«Исследование и разработка мобильных образовательных приложений». Работа посвящена созданию мобильного образовательного приложения с целью поиска методов, способных повысить интерес учеников к предмету при использовании мобильных устройств



бет4/10
Дата06.01.2022
өлшемі4,32 Mb.
#13933
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Диссертация Кожановой Д.Т. ВТМ-15-1

Белгілеулер мен қысқартулар
ЭО – Электронды оқулық

ОЖ – Операционды жүйе

БҚ – Бағдарламалық қамтамасыз ету

ДҚ – Деректер қоры

JDK – Java Development Kit (Java-ны Әзірлеу Жинағы)

SDK – Software Development Kit (БҚ-ны Әзірлеу Жинағы)

ADT – Android Development Tool (Android-ты Әзірлеу Құралы)

API – Application Program Interface (Қолданбалы Бағдарлама Интерфейсі)

ТТ – Техникалық тапсырма


Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі электрондық технологиялар уақытында қашықтықтан оқыту оқу орындары арасында үлкен танымалдылыққа ие болуда. Ақпараттық технологиялардың дамуы қашықтықтан оқытуға сұранысты тінтті. Егер бұл бұрынырақ ойға сыйымсыз болса, қазір кез келген қалаған адам үйден шықпай кез келген мамандық бойынша диплом алу мүмкіндігіне ие. Бұқаралық ауқымдарда оқыту сапасын көтеру құралы ретінде педагогтар компьютерлік технологияларға үміт артуда. Электронды оқулықтарды шығару, тікелей аудиториядан тікелей эфирде тестілей жүргізу және бейнебаянды трансляциялау – осының барлығы бүгінде кез келген педагогқа қол жетімді. Қашықтықтан оқыту жүйелерінде ақпараттық технологиялардың барлық түрлері қолданылады, бірақ көбінесе қолданылатындары жаңа ақпараттық технологиялар: компьютерлер, мобильді құрылғылар, компьютерлік желілер, мультимедиа жүйелері және т.б.

Дәл сол уақытта мобильді құрылғылар үлкен танымалдылыққа және қолданысқа ие болды, олар қазіргі заман адамының өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Бірақ, өкінішке орай, бұндай қүрылғылар қашықтықтан оқытудың платформасы ретінде пайдаланылмайды. Мобильді құрылғыларға арналған ойындардың орасан зор көпшілігінен көптеген оқушылар оларды көңіл көтеру үшін пайдаланады, бұл олардың сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Алайда ойындарға деген бұндай құлшынысты оқытудың ойын формасын пайдалана отырып оқудың пайдасына шешуге болады.

Смартфондарға немесе планшеттерге арналған қосымша түрінде ойын әдістемесіне негізделген электрондық оқулық бұл оқу процессіне ойын формасында енуге мүмкіндік бере отырып, оқытуда баланы қызықтырудың тамаша мүмкіндігі, қалай дегенмен де жаңа материалды қызықты тапсырмалармен және мысалдармен оқу әлдеқайда қызықтырақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет