Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет65/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Ислам және өнеге
қадала  қалған.  Қастарына  жақындағанда  да  ыңғай 
беріп, қозғала қоймады. Әлден уақытта біреуі: «Мына 
кісіге  орын  береміз  бе?»  –  деп  ымдап  еді,  екіншісі: 
«Ұяла берсең, көп нәрседен құр қаласың. Неғыласың, 
көрмегенсіп  отыра  бер»,  –  деп  сыбырлады.  Әжейге 
басқа бір ересектеу кісі орын берді. 
Кондуктор:  «Дереу  жолақысын  төлейміз!»  –  деп, 
құлақ  түбінен  қатты  дауыстап  қайта-қайта  ескерткен 
соң,  қолын  қалтасына  сұқты.  Қайта  майда  ақшасы 
бар екен. Әйтпесе өткен жолы майда ақшасы болмай, 
ірісін  берген  біреумен  кондуктор  қыз  елдің  көзінше 
салғыласып, қос бүйірін таянып тұрып қатты ұрсысып 
еді.  «Майда  жоқ  деп  ірі  ақшаны  әдейі  беріп  тұрсың. 
Төлемей кетуге жасаған қулығың ғой, шамасы! Тоқта, 
мынаны  түсіріп  кетейік!»  –  деп  ит  терісін  басына 
қаптаған.  Ақыр  аяғында  бәрібір  қоймай  майдалап, 
әлгінің екі уысын майда тиындарға толтырған. Содан 
бері автобусқа отырарда қалтасындағы майда ақшасын 
бір түгендеп алуды өзіне әдетке айналдырды. Ол осыны 
ойлап тұрғанда, кенет қатты шайқатылған автобустың 
кесірінен қасындағы еңгезердей біреудің бұның аяғын 
басып кетпесі бар ма?! Еркек басымен құлағына сырға 
тағып алғаны тегі ерсі көрініп тұр. Аяғын қатты ауырт-
ты. Тура жаны көзіне көрінді. Ұятты кісімен кездесуге 
барам деп үйден шығарда аяқкиімін майлап шыққаны бе-
керге кетті. Ал кешірім сұрар деп күткен әлгі кісі болса, 
оған көлік жүргізушісі кінәлі дегендей алдыңғы жаққа 
бажбиып  бір  қарады  да,  сағызын  шайнап  міз  бақпай 
тұра берді. Не деген арсыздық! Жүргізуші де адамды 
көбірек толтыру үшін қайта-қайта автобусты шайқап, 
бірді-бірге  соғылыстырып  іштегі  елдің  ашу-ызасын 
тудырды.  «Бұларға  ақша  тапса  болды,  адамды  адам 


203
Тәрбиенің негізі – имандылық
екен  демейді»,  «Төбемізге  шығарасың  ба,  қайтесің?», 
«Ақшаны ойлаған адамда ұят бола ма?» деген секілді 
елдің ашынған, ұрысқан дауыстары естіліп жатты. Бірақ 
оны  елер  кондуктор  жоқ.  «Ұнамаса,  түсіп  қалыңдар! 
Маған не қыл дейсіңдер? Қу ақша үшін жүрмегенде не 
үшін жүрміз?! Мен ұятты ойласам, бала-шағамды кім 
бағып береді? Ұяттың заманы өткен баяғыда». Тілінің 
ащысын-ай  мынаның.  «Ұяттың  заманы  өткен»  деп 
қояды.  Ұяттан  айырылғандағы  пұшпаққа  жеткен  түрі 
мынау  ма  сонда?  Ұяттан  айырылған  адамның  түрі  де 
ұсқынсыз  болып  кете  ме,  қалай  өзі?!  Тағы  да  кейіді. 
Түсіп қалып кері қайтқысы келді. Бірақ бармасқа бол-
май  тұр.  Өйткені  бүгін  дереу  барып,  сұқбатын  алып 
алмаса, бір-екі күнде бұл кісінің шетелге кетем дегені 
есінде.  Оның  үстіне  журналдың  айлық  жоспарына 
сол  кісімен  сұқбаттың  берілетіндігі  енгізіліп  қойған. 
Айтпақшы,  қазір  бұл  кісі  қызметі  өсіп,  мәдениет  са-
ласын басқарып отырған жайы бар. Алдын- ала әуелі 
шағын журналистік зерттеу жүргізіп, ол кісінің соңғы 
уақыттарда басқа газеттерге берген сұқбаттарын шолып 
шыққан еді. Құдай салмасын, берген сұқбаттарында мін 
жоқ. Патриоттығын, өзінің әлі де ашылмаған қырлары 
көп екенін, халықты қалтқысыз құрметтейтіндігін жиі 
тілге тиек етіпті. 
Қоятын  сұрақтарын  көкейіне  түйіп,  әне-міне  де-
генше әлгі кісінің қызмет орнына да келіп жетті. Хат-
шы қызға телефон шалдыртып, келіскен уақытта келіп, 
кіруді күтіп отырғанын білдіртті. Көп кідірместен ішке 
кірді.  Көк  түтіннің  ортасында  креслода  шайқатылып 
отырған,  галстук  таққан  бұжыр  бет  кісінің  ымдауы-
мен  қарсы  алдындағы  үстелді  жағалай  қойылған 
орындықтардың  біреуіне  отырды.  Қол  созып  аманда-


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет