Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет222/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   363
ИМАНИ ГҮЛ
дүниеде мәңгілік рахатқа, шексіз бақытқа қол жеткіземіз. 
Сөзсіз, мұндай мәңгілік бақытқа Алла Тағала емес, біз 
зәруміз.
Алла Тағаланың мына дүниеде қойған белгілі заңдары 
мен шарттары бар. Осы заңдармен жүрудің пайдасы яки 
оны орындамаудың зияны тек бізге, яғни пенделерге тән. 
Мысалы, бау -бақшадан өнімді жеміс, егістіктен берекелі 
егін алу үшін оны жақсылап суғару, түбін қопсыту, түптеу, 
зиянды  жәндіктерден  қорғау  үшін  дәрі дәрмек  шашу 
сияқты  белгілі  заңдылықтарды  орындауымыз  керек.  Иә, 
бұл  шарттарды  орындаудың  пайдасы  да,  жалқауланып 
жатудың  зияны  да  сол  бау- бақшаның  иесіне  тән.  Міне, 
осы  тәрізді  Ұлы  Жаратушы  біздің  о  дүниеде  мәңгілік 
бақытқа қол жеткізуіміз үшін, жәннатқа лайық болуымыз 
үшін Өзінің бұйрықтары мен тыйымдарын қамтыған заң-
қағидаларын, белгілі шарттарын қойған. Бұл бұйрықтарға 
құлақ  асып,  мойынсұнудың  пайдасы  мен  сый -сыяпаты 
адамға тимей қоймайтыны секілді, қарсы шығып, күнәға 
батудың да жазасы сол адамға тиеді. Бұл заңдарды бекіткен 
Ұлы Жаратушыға ешбір зиян да, пайда да келмек емес.
Иә,  парыз  етілген  намазды  оқудың  сауабы  мен 
оқымаудың  жазасы  адамға  тиесілі.  Адам  баласы  Хақ 
Тағаланың  құзырында  күніне  бір  сағат  намаз  оқуымен 
яки Оның берген мал- мүлкінің қырық та бірін зекет етіп 
мұқтаждарға  таратуымен  немесе  Рамазан  айында  бір 
ай аш жүруі арқылы еш нәрсеге мұқтаж болмаған Алла 
Тағалаға нендей жәрдем беріп, Оның қандай қажетін өтей 
алмақ? 
Адамға  алма  берген  ағашқа  қарап  «Бізге  күні 
түскендіктен берді» дей алмасымыз анық. Ал енді адамға 
қызмет  етіп  тұрған  барлық  өсімдік  әлемін,  жалпы  жан-
жануарды,  күллі  ғаламды  жаратқан  Ұлы  Құдіретке 
қалайша  «Мұның  бәрін  біздің  ғибадатымызға  мұқтаж 


232
ИМАНИ ГҮЛ
болғандықтан жаратты» дей алмақпыз?!
Мейірімді дәрігер ауру жандарға жаны ашып, көмек 
көрсетпек    ниетпен  тегін  емдесе,  ауру  адамдар:  «Бұл 
дәрігер бізді емдеуге зәру» дей ала ма?! Немесе, мейірімді 
дәрігер  сол    ауру  адамның  ауруларына  шипа  болар  әр 
түрлі  дәрілерді  «іш»  деп    бұйырса,  әлгі  ауру  жан:  «Бұл 
дәрігер  маған  бұл  дәрілерді  ішкізуге  зәру-ау,  шамасы» 
демесі анық. Міне, тура осы сияқты Алла Тағала біздің екі 
дүниеде де бақытты болуымыз үшін, рухани дертіміздің 
дауасы ретінде намаз,  ораза,  зекет  сияқты ғибадаттарды 
біздерге парыз еткен. 
Сөз түйіні, Алла Тағала «Самад», «Ғани» яғни, ешбір 
нәрсеге  мұқтаж  емес,  керісінше  өте  бай.  Күллі  жараты-
лыс атаулы Оған мұқтаж. Сұрақтың жауабын осы жерде 
нүктелеп, мына бір тұсты баса айта кетуді жөн көріп от-
ырмыз. 
Егер Ұлы Жаратушымыз адам баласына  ғибадат жа-
сауды парыз етпеді деп санаған күннің өзінде біздер Оның 
ұлылығы  мен  шексіз  құдіретінің,  теңдессіз  шеберлігі 
мен  ұлықтығының  алдында  таң  қалып,  өз  еркімізбен 
бас иіп, Оның жалғыз Құдайлығын (улуһиәтын) мойын-
дап  жан  тәнімізбен  ұлықтауға,  сан  түрлі  мақтау  айтып 
ғибадат жасауға тиіс болар едік. Адамды жоқтан жара-
тып, һәм оған өзге жаратылыстардан үстем етіп ақыл-ой, 
сана-сезім сыйлаған, сан  алуан жақсылығы мен рызық -
несібесін толассыз төгіп, айналасындағы күллі жараты-
лысты қызметіне жүгірткен Ұлы Иесіне адам баласының 
өз  еркімен  алғыс -шүкірін  білдіруі,  Оның  алдындағы 
қарыздар екенін мойындап тағзым етуі оның ұмытылмас 
міндеті  әрі  адамдық  қасиетінің  асыл  талабы  болса  ке-
рек.


233


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет