Шіріген сүйектерді кім тірілтеді? Ей, Адам! Шірігенді кім тірілтер деп адаспа! Тірілтеді, Кім жаратса оны әу баста! Қайта тірілуге сенбейтін бұрынғы адам-
дар мен қазіргі кейбір замандастарымыздың бұл
тұрғыдағы күмәндары мен келтіретін дәлелдерінде еш
айырмашылық жоқ. Өйткені бәрінің қайта тірілуге деген
көзқарасы біреу – «шіріп кеткен сүйекті кім тірілтеді?».
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде де өлгеннен кейін
қайта тірілуге сенбейтіндер болатын. Бір күні Убай ибн
Халаф Алла елшісінің жанына келіп, қолындағы шіріп
кеткен бір сүйекті ұстап тұрып келеке еткен сыңаймен
былай деді:
– Алла Тағала мына сүйекке жан беріп, қайта
тірілтеді, солай ма?
Алла Расулы (с.а.у.):
– Әрине, оған жан беріп тірілтеді, әрі сені тозағына
салады, – деп жауап берді.
Осы оқиғаға байланысты «Ясин» сүресінің төмендегі
аяттары түсті: «Адам баласы біздің оларды бір тамшы