Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

ИМАНИ ГҮЛ
Ғаламдағы  әрбір  жаратылыста  мөрленген  Алла 
Тағаланың  ғажайып  нақыштарын  мәнсіздікке  балап, 
көзді  тарс  жұмып  оларды  көрмеу  –  Хақ  Тағаланың 
«теңдессіз  жаратушы»,  «ғажайып  шебер»,  «толассыз 
рызық беруші», «шексіз ілім иесі» тәрізді сансыз ұлы си-
паттарын  мәнсіздікке  теңеу,  тіпті  оларды  жоққа  шығару 
болғандықтан күнәсі де ауыр, тіпті шексіз. Себебі, бұл күнә 
жай  ғана  бір  адамның  құқығына  емес,  Алла  Тағаланың 
өзіне, ұлы сипаттарына жасалуда. 
Иә, адам баласының Ұлы иесін танымай, Оның тегін 
берген сансыз жақсылығы мен ырыс-берекесін мойында-
май мына дүниеден өтуі – өзіне жүктелген негізгі міндетін, 
адамдығына сай асыл борышын, мына өмірге жіберілудегі 
«иман ету» миссиясын орындамауы болып саналады. 
Өзін ерекше ақыл-ой, әр түрлі үстем қабілеттермен 
безендіре    жаратқан  Ұлы  Иесін  танымай,  «мұның  бәрін 
табиғат  жасады»  деп,  опасыздық  жасаған  құл  Ұлы 
Иесінің  ақыретте  дайындаған  сый-сияпатына  лайық 
па?  Әрине,  жоқ.  Бірақ,  Ұлы  Жаратушыға  сенбеген 
барлық  пенделердің  ақыреттегі  жазалары  бірдей  бол-
майды.  Олардың  мына  дүниеде  істеген  күнәлары  мен 
жақсылықтарының тозақтағы жазаларына да өзіндік әсері 
болары сөзсіз.

249
«Жақсылықты да, жамандықты да   
Алладан» деп білуді қалай түсінеміз?
Жақсы яки жаманды, иман немесе күпірді қалайтын, 
таңдайтын  –  біз.  Ал,  сол  істі  қаласа,  жарататын  –  Алла 
Тағала. Мысалы, біз бидайды ектік, сосын жаз бойы арам 
шөбін жойып, суын құйып қарадық делік. Ал оны осыдан 
кейін өсіретін, өсу ісін жарататын, нәтижесін беретін Алла 
Тағала болмақ. Бидайды өсіруді біз қаладық, бірақ бидай-
ды өсірген біз емес. Қалай дейсіз бе? Бізге ақыл беріп, би-
дай егуді үйреткен – Алла Тағала емес пе? Ал, бидайдың 
дәнін  жаратып,  оны  адамға  сыйлаған  кім?  Бидайдың 
өсіп-жетілуі  үшін  қажетті  топырақты,  топырақтағы  әр 
түрлі  минералдарды,  күнді,  ауаны,  суды  жаратқан  кім? 
Тіпті оны егіп, суын құю үшін қолымызды қимылдатқан 
кім?  Біз  тек  қимылдатуды  қалаймыз.  Қозғалтуға  шешім 
қабылдап,  бел  байлаймыз.  Ал,  оны  қимылдатып,  қолға 
күш беретін, барлық клеткаларды бір-бірімен жалғайтын, 
қолдағы сіңірлеріміз бен бұлшық еттерімізді іске қосатын 
–  Ұлы  Алла  Тағала.  Егу,  суару,  қопсыту  істерінен  кейін 
ешқайсымыз  бидайымның  бірінші  сабағын  өсірейін,  со-
сын жапырағын шығарайын, құйған суымды әр дәнегіне 
жеткізейін, бидайға мына минерал керек, ал, мынауы ке-
рек емес деп басымызды қатырып жатпаймыз. Бұлардың 
бәрі біздің араласуымыздан тыс Алла Тағаланың қалауы 
және жаратуы арқылы іске асып жатады.
Қысқасы,  жақсы,  жаман  әрбір  ісімізді  істеуге  ниет 
ету,  таңдау  –  біздің  еншімізде,  ал  оны  жарату  –  Ұлы 
Жаратушының қалауы мен құдіретіне тапсырылады.

250
ИМАНИ ГҮЛ
Абай атамыз: «Ауруды жаратқан Құдай, ауыртқан 
Құдай  емес»
128
,  –  деп  қандай  тамаша  айтқан.  Яғни,  бір 
адам  Құдайдың  қойған  заңымен  жүрмей,  қыста  терлеп 
тұрып,  желең  далаға  шығып  ауырса,  «Құдайым-ай,  бұл 
ауруды  қайдан  ғана  беріп  едің?»  деуге  ақысы  бар  ма? 
Ауруға себеп болған – өзі, бірақ сол ауруды жаратқан – 
Алла Тағала.
Біздің әрбір қалаған ісімізді Алла Тағала қаласа ғана 
жүзеге асырады дедік. Себебі біздің қалауымыз Алланың 
қалауынан рұқсат алмайынша қолы байлаулы қалмақ. Сөз 
түйіні,  Алланың  қалауынсыз  ешнәрсе  жүзеге  аспайды, 
қалауынан тыс жапырақ та сыбдырламайды.
Алла  Тағала  «Кәһф»  сүресінде  былай  дейді:  «Не 
нәрсені де «Мен мұны ертең істеймін» деме. Тек Алла 
қаласа ғана істеймін де...»
129
Хадисте:  «Алла  Тағала  нені  қаласа  сол  болады. 
Ал  Оның  қаламағаны  ешқашан  жүзеге  аспайды»
130
,  - 
делінеді.
Ұлы  Жаратушымыздың  жақсы  істерге  ризалығы 
бар,  ал  жаманына  жоқ.  Құранда:  «Алла  құлдарының 
күпірге кіруіне разы болмайды»
131
, «Алла Тағала ысы-
рап етушілерді жақсы көрмейді»
132
 - деп, жаман істерге 
ризашылығының жоқ екендігін білдірген.
Бірақ бұл дүние сынақ әлемі болғандықтан, адам ба-
ласы өз еркімен жаманшылыққа ниет етсе, Алла Тағала 
қаласа  оны  да  жүзеге  асырады.  Кейде  адам  жаман  іс 
істеуге  ниет  етеді.  Бірақ  Алла  Тағала  құлының  бұрын 
істеген  кейбір  жақсылықтарын  яки  келешекте  істейтін 
128
 Абай, Қара сөз, Поэмалар. Жиырма сегізінші сөз, 62-бет, «Кітап» 
баспасы, 1992 ж.
129
 Кәһф сүресі/22-23.
130
 Әбу Дәәуд, Әдаб/106.
131
 Зумар сүресі/7.
132
 Әнғам сүресі/141.

251
ИМАНИ ГҮЛ
ізгіліктерін  ескеріп,  құлының  істеуге  ниет  еткен  жаман 
ісін болдыртпауы мүмкін. Ниет еткен жаман ісіне арнайы 
тосқауыл қойып, құлы енді сүрініп, күнәнің тұңғиығына 
қарай  құлдилап  бара  жатқанда  Жаратқаны  көмек  беріп, 
күнәнің батпағынан аман сақтап қалуы мүмкін. Мұны тек 
Ұлы Жаратушының құлына деген арнайы рақымдылығы 
мен  мейірімділігі  деп  түсінген  жөн.  Сондай-ақ,  кейбір 
істеген  күнәларымыздың  нәтижесінде  Алла  Тағала 
басымызға небір пәлекеттерді беруі де мүмкін.
Жақсылық  та,  жамандық  та  адамның  таңдауына 
қарай Ұлы Иеміздің қалауы мен құдіреті арқылы жүзеге 
асатындықтан, «жақсылық та, жамандық та Алладан» 
деп иман етеміз. Себебі жарату ісі тек қана шексіз құдірет 
иесі Ұлы Жаратушы – Аллаға ғана тән. 
Құранда  Алла  Тағала:  «Алла  Тағала  сендерді 
және  істейтін  амалдарыңды  жаратты»
133
  десе, 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Істеушіні және 
оның  ісін  жаратушы  –  Алла  Тағала»
134
,  -  деп  біздің 
істеуге бел байлаған әрбір ісіміздің Ұлы Жаратушы тара-
пынан жаратылатындығы білдірілген.
133
 Саффат сүресі/96.
134
 Кәнзул-Уммал, 1/263

252
Пайғамбарымыздың  хадисінде:  «Бақытты 
адам  анасының  құрсағында  бақытты, 
бақытсыз  адам  да  анасының  құрсағында 
бақытсыз»
135
 
делінген. 
Бұл 
хадисте 
айтылған  адам  баласының  иманды  болып, 
бақытқа  кенелетіні  немесе  имансыз  болып 
бақытсыздыққа  ұшырайтыны  мына  дүниеге 
аяқ баспай жатып, анасының құрсағында жа-
зылып қоятынын қалай түсінуге болады?
Иә, әрбір адамның бақытты болу-болмауы анасының 
құрсағында жатқан уақытта жазылып қояды. Әбу Бәкір, 
Омар,  Осман,  Әли  сияқты  заңғар  сахабалардың  иман 
нұрымен  нұрланып,  екі  дүниеде  де  бақытты  болатыны 
және Әбу Жәһил, Әбу Ләһәб секілді имансыз жандардың 
бақытсыз  болатындығы  аналарының  құрсақтарында 
жатқан  уақытта  жазылған.  Бірақ  бұл  олардың  мына 
дүниедегі  ниеттері  мен  қалаулары  есепке  алынбастан 
жазылмайды.  Яғни,  Алла  Тағала  әзәли  ілімімен  барлық 
адамның  мына  дүниеде  не  істейтінін,  қалауларын  қай 
бағытта қолданып, иманды яки имансыз болатындықтар-
ын алдын ала білгендіктен солай жазып қояды. Олар Алла 
Тағала  жазғаны  үшін  бақытты,  не  бақытсыз  болмайды. 
Керісінше,  олардың  бақытсыз  яки  бақытты  болатынын 
Алла Тағала әу бастан білгендіктен тағдырларына солай 
жазған.
135  
Һәйсами, Мәжма’уз-зәуәид. VII. 193.

253
Доңыз еті неліктен харам?
Доңыз ең әуелі бүкіл әлемдердің Раббы Алла Тағала 
«жемеңдер»  деп  тыйғаны  үшін  харам.  Мұсылмандар 
Алла  Тағаланың  тыйған  тыйымдарының  астарлы 
хикметін,  зиянын    білмесе  де  «неліктен,  неге?»  демес-
тен дереу бойұсынуға тиіс. Себебі, оны бұйырып тұрған 
ұлы иеміз Алла Тағала. Мына дүниеге біздер сынақ үшін 
жіберілгенбіз.  Алла  Тағаланың  адал  еткен  нәрселері 
шексіз,  санасаң  санап  бітіре  алмайсың.  Ал,  керісінше,  
харам  еткен  нәрселері  санаулы  әрі  шекті.  Солай  бола 
тұра, кейбір адамдар осыншама адал нәрселерді ысырып 
қойып,  Алла  Тағаланың  сынақ  үшін  харам  еткен  санау-
лы  нәрселеріне барып  ұрынады. Құдды ол  харамды  же-
месе  яки  ішпесе  аштыққа  ұрынатындай.  Бойұсынудың 
ең ұлысы һәм ең сауаптысы – істің зияны мен пайдасын 
есепке  алмастан,  тек  бүкіл  әлемдердің  раббы  –  Алла 
Тағала  бұйырғаны  үшін  ғана  орындау.  Мұнымен  қоса, 
Алла  Тағаланың  тыйған  кез-келген  тыйымдарында  бұл 
дүниелік һәм арғы дүниелік пайдалар бар екені де сөзсіз.  
Доңыз етінің харам болуының да әр түрлі хикметтері бар. 
Оларды қысқаша қайыратын болсақ:
1.  Доңыздың  денесінде  улы  заттар  бар.  Доңыз  еті 
өте майлы келеді. Бұл май жеген адамның қанына сіңеді. 
Сөйтіп,  қан  май  түйіршіктеріне  толып  қалады.  Қандағы 
өлшемінен көп бұл май артерия тамырларының қатаюына, 
қан қысымының көтерілуіне және  жүрек талмасына себеп 
болады. Бұған қоса, доңыз майының құрамында (sutoksin) 

254
ИМАНИ ГҮЛ
«сутоксин»  делінген  улы  зат  бар.  Денеге  енген  бұл  улы 
заттың  сыртқа  шығарылуы  үшін  лимфа  бездерінің  ша-
мадан  тыс  жұмыс  істеуі  қажет.  Ал  бездердің  бұлай  ша-
мадан  тыс  жұмыс  істеуі,  әсіресе,    жас  балалардың  лим-
фа  бездерінің  асқынуына  және  ісінуіне  әсерін  тигізеді. 
Ауруға  ұшыраған  баланың  тамағы  қатты  ісігендіктен, 
доңыз кейпін елестетеді. Міне, сондықтан бұл ауруға ме-
дицина тілінде «доңыз ауруы» (skrofuloz) делінеді. Ауру 
қатты  асқынған  жағдайда  лимфа  бездері  жарақатқа  ай-
налып, қатты ісінеді. Аурудың ыстығы көтеріліп, қатерлі 
жағдайға душар етеді.
2.  Доңыздың  денесінде  көп  мөлшерде  күкірт 
болғандықтан,  оны  жеген  адамның  организмінде 
өлшемнен  тыс  күкірт  пайда  болады.  Ал  организмдегі 
өлшемнен  тыс  күкірттің  болуы  шеміршек,  бұлшық 
ет  және  сіңірлерге  сіңіп,  буындарда  тұз  жиналу  және 
омыртқаның жылжуы сияқты ауруларға себеп болуы әб-
ден ықтимал. Доңыз еті жиі желінген жағдайда денедегі 
қатты шеміршектер сол доңыз етінен келетін бөлшектердің 
әсерінен тым жұмсарып, дене ауырлығына шыдамайтын 
халге келеді. Бұл буындардың босаңсуына әкеліп соғады. 
Доңыз етін жейтін адамдардың қолдары ісіп, денелерінде 
май қабаттары пайда болады. Мысалы, ол адам спортпен 
айналысқан күннің өзінде жалқау, жайбасар халге енеді. 
3. Доңызда өсу гармоны да көп мөлшерде кездеседі. 
Бірнеше  жүз  грамдық  салмақпен  ғана  туылған  торай-
лар алты айдың ішінде жүз килоға жетеді. Торайлардың 
мұншалықты тез өсіп, үлкеюі доңыздың денесіндегі өсу 
гармонының  өте  көп  мөлшерде  болуына  тікелей  байла-
нысты. Бұл гармондар доңыздың етін жеген адамдардың 
денесіне де өтетіндіктен, ол адам организміне кері әсерін 
тигізеді.  Денедегі  тканьдардың  ісіну  мен  қабынуына 
әкеп  соғады.  Мұрын,  жақ,  қол,  аяқ  сүйектерінің  табиғи 

255
ИМАНИ ГҮЛ
қалыптан тыс үлкейіп, өсуіне және жалпы дененің майла-
нуына себеп болады. Гормандардың ең үлкен зияны – де-
неде қатерлі ісіктің (рактың) пайда болуына жағдай жасай-
ды. Мал дәрігерлері еркек доңыздардың белгілі бір жастан 
кейін қатерлі ісік ауруына көптеп шалдығатындықтарын 
айтуда. 
4.  Доңыз  етінің  құрамындағы  хистамин  (histamine) 
және  имидазол  (imidazole)  делінетін  заттар  адамның 
терісінде қышу тудырады, есекжем, бөртпе (экзема), дер-
матит  сияқты  тері  ауруларға  себеп  болады.  Бұған  қоса, 
бұл заттар соқыр ішек, өт жолдары, тамыр ауруларына да 
көп жағдайда себеп. Сондықтан дәрігерлер жүрегі ауыра-
тын адамдарға доңыз етін жемеуге кеңес береді.
5. Доңыздың етін жеу салдарынан адамда пайда бола-
тын тағы бір ауру – трихина ауруы. Доңыздар бұл ауруды 
трихина  атты  құрттары  бар    тышқандарды  жеу  арқылы 
өздеріне  жұқтырады.  Доңыздардың  денесінде  бұл  құрт 
көптеп кездеседі. Бірақ трихина ауруы доңыздарға қатты 
әсер  етпейді.  Ал  адамдар  үшін  бұл  ауру  өміріне  қауіп 
төндіретіндей  қатерлі  ауру  болып  саналады.  Трихина 
құрттары асқазан және ішектер арқылы қанға өтеді. Сосын 
барлық денеге тарайды. Трихина құрттары, әсіресе, жақ, 
тіл,  мойын,  жұтқыншақ  және  көкірек  бұлшықтарының 
тканьдарында  орналасады.  Сондықтан  осы  мүшелердің 
бұлшықтарының тартылып қалуына (сал болуына) себеп 
болады
136
. Бұған қоса, қан тамырларының бітелуіне, ме-
нингит және мидың асқынуына әкеп соғады. Трихина ау-
руы кей жағдайда адам өліміне де себеп. Бұл аурудың тағы 
бір жаман жағы нақты емінің болмауы. Трихина көбінесе 
батыс  елдерінде  кеңінен  етек  алған.  Мал  дәрігерлерінің 
қатты  қадағалауына  қарамастан,  Швейцария,  Англия 
136
  Мустафа  Зарқа,  Фәтәәуа,  221-бет.  «Дарул-қалам»  баспасы, 
Димашқ. 2001 ж.

256
ИМАНИ ГҮЛ
және Польшада трихина ауруы кең тараған. Ал, мұсылман 
елдерінде бұл ауру жоқтың қасы. 
Медицина  ғылымы  дамығаннан  кейін  ғана 
доңыз  етіндегі  трихина  сияқты  зиянды  құрттар  мен 
микроптардың,  улы  заттардың  бар  екенін  білудеміз.  Ал 
Құран сан ғасыр бұрын доңызды «харам» деп кесіп үкім 
берген.  Сондықтан  доңыздың  денесінде  әлі  де  біз  біле 
білмейтін, ғылым дәлелдей қоймаған зиянды нәрселердің 
жоқ екендігіне кім кепіл?!
137
6.  Адамдар  мен  жан-жануарлардың  табиғаты 
мен  мінездерінің  қалыптасуында  жеген  қоректерінің 
де  рөлі  бар.  Мысалға,  арыстан,  қасқыр    сияқты  етпен 
қоректенетін  аңдар  жыртқыш  болып  келсе,  керісінше 
сиыр, қой, қоян сияқты шөппен қоректенетін жануарлар 
жуас  болып  келеді.  Көбіне  көкөністермен  қоректенетін 
адамдардың  табиғаты  жұмсақ,  биязы  болып  келетіндігі, 
ал етті көбірек жейтін адамдардың табиғатының қаттылау 
болып  келетіндігі  анықталған.  Қазақта  адам  мінезін  су-
реттеген  кезде  жылқы  мінезді,  қой  мінезді  деуі  де  осы 
айтқандарымызды  айқындай  түседі.  Доңыз  –  өзінің 
ұрғашысын қызғанбайтын,  мейірімсіз хайуан. Сондықтан 
доңыз етін көптеп пайдаланатын адамдарда жарына, тіпті 
анасына  деген  бөгде  еркектердің  арам  пиғылына  қарсы 
намыс,    қызғаныш  сезімдері  әлсірейді  екен.    Мұнымен 
қатар, мейірім, қанағат секілді қасиеттеріне айтарлықтай 
қаяу  түсетіні  байқалған.  Француз  ойшылы  Саворин 
қоректенудің  маңыздылығын  түсіндіре  келе  «Маған  не-
мен қоректенгеніңді айт, сенің кім екеніңді айтайын» де-
ген екен. 
137
 Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати шубуһатил-
мушаккикин, 649-бет. Каир қаласы, Мажлисул-ағла ли шуунил-
Исламия. 2004 ж.

257
Шайтан  не  үшін  жаратылған?  Елді  
адастыратын  ондай  азғырушының  керегі 
не?  Өзінің  тозаққа  баратынын  біле  тұра  ол 
неліктен кінәсін мойындап, тәубеге келмейді?
Алла ешбір жаратылысты бекерден-бекерге я болма-
са жаманшылық жасау үшін жаратпаған. Шайтан әу баста 
шайтан болып жаратылмаған. Ол – періштелердің арасын-
да ғұмыр кешкен жаратылыс. Алайда ол Алла Тағаланың 
алғашқы  сынағынан-ақ    сүрінді.  Сүрінгенде  жай  сүріну 
емес,  омақасып  оңбай  құлады.  Оған  берілген  сынақ, 
Алла Тағаланың «Адамға сәжде ет!» деген бұйрығы еді. 
Шайтан осы бұйрыққа қарсы шығып, қырсыққан үстіне 
қырсығып,  тәкаппарлана  түсті.  Паңданып,  Алланың 
бұйрығына қарсы шығуының салдарынан, Жаратушының 
шексіз рақымынан қуылды.  Мұның бәрін ол өзінің дер-
бес  қалауымен  жасады.  Яғни,  ол  өз  қалауымен  шай-
тан  болды.  Шайтан  алғашында  періштелердің  ара-
сында  жүріп,  Алла  Тағалаға  құлшылық  жасады.  Бірақ 
шайтанның    періштелердің  қатарында  жүруі  –  оның 
өзіндік іс-әрекетінің, үздіксіз күрес, тынбайтын еңбегінің 
нәтижесі  емес  еді.  Бәлкім,  бұл  Алла  Тағаланың  арнайы 
шарапаты  әрі  оның  шынайы  дәрежесін  анықтайтын  
сынаққа түспеуінің арқасында болған-ды. Сондықтан бо-
лар,  ол  Жаратқанның  алғашқы  сынағында-ақ  өзінің  кім 
екенін байқатып, шынайы бет пердесін ашып берді. Ен-
деше,  шайтанның  әу  баста  періштелермен  бірге  болуы 
– оның абыройлылығына ешқандай да дәлел бола алма-
сы хақ. Ал оның періштелердің жанында жүріп жасаған 
құлшылығына  келер  болсақ,  оның  осы  құлшылығы 
шынымен-ақ Алла Тағалаға бойұсынуы ма, жоқ әлде та-

258
ИМАНИ ГҮЛ
ғы  да  өзіне  ұнамды  болғандығы  үшін  бе?  О  жағы  бізге 
белгісіз.  Бірақ  алғашқы  сынақта  көрсеткен  қылығы 
–  оның  Аллаға  емес,  өз  нәпсісінің  құлы  болғандығын 
білдіретіндей. 
Шайтан жәннаттан, Ұлы Жаратушының  рақымынан 
Адам үшін қуылғандықтан, ол әрқашан адам ұрпақтарына 
қас дұшпан. Сондықтан адам баласы әрқашан өзінің осы 
қас  дұшпанына  сақ  болып,  негізгі  жаратылу  мақсатына 
сай  ғұмыр  кешуге  тырысқан  уақытта  ғана  өзінің  ішкі 
дүниесіндегі күнәға қарсы барлық қорғаныс механизмдері 
күшейе түседі. Бейне бір белгілі бір  вирусқа сан рет душар 
болған  жанның  денесіндегі  ішкі  қорғаныс  механизмінің 
іске қосылып, иммунитетінің қуаттанып, автоматты түрде 
қорғанысқа түсуі секілді. 
Шайтанның сан түрлі азғыруына сақ жүрген жанның 
бойындағы «парасаттылық», «қырағылық» секілді сипат-
тары артса, оның сан алуан айлаларына көнбей, көкірегін 
керіп,  қарсы  тұрған  жанның  бойындағы  «сабырлылық», 
«төзімділік»,  «қайсарлылық»  секілді  қасиеттері  дамып, 
шыңдала  түседі.  Олай  болса,  шайтан  адам  баласының 
мына  дүниеде  өте  сақ  боп  ғұмыр  кешуіне,  бойындағы 
қорғаныс жүйесінің жетілуіне, табиғатындағы ашылмаған 
көптеген асыл қасиеттерінің кемелденуіне   басты себепші 
екеннін де есте ұстауымыз керек.
Бұл дүние – адам баласының сынаққа түсер ұлы май-
даны. Алла Тағала адамдарды әр түрлі себептермен сынға 
салуда.  Сөзсіз,  шайтан  да  сол  себептердің  ең  бастысы. 
Шайтан арқылы адамдар арасындағы жақсысы мен жама-
ны, осалы мен қайсары, жәннат пен тозаққа лайықтысы 
ажыратылуда. 
Әр  түрлі  химикалық  тазарулардан  өткеннен  кейін 
асыл  тастың  алтынға  айналатыны  секілді  шайтанның 
да  азғыруына  құлақ  аспай,  сан-алуан  айлаларына  қарсы 

259
ИМАНИ ГҮЛ
тұрып, өмір бойы оны қас дұшпаны санап  өткен жандар, 
рухани жетіліп, кемелдене түседі. Сөйтіп, жәннатқа лайық 
дәрежеге  жетеді.  Ал,  керісінше,  шайтанның  арбауына 
көніп, әр түрлі азғыруларына қуана келісіп, оның шабуы-
лына ақ туды көтеріп, еш қарсылықсыз беріліп, жаманшы-
лық  атаулыны  шімірікпей  жасап,  күнәларға  белшесінен 
батқан пенде, бара-бара өзі де адам бейнесіндегі шайтанға 
айналып, тозаққа тән кейіпке енеді. Міне,  шайтан адамның 
рухани жетілуіне, жәннатқа лайық жаратылыс дәрежесіне 
көтерілуіне  яки  күнә  істеп,  тозақтық  болуына  себеп 
болғандықтан,  оны  бостан-босқа  хикметсіз  жаратылған, 
не болмаса оның жаратылуы мүлдем қажетсіз дей алмай-
мыз. 
Мысалы, пышақты түрлі пайдалы іс үшін қолдануға 
болатыны секілді, онымен адам өлтіріп күнәға батуға да 
болады. Сол себепті, пышақтың өзін жаман, керексіз дей 
алмаймыз. Ендеше, шайтанның да  жаратылуы жамандық 
емес.  Алла  Тағаланың  құлдарына  еш  жаманшылық 
қаламасы хақ. 
Ал енді шайтанның Алла Тағаланы біле тұра істеген 
күнәсін  мойындап,  тәубеге  келмеуіне  тоқталайық. 
Жоғарыда  айтып  кеткеніміздей,  шайтан  Адам  ата  жара-
тылмас  бұрын  ерекше  дәреже-абыройға  ие  дара  жара-
тылыс еді. Оның есімі әрдайым періштелердің жанында 
қатар  аталатын.  Алла  Тағала  періштелердің  өзі  сәжде 
ететініндей дәрежеге ие ардақты «Адам» делінген жара-
тылыс  жаратты.  Алайда  шайтан  мұны  қатты  қызғанды. 
Өйткені, ол өзін жаратылғандардың ішіндегі ең ардақтысы 
деп  білетін.  Енді  міне,  Ұлы  Жаратушының  көптеген 
сипаттарының көрсеткіші іспетті өзінен де артық зат жа-
ратылып отыр. Шайтан мұны көре алмай, қызғанды. Ішін 
өрт шалған шайтан үшін осы «Адам» алдында сәжде жа-
сау өте қиын еді. Бүгінгі күні де өзінен асып бара жатқан 

260
ИМАНИ ГҮЛ
өзгелерді  көре  алмай,    аяқтан  шалушылықтар  осы  бір 
шайтани мінездің адамдағы айқын көрінісі. 
Еврейлер  мен  христиандар  арабтарды  өздерінен 
төмен санайтын. Сол себепті, олар соңғы пайғамбардың 
араб  ұлтынан  келуін  мүлде  елестете  алмайтын.  Алай-
да,  соңғы  пайғамбар  араб  ұлтынан  келген  сәтте  олар 
мұны  көре  алмады.  Қызғанды.  Сондықтан  олар  араб 
ұлтынан  шыққан  Мұхаммед  пайғамбардың  (с.а.у.) 
бойындағы барлық ерекшеліктерді қасиетті кітаптарында 
білдірілген сипаттамаларға дәл келсе де, «бұл біз күткен 
пайғамбар  емес»  деп  тайқып  шыға  келді.  Құранда: 
«Бізден кітап берілгендер (еврейлер мен христиандар) 
оны (Мұхаммедті) өз балаларындай анық таниды»
138
 
делінеді.  Олардың  соңғы  пайғамбарды    біле  тұра,  оны 
қабылдамауының астарында қызғаныш пен тәкаппарлық 
жатыр еді. Міне, осы сияқты көптеген оқиғалар шайтан-
ның «Адамды қызғану» оқиғасын көз алдымызда жандан-
дыра түседі. 
Алла  Тағала  «Адамды»  жаратқаннан  кейін  барлық 
періштелермен қоса шайтанға да «Адамға сәжде етіңдер» 
деген  бұйрығын  берді.  «Сәжде  ету»  термин  ретінде 
маңдайды  сәждеге  қойып,  құлшылық  жасау.  Ал  бұл 
жердегі  «сәжде  ету»  Адамды  (а.с.)  мойындау,  оған  ізет, 
құрмет білдіру мағынасында келген. Шынайы құлшылық 
мағынасындағы сәжде тек Алла Тағалаға ғана жасалады.
Шынтуайтында,  бұл  «сәжде»  Адамға  салынған 
сәлем  мен  оған  жасалған  құрметтен  бұрын,  Ұлы 
Жаратушының  бұйрығына  әрі  «Адам»  секілді  ғажайып 
жаратылысты  жаратқан  Оның  құдіреті  мен  теңдессіз 
шеберлігіне жасалған сәжде еді.
Періштелер  Адамға  сәлем  салып,  ізет  білдіріп  Ұлы 
Жаратушының  бұйрығына  сәжде  етті.  Тек  шайтан  ғана 
138
 Әли Ғимран, 146 аят.

261

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет