арнайы есеппен жараттық»
97
. «...Барлық нәрсені жа-
ратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем берді»
98
, - деп
жалпы әлемдегі осы арнайы есепке, тағдырға назарымыз-
ды аударады.
Демек, Ұлы Жаратушымыз әр нәрсеге өзіндік
тағдырын жазған. Жаратылыстағы әрбір нәрсе сол
тағдырдан, арнайы бағдарламадан асып, жалпы жүйеден
шығып кете алмайды. Әлемдегі бас айналдырар мына
теңдессіз сұлулық, ерекше жүйе алдын-ала белгіленген
арнайы жобаны, дәлме-дәл есепті, яғни, иләһи тағдырды
нұсқайды.
Жымыңдап, жарқыраған сансыз жұлдыз белгіленген
өз межесінен еш ауытқымай қозғалып, ғарышта жүзіп
жүрсе, жан-жануар, өсімдік, жалпы жаратылыс Алла
Тағаланың жазған арнайы бағдарламасын айна-қатесіз
қайталап ғұмыр кешеді.
97
Қамар сүресі/49
98
Фурқан сүресі/2.
184
Достарыңызбен бөлісу: |