Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет17/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   363
ИМАНИ ГҮЛ
Экология
Табиғатта  құстар  (бүркіт,  қаршыға,  құзғын,  т.б.) 
өлтірілген  жағдайда  жыландар  көбейеді  екен.  Ал  жы-
ландар  қырылса,  құрбақалар  көбейеді.  Құрбақалар 
құрыған  жағдайда,  шыбын-шіркей  көбейеді  екен.  Жан-
жануарлардың өмір сүрулерін бір-біріне байланыстырып, 
табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті, осы таң қалдырар 
жүйені құрған кім?
Жыл мезгілдері
Жер шарының өз-өзін және Күнді айналуынан күндіз 
бен түн және жылдың төрт мезгілі жаз, күз, қыс, көктем 
болып  алма-кезек  үздіксіз  өзгеріп  тұратыны  бәрімізге 
мәлім.  Жаздың  қайнаған  аптап  ыстығынан  кейін  дереу 
қыстың  қақаған  аязы  мен  ысқырған  бораны  болмайды. 
Екі мезгілдің ортасында күз атты қоңыр салқын мезгіл 
бар.  Міне,  осы  күз  мезгілінің  арқасында  адамдардың 
жаздың  жылы  ауа-райына  үйреніп  қалған  ағзалары 
біртіндеп  қыстың  қақаған  суығына  бой  үйретеді.  Сол 
сияқты  қыстың  қақаған  аязынан  кейін  ауа  райы  күрт 
өзгеріп,  дереу  көктемсіз  жаз  болғанда  қандай  күйде 
болар  едік?  Бәлкім,  ағзаларымыз  күрт  өзгеріске  дайын 
болмағандықтан  бәріміз  жаппай  ауруға  шалдығар  ма 
едік?  Ендеше,  жыл  мезгілдеріндегі  осындай  керемет 
рет пен үйлесімдікті және Жер шарының айналуындағы 
дәлме-дәл есепті қойған кім?



27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет