ауру, шаршау, дерт, қайғы тіпті уайымдаған уайымы арқылы кейбір кінәларын кешіреді» 125 делінеді.
Бұған қоса, душар болған аурулары мен өмірде кез-
десер түрлі қиыншылықтарға сабыр ете білген адамның
бір сағаттық ғибадаты, бәлкім, өзгелердің бір күндік
ғибадатына, тіпті бір минуты бір күндігіне тең болады.
Осылайша қысқа ғана өмірдің берекесі тасып, ғұмыры
ұзара түседі. Бәлкім, сабыр ету арқылы өзге жандардың
түні бойы намаз оқып ала алмаған сауабына кенеледі.
Алла Тағала қудси хадисте: «Мен кімнің (мына