оқу үшін ғұсл құйыну – суннат. Бұл намазға
барған кісі киімінің
жақсысын киіп һҽм хош иістерменен иістенген дұрыс һҽм кҿңілінде «я,
Құдайым, бұл жұмадан екінші жұмаға шейін аман сақтап, һҽм екінші
жұмаға оқырға жаза кҿр» деп тілекте болмақ керек.
Шын ықыласыменен бұл намазды оқып, тілек тілегендердің
Құдай тҽбҽрак уҽ тағала тілегін беріп, һҽм күнҽларын кешірер деген.
Жұма намазын оқырға келген кісі ҽуелі мҽсжидке келіп кірген соң-ақ
екі рақағат «тҽхиятул-мҽсжид»
158
намазынан оқиды:
ниетті Аллаға
ниет қылдым екі ракағат «тҽхтияул-мас-жид» намазын ҿтемекке
жүзімді қараттым құбыла тарапына (халисан лиллҽһи тағала, Аллаһу
ҽкбҽр). Бұл намазды оқып болғаң соң, тҿрт ракағат жұма намазының
суннаты оқылады. Мұнан соң имаммен бірге хұтба
159
оқуға
шыққан
соң жамағат намаз оқудан һҽм тасбих айтудан тыйылып, имамның
сезін тыңдайды. Мұның соңында имамға ұйып,
жұма намазының екі
ракағат парызы оқылады. Мұнан соң жұма намазының жҽне тҿрт
ракағат суннаты оқылады. Мұнан соң мойында парыз болған тҿрт
ракағат, ақырғы ҿғле (бесін) намазы оқылады. Мұнан соң екі ракағат
сол уақыттың суннаты оқылады. Ниетті Аллаға ниет қылдым осы
уақыттың екі ракағат суннатын ҿтемекке, жүзім жҿнелдірдім құбыла
жағына (халисан лиллҽһи тағала, Аллаһу ҽкбҽр).
Айт намаздары – уҽжиб, жылында екі рет болады.
Бірі –
Рамазан
160
айының соңында, екіншісі – құрбан
уақытында. Бұл намаздардың уақыты – күн бір найза, я екі найза бойы
кҿтеріліп шыққаннан бастап ҿғле уақытына шейін. Айт күнінде ҽдемі
таза киім кимек, хош иістермен иістену һҽм ораза айты
болса, намазын
оқудан бұрын ас жемек мұстахаб. Оразаның пітірін, яғни садақасын
айт намазынан бұрын бермек уҽжиб. Бірақ
Құрбан айтында тамақты
айт намазынан соң жеу мұстахаб жҽне Құрбан айтында ҽлгі айтылған
қалыпша таза киім киіп мҽсжидке қарай жүргенде кҿшке қосылып
мҽсжидке жеткенше такбир айтып бару мұстахаб.
Достарыңызбен бөлісу: