207
ИМАНИ ГҮЛ
Тәніміз сәждеде барынша кішірейген сәтте, рухымыз
Ұлылардың Ұлысына самғай ұшып, көтеріліп жатады.
Шүкіршілік
Шүкір – жаратылыстың сыры, шүкір – дүниенің
мәйегі, шүкір – адамдықтың рәмізі, шүкір ету – пенденің
ең үлкен міндеті. Шүкір – жақсылық иесіне жақсылығы
үшін қарыздар екеніңді сезіну, оның алдында бас иіп,
алғыс-рахметіңді білдіру.
Міне, жаратылыста шүкір осыншалықты маңызды
бола тұра, өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен
мақұрым. Құран Кәрім бұл шындықты:
«Құлдарымның
арасында шүкір етушілер өте аз»,
- деп ескертеді.
Иә, адам баласы кішкене ойланып-толғанса, өзін
қоршаған қай нәрсенің болмасын Алла тарапынан ар-
найы әзірленіп, адам баласының қызметіне ұсынылғанын
түсінері сөзсіз. Тіпті, өзінің жоқтан бар етіліп, тіршілік
иесі болуының өзі баға жетпес нығмет. Бірақ, өкініштісі
бұл нығметтің қадірін жете түсініп, Жаратушысына деген
шүкірінен жаңылмайтын тіршілік иесі өте аз.
Мысалы, суға батып бара жатқан адамды әлде бір кісі
құтқарып қалса, өміріне себеп болған әлгі адамға: «Мен
саған бұдан былай қарыздар болып өтемін, - деп оның ал-
дында құрақ ұшады. Істеген бір ғана жақсылығы үшін бас
иіп, өмір бойы ізет білдірері сөзсіз. Ал енді бізді жоқтан
бар етіп жаратып, әр ауа жұтып, тыныс алған сайын бізді
бір өлімнен құтқарып, бір өмір сыйлаған Жаратушы-
мызды ұмыт қалдырып, жақсылығы үшін алғысымызды
білдірмеуіміз дұрыс па?
Ұлы Жаратушымыздың адамға берген жақсылық,
нығметтері шексіз. Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: