204
ИМАНИ ГҮЛ
мекендеген сансыз қасиетке ие жанды-жансыз атаулыны,
көздің жауын алар жасампаздыққа тұнып тұрған жалпы
табиғатты жаратқан негізгі Ұлы Суретшіні, шебер Жа-
ратушыны елемеуге бола ма? Саналы адам үшін нағыз
мақтауға ие сол Жаратушы емес пе? Қалай ғана Оның
құдіретінің, шеберлігінің, ұлылығының алдында таң
қалып, Оған мадақ, мақтау айтпастан жайбарақат жүре
аламыз?! Неліктен ғибадат, мінәжатымыз арқылы Ұлы
Құдіретпен бірге болуды өзімізді мәртебе санамаймыз?
Ендеше, адам баласының ең басты міндеті – Ұлы
Жаратушыны тану. Оның ұлылығын дәріптеп,
«Аллаһу
әкбар», «Алла Тағалам сен қандай ұлысың!»
деп бас иіп,
мадақ айту.
Иә, Оның құдіреті мен құзіретінің, шеберлігі мен
шексіздігінің, өлшеусіз ілімі мен теңдессіз ұлылығының
алдында таң қала бас иіп, мақтау айту – құлшылықтың
нағыз өзі.
Намазымыздың әр рәкатында үнемі оқылатын
«Фа-
тиха»
сүресіндегі:
Достарыңызбен бөлісу: