200
Ислам және өнеге
шеке-басы тырысып, алакөзденіп, мазасы қаша бастай-
тын әдеті. Емханада орын болмаған соң, қарт байғұс
жалғыз ұлының үйін жағалай тұрмағанда, басқа қай
жерден пана тапсын? Әйтпесе, науқасынан онсыз да ас-
суға тәбеті жоқ адам олардың қайбір ырысын кемітіп
жатыр дейсің?..
– Әй, сен оңбайсың, шалдың сақалын сыйласаң
қайтеді, денсаулығы сәл жақсарса өзім-ақ ауылға апа-
рып тастаймын, кешегідей шайпау мінезіңді қой! –
деген ертеңгі шай үстіндегі күйеуінің ызғарлы сөзіне
де бетбақтырар емес. Демде түтігіп шыға келді. «Мен
ешкімді шақыртып алғаным жоқ. Тегі, қонақ күткен
дегенді суқаным сүймейді. Өз әкем болса да бір күннен
кейін шығарып салғанша асығам. Олардың онсыз да
келмейтінін білесің. Маған келмегені жақсы. Әкеңе
анық жаның ашыса, инесі мен дәрі-дәрмегін алып ауылға
неге апарып тастамайсың, кемпірі бар ғой қарайтын».
Күйеуін қоса өзі тапқандай долданып отырған бұл
бетпақпен ұрысып береке таппайсың, «Дауылға
жолыққанда да бір, долыға жолыққанда бір» деген рас.
Бұл ұрысса бір адамды емес, мың адамды жеңеді, бір
үй емес бір ауыл түгел торығады деп іштей күйінген
күйеуі сағатына қарап, одан да әлгі жұмысымды бітіріп
қайтайын деп үйден шығуға ыңғайланды. Келін болып
түскелі, бері әдеп-иба дегеннен жұрдай, шаш-тырнағын
жасатумен алысып, телесериал көргеннен басқаны
білмейтін осының несіне қызықтым екен деп іштей
кіжінген күйі киініп үйден шықты.
Күн сәл бұлыңғырлау. Байқамаса, көктемнің ызғары
бойдан өтіп кетеді. Әнебір қыздардың жаз түскендей
ашық-шашық киінгені несі екен, ей?! Ышқырынан іш
киімдері көрініп барады. Денесі жалаңаштанған сай-
201
Тәрбиенің негізі – имандылық
ын жан дүниесінің де соншалықты жалаңаш, жұтаң
екендігін байқатып алатындықтарын өздері сезбейді-ау,
шамасы?! Ешкімнен қысылып-қымтырылу деген жоқ,
әй, бірақ біздің мектептерде де қазір тәрбие төмендеп
кетті ғой!
Аялдамаға жетті. Бір топ адам тұр. Сонадай жер-
де құшақтасып, бір-біріне өліп-өшкен бір жас жігіт пен
қызды көрді. Санына жабыстырып қысқа шалбар киген,
жалбыр шашты қыз бояуды бетіне аямай жаққан екен.
Қолдарында бір-бір бөтелке сыра. Арасында қарқылдай
күлісіп, шалқалаған күйі сары шөлмектен ұрттап-ұрттап
қояды. Сырттай бір топ адамның өздеріне көз салып
тұрғанын елер емес. Махаббат деген осы деп ұғады-ау,
шамасы?!
Автобусы келді. Ел бірдеңеден қалыс қалғандай
жапа-тармағай жүгіріп, түсетіндерге де жол берме-
стен, бірін-бірі кимелеп кіріп барады. Сөмке-сөмке
заттары бар қалт-құлт еткен әжейге көз салмастан бәрі
қағып-соғып мініп жатыр. Ішке кіргенде қарт әже орын
іздеп алақтап қалды. Жастар ұйықтап отырған болып
әдейі-ақ көз қырын салар емес. Қалт-құлт етіп тұрып,
бүгіліп заттарын ыңғайлап қоям деп жатып, автобус бір
ырғалғанда ұшып түсе жаздады. Әбүйір болғанда, бұл
сүйеп үлгерді. Орын беретін ешкім жоқ па дегендей
әжей маңайына бүгежектей қарағыштап, тағы да құлап
кетпейін дегендей тұтқадан мықтап ұстауға әрекет жасап
жатыр. Мына бір екі студент жас құлақтарын тығындап
алып музыка тыңдап отыр. Мынадай даңғыраған дыбы-
стан құлақтан-құлақ қалмайтын сияқты. Ара-арасында
бастарын шайқап-шайқап, сандарын ұрып-ұрып қояды.
Ал ана бір орындықта отырған екі оқушы бала бұлар
кіргеннен-ақ сазарып, дереу терезеден сыртқа үңіліп