Тағаланың өздеріне берген нәсібесінен (кедейлерге,
қажетті жерлерге) жұмсайды, (игілік жолында сарп
етеді)»
116
, «Олардың байлықтарында кедейлердің
белгілі мөлшерде үлесі бар»
117
секілді аяттары мен
Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Жанындағы көршісі аш
екенін біле тұра өзі тоқ ұйықтаған адам толық иман
еткен болмайды»
118
секілді хадистерін әрдайым жадын-
да сақтап, байлықтарының қырықтан бірін зекет етіп
мұқтаждарға берер болса, мұндай қоғамда кедейліктен
түңіліп, үміті үзілген пенде қалмас еді.
Бұған қоса, кедейлердің де оқып-білуіне, жұмыс
істеп, тұрмыстарын жақсартуларына мүмкіншілік жасап,
жол ашу әрі олардың мүддесін қорғау – сол қоғамның
басшыларының міндеті. Ақыретте олар да қарамағын-
дағы адамдар үшін жауапқа тартылары сөзсіз.
116
Бақара сүресі, 3-аят.
117
Мағариж сүресі, 24,25-аят.
118
Хадис Ибн Аббастан риуаят етілді.
228
ИМАНИ ГҮЛ
Иә, мұсылман қоғамында «мен ғана жейін, өзім ғана
қызығын көрейін» секілді өзімшілдік түсініктер емес, өзара
көмектесу мен мейірімділік, адамгершілік, шыдамдылық
қағидалары үстемдік етеді. Мұндай қоғамда дәулетке
кенелген жандардың жүрегінде әрдайым мейірімділік
самалы ессе, кедейлердегі қызғаныш сезімі өз орнын
«бәрекелді, байлығың тасығыр» деген игі тілектер мен
шынайы лебіздермен айырбастайды.
229
Достарыңызбен бөлісу: |