«Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге қиянатым жоқ» деп намаз оқуға салғырт қарайтындарға не деуге болады? Бұл құлшылықтың түп мәнін жетік түсінбеуден
туындайды. Намаз – тек күнәһарлар мен молдаларға
ғана жүктелген жеке міндет емес, әрбір адамның мой-
нына жүктелген асыл парызы. Құранда Алла Тағала:
«Мен адамдар мен жындарды (мені танып), маған ғана ғибадат етсін деп жараттым» дейді. Сондықтан
құлшылық – адамзат жаратылысының негізгі мақсаты.
Ал ғибадат-құлшылықтың ең ұлысы – намаз. Жүрегі таза,
көңілі пәк адамдар, керісінше, намазды көбірек оқулары
тиіс. Құлдың намаз оқуы – күнәсінің көптігі емес,
керісінше, оның Құдайға бір қадам жақын екендігінің
белгісі. Құранда бірнеше жерде тақуа жандардың
белгісі ретінде «Тақуа жандар намаздарын толық