Алла Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме? Неліктен біздің ғибадат етуімізді талап етіп, орындамағандарды азаптайтынын ескертуде? Ұлы Жаратушымыз біздің құлшылығымызға да, тіпті
жаратылыстағы еш нәрсеге де мұқтаж емес. Керісінше,
барлық жаратылыс атаулы Оған мұқтаж. Ол – «Самад», яғни ешкімге мұқтаж емес, керісінше, барлық нәрсе Оның
жәрдеміне, мейірімі мен шарапатына, түгесілмейтін
қазынасына мұқтаж.
Адамзатты жоқтан жаратып, жерді оған құтты мекен,
көкті жымыңдаған жұлдыздармен безендіріп, бейнебір
өрнектелген күмбездей төбесіне көтеріп, алып Күнге жы-
луы мен жарығын толассыз төккізкен Ұлы Жаратушының
өзі жаратқан әлжуаз адамның құлшылығына қандай
мұқтаждығы болсын?! Өсімдік әлеміне, сан алуан жеміс-
жидегін шашу етіп шашқызып, күллі жан жануарды
қызметіне жүгіртіп, алдына салып берген Ұлы Құдіреттің
өзі жаратқан әлсіз адамзаттың ғибадатына нендей
мұқтаждығы болуы мүмкін?!
Иә, біздің болар-болмас құлшылығымыз арқылы
күллі болмыс әлемін басқарып тұрған құдіретті Ұлы
Иеміздің даңқы мен теңдессіз ұлылығына нендей даңқ
қосылмақ?! Немесе біз ғибадат жасамасақ, оның шексіз
ұлылығына қандай нұқсан келіп, таңғажайып cалтанатты
патшалығынан не кеміп қалмақ? Біз ғибадат жасасақ
та, жасамасақ та Ол задында даңқты, барлық мадақ-
мақтауларға нағыз лайық, күллі ұлылықтың шынайы иесі
емес пе?!