Ислам және өнеге
сам ба деп еді, оған ыңғай бермеді. Өзі темекіні үсті-
үстіне тұтатып әлек. Сонадай жердегі теледидардан көз
алар емес. Мазасыз ба, қалай өзі? Көздері ісіңкі, аузы-
нан да жағымсыз иіс шығатындай. Қайта-қайта басын
ұстап, маңдайын уқалап қояды. Әуелгіде түтінге бұл да
қақалып қала жаздады. Жыбырлап қоя берген тамағы
бір-екі жөткірініп барып әрең ретке келді. Мынадай
кабинетте тұншықпай қалай отыр деп ойлады. Қалам-
қағаз, диктафонын шығарып дайындығын жасай ба-
стады. Әңгімені бастасақ дегенді білдіріп қозғалақтап
қойды. Анау болса енді ғана пультпен теледидардың
даусын бәсеңдетіп, назарын бері аударды. Сөйтті де
жақтырмаған қалып танытып: «Осы сендер-ақ адамның
қыр соңынан қалмай қоясыңдар. Бүгін біраз басым да
ауырып тұр еді. Осы мен жайлы шыққан мақалалар
көп қой, солардың бас-аяғын құрастырып, бір мақала
жасай салсаң қайтеді?» деп сұқбат беруге аса құлқы
жоғын аңғартты. Дегенмен жаңа қызметіне қатысы бар
екі-үш сұраққа жауап беруге келісті. Бірақ ол қойған
сұрақтардан ауытқып, өзінің ел үшін атқарған ұшан-
теңіз еңбектерін санамалап, өзін жер-көкке сыйғызбай
мақтаумен болды. Айтқандарын тыңдап отырса, ол
болмаса өнер саласы әлдеқашан қожырап, дамы-
май қалғандай екен. Сөз арасында қызды-қыздымен
«Кімнен сұрасаң да осы менің мендігімнен, күн-түн
демей жұмыс істегендігімнен өнер саласының белгілі
бір деңгейге көтерілгенін естисің. Енді мәдениет сала-
сын дамытуға аянбай күш салып жатқан жайым бар»
деді. «Бұйырса, осы жолғы шетелдегі демалысымды
жақсы өткізіп келсем, тың күшпен кірісем бе деп от-
ырмын» дегенді де қосып қойды. Сөз ауаны мәдениет
тақырыбына ауысқанда, журналистік әуестікпен
205
Тәрбиенің негізі – имандылық
оқыстан бір сұрақ қоюды жөн көрді. «Сіз адамның жеке
бас мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?». Темекінің
тұқылын күл салғышқа қадап, мыжғылап отырып:
«Жеке бас мәдениет дейсің бе? – деді көзін сығырайтып.
Өңі бұрыннан сұп-сұр ма еді, жоқ қазір осылай көрініп
кетті ме ол жағын айыра алмады. Дегенмен бұл сұрақты
ұнатқан секілді, жауап бермек болып ойланып отыр, –
ол енді былай.. мәселен, ресми кездесулерге кешікпей
бару, ол жерде өзіңді маңғаз ұстай білу. Шақырған
кештерден қалмау... Жарасымды әрі сапамен киіну...
Керекті адамыңмен тіл табыса білу... Сыйлы кісілермен
мейрамханаға тамақтануға барғанда, қасықты қай
қолға ұстап, шанышқыны қалай қолдану керек екенін
білуің». Бұл осы тақырыпқа кеңірек тоқталса деп ойлап
еді. Өкінішке орай, ол осыдан әрі аса алмады. Шыр ете
түскен қалта телефонымен тағы да сөйлесіп кетті. Әлден
уақытта хатшы қызға звондап: «Кофе әкелші?» – деді.
Сірә, журналисті сыйламақ болған шығар деп ойлады.
Күн де салқындау екен, жақсы болар еді. Негізі, бұл да
бір мәдениеттілік қой, өркениетті елдерден үйренгені
шығар деп қойды іштей. Алайда кофе әкелінгенде,
жіпсіген маңдайын сүрткен ол қайта-қайта ұрттап, өзі
ғана ішіп отырды. Біраз әңгімелескеннен кейін, кофесі
таусылып қалғанын байқап, тағы да алдыртты. Тағы да
өзі ішіп тауысты. Алдымда қонақ отыр-ау деп, я болма-
са журналистке де бір кофе алдырту оның есіне кіріп-
шықпады. Мәдениет жағын басқарып отырған, өзін
аса мәдениеттімін деп санаған адамның мына қылығы
неткен таяздық еді? Бұдан жеке бас мәдениет туралы
сұрап, оңған жауап күтіп отырған мен де ақымақпын
деп ойлады іштей. Алған сұқбатының да бас-аяғы бол-
май берекесі кетті. Бойын реніш биледі. Дереу кеткісі
206
Ислам және өнеге
келіп жинала бастады. Бастық оның неге аяқасты кетпек
болғанына көңіл аудармастан, «жақсы, рұқсат» деген-
дей ым қақты да, терезеге қарап, телефонмен сөйлескен
күйі қала берді.
Көшеге шықты. Ішін тартып, құшырланып тұрып
терең тыныс алды да, «уф» деп демін шығарды. Әлгі
жерден тезірек кеткені дұрыс болды. Әйтпесе тым ты-
нысы тарылып кетті. Таза ауада көше бойын жағалап,
қалың ойға беріліп келеді. Бүгінгі азаннан бері надандық
исі мүңкіген бірнеше қылыққа куә болғанына қатты
қынжылды. Апыр-ай, әдеп қайда кеткен? Ұят қайда?
Кісілік қайда?!
Жұмысқа көше бойымен жүріп баруды қалады.
Жолай есіне биыл танысының үйіне ауызашарға
барғандағы әңгімелер түсті. Иә, сол жолы танысы біраз
қонақтардың басын қосыпты. Келген қонақтар өте
сыпайы әрі мәдениетті екен. Араларынан біреуі ру-
ханияттан, діннен хабары мол, парасатты жан болып
шықты. Көпшілік көбіне соның сөзіне құлақ салып
отырды. Оның тағылымды әңгімелерін естіген сайын,
жан дүниесі нұрланып, бұл да тағы ести түссем деп
құмартқан. Сонда ол жігіт көркем мінез, ұят, әдеп тура-
лы көп айтып еді. Бір данышпаннан «Осынша әдептілікті
қайдан үйрендіңіз?» – деп сұрағанда, «Әдепсіздерден»
деп таңғалдырыпты. «Өйткені әдепсіздердің әрбір
жағымсыз қылығынан бір сабақ ұғуға болады», – деп
жауап берсе керек. Басқаның қателігінен сабақ алуды
қандай әдемі ұқтырған!
Тағы бір әңгімесінде Жәләладдин Руми атты
әулиенің мына сөзін келтіріп еді. Жүрек ақылдан
«Иман деген не?» – деп сұрағанда, ол «Әдептілік» деп
207
Тәрбиенің негізі – имандылық
сыбырлапты. Әдепсіз жан өзіне ғана кесірін тигізбей,
әдепсіздігімен жүрген жерін түгел ластайды екен.
Сол жолы әлгі жігіт құлақ құрышын қандырып,
біраз жайттардан хабардар етті. Аят-хадистерді талда-
ды. Айтқандары сол күйі есінде. Даусы да тым әуезді
екен.
«Аллаһ тағала әдепті құлдарын жақсы көреді.
Ұятты құлдарын сүйеді. «Әр діннің бір мінезі бола-
ды, Исламның мінезі – ұяттылықта» деген Мұхаммед
пайғамбарымыздың әдептілігінде мін болмаған. Ол
өте көркем мінезді жан болған. «Мені Жаратушы ием
өзі тәрбиеледі. Ең тамаша тәрбиемен», – дейтін. Ар-
ұяттылықтың үлгі-өнегесін паш етті. Бөгде әйелге көз
салмайтын. Ешкімге қатты сөз айтпайтын. Сахабалардың
айтуынша, ол әлі ұзатыла қоймаған жас қыздан бе-
тер ұятты еді. Серіктерін де әдептілікке тәрбиелеп:
«Ұят – иманнан келеді», «Ұят тек абыройға бөлейді»,
«Үлкендеріне құрмет, кішілеріне ізет көрсетпеген –
бізден емес», «Ата-анасын сыйлап, жүзіне мейірлене
қараған кісіге, Аллаһ тағала да мейіріммен қарайды»,
– деп отыратын», – деді.
...Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді...
Көнекөздердің тәрбиесі деп бұл да соның
айтқаны.
...Сахабалардан хазірет Османның да өте бір әдепті
әрі ұятты кісі болғандығына тоқталған. Тіпті Яссауи
мен Ғұмар Қараштың өлеңдері деп тебірене отырып
бір-бір шумақ өлең оқығаны есінде қалыпты.
«Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті,
Қыз-келіншек, нәзік жаннан ұят кетті.
«Ұят барда - иман бар» деп Расул айтты,
Арсыз қауым бүлдіріп кетті, достар!»
208
Ислам және өнеге
...«Жігіттер, жаның жаста әдеп үйрен,
Қаш жырақ, әдебі жоқ істен жирен.
Сүйкімді әдеп тұтпай бола алмассың,
Әдепсіз, жоқ мінезі Тәңірі сүйген!»
Шынында да, әдепсіз адамда Тәңірі сүйетін қандай
жақсы қылық болсын?!
Ғұламалардан Абдуллаһ ибн Мүбәрак деген кісі
айтқан екен деп мына бір мағыналы сөзді де қосқаны
бар: «Біз көп білімдіден гөрі, аз да болса, әдептіге
зәруміз!» Рас-ау, аз да болса әдептіге, тәрбиелі кісілерге
зәруміз. Әдеп…тәрбие…
Ол ойға беріліп келе жатып, бір мезет күннің
салқындай түскенін сезді. Денесі аздап тоңазып қалған
секілді. Кішкене бой жылытқысы келіп қиылыстағы
кафелердің біріне бас сұқты. «Қош келдіңіз!» деп
күлімдей қарсы алып, жылы шырай білдіре ішке
бастаған даяшы қыздың ибасын көргенде, іштей
сүйсініп қалды. Атын, затын сұрағысы келіп кетті, бірақ
«Қой, әдептен озбайын» деп өзін тез тежеді. Орындыққа
жайғасқанда, қасына ізетпен жақындаған даяшы қызға
«Кофе әкеліңізші!», – деді жай ғана.
209
М
Достарыңызбен бөлісу: |