Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет122/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

ИМАНИ ГҮЛ
«қайырлысы болсын» деп, сабыр танытады. Ал тағдырға 
иманнан нәсібін ала алмаған байғұс жандар басына түскен 
жоғарыда айтылған қиыншылықтар мен пәлекеттерге: 
«Неге бұлай болды, қап, әттеген-ай»,
– деп санын сабалап, 
айналасынан кінәлі пенделерді іздеп, басын тастан-тасқа 
ұрып, өмірден түңіліп, үмітсіздіктің қараңғы әлемінде 
тұншығып жатады.
Тағдырға иман ержүректік пен
батылдыққа бастайды.
Басына не келсе де, Алланың рұқсатымен, қалауымен 
келетініне бек сенген жанның бойына ерекше батылдық 
бітеді. Ар-намысын таптауға төніп келген дұшпаннан ота-
нын, дінін, халқын қорғау үшін ерен ерлікпен шайқасады. 
Ажалының алдын ала Ұлы Жаратушысы тарапынан 
белгіленгенін білгендіктен 
«тағдырымдағы өлімім қай 
жерде, қай уақытқа белгіленсе, міндетті түрде сол 
жерде, сол мезетте өлімді татамын, жазмыш ажалым 
мұндай қасиетті соғыста емес, үйде жылы төсекте 
жатсам да келіп жетер» 
деп 
«алғалап»
ұран тастап, жау 
жүрегін аузынан шығарады.
Белгілі бір пайдалы іске кірісер болса, алдымен, 
барлық қолынан келер қажетті іс-шараларды атқарып
керекті себептерді орындағаннан кейін, 
«тағдырыма 
жазылғанын, бұйырғанын, Алланың қалағанын көрерміз, 
жазмыштан озмыш жоқ»
деп, тәуекелге бел байлай-
ды. Шегіншектеп, қорқу тағдырға сенген жанның пәк 
дүниесіне аяқ баспайды.


200
ИМАНИ ГҮЛ
Тағдырға иман қанағатқа тәрбиелеп, көре 
алмаушылық пен қызғаныштан сақтайды.
Барлық адамның бұл дүниеде дәм татар рызық-
несібесі алдын ала Ұлы Жаратушысы тарапынан 
белгіленгеніне иман еткен жан өзіне жүктелген 
міндеттерін, қолынан келер барлық себептерді 
атқарғаннан кейін Жаратқанның берген үлесіне ризалық 
білдіріп, қанағатты пір тұтып, басқалардың мал-мүлкіне 
сұқ көзбен қарап, пәк жүрегіне қызғаныш сезімін қонақ 
етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет