміз.  Өмірге  керекті  мамандығымызды  да  кітап 
арқылы игереміз. 
Ал  кітап  оқымау  адамның  зейінін  тұмшалап, 
зеректік  қабілетін  төмендетеді.  Д.  Дидро  айтқандай, 
«Кітап  оқымаған  адам  тіпті  ойлаудан  да  қалады».  Ал 
ойлау  адам  болып  қалудың  басты  қасиеті  емес  пе? 
Ойланбаған  адам  өмірдің  мәнін  қалай  білмек?  Жара-
тушыны  қалай  танымақ?  Осы  тұрғыда  шығыста  «Бар 
кітап бір кітапты түсіну үшін оқылады» дейтін даналық 
сөз  бар.  Яғни  ғаламды  алып  кітап  деп  алсақ,  соны 


104
Ислам және өнеге
түсініп, ондағы құдіреттің нақыштарын зерделеу үшін 
көп кітап оқу қажет. 
Түптеп  келгенде,  жерде  қағаз  жатса,  Аллаһтың 
аты жазылған болуы мүмкін деп оны аяқасты етпейтін 
мұсылмандық  ұғымда  кітаптың  қастерлі  ұғым  екені 
талассыз.  Өйткені  кітаптың  тәрбие  құралы  екені  де 
белгілі. Олай болса, кітап оқуды белгілі бір кезеңмен 
шектемей (мектеп я университет), оны өмірлік дағдыға 
айналдыра білудің адамға берері мол. 


105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет