Музыка тыңдау харам ба? Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар. Абай Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ән, музыкаға рұқсат
ететін де
208
, тыйым салатын
209
да көптеген хадистері бар.
Музыкаға байланысты дәлелдердің әр түрлі болуына бай-
ланысты ғұламалардың кейбіреуі жалпы музыканы харам
десе, енді біреулері адамға пайдалысы халал деп фәтуа
берген
210
.
Пайғамбарымыздың
музыкаға
байланысты
хадистерінің әр түрлі болуының астарынан тыйым
салынған немесе рұқсат етілген нәрсенің тікелей музыка
208
Мысалы, риуаятта Әбу Бәкір (р.а.) қызы Айша анамыздың үйіне
кіреді. Ол жерде екі жәрияның «буғас» соғысына байланысты ән
айтып жатқанын көреді де: Пайғамбардың үйінде шайтанның
мизмары (шайтанның әуен аспабы) ма?-деп кейіс білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса: «Уа, Әбу Бәкір, оларға тиіспе!
Бүгін мейрам күні ғой» деді. Осы секілді басқа да хадистерге
сүйенген кейбір ғұламалар: «Егер ән айту жалпы харам болғанда,
пайғамбарымыз (с.а.у.) өз үйінде оның айтылуына мүлде рұқсат
бермес еді» деп, зияны жоқ музыка, әндерге рұқсат беретін
фәтуалар шығарған.
209
Мысалы, хадисте: «Ән, өлең жүректе екіжүзділікті өсіреді»
делінген. Осы секілді хадистерге қараған кейбір ғұламалар жал-
пы музыка, әндерге харам деп фәтуа берген. Толығырақ мәлімет
үшін қараңыз: Қ. Жолыбайұлы, Дін мен діл, 97-бет. «Дәуір»
баспасы, 2010 ж.
210
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.