Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Кімде кім  май (крем) жаққысы келсе, ең алдымен қастарынан ба-



Pdf көрінісі
бет62/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   237
«Кімде кім 
май (крем) жаққысы келсе, ең алдымен қастарынан ба-
стасын. Өйткені бұл бас ауыруын қайтарады. Адамның 
қасы – денесінде ең алғаш пайда болған түктер» 
деген.
Бұл хадистен адамның қасы мен бас ауруының ара-
сында байланыс бар екенін әрі қастың адам баласының 
денесінде пайда болған ең алғашқы түк екенін түсінеміз.
Бұл жайлы проф. Увейс Маскордың 
«Эмбриология»
атты дәріс кітабында былай делінеді:
«Ең алғашқы түктер эмбриондық төртінші кезеңде 
пайда болады. Ол түк – қастар».
Бүгінгі таңда дамыған медицина ғылымы дәлелдеп 
отырған бұл ғылыми шындық та пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) шынайы елші екендігін дәлелдеуде. Өйткені 
Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) 
дәуірінде 
ананың 
жатырындағы эмбрионды (ұрықты) толық зерттеп 
білетіндей қазіргі таңдағы микроскоп, рентген сияқты 
құралдар жоқ еді.
31
Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.


111
ИМАНИ ГҮЛ
Мұғжизалар – пайғамбар дәлелі
Алла Тағала жер бетіне жіберген әрбір пайғамбарына 
шынайы елші екендігін дәлелдеу үшін мұғжизалар бер-
ген. Мұғжизаның ерекшелігі – әдеттегі табиғат заңдарына 
қарама-қайшы және пайғамбарлардан басқа ешкімнің 
еншісіне бұйырмаған ғажайып таң қаларлық істер. Мы-
салы, Айдың Пайғамбарымыздың ишараты арқылы екіге 
бөлінуі секілді. Барлық мұғжизаны жарататын Алла Тағала 
екенін ескерсек, 
«мүмкін емес»
деп күмән келтірудің өзі 
бекер. Себебі Алланың әр нәрсеге билігін жүргізген шек-
сіз құдіреті үшін 
«Болмайды, болуы мүмкін емес»
деген 
нәрсе жоқ. Ешбір мұғжиза Алланың қалауынсыз жүзеге 
аспайды. Пайғамбарымыздың пайғамбарлығына дәлел 
ретінде самсаған мұғжизаларынан бірнешеуін келтірейік.
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет