Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


Аспан әлемі Алла  Тағала  «Тәбәрак»  сүресінде:  «Жеті  қабат



Pdf көрінісі
бет15/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

Аспан әлемі
Алла  Тағала  «Тәбәрак»  сүресінде:  «Жеті  қабат 
аспанды бір-біріне үйлесімді етіп жаратқан – Ол Алла. 
Рахманның  жаратуында  ешбір  ақау,  жүйесіздік  көре 
алмайсың. Сал көзіңді, көре аласың ба бір ақау? Со-
сын көзіңді қайта-қайта бұрып қара! Көзің ешбір ақау 
таба  алмағандықтан  шаршап,  талған  күйде  саған 
қайта оралады» – деп аспан әлеміндегі керемет жүйені, 
ақаусыздықты баяндайды.
Аспан  әлемі,  яғни  сансыз  планеталар  мен 
жымыңдаған  жұлдыздар  бір-бірімен  қақтығыспай  өте 
нәзік  есеппен,  өте  керемет  жүйемен  миллиардтаған 
жылдар  бойы  істеп  тұр.  Бұларды  бір-бірімен 
қақтығыстырмай,  осынша  жылдар  бойы  іске  қосып 
тұрған күш қандай күш? «Тартылыс» күші делік. Тарты-
лыс күшіндегі нәзік те ғажайып тепе-теңдікті қойған тыл-
сым күш қандай құдірет? Егер бір планетаның тұрақты 
тартылыс  күші  бір  мезет  кездейсоқтықтың  әсерінен 
азайса немесе көбейсе, көк әлемі қалай тас-талқан бо-
ларын  бір  сәт  ойландыңыз  ба?  Барлық  планеталар  мен 
жұлдыздардың  үлкенді-кішілі  көлемдері  мен  бір-бірінің 
ара-қашықтықтарына  қарай  өзіндік  тартылыс  күштері 
бар. Тартылыс күшіндегі бұл есеп, кездейсоқтықтың емес, 
арнайы бір Ұлы Құдіреттің жаратқанын меңзейді.



23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет