ИМАНИ ГҮЛ Адамға байланысты тағдыр Адамға байланысты тағдыр мәселесі, задында,
күрделі болғандықтан кейбір адамдар қате түсінеді.
Бәзбіреулер істеген күнәларынан «Тағдырымда осылай болса, не істеймін?» деп ақталып жатса, енді біреулер
әр істеген ісімді өз қалауыммен істеймін, «олай болса, тағдыр жоқ» деп шектен шығып жатады. Бұл екі пікірдің
біреуі астамдық болса, екіншісі нұқсандық. Орта жолды,
дұрыс тағдыр ұғымын түсіне алмаған.
Адам баласы басқа жаратылыстардан өзіндік ақыл-
ойымен, айрықша ерік-қалауымен екшеленгендіктен
Оның тағдыры да өзгеше.
Адамға байланысты тағдырдың екі жағы бар.