16
АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ
БАР ЕКЕНДІГІНІҢ ДӘЛЕЛДЕРІ
Ар-ождан дәлелі
Адам баласы өзінің таза жүрегіне, бұзылмаған ар-
ожданына бір сәт назар аударса, оның әу бастан Ұлы Ал-
ланы қабылдауға және құдайлық дінге деген бейімділігін
аңғарады. Иә, адам баласы жан дүниесіне көз жүгірткен
уақытта ар-ожданы мен жүрегінің әрдайым бастауы әрі
соңы жоқ мәңгі Ұлы Алламен
терең байланыста екенін
сезеді. Ар-ожданының, ішкі дүниесінің тек мәңгі Ұлы
Жаратушымен
ғана жай тауып, тынышталатынын, Одан
басқа еш нәрсенің оны қанағаттандыра алмайтындығын
түсінеді. Өйткені көзін
ашқаннан бері жан-жағындағы
барлық жаратылыстың адамға қызмет етіп тұрғанын
және айналасында әр түрлі ғажайып істердің атқарылып
жатқанын сезген таза жүрек пен бұзылмаған, кірленбеген
ар-ождан өзінің Ұлы Иесін,
Құдіретті Жаратушысын
іздері хақ. Сондықтан жалпы тарихқа көз жүгіртсек, ешбір
қоғамның дінсіз, наным-сенімсіз ғұмыр кешпегеніне куә
боламыз. Демек, адамның жаратылысы, жалпы болмысы
өзінің әлсіздігі мен мұқтаждығын мойындауға уа һәм өзін
жаратқан Ұлы Құдіретті іздеуге бейім жаратылған. Міне,
сондықтан имансыз жандар да қиналып, қиыншылыққа
тап болған мезетте Ұлы Құдіретке сыйынуға мәжбүр бо-
лады. Бастарына қиыншылық түскенде
ғана өздерінің
әлсіздіктерін түсініп, кірленген ар-ождандары оянып
Ұлы Жаратушы – Алла Тағаладан медет тілей бастайды.
Қиыншылықтан құтқарылған сәтте көпшілігі өзіне көмек
берген Алла Тағаланы ұмыт қалдырып кете барады.