«Исследование и разработка мобильных образовательных приложений». Работа посвящена созданию мобильного образовательного приложения с целью поиска методов, способных повысить интерес учеников к предмету при использовании мобильных устройств



бет9/10
Дата06.01.2022
өлшемі4,32 Mb.
#13933
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Диссертация Кожановой Д.Т. ВТМ-15-1

Қорытынды
Бүгінде компьютерлік бағдарламалар мен веб-сайттар сияқты мобильді қосымшалардың алатын орны зор. Смартфонды қолданушылардың барлығы мобильді қосымшамен күнделікті пайдаланады, себебі ол қолданыста ыңғайлы, ықшамды, қарапайым келеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысын орындау барысында, заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде еніп жатқаны және мобильді қосымшаларды қолдану айтарлықтай тиімді екені белгілі болды. Соның ішінде білім беру қосымшалары. Олар ақпаратты қабылдауға, жаттауға, оқуға өте ыңғайлы болып келеді, әрі әрқашан қол астында, яғни пайдаланушы оны кез келген уақытта және кез келген жерде (Интернет желісі болса) іске қоса алады. Бұл компьютердегі бағдарламаны немесе веб-сайтты жүктеу сияқты көп уақыт алмайды. Жалпы айтқанда қазіргі таңда мобильді қосымшалар ең көп қолданылатын және өзекті болып табылады. Сол себептен мен мобильді білім беру қосымшаларын диссертация тақырыбы етіп таңдалды.

Диссертациялық жұмыста мобильді қосымшаны жасауға қажетті технологияларға талдау жасалынып, жоба құрудың алғашқы қадамдары жасалды. Соның ішінде Appcelerator Titanium, Phonegap (Cordova). Titanium – барлық платформаларға арналған біріңғай JavaScript кодының негізінде iOS, Android, BlackBerry OS, және Tizen қосқандағы барлық мобильді платформалар үшін мобильді қосымша құруға мүмкіндік беретін бастапқы ашық коды бар фреймворк екендігі анықталды. Ал Phonegap – бұл әзірлеушіге JavaScript коды арқылы мобильді құрылғының камера немесе акселерометр сияқты нативтік мүмкіндіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін API құрылғылардың жиынтығы. Қолданушылық интерфейс кітапханаларын шолу жасалынды: jQuery Mobile, DHTMLX Touch, Enyo. Зерттеу нәтижесінде қосымша Java Eclipse IDE платформасында жүзеге асырылды.

Мобильді қосымшаны әзірлеу барысында кез келген оқытушы өз оқу материалын өз талаптарына толығымен сәйкес келетін мобильді қосымшада ойын формасына ауыстыра алады. Сондықтан да ойын формасын қолданумен мобильді құрылғылар үшін электронды оқулықтарды құру оқыту сапасын және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектесетін перспективалық бағыт болып табылады.



Зерттеу нәтижесінде зерттеу мақсатына қол жеткізілді: мобильді құрылғыларды пайдалану кезінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арта алатын әдістер іздестіріліп табылды. Бұл әдіс бойынша оқушылар үшін математика пәнінен қосымша әзірленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет