Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


  Тәлім-тәрбие  және  үйретуге  байланысты



Pdf көрінісі
бет278/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

1.  Тәлім-тәрбие  және  үйретуге  байланысты.  Ис-
лам  діні  –  ең  ақырғы  дін.  Сондықтан  бұл  дін  күллі 
адамзаттың  қажеттілігін  өтейтіндей  ерекшелікке  ие  бо-
луы ләзім. Міне, сондықтан тіршіліктің қай қырын  бол-
са  да  қамтитындай  ереже-қағида,  заңдар  әкелуге  тиісті. 
Адамзат  көкейіндегі  кез-келген  сұрақтарына  жауап  таба 
алуы үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үй тіршілігі, жанұя 
өмірі,  түнгі  өмірі,  үй  ішіндегі  қарым-қатынастары  т.б. 
бөгде ешкім хабардар бола бермейтін іс-әрекеттерінің бәрі 
нақты түрде бүге-шігесіне дейін түсіндірілуі керек. Олай 
болмаған  жағдайда  қияметке  дейін  жалғасатын  ақырғы 
бұл дін түсініксіз, жабық күйінде қалмақ. Ал ондай діннің 
әлемдік дін болуы әсте мүмкін емес. 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  көп  адамға  беймәлім 
жанұя  тынысының  толық  білініп,  адамзатқа  жеткізілуі 
үшін Оның отбасында бірнеше жанның болуы ләзім. Міне, 


291
ИМАНИ ГҮЛ
осындай ұлы мақсаттың жүзеге асуы үшін Пайғамбары-
мыз (с.а.у.) бірнеше әйелмен некелескен болатын. 
Пайғамбарымыздың  әрбір  сөзі  ғана  емес,  әрбір  іс-
әрекеті – үмбетіне темірқазық іспетті жол көрсетер ереже-
қағида.  Оның  түнде  тұрып  оқыған  намазын,  мінәжат, 
ғибадаттарын  бізге  осы  пәк  жұбайлары  жеткізбегенде, 
пайғамбарымыздың  бұл  тұстары  үмбетіне  мүлде 
беймәлім күйде қалар еді. Барлық хадис кітаптарына на-
зар  аударар  болсақ,  Хақ  Елшісінің  (с.а.у.)  түнгі  намазы, 
үйдегі  қарым-қатынасы,  басқа  да  бөгде  адамдар  көре 
бермейтін  іс-әрекеттерінің  бәрін  Айша  анамыз  сияқты 
пәк жұбайлары риуаят еткеніне куә боламыз. Тіпті, Айша 
анамыз  хадистерді  жеткізіп  қана  қоймай,  қай  хадистің 
қандай  жағдайда  айтылғанын  да  жақсы  білуші  еді.  Әбу 
Муса  әл-Әшғари  (р.а.):  «Бізге  (сахабаларға)  бір  хадис 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет