Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ Қайрат ж о л ды ба й ұ л ы



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата03.03.2017
өлшемі8,77 Mb.
#6782
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

 
секілді  хадистерін  әрдайым  жадын- 
да  сактап,  байльщтарынын  қырықтан  бірін  зекет  етіп 
мұктаждарга  берер  болса,  мүндай  коғамда  кедейліктен 
түңіліп, үміті үзілген пенде калмас еді.
Бұған  қоса,  кедейлердің  де  оқып-білуіне,  жұмыс 
істеп,  тұрмыстарын  жақсартуларына мүмкіншілік  жасап, 
жол  ашу  әрі  олардың  мүддесін  қорғау  -   сол  қоғамның 
басшыларының  міндеті.  Акыретте  олар  да  қарамағын- 
дағы адамдар үшін жауапқа тартылары сөзсіз.
116 Бакара сүресі, 3-аят.
117 М агариж сүресі, 24,25-аят.
118 Хадис Ибн Аббастан риуаят етілді.
227

ИМАНИ ГҮЛ
Иэ, мұсылман қоғамында 
«мен гапа жейін,  өзім гана 
цызыгын көрейін»
 секілді өзімшілдіктүсініктер емес, өзара 
көмектесу мен мейірімділік,  адамгершілік,  шыдамдылық 
қағидалары  үстемдік  етеді.  Мүндай  қоғамда  дәулетке 
кенелген  жандардың  жүрегінде  эрдайым  мейірімділік 
самалы  ессе,  кедейлердегі  қызғаныш  сезімі  өз  орнын 
«бәрекелді,  байлығың  тасығыр»  деген  игі  тілектер  мен 
шынайы лебіздермен айырбастайды.
228

А лла  Тагила бһдің ғибадатымызға іэру м е? 
Неліктен Оһдің гибадат етуімізді талап етіп, 
орындамагандарды азаптайтынын ескертуде?
¥ л ы  Жаратушымыз біздіц құлшылығымызға да, тіпті 
жаратылыстағы  еш  нәрсеге  де  мұкгаж  емес.  Керісінше, 
барлық  жаратылыс  атаулы  Оған  мүқтаж.  Ол  -  
«Самад», 
яғни ешкімге мұктаж емес, керісінше, барлык нэрсе Оньщ 
жэрдеміне,  мейірімі  мен  шарапатына,  түгесілмейтін 
қазынасына мұкгаж.
Адамзатгы жоқтан жаратып, жерді оған қүтты мекен, 
кекті  жымынцаған  жұлдыздармен  безендіріп,  бейнебір 
өрнектелген күмбездей төбесіне көтеріп, алып Кунге жы­
луы мен жарығын толассыз төккізкен ¥лы  Жаратушының 
өзі  жараткан  элжуаз  адамның  құлшылығына  кандай 
мүқтаждығы  болсын?!  Өсімдік  элеміне,  саналуан  жеміс- 
жидегін  шашу  етіп  шашқызып,  күллі  жанжануарды 
кызметіне жүгіртіп, апдына салып берген ¥лы  Құдіретгің 
өзі  жараткан  элсіз  адамзаттың  ғибадатына  нендей 
мұктаждығы болуы мүмкін?!
Иә,  біздің  болар-болмас  күлшылығымыз  арқылы 
күллі  болмыс  әлемін  басқарып  түрған  кұдіретгі  ¥лы  
Иеміздің  даңқы  мен  теңдессіз  үлылығына  нендей  даңқ 
косылмақ?!  Немесе  біз  ғибадат  жасамасақ,  оның  шексіз 
ріы лығына қандай нүксан келіп, таңғажайып салтанатты 
патшалығынан  не  кеміп  қалмак?  Біз  ғибадат  жасасақ 
та,  жасамасақ  та  Ол  задында  даңқты,  барлық  мадак- 
мақтауларға нағыз лайық, күллі үлылыктыц шынайы иесі 
емес пе?!
229

ИМАНИ ГҮЛ
Ғибадат  -   ¥ лы   Шебердің  мына  ғаламдагы  жараты- 
лыс туындысына қарап, ондағы накышталған құдіретінің, 
шеберлігінің,  білімінің  алдында  таң  кальш,  бас  шайкап, 
кайран калудың нәтижесі, тіпті нағыз өзі болмак.
Қүлшылықтың түп  мэні -  ¥ л ы   Алланың  тегін  бер­
ген  сансыз  ырыс-берекесі  мен  есеп-қисапсыз  төккен 
жақсылығына кұлдың  мадақ  айтып,  Оны ұлықтап,  зікір 
етуі арқылы алғыс, рақметін білдіруінде. Ал енді адамның 
¥ л ы  Иесіне осылай алғысын білдіруіне, адамдығына сай 
борышын  өтеуіне,  Оның  алдында  қарыздар  екендігін 
мойындауына ¥ л ы  Жаратушыны мұістаж деу акылға сыя 
кояр ма?!
Ғибадат -   адамньщ жұгі зіл-батпан мына дүниедегі 
барлық  мұқ-гаждығы  мен  қыжалат-керегін  ¥ л ы   Жа- 
ратушысына  білдіруі,  Оның  алдында  қолын  жайып 
мінэжат  етуі.  Осы  ісі  арқылы  адам  баласының  жүрегі 
жай  тауып,  шексіз рахатқа қауышады.  Бойындағы ауыр 
жүк  жеңілдейды.  Ал  бұған  Алла  емес,  адамның  мұктаж 
екені айхпаса да тұсінікті.
Ғибадат  -   адамның  кемелденуіне,  еш  нәрсеге 
қанағаттанбаған  рухы  мен  жұрегінің  жай  тауып, 
шексіз  рахатқа  қауышуына,  денінің  саулығына,  сан- 
алуан  сезімдерінің  жетілуіне,  мінез-құлқының  толысып 
көркеюіне ықпал етеді.
һ эм   ғибадат -  
«адаларам»
  деп  ажыратпай,  «жақсы- 
жаман»  деп  талғамай  эр  нәрсені  татқысы  келетін  то- 
йымсыз  асау  нәпсісінің  тізгінделіп,  тәрбиеленуіне, 
қоғамда  тыныштықтьщ  орнауына,  зуылдап  өтіп  жаткан 
уакытымыздың 
реггелінуіне, 
күнделікгі 
ісіміздін 
жүйеленуіне ықпал жасайды. Ал мұньщ бэрі Алла Тағала 
үшін емес, біз үшін қажет.
Әрі  ғибадатымыз  арқылы  уакытша,  пэни  эрі  сан 
алуан қиыншылықтарға толы мына дүниенің орнына ана
230

ИМАНИ ГҮЛ
дүниеде мэңгілік рахатка, шексіз бақытқа қол жеткіземіз. 
Сөзсіз,  мұндай  мэңгілік  бақытқа  Алла  Тағала  емес,  біз 
зэруміз.
Алла Т ағаланың ыына дуниеде қойған белгілі зақдары 
мен  шарттары  бар.  Осы  заңдармен жүрудің пайдасы яки 
оны орындамаудың зияны тек бізге, яғни пенделерге тэн. 
Мысалы,  бау-бақшадан  өнімді жеміс,  егістікген  берекелі 
егін алу үшін оны жақсылап суғару, түбін қопсыту, түптеу, 
зиянды  жәндіктерден  қорғау  үшін  дәрідәрмек  шашу 
сияқты  белгілі  заңдылықтарды  орындауымыз  керек.  Иә, 
бүл  шартгарды  орындаудың  пайдасы  да,  жалкауланып 
жатудың  зияны  да  сол  бау-бақшаның  иесіне  тэн.  Mine, 
осы  тэрізді  ¥лы   Жаратушы  біздің  о  дүниеде  мэңгілік 
бақытқа қол жеткізуіміз үшін, жэннатқа лайық болуымыз 
үшін Өзінің бұйрықтары мен тыйымдарын қамтыған заң- 
қағидаларын, белгілі шарттарын қойған. Бүл бүйрықтарға 
қүлақ  асып,  мойынсүнудың  пайдасы  мен  сый-сыяпаты 
адамға тимей қоймайтыны секілді, карсы шығып,  күнэға 
батудың да жазасы сол адамға тиеді. Бүл зандарды бекіткен 
¥ л ы  Жаратушыға ешбір зиян да, пайда да келмек емес.
Иэ,  парыз  етілген  намазды  окудың  сауабы  мен 
оқымаудың  жазасы  адамға  тиесілі.  Адам  баласы  Хақ 
Тағаланың  кұзырында  күніне  бір  сағат  намаз  оқуымен 
яки  Оның  берген мал-мүлкінің қырық та бірін зекет етіп 
мүқгаждарға  таратуымен  немесе  Рамазан  айында  бір 
ай  аш  жүруі  арқылы  еш  нәрсеге  мұқтаж  болмаған  Апла 
Тағалаға нендей жэрдем беріп, Оның қандай қажетін өтей 
алмақ?
Адамға  алма  берген  ағашқа  карап  «Бізге  күні 
түскендіктен берді» дей алмасымыз анық. Ал енді адамға 
қызмет  етіп  түрған  барлық  өсімдік  олемін,  жалпы  жан- 
жануарды,  күллі  ғаламды  жаратқан  ¥ л ы   Қүдіретке 
калайша 
«Мұның  бәріп  біздің  гибадатымызга  мүқтаж
231

ИМАНИ ГҮЛ
болшндьщтан ж аратты»
 дей алмакпыз?!
Мейірімді дэрігер  ауру жандарға жаны  ашып,  көмек 
көрсетпек 
ниетпен  тегін  емдесе,  ауру  адамдар: 
«Бүл 
дәрігер бізді емдеуге зэру»
 дей ала ма?! Немесе, мейірімді 
дәрігер  сол  ауру  адамньщ  ауруларына  шипа  болар  эр 
түрлі  дэрілерді 
«іш»
  деп  бұйырса,  элгі  ауру  жан: 
«Бүл 
дэрігер  маган  бүл  дэрілерді  ішкізуге  зәру-ау,  шамасы» 
демесі анык. Міне, тура осы сиякты Алла Тағала біздің екі 
дүниеде  де  бакытты  болуымыз  үшін,  рухани  дертіміздің 
дауасы  ретінде  намаз,  ораза,  зекет  сияқты  ғибадаттарды 
біздерге парыз еткен.
Сөз түйіні, Алла Тағала 
«Самад»,  «Ғани»
 ягни, ешбір 
нәрсеге  мұқтаж  емес,  керісінше  өте  бай.  Күллі  жараты- 
лыс  атаулы  Оған  мүқтаж.  Сұрактын  жауабын  осы  жерде 
нүктелеп,  мына бір  тұсты  баса  айта кетуді жөн  көріп от- 
ырмыз.
Егер ¥ л ы  Жаратушымыз адам баласына  ғибадат жа- 
сауды парыз етпеді деп санаған күннің өзінде біздер Онын 
үлылығы  мен  шексіз  к¥ДФетініч>  теңдессіз  шеберлігі 
мен  ұлыктыгының  алдында  таң  калып,  өз  еркімізбен 
бас иіп, Онын жалғыз Қүдайлығын (улуһиэтын) мойын- 
дап  жан  тэнімізбен  үлықтауға,  сан  түрлі  мақтау  айтып 
ғибадат  жасауға  тиіс  болар  едік.  Адамды  жоктан  жара- 
тып, һэм оған озге жаратылыстардан үстем етіп ақыл-ой, 
сана-сезім  сыйлаған,  сан  алуан  жаксылығы  мен рызык- 
несібесін  толассыз  тогіп,  айналасындағы  күллі  жараты- 
лысты қызметіне жүгірткен ¥ л ы  Иесіне адам баласының 
өз  еркімен  алғыс-шүкірін  білдіруі,  Оның  алдындагы 
карыздар екенін мойындап тағзым етуі оның ұмытылмас 
міндеті  эрі  адамдык  қасиетінің  асыл  талабы  болса  ке- 
рек.
232

Намаз,  азан  сияңты  гибадаттар  неге 
т ек 
цана 
араб 
тілінде 
орындалады? 
Э р улт  вз тіліпде орындаса болмай ма?
Намазда  мұсылмандардын  Қуран  Кәрімнен  сүрелер 
оқуға міндеттілігі  бэрімізге  белгілі.  Мұсылмандардыц өз 
тілдеріне, жергілікті  жеріне карамастан сонау Мухаммед 
(с.а.у.)  пайғамбар  заманынан  бұлжымай,  заңдаскан  бұл 
қағида келешекте де дәл осылай жалғаса бере ме?
Ең  алғашында  кез-келген  адам  үшін  ана  тілінде 
кұлшылығын  орындау  -   эрі  жеңіл,  эрі  орынды  көрінері 
рас. Алайда, мәселені егжей-тегжейлі қарастырар болсақ, 
кең көлемді түсінікке қол жеткізеріміз анық.
Ең  алдымен  тілек-дұға  мен  намаздың  ара  жігін 
ажыратып  алған  жөн.  Намаздан  тыс  жасалатын тілектер 
мен  дұғаларда  мұсылман  кісіге  ішкі  тілегі  мен  мұн- 
мұқтажын қай тілде айтып жеткізем десе де, бұған тыйым 
салынбаған.
Өйткені,  бұл  Жаратушы  мен  күл  арасындағы  жеке 
мэселеге қатысты. Ал намаз болса, ол жалпыға, жамағатқа 
тән  кулшылық  болғандықган,  намазға  қосылатын  баска 
да  мусьшмандардың  қажет  тілектерімен  санасу  керек. 
Негізінен  намаз  жамағатпен  окылуға  тиіс.  Бірақ  жалғыз 
оқуға да рұксаг етілген.
Егер  Ислам діні  қандай да бір  белгілі  аймақгың  яки 
белгілі бір ¥лттың діні болса, онда ешқандай күмәнсіз сол 
аймактағы  сол ұлггың ғана  тілі  қолданылар  еді.  Алайда, 
төрткүл  дүниеге  тараған,  бір-бірін  түсінбейтін  каншама 
улт  өкілдеріне  ортақ  діннін  өзіндік  ерекшеліктері  мен 
қасиеттері болатыны сөзсіз.
233

Айталык,  кытайша  білмейтін  қазақ  Қытайға  бар­
са,  көшеден  шыққан  қытай  тіпіндегі  дауыстарды  естісе 
де  оны  тусіне  алмайды.  Жергілікті  тілде  окылған  азан- 
ды  да  түсінбегендігінен,  элгі  мүмін-казақ  намазын 
қазаға  ұшыратып  алуы  мүмкін.  (Қьттайдағы  мешіттер 
мүнараларымен ерекшеленбейді). Соидай-ак, Қазакстанға 
келген  басқа  ұлттар  да  мүсылмандардың  өз  тілінде 
орындап  жатқан  ғибадаггарынан  ештеңе  үқпасы  анық. 
Олай  болса,  мүндай  жалпы  элемдік  діннің  өзіндік  ортак 
жакгары, ортақ түстары болуы заңды.  Вүл  іүста азан мен 
қырағаттың орны ерекше екені кімге де болса мэлім.
Бұндай жайттарды күнделікті өмірде де кездестіруге 
болады.  Айталык,  Біріккен  ¥лтгар  ¥йымы нда  да  эрбір 
мүше  мемлекет  өзара  белгіленген  ортақ  тілде  ғана 
сөйлеседі.  Ондайда  арбір  мемлекеттің  жеке  бас  пайдасы 
көзделмейді.
Мэселенің  тағы  бір  жағы,  Қүранның  қандай  да  бір 
аудармасының  ешқашан  да  түпнүсқаны  толык  камти 
алмайтындығында119.  Қүран  аяттарының  эрбір  сөзінің 
бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі. 
Тіпті  кейде  аятта  қолданылған  эрбір  эріптің  де  өзіндік 
бірнеше  мағынасы  болады.  Аудармада  осы  әріптердіч 
өзіндік мағынасы мүлдем  ескерілмей калуы  мүмкін.  Яки 
біреуі  ғана  ескеріледі.  Қүранда  белгілі  бір  мағынаны 
білдіретін  бірнеше  синоним  сөздердің  ішінен  сөздің ды- 
бысталу  жағынан  да,  мағынаны  қамту  жағынан  да  ең 
колайлысы  таңдалған.  Сондықтан,  кейбір  сөздін  «сөздік 
мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндалайын деп 
түрган  жағдайды  білдіріп  жатады.  Ал  мүны  аудармада 
беру мүлдем мүмкін емес.
Ең бастысы, Қүран сөздері окыған адамды еш уакытта 
жалықтырмайды.  Ал  кез  келген  аударманы  бірнеше рет
115  М устафа  Зарка,  Ф әтәэуа,  106-бегг.  «Дарул-калам»  баспасы,
Димашк. 2001  ж.
ИМАНИ Г Ү
Л _________________________________
234

ИМАНИ ГҮЛ
окыған  адамның  жалығары  сөзсіз.  Ал  Күран  сүрелерін 
оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады. 
Өйткені, Алла Тағала Құран сөздеріне осындай ерекшелік 
берген.  Міне,  сондыктан 
«Фатиха»
  сүресін  күнделікті 
эр  намазымыздың  барлық  рэкаттарында  оқысақ  та, 
жалықпаймыз. Бұған қоса, Күранның өзіне ғана тэн эуені 
мен  әуезі  окыған  адамның  ішкі  дүниесіне  ерекше  эсер 
етуі тағы бар.
Оқылған  Күранныц  эрбір  сөзіне,  тіпті  эрбір  эрпіне 
сауап  жазылатындығы  көптеген  хадистерде  білдірілген. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім Алланыц кітабынаи 
(Күраііиаіі) бір эріп окитын болса, оған бір ж аксы лы қ 
ж азы лады .  Ал  әрбір  ж ақсы лы к  он  еселенеді.  Men 
Ә лиф,  Ләм,  Мимді  (бәрін  қосып)  бір  эріп  демеймін, 
Ә лиф -  жеке бір әріп, Лэм -  жеке бір әріп, Мим -  жеке 
бір әріп. (әрқайсысы на жеке-жеке сауап жазылады)»120 
-деген.
Ал 
кез-келген 
аударма 
Күранның 
дэл 
өзі 
болмағандыкган,  оның  эрбір  эрпіне  сауап  жазылу 
ерекшелігі де жоғалады.
Тағы  бір  баса  айта  кететін  жайт,  ол  -   намазда 
қолданылатын  сөздердің  көп  емес,  аз  екендігі.  Алды- 
мен  азан  мен  камат,  артынша 
«Аману  әкбар»,  «Субха- 
нака  раббиял-ъазим»,  «Субхана  раббиял-аъләә»
  секілді 
кысқа  кайырымдармен  коса 
«Фатиха»
  сүресі  мен  бір- 
екі  қосымша шағын  сүрелер.  Барлығын косса бір  бегген 
де  аспайды.  Бұлардағы  сөздердің  көбі  мағыналары  оцай 
жатталатын,  мүсьшмандардың  көбіне  ортақ  қолданатын 
сөздері.  Намазга  жаңа  жығылған  жас  бала  да  бүлардың 
мағыналарын бір үйреніп алса, өмірі үмытпасы анык.
Бүл  дүниелік  болмашы  тірліктер  үшін  үлкен-үлкен 
сөздіктер жаттап,  шет тілін үйренетіндер  мэңгілік ғүмыр
120 Әт-Тирмизи
235

үшін Алла Тағаланың сөздерінен бір бетті жаттай алмаса, 
онда:  «Ғибадат-кұлпіылыктарымызға  Алла  Тағала  емес, 
керісінше  біз  зэруміз»  деген  шүбэсіз  шындығсты  эркез 
есте ұстаған абзал121.
ИМАНИ ГҮЛ 
_________________________________
121  М.Хамидуллаһ. Кұран Кэрім тарихы.
236

«Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге 
қиянатым жоқ» деп намаз оқуга салгырт 
царайтындарга не деуге болады?
Бүл  құлшылықтың  түп  мэнін  жетік  түсінбеуден 
туындайды.  Намаз  -   тек  күнэһарлар  мен  молдаларга 
ғана  жүктелген  жеке  міндет  емес,  әрбір  адамның  мой- 
нына  жүктелген  асыл  парызы.  Кұранда  Алла  Тағала: 
«М ен  адам дар  мен  жындарды  (мені  танып),  маған 
ға н а   ғиб адат  етсін  деп  жараттым»  дейді.  Сондықтан 
құлшылық  -   адамзат  жаратылысының  негізгі  мақсаты. 
Ал ғибадат-кұлшылықтың ең ұлысы -  намаз. Жүрегі таза, 
көңілі  пэк  адамдар,  керісінше,  намазды көбірек  окулары 
тиіс.  Кұлдың  намаз  окуы  -   күнэсінің  көптігі  емес, 
керісінше,  оның  Құдайға  бір  қадам  жақын  екендігінің 
белгісі.  Қүранда  бірнеше  жерде  тақуа  жандардың 
белгісі  ретінде  «Тақуа  жандар  намаздарын  толы қ 
оры нд айд ы »1”  -делінсе, баска бір аятта шынайы намаз- 
Дың адамды жаманшылықтан тыятындығын: «Ш ы найы  
н ам аз  адам ды   арсы зды к  пен  ж аманш ы лы к  атаулы- 
д ан  т ы я д ы » 123 - деп білдірген.
Егер намазды тек кана жүрегі кір, кеңілі пендешілік- 
ке  толы  қиянатшыл  пенделер  ғана  оқитын  болса,  онда 
күнэ  атаулыдан  пэк  пайғамбарымыз  Мухаммед  (с.а.у.) 
әрі  Оның  артынан  ерген  қаншама  ғуламалар  мен  тақуа 
жандар неліктен өле-өлгенше бес уақыт намаздарын қалт 
жіберместен оқыған. Егер жүрегінің тазалығы үшін намаз 
оқымауға рұксат етілген бір ғана жан болар болса, ол адам
122 Бакара сүресі, 3-аят,
'2! Анкабут сүресі, 45-аят.
237

ИМАНИ ГУЛ
-  сөзсіз  Алла елшісі Мухаммед (с.а.у.)  болар еді. Алайда 
Ол (с.а.у.), керісінше, күллі адамзаттан аргық намаз оқып, 
қүлшылык жасайтын.
Иэ, Алла елшісі (с.а.у.) бес уакыт парыз намазды бы­
лай  қойғанда,  түн  жарымда  тұрып 
«тәнәж ж уд»
  нама- 
зын  егіле  жылап,  аяқтары  талып,  ісігенше  оқитын.  «Уа, 
Расулаллан,  өзіңді неге м у ниш  ңинайсың? Алла  Тагала 
сепщ  барша  кунэларыңды  кешірді  емес  пе?» 
-
  деген 
Айша  анамыздың  сұрағына:  «Аллага  шүкір  ememiu  ңул 
болмаймын ба?» 
~
 деп, намазды тек кұнәһар адамдардың 
оқымайтындығын білдірген.
Жүрегім  таза,  көңілім  пэк,  намазды  басқа  жандар 
оқысын деудің астарында,  айтушының терең бейғамдыгы 
жатыр.  Олай  дейтініміз,  адамның  ¥ л ы   Иесі  алдындағы 
борышынан  алаңсыз  болуы  -   бейғамдық  емей  немене? 
Жүрегім  таза,  көңілім  пэк  деу  -   күнәсізбен  деген  сөзге 
саяды.  Ал  өзін  күнәсізбін  деген  адам,  осы  сөзімен-ак 
күнэһардың  нағыз  өзі  болмак.  Өйткені,  күнэ  істеу  -  
пайғамбарлардан  тыс  барша  адамзатқа  тэн.  Күнәсінін 
бар екенін  білмеген  адам -  күнэсін  мойындаған  адамнан 
элдеқайда төмен турады.  Күнәсінен бейхабар адам күнэсі 
мен  катесін,  кемшіліктерін  түзеуді  мүлде  ойламақ  емес. 
Себебі,  оның  пайымдауынша,  ол  -   күнәсіз,  қатесі  жок 
адам. Ал мұндай күйдегі адам жалған дүниеде өзін канша 
ақгағанымен,  о  дүниеге  таудай-таудай  күнәларын  коса 
ала кетпек. Сол жерде ғана өзінің кінәсін мойындап, тэубе 
қылмақ. Бірак ол кезде өкініш пен 
«әттеген-ай»
  атаулы- 
дан иненің жасуындай да кайыр болмасы белгілі.
Иэ,  ғаламды  жоқтан  жаратып, 
оны  ғажайып 
жүйемен,  тендессіз  тэртіппен  реттеп,  үлкен-кішілі, 
жанды-жансыз  барлық  жаратылысты  элсіз  адамнын 
ыңғайына  жығып,  қызметіне  бағындырып  койған  ¥лы  
Иемізге шүкір етіп, алғысымызды білдіріп, үлылығынын.
238

ИМАНИ ГУЛ
кұдіретінің,  шексіздігінің,  кемелдігінің,  қысқасы,  жалпы 
Құдайлығыныа алдында бас иіп, адамдық борышымызды, 
кұлдык  міндетімізді  атқару  ұшін міндетті  түрде  күнэһар 
кұл, жүрегін кір шалған пенде болуымыз шарт емес.
Өзінің  ¥л ы   Иесінің  алдындағы  элсіздігі  мен 
мұқтаждығын  мойындамаған  пендеден  асқан  күнэһар 
пенде  бар  ма  бұл  жалғанда?!  Біздер  көбіне  бұйрықтың, 
шақырудьщ  қайдан,  кімнен  келгеніне  аса  мән  бере 
бермейміз. Егер патша елші жіберіп бір адамды шакыртса, 
элгі пенденің кұстай ұшып патшаның алдынан табылары 
сөзсіз.  Сол секілді патшалардың патшасы -  ¥лы Жарату­
шы  иеміз  Өзінің талаптары  мен бұйрыктарын  білдіретін 
Куран  атгы  пэрменін  Мухаммед  (с.а.у.)  пайғамбардың 
қолына  ұстатып,  оны  жер  бетіне  елші  етіп  жіберген. 
Міне,  сол 
«Құран»
  атгы  кітаптың  сексен  жеті  жерінде 
кұлдарына бес уақыт намазды тікелей бұйырып, ғибадатқа 
шақырған.  Ал  енді  жердегі  пәни  патшаның  шақыруына 
бей-жей  қалмайтын  пенденің  ¥лы  Иесінің осы  бір  «ұлы 
шақыруына»  салғырт  қарап,  бұйрықгарын  елеместен 
бей-жай  жүре  беруі  немесе 
«жүрегім  таза,  ешкімге 
ж аматиылыгым  жоц»
 деп өзін алдап бұлғақгауы дұрыс 
па?
Ендеше, 
«жүрегім таза, ешкімге зияным жоқ, маган 
намаз  оқып  не  керек»
  деген  тэрізді  сөздердің  астарында 
Құдайдьщ  қасиетті Қүранын, сол кітаптағы  ¥лы  Иесінің 
талабын  жетік  ұғынбау  жаткан  секілді.  Бұл  намаздың 
мәнін,  мағынасын  түсінбеуден  туындаған  салмақсыз, 
эшейін айтылған сылтау болса керек.
239

Көп адамдардың он екі м үш есі сау болганмен 
кейбіреулердің 
мүгедек, 
кемтар 
болып 
т уы лат ы нды ш  яки кейіннен т үрлі себептер- 
м ен  мүгедеюпікке  үш ырап  ж ат ат ып  жайт- 
тары  омірде  көп-ақ.  Кей  адам  бүл  өмірден 
еш  ңиналыс  кормей рахат қа  бат ып  өтеді де, 
кей  ж андар  омір  бойы  тауңымет  тартып
,  I 
қиьиішылыңтан  көз  ашпай  өтеді.  М үны  ¥лы
 ч 
Ж арапщанның  әділдігі  түргысыиан  ңалай  \  
түсінуге болады?
 
|
«Таршылъщ адамды шыныцтырады
, 
Баршышц адамгершиіікті үмыттырады»
Пақыл сәз
Біріншіден,  Алла  Тағала  -   бэріміздің  ¥лы   Иеміз. 
Терең  үңілер  болсақ,  біз  денеміздегі  ешбір  мүшемізді 
өзіміз  жаратпадық,  еш  жерден  сатып  та  алмадык. 
Бұлардың бэрі бізге ¥л ы  Шебер тарапынан тегін берілді. 
Сондыктан,  біз  -   ¥ л ы   Жаратқанның  басыбайлы  мүлкі- 
міз.  Ендеше, ¥ л ы  Иеміздің  өз мүлкімен нендей катынас 
жасауы Өз калауында. Ауыртады, кейін 
«Ш афи»
 есімімен 
көмектесіп  шипа  береді.  Кулын  ашықтырады  да,  кейін 
Өзінің
 тевдессіз 
«Раззақ»
  екендігін,  япги  рызык  бсруші 
екендігін сездіртеді.
Екіншіден,  ¥ л ы   Жаратушымыз  өте  эділетгі.  Ол 
еш-бір  кұлына  титтей  де  қиянат  жаеамайды.  Әділдік 
дегеніміз  не?  Әділдік  деп  негізінен  жүктің  қоржыннын 
екі  жағына  тен  артылуына  айтылады.  Яғни,  берілген 
нәрсеге 
карай 
қарымыньщ 
қайтарылуына  эділдік
240

ИМАНИ ГҮЛ
делінеді.  Берілген  нәрсенің қарымы  кем  болса, 
«қалганы 
ңайда?»
 деп жетпегенін сұрауға какымыз бар. Бірақ тегін 
берілген  нэрсеге  аз  бердің  яки  көп  бердің  деп  реніш 
білдіруге, 
«әділдік қайда?»
 деп аттан салуға акымыз жоқ. 
Мысалы,  бай  адам  бір  ауылға  барып  тегін  көмір,  ұн  та- 
ратып,  екінші  бір ауылға барып тек кана ұн таратса,  сон- 
да еншілеріне тек  қана үн тиген  екінші  ауыл  элгі  адамға 
ракмет айтудың орнына 
«бізге р і  гана бергеніц не? барып 
тұрган  әдыетсізсщ»
  дей  ала  ма?  Әрине,  жок.  Себебі, 
тегін  берілген  нэрсеге 
«аз»
  яки 
«кип»
  деп  шағым  жасау 
әділетсіздіктің нак өзі болмақ.
Керек  десеңіз,  Жаратқанның  тегін  берген  әрбір 
мүшеміздің  кайтарымына  бізнебердік?Бірганамүшенің 
карымын  төлеңдер дссе өтей  алар  ма едік?  Ұлы Жарату- 
шыны  әділетсізге  балап, 
«екіний  козімді  бер»
  деп  катаң 
талап ететіндей біз Оған не беріп едік?
Эрине,  егер  тілек  тілеген  сәтте  шагымдану  емес, 
Оған деген мұқтаждығымызды сезініп,  кұдіретінс бас иіп 
сүрасак,  ол басқа мэселе.
Үшіншіден,  өмірде кездесетін әр түрлі киыншылык- 
тар, айыкпас дертке шалдығу, бір мүшенің кем болуының 
адам  үшін  дүниелік  кішігірім  зияны  болғанымен,  оның 
рухани  өмірімізге  ақыреттік  пайдалары  өте  көп.  Жанын 
қүтқару үшін гангрен (іріндеп, шіріген) болған саусағының 
кесілуіне ешкімнің карсы шықпасы анық.  Ягни кішігірім 
зиян  үшін  үлкен  пайдаларға  ешкім  тосқауыл  болмайды. 
Оттың  өртке  себеп  болуым  желеу  етіп  оттыц  бар  пайда- 
сын  жоқка  шыгарып,  жалпы  от  атаулыны 
«жаліаи»
  дей 
алмаймыз  ғой.  Міне,  дүниеде  кұлдың  басына  келетін 
әр  түрлі  киыншылыктар  мен  аурулардыц  да  дүниелік 
зияны  болғанымен  оның  акыреттік  пайдасы  өте  зор. 
Адамның  рухы  өмірдегі  киыншылыктар  аркылы  таза-
241

ИМАНИ ГҮЛ
рып, кемелдікке карай канат кағады.  Э р түрлі ауруларға, 
қиыншылықтарға тап болған адам үнемі өзінің элсіздігін 
эрі  Раббысына  деген  мұқтаждығын  сезінеді.  Әрдайым 
Оны  ойлап,  Оған  қол  жайып  медет  тілейді.  Раббысы- 
мен  үнемі  байланыста  болып,  Жаратушысына  қарай 
жақындаған  сайын  жақындап  дәрежесі  артады.  Өмірдің 
пэнилігін түсініп ақыретке, мәнгілік өмірге ынтық келеді. 
Себебі, жағдайы жаксы,  өмірі киындық көрмеген жавдар 
көбіне  Раббысына  деген  мұктаждығын,  өзінің  элсіздігін 
ескермей,  ұмыт  калдырады.  Дүниені,  бойындағы  күш- 
қуатты,  жастықты  мэңгілік  деп  есептегендіктен,  мына 
дүниені  өлердей  жаксы коріп,  ақыретгі  естен шығарады. 
Қулшылық  міндетіне  салғырт  қарап,  күнәсіне  бейғам 
келеді.  Міне,  басқа  түскен  қиыншылықтар  мен  эр  түрлі 
аурулар  адамды  осындай  ақыретке  деген  бейғамдыктан 
сакгап, күнэға қарсы сергектігін оятады.
Аурулар  мен  қиыншылықтар  сабыр  етіп,  акыретте 
Раббысының  беретін  сый-сыяпатын  ойлаған  жанньщ 
күнэларына кэффарат124 болады.
Хадисте: 
«А лла  Тагала м усы лм апп ы ң  дуіиар бопгап 
ауру,  шаршау,  дерт,  цайгы  т іп т і уайы м даган  уайымы 
арқыльі кейбір кінэлары н кеш іреді»'25
 делінеді.
Бұган коса,  душар  болған  аурулары  мен  өмірде  кез- 
десер  түрлі  қиыншьшықтарға  сабыр  ете  білген  адамның 
бір  сағатгық  ғибадаты,  бәлкім,  өзгелердің  бір  кұндік 
ғибадатына,  тіпті  бір  минуты  бір  күндігіне  тең  болады. 
Осылайша  кыска  ғана  өмірдің  берекесі  тасып,  ғумыры 
ұзара түседі.  Бэлкім,  сабыр  ету  арқылы  озге  жандардың 
тұні  бойы намаз оқып ала алмаған сауабына кенеледі.
Алла  Тағала  кудси  хадисте: 
«М ен  кімнің  (мына 
дүниеде) ек ікөзін  соқыр етіп сынасам ж зн с  қулы м  буган
124 Күнәлардың кешірілуі.
125 Бухари, Марда/1,  М услим, Бирр/52.
242

ИМАНИ ГҮЛ
сабыр  етсе,  ол  калыма  екі  көзінің  орнына  ақыретт е 
Ж ән нат т ы  беремін»’26
 дейді.
Бұл  дүниедегі  басына  түскен  қиыншылықтар  мен 
душар  болған ауруларға сабыр еткен адамның ақыретгегі 
сауабын  көрген  өзге  жандар 
«біз  де  дүниеде  can  түрлі 
циыншыльщқа  душар  болып,  бүгін  мынандай  мэңгілік 
сауапқа келелгеншізде гой»
 деп қызыға карайды.
Пайғамбарымыз  бір  хадисінде: 
«Мусылмшіның  ісі 
(өмірі)  м е н і  қатты  қайран  қшгдырады.  Оның  әрбір  ісі 
ол  үш ін  қайырлы  әрі жақсылық.  Бүл  тек мүсылманга 
ган а  тәп.  Ол  бір  қуанышқа  man  болса,  шүкір  етеді, 
(сауапңа  кенеледі)  сөйтіп,  оган  бүл  қуаныш жақсылың 
болып  ж азылады.  Ал  егер  басына  бір  қиыншылық 
түссе,  сабы р  етеді  де,  (сауапқа  кенеледі)  сөйтіп, 
оған  қиынш ыльщ   т а  жақсылық  болып  жазылады»127 
деп,  қиыншылықтарға  сабыр  ету  аркылы  мол  сауапқа 
кенелетінімізді  білдірген.  Дене  мүшелеріне  зиян  келген, 
эр  түрлі  ауруларға  шалдыкқан  адамдар  эрбір  мүшенін, 
денсаулықтың кадірін жақсы түсінгендіктен, дене мүшесі 
сау  өзгелерден  гөрі  Раббыларына  көбірек  шүкір  етеді. 
Әрбір  мүшесінің  бағамен  әлшенбейтіндей  құнды  сый 
екенін  өзгелерге  де  үқтырғаны  үшін  сансыз  сауапқа 
кенеледі. Оларды көрген өзге жандар да тэубелеріне келіп, 
Раббьшарына  шүкір  етеді.  Сөйтіп,  басқалардың  да  Раб­
быларына  бет  бүруларына,  Онын  берген  нығметгерінің 
Қадірін түсінуіне себеп болғандықтан, 
«Бір  іске себепкер
-  сол іст і істегенліен бірдей»
 демекші,  акырегге күтпеген 
жерден сансыз сауапқа белшеден батады.
Иә, Алла Тағаланың кұлдарына берген уайым-қайгы, 
аУРУ-сырқау, эр түрлі киыншылықтар -  еткен өмірлеріндегі
126 Тирмизи. Бухари, Марда/7.
121  Әбу  Зәкария  Мухиддин  Иахия  ӘнНэуэуий,  музһатулМутгақин, 
Ітом, 49бет.  МуэссисэтурРисэлэ, Байрут  1991ж. (Муслимнен).
243

ИМАНИ ГҮЛ
күнэларына кешірім, қазіргі өмірлері үшін сауап, келешек 
ғұмырына  ғибратгы  дэріс  эрі  ескерту.  Міне, 
щ я
  осыны 
түсінсе, өмірге деген көзқарасы әп-сэтте өзгеріп, ойындағы 
қалың қайғыдан, бойындағы ауыр сезімнен арылады.

А лла 
Тагалага  сенбеген, 
бірақ  жүрпща 
м а қ сы л ы қ   жасап  өткен  адам  жәннатңа  кіре 
м е?
Барша  діндердегі  кұқыктар  мен  қазіргі  таңдағы 
қолданатын заңдар бойынша, барлық адамдар заң алдында 
бірдей, сот кұзырында тең дәрежеде қаралады. Ешбір адам 
өзінің  бойындағы  ерекшеліктері  мен  кейбір  қасиеттерін 
алға тартып, жалпыға арналған заң ережелерінен тыскары 
қала  алмайды.  Қазақгың  мәдениетін  әлемге  танытуда 
еңбегі  сідген  яки  белгілі  бір  спорт  саласында  элемдік 
деңгейде  үлкен дэрежеге жеткен белгілі тұлга мен ондай 
дэрежеге жете алмаған өзге жандар заң алдында пара-пар. 
Мысалы, Олимпиядада бірінші орын алып, Қазаксганның 
көк  байрағын  элем  алдында  желбіретіп,  елдін  мерейін 
үстем  еткен  спорт  шебері  кісі  өлтіріп, 
«Мепі  түрмеге 
ж аба  алмайсыцдар»,-
  деп,  сот  алдында  өзін  жалпыға 
арналған  заңнан  тыс  ұстай  алмайды.  Егер  эрбір  адам 
қоғамға істеген игі істерін сылтауратып, мемлекеттен тек 
өзіне  арналған  жеке  заң талап  ететін  болса,  қоғамда  заң 
Деген түсініктің де мэні қалмас еді.
Енді  негізгі сұрақгың жауабына оралайык.  Мысалы, 
Эдисон сиякты электр энергиясын тауып, хапыкка пайда- 
сы тиген жандардын акырегге жағдайы қалай болмақ?
Егер  Эдисон  бұл  игі  ісін  Алланың  ризалығы  үшін 
істеген болса, Алла Тағала ақыретте ниетіне қарай сауабын 
береді.  Ал  егер  бүл  игі  ісімен  ел  алдында атақ-абыройға 
кенелуді,  тарихта  атынын  калуын  көздеген  болса  жэне 
бойындағы  ерекше  зеректік  пен  талантын  Алла  Тағала 
емес,  табиғат берді  десе, Алла Тағала оған  сұраған атак-
245

ИМ АН ИГҮЛ
абыройын мына дүниеде береді. Ал жүмақтагы көз көріп, 
құлак  естімеген,  акыл  ойлап  елестете  алмаған  ғажайып 
сый-сияпатты  ездері  мына  дүниеде  иман  келтірмеген 
Алла Тағаладан емес табиғаттан сұрасын.  Мына дүниеде 
Алла Тағаланы мойындамай арғы дүниеде Жаратушыдан 
сый-сияпат күту ақылға сыйымсыз болса керек.
Жэннатгағы  сый-сияпат  -   иман  етіп,  ізгі  іс  істеген 
адамдарға ғана арналған.  Иман еткен жандар мен иманға 
келмеген пенделерді тең дәрежеде бағалап,  бәріне бірдей 
жәннатты  беру  -   әділетсіздік.  Себебі,  нагыз  әділеттілік
-   иманды  жанға  иманының,  салиқалы  амалдарьгаың 
қарымы  ретінде  жэннатты  беру,  ал  иманнан  бас  тартып, 
күпірлікті таңдаған адамга да жазасын беру.
Мына  пэни  дүниенің  өзінде  кез-келген  мемлекет 
өзінің  заңдарына  бағынғандарды  мемлекетгік  жалпы 
мумкіншіліктерден  пайдалануға  жағдай  жасап,  құқығын 
қорғауда.  Ал  мемлекет  зандарына  қарсы  іс-эрекет  ет­
кен  адамдарды  бірнеше  жылға  немесе  қылмысынын 
үлкендігіне  қарай  мэңгілік  абактыға  жабуда.  Казіргі 
тандағы бүл заңға ешкім қарсы шығып, эділетсіздікке ба- 
лап,  каралай  алмайды.  Ендеше,  ¥ л ы   Жаратушының ұлы 
зандарын адамдардың шығарған зандарынан төмен санап, 
әдіяетсіздікке 'геңеу акылды адамның ісі болмаса керек.
Олай  болса,  ¥ л ы   Патшаның  да  мына 
«дүние»
 деген 
мемлекетінде  қойған  өзіндік  ереже-қағида,  заңдары  бар. 
Ол -   Өзіне  иман  етіп,  бүйырған  бұйрықтарьш  орындап, 
тыйған  тыйымдарынан  тыйылған  күлдарын  жэннаттык 
ғажайып  сый-сияпатпен марапаттау.  Ал,  керісінше, ¥лы 
Патшаның өзін де, салтанатты патшалығын да  мойында­
май: 
«Сен стцтьі  ¥лы Патша жоц әрі  Сеніц билігіцді де, 
патшалыгыцды  д а   мойындамаймын»,
  -  деп  даңдайсып 
иманнан  бас  тартып,  Құдайлык  завдардан  қашкандарды 
тозағында жазалау.
246

ИМАНИ ГУЛ
Иэ,  ¥ л ы   Жаратушының  бар  екенін  кабылдамаған 
адам  мына  қыска  гұмырында  күпір  делінген  бір  ғана 
күнэні  істегенімен,  сол  күпірлік  арқылы  шексіз  қылмыс 
жасайды.  Өйткені,  ¥лы   Жаратушыны  жоқка  шығару
-   оның  жаратқан  мына  ғажайып  сүлу  да  үйлесімді  эрі 
сан  сырлы  мағынаға  ие  жалпы  жаратылысты  жоққа  са- 
нау.  Олай  дейтініміз,  кэпір  адам  күллі  жаратылысты 
бостан  босқа,  еш  мағынасыз  әйтеуір  кездейсоқ  жара- 
тылыс  ретінде  бағалағандыктан,  олардың  бойындағы 
терең  мән-мағынаны  жокка  шығарып,  аяққа  таптайды. 
Әрбір  жаратылыстағы  ¥лы   Жаратушы  жүктеген 
ар­
найы  міндетгерді  көре  алмағандықтан,  оларды  қорлаған 
боп саналады.  Мысалы, Күн ешбір мақсатсыз,  кездейсоқ 
әлемге  сәулесін  шашып  түр.  Жер  өз-өзінен  эйтеуір 
бостан-босқа  шыр  көбелек  айналып  түр,  сиыр  да  бекер- 
ге  кездейсоқ сүт береді деп пайымдағандықтан,  олардың 
кадір-қасиетін төмен түсіріп,  мән-мағынасын  аякка тап­
тайды.  Жаратушының оларға жүктеген үлы міндеттеріне 
киянат жасап, қорлаган саналады.
Бутан  қоса  эрбір  жаратьшыстың  бойындагы  кере­
мет жүйені,  үйлесімділікті,  мэн-магынаны  жоққа санау -  
олардың  әрқайсысының  өз  болмысымен  Хак  Тагаланың 
бар екендігін паш еткен куэліктерін жалғанға шьтғару бо­
лып есептеледі.
Иә,  ғаламдағы триллиондаған эр түрлі жаратылыска 
жасалған  мұнша  күнэнің  жазасы  берілуге  тиіс.  Себебі, 
Алла  Тағаланың  эділдігі  осыны  талап  етеді.  Мысалы, 
белгілі  бір  мемлекеттің  елтаңба,  әнұран,  байрак  секілді 
касиетті  рәміздерін  рұқсатсыз  өзгертуге  яки  корлауға 
болмайды.  Олай  жасаған  адам  мемлекет  алдында  жа­
уап  береді.  Ендеше,  Алла  Тағаланың  кастерлеген  кпелі 
ұғымдарын  аяққа  таптап,  корлағысы  келген  пенделер  де 
жазаға тартылуы тиіс.
247

И М АНИГҮЛ
Ғаламдағы  эрбір  жаратылыста  мөрленген  Алла 
Тағаланың  ғажайып  кақьтштарьш  мэнсіздікке  балап, 
көзді  таре  жүмып  оларды  көрмеу  -   Хақ  Тағаланың 
«тецдессіз  жаратуіиы»,  «гаж айып  шебер»,  «толассыз 
ры зы ң беруші»,  «шексіз  ілім  иесі»
 тәрізді  сансыз үлы си- 
паттарын  мәнсіздікке  теңеу,  тіпті  оларды  жокка  шығару 
болғандықтан күнәсі де ауыр, тіпті шексіз. Себебі, бүл күнэ 
жай  ғана  бір  адамның  күқығына  емес,  Алла  Тағаланын 
өзіне, ұлы сипаттарына жасалуда.
Иә, адам баласының ¥ л ы  иесін танымай, Оның тегін 
берген сансыз жақсылығы мен ырыс-берекесін мойында- 
май мына дүниеден өтуі -  өзіне жүктелген негізгі міндетін, 
адамдығына сай асыл борышын, мына өмірге жіберілудегі 
«иман ету» миссиясын орындамауы болып саналады.
Өзін  ерекше  ақыл-ой,  эр  түрлі  үстем  қабілетгермен 
безендіре  жаратқан  ¥ л ы   Иесін  танымай, 
«мүныц  бярін 
табигат  ж асады»
  деп,  опасыздық  жасаған  қүл  ¥лы 
Иесінің  ақыретге  дайындаған  сый-сияпатына  лайык 
па?  Әрине,  жоқ.  Бірақ,  ¥ л ы   Жаратушыға  сенбеген 
барлық  пенделердің  ақыреттегі  жазалары  бірдей  бол- 
майды.  Олардың  мына  дүниеде  істеген  күнэлары  мен 
жақсьшыктарының тозактагьт жазаларына да өзіндік әсері 
болары сөзсіз.
248

«Жақсылықтьі да, жамандыңтьі да 
А лладан» деп білуді қалай тусінеміз?
. ------- _ ; 
---- ■
— :----;--- ;---- ;---;--------- ;---- ;—
Жақсы яки жаманды, иман немесе күпірді қалайтын, 
тандайтын  -   біз.  Ал,  сол  істі  қаласа,  жарататын  -   Алла 
Тағала. Мысалы, біз бидайды ектік, сосын жаз бойы арам 
шөбін жойып, суын кұйып қарадық делік. Ал оны осыдан 
кейін өсіретін, өсу ісін жарататын, нәтижесін беретін Алла 
Тағала болмақ. Бидайды өсіруді біз каладык, бірақ бидай­
ды өсірген біз емес. Қалай дейсіз бе? Бізге ақыл беріп, би- 
дай егуді  үйреткен -  Апла Тағала емес пе? Ал, бидайдың 
дэнін  жаратып,  оны  адамға  сыйлаған  кім?  Бидайдың 
өсіп-жетілуі  үшін  кажетті  топырақгы,  топырақтағы  эр 
түрлі  минералдарды,  күнді,  ауаны,  суды  жараткан  кім? 
Тіпті  оны  егіп,  суын кұю үшін қолымызды қимылдатқан 
кім?  Біз  тек  кимылдатуды  қалаймыз.  Қозғалтуға  шешім 
қабылдап,  бел  байлаймыз.  Ал,  оны  кимылдатып,  колға 
күш беретін, барлық клеткаларды бір-бірімен жалғайтын, 
қолдағы сіңірлеріміз бен бүлшық етгерімізді іске қосатын
-   ¥ л ы   Алла  Тағала.  Егу,  суару,  копсыту  істерінен  кейін 
ешқайсымыз  бидайымның  бірінші  сабағын  өсірейін,  со­
сын  жапырағын  шығарайын,  күйған  суымды  эр дэнегіне 
жеткізейін,  бидайға мына минерал керек,  ал,  мынауы  ке­
рек емес  деп  басымызды  катырып жатпаймыз.  Бүлардың 
бэрі  біздің  араласуымыздан  тыс  Алла Тағаланыц қалауы 
жэне жаратуы арқылы іске асып жатады.
Қыскасы,  жаксы,  жаман  әрбір  ісімізді  істеуге  ниет 
ету,  тақдау  -   біздіц  еншімізде,  ал  оны  жарату  -   ¥лы 
Жаратушының калауы мен қүдіретіне тапсырылады.
249

ИМАНИ ГҮЛ
Абай  атамыз: 
«Ауруды  ж аратқан  Қудай,  ауыртцан 
Қудай  емес»іг8,
  -   деп  қандай  тамаша  айтқан.  Яғни,  бір 
адам  Құдайдың  қойған  заңымен  жүрмей,  қыста  терлеп 
тұрып,  желен  далаға  шығып  ауырса, 
«Қудайым-ай,  бұл 
ауруды  цайдан  гагіа  беріп  едің?»
  деуге  ақысы  бар  ма? 
Ауруға  себеп  болған -   өзі,  бірақ  сол  ауруды  жараткан -  
Алла Тағала.
Біздің эрбір қалаған ісімізді Алла Тағала қаласа ғана 
жузеге асырады дедік.  Себебі  біздің калауымыз Алланьтң 
калауынан рұксат алмайынша қолы байлаулы калмақ. Сөз 
түйіні,  Алланың  қалауынсыз  ешнэрсе  жүзеге  аепайды, 
калауынан тыс жапырақ та сыбдырламайды.
Алла  Тағала 
«Кәнф»
  сүресінде  былай  дейді:  «Не 
нәрсені де «Мен  муны   ертең істеймін» деме.  Тек Алла 
қ аласа ғана істеймін де...»129
Хадисте: 
«Алла  Тагала  н ен і  қаласа  сол  болады. 
А л   Оның  қалам аганы   еш ңаш ан  ж узеге  аспайды»’10,  - 
делінеді.
¥ лы   Жаратушымыздың  жақсы  істерге  ризалығы 
бар,  ал  жаманына  жоқ.  Кұранда:  «А лла  кулдары ны ң 
күпірге кіруіне разы  болмайды»131, «А лла Т ағала ысы- 
рап етушілерді ж ақсы  кормейді»132 - деп, жаман істерге 
ризашылығының жоқ екендігін білдірген.
Бірақ бұл дүние сынақ әлемі  болғандықтан,  адам ба­
ласы  өз  еркімен  жаманшьшыкқа  ниет  етсе,  Алла  Тағала 
қаласа  оны  да  жүзеге  асырады.  Кейде  адам  жаман  іс 
істеуге  ниет  етеді.  Бірак  Алла  Тағала  күлыныц  бұрын 
істеген  кейбір  жақсылықтарын  яки  келешекге  істейтін
138 Абай, Қара сөз, Поэмалар. Ж иырма сегізінш і сөз, 62-бст,  «Кітап»
баспасы,  1992 ж.
m
 Кәһф сүресі/22-23.
130 Әбу Дээуд, Әдаб/106.
131  Зумар сүресі/7.
131 Әнғам сүресі/141.
250

И М А Н И  ГҮ Л
ізгіліктерін  ескеріп,  қүлының  істеуге  ниет  еткен  жаман 
ісін болдыртпауы мүмкін. Ниет еткен жаман ісіне арнайы 
тосқауыл  қойып,  кұлы  енді  сүрініп,  күнэнің  түңғиығына 
қарай  күлдилап  бара  жатқанда  Жаратканы  көмек  беріп, 
күнәнің батпағынан аман сақтап қалуы мүмкін. М үны тек 
¥ л ы   Жаратушының күлына деген арнайы  рақымдылығы 
мен  мейірімділігі  деп  түсінген  жөн.  Сондай-ак,  кейбір 
істеген  күнэларымыздың  нэтижесінде  Алла  Тағала 
басымызға небір пәлекетгерді беруі де мүмкін.
Жақсылық  та, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет