13
ИМАНИ ГҮЛ
біліммен сусындаған парасат-пайым қажет екенін естен
шығармауымыз ләзім.
Ізгі оқырман! Қолыңыздағы кітап кеңестік дәуірден
кейін өз құндылығына қайта оралып, асыл дініне бет
бұрып жатқан халқымызға, әрбір құштар жүрекке аңсаған
«имани гүлін» сыйлай алмайтыны анық. Алайда сол жол-
да аз-кем өз үлесін қосып жатса, бұл біз үшін баға жетпес
бақыт, ғұмырымыздың шуақты сәті болмақ.
Алла Тағала баршамыздың жүрегін иман нұрына
бөлеп, ихсан дәрежесіне жеткізсін! Кітаптың жазы-
луы мен жарыққа шығуына септігі тиген баршаға екі
дүниенің жақсылығын тілеймін!
«Ислам мәдениеті мен
білімін қолдау қорының» алдағы атқарар жұмыстары сәтті
болғай!
Достарыңызбен бөлісу: