Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

ИМАНИ ГҮЛ
Айталық,  қытайша  білмейтін  қазақ  Қытайға  бар-
са, көшеден шыққан қытай тіліндегі  дауыстарды естісе 
де  оны  түсіне  алмайды.    Жергілікті  тілде  оқылған  азан-
ды  да  түсінбегендігінен,  әлгі  мүмін-қазақ  намазын 
қазаға  ұшыратып  алуы  мүмкін.  (Қытайдағы  мешіттер 
мұнараларымен ерекшеленбейді). Сондай-ақ, Қазақстанға 
келген  басқа  ұлттар  да  мұсылмандардың  өз  тілінде 
орындап  жатқан  ғибадаттарынан  ештеңе  ұқпасы  анық. 
Олай болса, мұндай жалпы әлемдік діннің өзіндік ортақ 
жақтары, ортақ тұстары болуы заңды. Бұл тұста азан мен 
қырағаттың орны ерекше екені кімге де болса мәлім.
Бұндай жайттарды күнделікті өмірде де кездестіруге 
болады.  Айталық,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымында  да  әрбір 
мүше  мемлекет  өзара  белгіленген  ортақ  тілде  ғана 
сөйлеседі. Ондайда әрбір мемлекеттің жеке бас пайдасы 
көзделмейді.
Мәселенің  тағы  бір  жағы,  Құранның  қандай  да  бір 
аудармасының  ешқашан  да  түпнұсқаны  толық  қамти 
алмайтындығында
119
.  Құран  аяттарының  әрбір  сөзінің 
бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі. 
Тіпті  кейде  аятта  қолданылған  әрбір  әріптің  де  өзіндік 
бірнеше  мағынасы  болады.  Аудармада  осы  әріптердің 
өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки 
біреуі  ғана  ескеріледі.  Құранда  белгілі  бір  мағынаны 
білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен сөздің ды-
бысталу  жағынан  да,  мағынаны  қамту  жағынан  да  ең 
қолайлысы таңдалған. Сондықтан, кейбір сөздің «сөздік 
мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндалайын деп 
тұрған  жағдайды  білдіріп  жатады.  Ал  мұны  аудармада 
беру мүлдем мүмкін емес. 
Ең бастысы, Құран сөздері оқыған адамды еш уақытта 
жалықтырмайды. Ал кез келген  аударманы бірнеше рет 
119
  Мустафа  Зарқа,  Фәтәәуа,  106-бет.  «Дарул-қалам»  баспасы, 
Димашқ. 2001 ж.

235
ИМАНИ ГҮЛ
оқыған  адамның  жалығары  сөзсіз.  Ал  Құран  сүрелерін 
оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады. 
Өйткені, Алла Тағала Құран сөздеріне осындай ерекшелік 
берген.  Міне,  сондықтан  «Фатиха»  сүресін  күнделікті 
әр  намазымыздың  барлық  рәкаттарында  оқысақ  та, 
жалықпаймыз. Бұған қоса, Құранның өзіне ғана тән әуені 
мен  әуезі  оқыған  адамның  ішкі  дүниесіне  ерекше  әсер 
етуі тағы бар.  
Оқылған  Құранның  әрбір  сөзіне,  тіпті  әрбір  әрпіне 
сауап  жазылатындығы  көптеген  хадистерде  білдірілген. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім Алланың кітабынан 
(Құраннан) бір әріп оқитын болса, оған бір жақсылық 
жазылады.  Ал  әрбір  жақсылық  он  еселенеді.  Мен 
Әлиф,  Ләм,  Мимді  (бәрін  қосып)  бір  әріп  демеймін, 
Әлиф – жеке бір әріп, Ләм – жеке бір әріп, Мим – жеке 
бір әріп. (әрқайсысына жеке-жеке сауап жазылады)»
120
 
-деген.
Ал  кез-келген  аударма  Құранның  дәл  өзі 
болмағандықтан,  оның  әрбір  әрпіне  сауап  жазылу 
ерекшелігі де жоғалады.
Тағы  бір  баса  айта  кететін  жайт,  ол  –  намазда 
қолданылатын  сөздердің  көп  емес,  аз  екендігі.  Алды-
мен  азан  мен  қамат,  артынша  «Аллаһу  әкбар»,  «Субха-
нака  раббиял-ъазим»,  «Субхана  раббиял-аъләә»  секілді 
қысқа  қайырымдармен  қоса  «Фатиха»  сүресі  мен  бір-
екі қосымша шағын сүрелер. Барлығын қосса бір беттен 
де аспайды. Бұлардағы сөздердің көбі мағыналары оңай 
жатталатын,  мұсылмандардың  көбіне  ортақ  қолданатын 
сөздері.  Намазға  жаңа  жығылған  жас  бала  да  бұлардың 
мағыналарын бір үйреніп алса, өмірі ұмытпасы анық.
Бұл  дүниелік  болмашы  тірліктер  үшін  үлкен-үлкен 
сөздіктер жаттап, шет тілін үйренетіндер мәңгілік ғұмыр 
120
 Әт-Тирмизи

236
ИМАНИ ГҮЛ
үшін Алла Тағаланың сөздерінен бір бетті жаттай алмаса, 
онда:  «Ғибадат-құлшылықтарымызға  Алла  Тағала  емес, 
керісінше  біз  зәруміз»  деген  шүбәсіз  шындықты  әркез 
есте ұстаған абзал
121
.  
121
 М.Хамидуллаһ. Құран Кәрім тарихы.

237
«Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге 
қиянатым жоқ» деп намаз оқуға салғырт 
қарайтындарға не деуге болады?
Бұл  құлшылықтың  түп  мәнін  жетік  түсінбеуден 
туындайды.  Намаз  –  тек  күнәһарлар  мен  молдаларға 
ғана  жүктелген  жеке  міндет  емес,  әрбір  адамның  мой-
нына  жүктелген  асыл  парызы.  Құранда  Алла  Тағала: 
«Мен  адамдар  мен  жындарды  (мені  танып),  маған 
ғана  ғибадат  етсін  деп  жараттым»  дейді.  Сондықтан 
құлшылық  –  адамзат  жаратылысының  негізгі  мақсаты. 
Ал ғибадат-құлшылықтың ең ұлысы – намаз. Жүрегі таза, 
көңілі пәк адамдар, керісінше, намазды көбірек оқулары 
тиіс.  Құлдың  намаз  оқуы  –  күнәсінің  көптігі  емес, 
керісінше,  оның  Құдайға  бір  қадам  жақын  екендігінің 
белгісі.  Құранда  бірнеше  жерде  тақуа  жандардың 
белгісі  ретінде  «Тақуа  жандар  намаздарын  толық 
орындайды»
122
 -делінсе, басқа бір аятта шынайы намаз-
дың адамды жаманшылықтан тыятындығын: «Шынайы 
намаз  адамды  арсыздық  пен  жаманшылық  атаулы-
дан тыяды»
123
 - деп білдірген. 
Егер намазды тек қана жүрегі кір, көңілі пендешілік-
ке  толы  қиянатшыл  пенделер  ғана  оқитын  болса,  онда 
күнә  атаулыдан  пәк  пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.а.у.) 
әрі  Оның  артынан  ерген  қаншама  ғұламалар  мен  тақуа 
жандар неліктен өле-өлгенше бес уақыт намаздарын қалт 
жіберместен оқыған. Егер жүрегінің тазалығы үшін намаз 
оқымауға рұқсат етілген бір ғана жан болар болса, ол адам 
122
 Бақара сүресі, 3-аят,
123
 Анкабут сүресі, 45-аят.

238
ИМАНИ ГҮЛ
– сөзсіз  Алла елшісі Мұхаммед (с.а.у.) болар еді. Алайда 
Ол (с.а.у.), керісінше, күллі адамзаттан артық намаз оқып, 
құлшылық жасайтын. 
Иә, Алла елшісі (с.а.у.) бес уақыт парыз намазды бы-
лай  қойғанда,  түн  жарымда  тұрып  «тәһәжжуд»  нама-
зын егіле жылап, аяқтары талып, ісігенше оқитын. «Уа, 
Расулаллаһ, өзіңді неге мұнша қинайсың? Алла Тағала 
сенің  барша  күнәларыңды  кешірді  емес  пе?»  –  деген 
Айша анамыздың сұрағына: «Аллаға шүкір ететін құл 
болмаймын ба?» – деп, намазды тек күнәһар адамдардың 
оқымайтындығын білдірген. 
Жүрегім  таза,  көңілім  пәк,  намазды  басқа  жандар  
оқысын деудің астарында, айтушының терең бейғамдығы 
жатыр.  Олай  дейтініміз,  адамның  Ұлы  Иесі  алдындағы 
борышынан  алаңсыз  болуы  –  бейғамдық  емей  немене? 
Жүрегім  таза,  көңілім  пәк  деу  –  күнәсізбен  деген  сөзге 
саяды.  Ал  өзін  күнәсізбін  деген  адам,  осы  сөзімен-ақ 
күнәһардың  нағыз  өзі  болмақ.  Өйткені,  күнә  істеу  – 
пайғамбарлардан  тыс  барша  адамзатқа  тән.  Күнәсінің 
бар екенін білмеген адам – күнәсін мойындаған адамнан 
әлдеқайда төмен тұрады. Күнәсінен бейхабар адам күнәсі 
мен  қатесін,  кемшіліктерін  түзеуді  мүлде  ойламақ  емес. 
Себебі,  оның  пайымдауынша,  ол  –  күнәсіз,  қатесі  жоқ 
адам. Ал мұндай күйдегі адам жалған дүниеде өзін қанша 
ақтағанымен,  о  дүниеге  таудай-таудай  күнәларын  қоса 
ала кетпек. Сол жерде ғана өзінің кінәсін мойындап, тәубе 
қылмақ. Бірақ ол кезде өкініш пен «әттеген-ай»  атаулы-
дан иненің жасуындай да қайыр болмасы белгілі.
Иә,  ғаламды  жоқтан  жаратып,  оны  ғажайып 
жүйемен,  теңдессіз  тәртіппен  реттеп,  үлкен-кішілі, 
жанды-жансыз  барлық  жаратылысты  әлсіз  адамның 
ыңғайына    жығып,  қызметіне  бағындырып  қойған  Ұлы 
Иемізге шүкір етіп, алғысымызды білдіріп, ұлылығының, 

239
ИМАНИ ГҮЛ
құдіретінің, шексіздігінің, кемелдігінің, қысқасы, жалпы 
Құдайлығының алдында бас иіп, адамдық борышымызды, 
құлдық міндетімізді атқару үшін міндетті түрде күнәһар 
құл, жүрегін кір шалған пенде болуымыз шарт емес. 
Өзінің  Ұлы  Иесінің  алдындағы  әлсіздігі  мен 
мұқтаждығын  мойындамаған  пендеден  асқан  күнәһар 
пенде  бар  ма  бұл  жалғанда?!  Біздер  көбіне  бұйрықтың,  
шақырудың  қайдан,  кімнен  келгеніне  аса  мән  бере 
бермейміз. Егер патша елші жіберіп бір адамды шақыртса, 
әлгі пенденің құстай ұшып патшаның алдынан табылары 
сөзсіз. Сол секілді патшалардың патшасы – Ұлы Жарату-
шы иеміз Өзінің талаптары мен бұйрықтарын білдіретін 
Құран  атты  пәрменін  Мұхаммед  (с.а.у.)  пайғамбардың 
қолына  ұстатып,  оны  жер  бетіне  елші  етіп  жіберген. 
Міне,  сол  «Құран»  атты  кітаптың  сексен  жеті  жерінде 
құлдарына бес уақыт намазды тікелей бұйырып, ғибадатқа 
шақырған.  Ал  енді  жердегі  пәни  патшаның  шақыруына 
бей-жей қалмайтын пенденің Ұлы Иесінің осы бір «ұлы 
шақыруына»  салғырт  қарап,  бұйрықтарын  елеместен 
бей-жай  жүре  беруі  немесе  «жүрегім  таза,  ешкімге 
жаманшылығым жоқ» деп өзін алдап бұлғақтауы дұрыс 
па? 
  Ендеше, «жүрегім таза, ешкімге зияным жоқ, маған 
намаз оқып не керек» деген тәрізді сөздердің астарында 
Құдайдың қасиетті Құранын, сол кітаптағы Ұлы Иесінің 
талабын  жетік  ұғынбау  жатқан  секілді.  Бұл  намаздың 
мәнін,  мағынасын  түсінбеуден  туындаған  салмақсыз, 
әшейін айтылған сылтау болса керек.
  

240
Көп адамдардың он екі мүшесі сау болғанмен 
кейбіреулердің  мүгедек,  кемтар  болып 
туылатындығы яки кейіннен түрлі себептер-
мен  мүгедектікке  ұшырап  жататын  жайт-
тары  өмірде  көп-ақ.  Кей  адам  бұл  өмірден 
еш қиналыс көрмей рахатқа батып өтеді де, 
кей  жандар  өмір  бойы  тауқымет  тартып, 
қиыншылықтан көз ашпай өтеді. Мұны Ұлы 
Жаратқанның  әділдігі  тұрғысынан  қалай 
түсінуге болады?
«Таршылық адамды шынықтырады,
Баршылық адамгершілікті ұмыттырады»
Нақыл сөз
Біріншіден,  Алла  Тағала  –  бәріміздің  Ұлы  Иеміз. 
Терең  үңілер  болсақ,  біз  денеміздегі  ешбір  мүшемізді 
өзіміз  жаратпадық,  еш  жерден  сатып  та  алмадық. 
Бұлардың бәрі бізге Ұлы Шебер тарапынан тегін берілді. 
Сондықтан,  біз  –  Ұлы  Жаратқанның  басыбайлы  мүлкі-
міз. Ендеше, Ұлы Иеміздің өз мүлкімен нендей қатынас 
жасауы Өз қалауында. Ауыртады, кейін «Шафи» есімімен 
көмектесіп  шипа  береді.  Құлын  ашықтырады  да,  кейін 
Өзінің теңдессіз «Раззақ» екендігін, яғни рызық беруші 
екендігін сездіртеді. 
Екіншіден,  Ұлы  Жаратушымыз  өте  әділетті.  Ол 
еш-бір  құлына  титтей  де  қиянат  жасамайды.  Әділдік 
дегеніміз не? Әділдік деп негізінен жүктің қоржынның 
екі  жағына  тең    артылуына  айтылады.  Яғни,  берілген 
нәрсеге  қарай  қарымының  қайтарылуына  әділдік 

241
ИМАНИ ГҮЛ
делінеді. Берілген нәрсенің қарымы кем болса, «қалғаны 
қайда?» деп жетпегенін сұрауға қақымыз бар. Бірақ тегін 
берілген  нәрсеге  аз  бердің  яки  көп  бердің  деп  реніш 
білдіруге, «әділдік қайда?» деп аттан салуға ақымыз жоқ. 
Мысалы, бай адам бір ауылға барып тегін көмір, ұн та-
ратып, екінші бір ауылға барып тек қана ұн таратса, сон-
да еншілеріне тек қана ұн тиген екінші ауыл әлгі адамға 
рақмет айтудың орнына «бізге ұн ғана бергенің не? барып 
тұрған  әділетсізсің»  дей  ала  ма?  Әрине,  жоқ.    Себебі, 
тегін берілген нәрсеге «аз» яки «көп» деп шағым жасау 
әділетсіздіктің нақ өзі болмақ. 
Керек  десеңіз,  Жаратқанның  тегін  берген  әрбір 
мүшеміздің  қайтарымына  біз не бердік? Бір ғана мүшенің 
қарымын төлеңдер десе өтей алар ма едік? Ұлы Жарату-
шыны  әділетсізге  балап,  «екінші  көзімді  бер»  деп  қатаң 
талап ететіндей біз Оған не беріп едік?
Әрине,  егер  тілек  тілеген  сәтте  шағымдану  емес, 
Оған деген мұқтаждығымызды сезініп, құдіретіне бас иіп 
сұрасақ, ол басқа мәселе.
Үшіншіден, өмірде кездесетін әр түрлі қиыншылық-
тар, айықпас дертке шалдығу, бір мүшенің кем болуының 
адам  үшін  дүниелік  кішігірім  зияны  болғанымен,  оның 
рухани өмірімізге ақыреттік  пайдалары өте көп. Жанын 
құтқару үшін гангрен (іріңдеп, шіріген) болған саусағының 
кесілуіне ешкімнің қарсы шықпасы анық. Яғни кішігірім 
зиян  үшін  үлкен  пайдаларға  ешкім  тосқауыл  болмайды. 
Оттың өртке себеп болуын желеу етіп оттың бар пайда-
сын  жоққа  шығарып,  жалпы  от  атаулыны  «жаман»  дей 
алмаймыз  ғой.    Міне,  дүниеде  құлдың  басына  келетін 
әр  түрлі  қиыншылықтар  мен  аурулардың  да  дүниелік 
зияны  болғанымен  оның  ақыреттік  пайдасы  өте  зор. 
Адамның  рухы  өмірдегі  қиыншылықтар  арқылы  таза-

242
ИМАНИ ГҮЛ
рып, кемелдікке қарай қанат қағады. Әр түрлі ауруларға, 
қиыншылықтарға тап болған адам үнемі өзінің әлсіздігін 
әрі  Раббысына  деген  мұқтаждығын  сезінеді.  Әрдайым 
Оны  ойлап,  Оған  қол  жайып  медет  тілейді.  Раббысы-
мен  үнемі  байланыста  болып,  Жаратушысына  қарай 
жақындаған сайын жақындап дәрежесі артады. Өмірдің 
пәнилігін түсініп ақыретке, мәңгілік өмірге ынтық келеді. 
Себебі, жағдайы жақсы, өмірі қиындық көрмеген жандар 
көбіне  Раббысына  деген  мұқтаждығын,  өзінің  әлсіздігін 
ескермей,  ұмыт  қалдырады.  Дүниені,  бойындағы  күш-
қуатты,  жастықты  мәңгілік  деп  есептегендіктен,  мына 
дүниені өлердей жақсы көріп, ақыретті естен шығарады. 
Құлшылық  міндетіне  салғырт  қарап,  күнәсіне  бейғам 
келеді.  Міне,  басқа  түскен  қиыншылықтар  мен  әр  түрлі 
аурулар  адамды  осындай  ақыретке  деген  бейғамдықтан 
сақтап, күнәға қарсы сергектігін оятады.
Аурулар  мен  қиыншылықтар  сабыр  етіп,  ақыретте 
Раббысының  беретін  сый -сыяпатын  ойлаған  жанның 
күнәларына кәффарат
124
 болады. 
Хадисте: «Алла Тағала мұсылманның душар болған 
ауру, шаршау, дерт, қайғы тіпті уайымдаған уайымы 
арқылы кейбір кінәларын кешіреді»
125
 делінеді.
Бұған қоса, душар болған аурулары мен өмірде кез-
десер түрлі қиыншылықтарға сабыр ете білген адамның 
бір  сағаттық  ғибадаты,  бәлкім,  өзгелердің  бір  күндік 
ғибадатына,  тіпті  бір  минуты  бір  күндігіне  тең  болады. 
Осылайша  қысқа  ғана  өмірдің  берекесі  тасып,  ғұмыры 
ұзара түседі. Бәлкім, сабыр ету арқылы өзге жандардың 
түні бойы намаз оқып ала алмаған сауабына кенеледі. 
Алла  Тағала  қудси  хадисте:  «Мен  кімнің  (мына 
дүниеде) екі көзін соқыр етіп сынасам және құлым бұған 
124
 Күнәлардың кешірілуі.
125 
Бухари, Марда/1,  Муслим, Бирр/52.

243
ИМАНИ ГҮЛ
сабыр  етсе,  ол  құлыма  екі  көзінің  орнына  ақыретте 
Жәннатты беремін»
126
 дейді.
Бұл  дүниедегі  басына  түскен  қиыншылықтар  мен 
душар болған ауруларға сабыр еткен адамның ақыреттегі 
сауабын  көрген  өзге  жандар  «біз  де  дүниеде  сан  түрлі 
қиыншылыққа  душар  болып,  бүгін  мынандай  мәңгілік 
сауапқа кенелгенімізде ғой» деп қызыға қарайды. 
Пайғамбарымыз  бір  хадисінде:  «Мұсылманның  ісі 
(өмірі) мені қатты қайран қалдырады. Оның әрбір ісі 
ол үшін қайырлы әрі жақсылық. Бұл тек мұсылманға 
ғана  тән.  Ол  бір  қуанышқа  тап  болса,  шүкір  етеді, 
(сауапқа кенеледі) сөйтіп, оған бұл қуаныш жақсылық 
болып  жазылады.  Ал  егер  басына  бір  қиыншылық 
түссе,  сабыр  етеді  де,  (сауапқа  кенеледі)  сөйтіп, 
оған  қиыншылық  та  жақсылық  болып  жазылады»
127
 
 деп,  қиыншылықтарға  сабыр  ету  арқылы  мол  сауапқа 
кенелетінімізді білдірген. Дене мүшелеріне зиян келген, 
әр  түрлі  ауруларға  шалдыққан  адамдар  әрбір  мүшенің, 
денсаулықтың қадірін жақсы түсінгендіктен, дене мүшесі 
сау  өзгелерден  гөрі  Раббыларына  көбірек  шүкір  етеді. 
Әрбір  мүшесінің  бағамен  өлшенбейтіндей  құнды  сый 
екенін  өзгелерге  де  ұқтырғаны  үшін  сансыз  сауапқа 
кенеледі. Оларды көрген өзге жандар да тәубелеріне келіп, 
Раббыларына  шүкір  етеді.  Сөйтіп,  басқалардың  да  Раб-
быларына  бет  бұруларына,  Оның  берген  нығметтерінің 
қадірін түсінуіне себеп болғандықтан, «Бір іске себепкер 
– сол істі істегенмен бірдей» демекші,  ақыретте күтпеген 
жерден сансыз сауапқа белшеден батады.  
Иә, Алла Тағаланың құлдарына берген уайым -қайғы, 
ауру -сырқау, әр түрлі қиыншылықтар – өткен өмірлеріндегі 
126
 Тирмизи. Бухари, Марда/7.
127
  Әбу  Зәкария  Мухиддин  Иахия  Ән Нәуәуий,  музһатул Муттақин, 
1 том, 49 бет. Муәссисәтур Рисәлә, Байрут 1991ж. (Муслимнен).

244
ИМАНИ ГҮЛ
күнәларына кешірім, қазіргі өмірлері үшін сауап, келешек 
ғұмырына  ғибратты  дәріс  әрі  ескерту.  Міне,  құл  осыны 
түсінсе, өмірге деген көзқарасы әп-сәтте өзгеріп, ойындағы 
қалың қайғыдан, бойындағы ауыр сезімнен арылады. 

245
Алла  Тағалаға  сенбеген,  бірақ  жұртқа  
жақсылық  жасап  өткен  адам  жәннатқа  кіре 
ме?
Барша  діндердегі  құқықтар  мен  қазіргі  таңдағы 
қолданатын заңдар бойынша, барлық адамдар заң алдында 
бірдей, сот құзырында тең дәрежеде қаралады. Ешбір адам 
өзінің  бойындағы  ерекшеліктері  мен  кейбір  қасиеттерін 
алға тартып, жалпыға арналған заң ережелерінен тысқары 
қала  алмайды.  Қазақтың  мәдениетін  әлемге  танытуда 
еңбегі  сіңген  яки  белгілі  бір  спорт  саласында  әлемдік 
деңгейде үлкен дәрежеге жеткен белгілі тұлға мен ондай 
дәрежеге жете алмаған өзге жандар заң алдында пара-пар. 
Мысалы, Олимпиядада бірінші орын алып, Қазақстанның 
көк  байрағын  әлем  алдында  желбіретіп,    елдің  мерейін 
үстем  еткен  спорт  шебері  кісі  өлтіріп,  «Мені  түрмеге 
жаба  алмайсыңдар»,-  деп,  сот  алдында  өзін  жалпыға 
арналған  заңнан  тыс  ұстай  алмайды.  Егер  әрбір  адам 
қоғамға істеген игі істерін сылтауратып, мемлекеттен тек 
өзіне арналған жеке заң талап ететін болса, қоғамда заң 
деген түсініктің де мәні қалмас еді. 
Енді негізгі сұрақтың жауабына оралайық. Мысалы, 
Эдисон сияқты электр энергиясын тауып, халыққа пайда-
сы тиген жандардың ақыретте жағдайы қалай болмақ? 
Егер  Эдисон  бұл  игі  ісін  Алланың  ризалығы  үшін 
істеген болса, Алла Тағала ақыретте ниетіне қарай сауабын 
береді. Ал егер бұл игі ісімен ел алдында атақ-абыройға 
кенелуді,  тарихта  атының  қалуын  көздеген  болса  және 
бойындағы  ерекше  зеректік  пен  талантын  Алла  Тағала 
емес, табиғат берді десе, Алла Тағала оған сұраған атақ-

246
ИМАНИ ГҮЛ
абыройын мына дүниеде береді. Ал жұмақтағы көз көріп, 
құлақ  естімеген,  ақыл  ойлап  елестете  алмаған  ғажайып 
сый-сияпатты  өздері  мына  дүниеде  иман  келтірмеген 
Алла Тағаладан емес табиғаттан сұрасын. Мына дүниеде 
Алла Тағаланы мойындамай арғы дүниеде Жаратушыдан 
сый-сияпат күту ақылға сыйымсыз болса керек. 
Жәннаттағы  сый-сияпат  –  иман  етіп,  ізгі  іс  істеген 
адамдарға ғана арналған. Иман еткен жандар мен иманға 
келмеген пенделерді тең дәрежеде бағалап, бәріне бірдей 
жәннатты  беру  –  әділетсіздік.  Себебі,  нағыз  әділеттілік 
–  иманды  жанға  иманының,  салиқалы  амалдарының 
қарымы ретінде жәннатты беру, ал иманнан бас тартып, 
күпірлікті таңдаған адамға да жазасын беру. 
Мына  пәни  дүниенің  өзінде  кез-келген  мемлекет 
өзінің  заңдарына  бағынғандарды  мемлекеттік  жалпы 
мүмкіншіліктерден пайдалануға жағдай жасап, құқығын 
қорғауда.  Ал  мемлекет  заңдарына  қарсы  іс-әрекет  ет-
кен  адамдарды  бірнеше  жылға  немесе  қылмысының 
үлкендігіне  қарай  мәңгілік  абақтыға  жабуда.  Қазіргі 
таңдағы бұл заңға ешкім қарсы шығып, әділетсіздікке ба-
лап, қаралай алмайды. Ендеше, Ұлы Жаратушының ұлы  
заңдарын адамдардың шығарған заңдарынан төмен санап, 
әділетсіздікке теңеу ақылды адамның ісі болмаса керек.
Олай болса, Ұлы Патшаның да мына «дүние» деген 
мемлекетінде қойған өзіндік ереже-қағида, заңдары бар. 
Ол – Өзіне иман етіп, бұйырған бұйрықтарын орындап, 
тыйған  тыйымдарынан  тыйылған  құлдарын  жәннаттық 
ғажайып сый-сияпатпен марапаттау. Ал,  керісінше, Ұлы 
Патшаның өзін де, салтанатты патшалығын да  мойында-
май: «Сен сияқты Ұлы Патша жоқ әрі Сенің билігіңді де, 
патшалығыңды  да  мойындамаймын»,  -  деп  даңдайсып 
иманнан  бас  тартып,  Құдайлық  заңдардан  қашқандарды 
тозағында жазалау. 

247
ИМАНИ ГҮЛ
Иә,  Ұлы  Жаратушының  бар  екенін  қабылдамаған 
адам  мына  қысқа  ғұмырында  күпір  делінген  бір  ғана 
күнәні  істегенімен,  сол  күпірлік  арқылы  шексіз  қылмыс 
жасайды.  Өйткені,  Ұлы  Жаратушыны  жоққа  шығару 
–  оның  жаратқан  мына  ғажайып  сұлу  да  үйлесімді  әрі 
сан  сырлы  мағынаға  ие  жалпы  жаратылысты  жоққа  са-
нау.  Олай  дейтініміз,  кәпір  адам  күллі  жаратылысты 
бостан  босқа,  еш  мағынасыз  әйтеуір  кездейсоқ  жара-
тылыс  ретінде  бағалағандықтан,  олардың  бойындағы 
терең  мән-мағынаны  жоққа  шығарып,  аяққа  таптайды. 
Әрбір  жаратылыстағы  Ұлы  Жаратушы  жүктеген    ар-
найы міндеттерді көре алмағандықтан,  оларды қорлаған 
боп саналады. Мысалы, Күн ешбір мақсатсыз, кездейсоқ 
әлемге  сәулесін  шашып  тұр.  Жер  өз-өзінен  әйтеуір 
бостан-босқа шыр көбелек айналып тұр, сиыр да бекер-
ге кездейсоқ сүт береді деп пайымдағандықтан, олардың 
қадір-қасиетін төмен түсіріп, мән-мағынасын  аяққа тап-
тайды. Жаратушының оларға жүктеген ұлы міндеттеріне 
қиянат жасап, қорлаған саналады. 
Бұған  қоса  әрбір  жаратылыстың  бойындағы  кере-
мет жүйені, үйлесімділікті, мән-мағынаны жоққа санау – 
олардың  әрқайсысының  өз  болмысымен  Хақ  Тағаланың 
бар екендігін паш еткен куәліктерін жалғанға шығару бо-
лып есептеледі. 
Иә, ғаламдағы триллиондаған әр түрлі жаратылысқа 
жасалған  мұнша  күнәнің  жазасы  берілуге  тиіс.  Себебі, 
Алла  Тағаланың  әділдігі  осыны  талап  етеді.    Мысалы, 
белгілі  бір  мемлекеттің  елтаңба,  әнұран,  байрақ  секілді 
қасиетті  рәміздерін  рұқсатсыз  өзгертуге  яки  қорлауға 
болмайды.  Олай  жасаған  адам  мемлекет  алдында  жа-
уап  береді.  Ендеше,  Алла  Тағаланың  қастерлеген  киелі 
ұғымдарын аяққа таптап, қорлағысы келген пенделер де 
жазаға тартылуы тиіс.

248

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет