Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет31/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1.

 Хамедова  Г.Н.  К  проблеме формирования  мотивации  изучения  иностранного  языка у



студентов неязыковых специальностей //Вестник ОГУ №2 (138) февраль 2012,  С. 280-

284 


2.

 Дубовская Т.Д. К проблеме диагностики учебной мотивации //Вопросы психологии. №1.

2005. С.73-77. 

3.

 Симонова Н.М. Экспериментальное исследование структуры мотивации при усвоении



иностранного языка в ВУЗе: автореф. дисс.канд.психол.наук. – М. 1982. С.20. 

4. Шантарин  Е.В.  Социально-педагогическая  поддержка  студентов  в  системе

воспитательной работы вуза //Психологический журнал. – 1989. - №57. С.36-45. 

5. Непомнящая,  Э.А.  Формирование  мотивов  учебной  деятельности  при  обучении

иностранному языку //Новые исследования в психологии. – 1979. – №2. С. 21–23.

6. Касаткина  Н.Н.  Формирование  мотивации  изучения  иностранного  языка  у  студентов

неязыковых специальностей: автореф. дисс. канд. пед. наук: 13.00.08 / Н.Н. Касаткина. 

– Ярославль, 2003. С. 22.

7. Букина А.Н. Воспитание и мотивация учебной деятельности студентов. – Екатеринбург:

Изд_во Уральского университета, 1994. C. 103. 

8. Емельянова  Н.А.  Формирование  оптимальной  мотивации  овладения  иностранным

языком студентами неязыкового вуз: автореф. дисс…канд. пед. наук: 13.00.01 / Н.А. 

Емельянова. – Нижний Новгород, 1997. С. 22. 

9. Квач Н.В. Формирование профессиональной готовности студентов технических вузов

средствами  мотивации  к  изуче_нию  иностранного  языка:  автореф.  дисс....  канд.  пед. 

наук: 13.00.08 /Н.В. Квач. – Калуга, 2005. С.22. 

10. Маркова  А.К.,  Орлов  А.Б.,  Фридман  Л.М.  Мотивация  учения  и  ее  воспитание  у

школьников. – М., 1983. С. 64.

11. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. – М.: Просвещение,

1991. С. 124.

12. Лазарева  М.В.  Развитие  языковой  личности  студента  средствами  мотивации  в

неязыковом  вузе  [Электронный  ресурс] /М.В.  Лазарева.–  Москва:  ИД  «Первое

сентября», 2011. – Режим  доступа: http://festival.1september.ru/articles/312200. –дата

обращения 08.11.2011.

258


БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ - ӨМІР ТАЛАБЫ 

Ахметова З. Б.

  

Екібастұз қаласындағы №11 жалпы орта мектебі 



Павлодар облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Білім берудің мақсаты жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі 

дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін 

жоғары  білімді,  ұлттық  тілді,  тарихты  жетік  меңгерген,  отандық  жəне  əлемдік  мəдениетті 

бойына қалыптастырған, бəсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр. 

Сол себепті бастауыш мектеп оқушыларының білім деңгейлерін арттыру үшін дамыту оқыту 

технологиясының көмегі зор. Баланы өзіндік іс-əрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен 

өмір сүруге даярлау қазіргі заман талабы болып табылады.  



Аннотация 

Первостепенной  целью  образования  является:  воспитание  всесторонне  развитой 

личности,  умеющего  самостоятельно  выражать  свои  мысли,  четко  ориентирующего  в 

современном  обществе,  высоко  образованного,  творческого,  имеющего  глубокие    знания  в 

истории своего народа. Такие качества закладываются в начальной школе, где большую роль 

играет технология развивающего обучения. На сегодняшний день выпускник школы должен 

быть конкурентоспособным и готовым к самостоятельной жизни. 

Abstract 

The primary purpose of education is: education comprehensively developed personality, able 

to express their own thoughts and clear orientation in modern society, highly educated, creative

having a deep knowledge of the history of his people. Such qualities are laid in elementary school, 

where technology plays an important role of developmental education. Today, high school graduate 

should be competitive and ready for independent life. 

Қазіргі  кездегі  республикамызда  қолға  алынған  білім  беру  жүйесін  реформалау  ісі 

саналы жан-жақты өзгертуге бағытталған кешенді шығармалармен тығыз байланысты. ісіндегі 

жаңа  үрдістің  мақсаты,  бағыты,  сипаты  Қазақстан  Республикасының  тəуелсіз  егеменді 

мемлекет  болуына,  ұлттық  білім  беру  ісінің  əлемдік  білім  жүйесіне  кірігуіне  тығыз 

байланысты.    

Əлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ену  педагогика  теориясы  мен  оқу-тəрбие  үрдісіндегі 

елеулі өзгерістерге байланысты: білім берудің парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны 

жаңарып,  жаңа  көзқарас  басқаша  қарым-қатынас,  өзгеше  менталитет  пайда  болуда.  Өмір 

ағымына  қарай  білім  беру  жүйесі  күрделі  өзгерістерге  ұшырап  отыр.  Сондықтан  заман 

талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей 

байланысты.  12 жылдық      білім  беру  жүйесіне  көшу – қоғамдағы  елеулі  өзгерістер  мен 

адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  құралдарының  дамуына  байланысты  жаңа  тұлғаны 

қалыптастыруды көздеген заман талабы. Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты жедел дамып 

келе  жатқан  ортада  өмір  сүруге  қабілетті,  өзін-өзі  дамытуға,  өз  ойын  еркін  айта  білуге,  өз 

қалауы мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты 

жетік  меңгерген,  отандық  жəне  əлемдік  мəдениетті  бойына  қалыптастырған,  бəсекеге 

қабілетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды 

259


болашақ  еліміздің тұтқасы етіп тəрбиелеу – əр ұстаздың міндеті.  Осы міндеттерді орындау 

мақсатында білім беру саласында да елеулі əрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.  

Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, 

бағдарламалар  енгізілуде.  Білім  беруді  жаңғырту – үнемі  алға  қарай  ұмтылу  мен  дамыту 

үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңмен өтетін жəне алынған нəтижелерге сəйкес түзетулер 

енгізіліп,  талданатын  өзгерістер.  Сонымен  қатар  білім  беруді  жаңарту  үрдісі  салт-дəстүрді, 

мəдени  мұраны,  жалпы  ұлттық  құндылықтарды  сақтауды  талап  ететін  тұрақты  жүйелерден 

тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі 

мен тиімділігін əр педагогтың, əр ата-ананың сапалы түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді 

түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс. 

12  жылдық  мектептің  басты  ерекшелігі:  ұлттық  құндылықтарды  баланың  бойына  сіңіру 

арқылы оның жан-жақты дамуына; өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне; адамға табиғатынан 

берілген  шығармашылық  қабілетін  толық  іске  асыруына;  əр  елдің  экономикалық,  мəдени, 

саяси өміріне белсене араласуына мүмкіндік беру.  

         Білім  беру  саласында  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-

жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалды, 

кəсіптік  адамгершілік,  рухани  азаматтық  жəне  де  басқа  көптеген  адами  келбетінің 

қалыптасуына əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына 

көмектеседі. Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп 

оқушылары. Мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан 

жүктелетін  міндет  өте  ауыр»  деген  болатын.  Осы  ғылым  мен  білімнің  негізін  тереңдету 

нəтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. 12 жылдық білім 

берудің  басты  мақсаты  еліміздегі білім  беру жүйесінің  құрылымы  мен  мазмұнын  толықтай 

өзгерте  отырып,  заманына  сай  мектеп  құру.  Мектептегі  басты  тұрға  ұстаз  десек,  олардың 

білімді де, білікті, парасаты мол, саналы да сабырлы азамат боп жетілуі тəлім-тəрбие беретін 

мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалықты ауыр дей отыра, 

сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығармаған жөн. Десек, өз ісіне берілген, 

жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, 

шəкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал, 

біздің,  ұстаздардың  келешектегі  мақсатымыз - рухани    жан  дүниесі  бай,  жан-жақты  жетіле 

дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Мұғалімнің  міндеті  оқушының  өзі  түсініп,  ізденіп 

оқуына, пəнді терең білуге бағыттау білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау. 

«Мектептің  тірегі  де,  тілеуі  де  оқыта  білетін  мұғалім»-  деп  Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай, 

қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа 

заман  талабына  сай  жан-жақты  білім  беру  мүмкін  емес,  себебі  қазіргі  білім  саласындағы 

талаптарды орындауға дəстүрлі технологиялардың деңгейі жетпейді.  

         12 жылдық мектепте бастауыш мектеп оқушыларының білім деңгейлерін арттыру үшін 

дамыту оқыту технологиясының көмегі зор. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың 

белгілі мөлшерден шығып, саналы іс-əрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта 

оқыту  технологиясыен  көрнекті  ғалымдар  Л.С.Выготский,  М.Я.Лернер,  Л.В.Занков, 

В.В.Давыдов,  Д.Б.Эльконин  толық  зерттеп,  дəлелдеген.  В.В.Давыдов: «дамыта  оқыту 

дегеніміз – ақыл-ойдың  дамуының  көлсеткіші  ретінде  жинақтай,  қорытындылай  алу 

дағдысы»-дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік  əрекетін ұйымдастыру 

басты  назарда  ұсталады.  Ол  үшін  бала  өзінің  осы  кезге  дейінгі  білетін  тəсілдерінің  жаңа 

мəселесі  шешуге  жеткіліксіз  екенін  сезініп,  содан  барып  оның  білім  алуға  ынтасын  артып, 

білім  алуға  əрекет  жасайды.  Қазіргі  технологияларда  «миға  шабуыл»,  дебат,  үлгі,  жоба 

жасату,  қорғату,  оқу,  жазу  арқылы  оқушылардың  сыни  көзқарасын  қалыптастыру  жиі 

260


қолданып  келеді.  Соның    ішінде  əсіресе,  негізгі  концепциясын  ұсынып  жүрген  Эльконин, 

Давыдовтардың  дамыта  оқыту  технологиясын  алуға  болады.  Дамыта  оқыту  жүйесінде 

оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.  

Біріншіден-дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу əрекеті арқылы 

қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндерін ортаға 

салып,  мəселені  өз  беттерінше  шешуге  талпынады.  Сөйтіп  олар  осы  мəселе  туралы  өз 

білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, 

ішкі түткілері пайда болады. 

Екіншіден-дамыта  оқытуда  оқушы  жоғары  қиындықтағы  мəселелерді  шеше  отырып,  өзінің 

санасының саңылауларын ашады. Əр оқушы өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. 

Үшіншіден-оқушының жеке басының дамытатын басты құрал-ол өзінің əрекеті. Сол себепті 

дамыта  оқытудағы  оқыту  əдістері  оқушыны  белсенді  жұмыс  жағдайына  қоя  отырып, 

мəселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. 

Төртіншіден-дамыта  оқыту  жүйесінің  нəтижелі  болуы  оқушы  мен  мұғалімнің  арасындағы 

жаңаша қарым-қатынас арқасында ғана өз жемісін береді. 

Дамыта оқыту жеке тұлғаның ойлауын, танымын, есте сақтау қабілетін, сезімін, жандүниесін, 

мінезін,  тілін,  дарынын  дамытуға  бағытталады,  бір  сөзбен  айтқанда  тұлғаның 

шығармашылықпен  ойлауын  дамытуға  ықпал  етеді.  Шығармашылықпен  ойлау  адам 

дамуының ең жоғары биігі болып табылады. 

Дамыта оқыту тікелей баланы жан-жақты дамыта отырып оқытуға негізделеді. Дамыта оқыту 

мақсаттары төмендегідей: 

-

  Оқушы субъект, яғни, ол өзін-өзі дамыта алады. 



-

  Баланың  қабілетін,  дарынын  дамытуға  ықпал  жасайды  (іскерлігі,  машығын  дамыту 

емес) 

-

  Білім  дайын  күйінде  ұсынылмайды,  бала – тыңдаушы,  мұғалім – информатор  емес, 



керісінші, бағыт беруші, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды, 

іскерлігі белгілі бір проблема, ситуацияны шешу іс-əрекетін ұйымдастырушы, бағыт 

беруші. 

-

  Дамыта оқытудағы басты іс-əрекет – диалог, пікірталас, пікірлесу. 



-

  Дамыта  оқытудағы  мұғалім  қызметі – диалогты  ұйымдастырушы,  бағыт  беруші, 

балалардың іс-əрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы, 

Міне, осындай жүйелер арқылы «Өзіндік даму» жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік 

талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тəрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. 

Яғни, дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады.   

Дамыта  оқыту белгілері: 

1. Педагогикадағы  түсіндірмелі  көрнекілік  əдісі  алмастырады.  Бұл  əдіс  тұлға  дамуы

тығыз байланыста.

2. Дамытудың  барлық  заңдылықтарын  ескереді,  жеке  бастың  өзіндік  деңгейі  мен

ерекшелігіне сəйкестендіріледі.

3. Балаға іс-əрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

«Педагогика  бала  дамуының  ертеңгі  емес,  кешегі  күніне  сүйену  керек»,  деген

Л.С.Выготский. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтайды:

261


1. Өзекті даму деңгейі – бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-

əрекеттер;

2. Жақын даму аймағы – бұл бала əлі өз бетінше іс-əрекетті орындай алмайды, бірақ

үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.

Тұлға жақын даму аймағына өтуге өзекті даму аймағындағы білімдерін өз бетінше қолдануға, 

өзіндік танымын дамытуға дағдыланады. Бұл оқыту барысында мұғалім ұстанымы: дос, көп 

нəрсені білетін, терең білімді ақылшы. Оқушы танымы: өзі анықтап, еркін өз қалауы бойынша 

іс-əрекет ету, өзіндік дамыта оқыту технологиясында баланың өзін-өзі тануын ұйымдастыруға 

мұғалімнің  жоғары  педагогикалық  руханилығын  керек  етеді,  оның  балаға  деген 

сүйіспеншілігі, «мұғалім» мен «оқушы» арасындағы сенім мен оның ішкі əлемін танып білуге, 

жеке  қасиеттері  мен  мінезін  ашуға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  заман  талабына  сай 

құзыреттілікке негізделген оқытуда мақсатқа жетудің жолы да осы танымдық белсенділіктен 

басталады.  Педагогикалық    аспект  тұрғысынан  алғанда  белсенділіктің  үш  түрін  көрсетуге 

болады:  

1) Ақыл-ой белсенділігі

2) интеллектуалды белсенділік

3) таным белсенділігі.

Ақыл-ой  белсенділігі  элементарлы  іс-əрекеттен  бастап  шығармашылықтың  күрделі 

түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз əмбебап іс-əрекет шарты болып табылады. Ол түрлі 

модификацияларда көрінуі мүмкін:  

-

  Ынталандыру    жаңалығынан  туған  зейін  белсенділігі  жəне  бағдарлы-зерттеу  іс-



əрекетіне бағытталған белсенділігі ретінде; 

-

  Интеллектуалды ынталандыру түріндегі көрінетін тұлғалық белсенділік ретінде. 



Ақыл-ой  белсенділігінің  орталық  ядросын  когнитивті  функциялар  мен  процестер 

құрайды. Интеллектуалды белсенділік өзіндік шарттарға сай ой-əрекет ретінде түсіндіріледі. 

Танымдық белсенділік – жалпы  танымдық белсенділік феноменінің мағызды саласы, оның 

негізі  ретінде  адамның  ең  маңызды  қасиеті    болып  табылады:  қоршаған  əлемді  тек 

шындықтағы биологиялық жəне əлеуметтік мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның 

əлемге деген ең мəнді қарым-қатынасымен, яғни оның алуан түрлілігіне енуге ұмтылуымен, 

санада  мəнді  жақтарын    бейнелеуімен,  себеп-салдарлы  байланыстар,  заңдылықтар, 

қайшылықтармен түсіндіріледі. Осы белсенділіктің түрлеріне қарай отырып қорытындыласақ 

ақыл-ой, интеллектуалды, танымдық белсенділік шығармашылыққа жетелейді. Мұғалім осы 

үш белсенділікті арттыруға ұмтылуы тиіс. Сонда ғана құзыретті тұлға қалыптасады.  

Заман  талабына  сай  12  жылдық  орта  білім  беру  мазмұны  стандартпен

    анықталатын 

құзыреттіліктер  ретіндегі  білім  беру  нəтижелеріне  əрбір  білім  алушының  қол  жеткізуіне 

бағытталған: 

-

  Мəселелердің  шешімін табу; 



-

  Ақпараттық 

-

  Коммуникативтік құзыреттіліктер. 



Құзыретті  ұғымы  білім,  білік  жəне  дағды  сияқты  ұғымдарды  қамтиды.  Құзыреттілік 

оқыту оқыту нəтижесін ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-əрекеті 

тəжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған   

білімдер  мен  біліктерді  іс-жүзінде,  күнделікті  өмірде  қандай  да  бір  практикалық  жəне 

теориялық  мəселелерді  шешуге  қолдандана  алу  қабілеттілігі.  Ол  ең  əуелі  мектептегі  оқу 

үрдісінде  қалыптасады.  Құзыреттілік – оқушының  əрекет  тəсілдерін  жан-жақты  игеруінен 

көрінетін  білім  нəтижесі.  Бұл  оқушының  оқу-танымдық  əрекетіндегі  өзіндік  қызметін 

анықтауына,  өзінің  бағдары  мен  өз  іс-əрекетіне  баға  беруіне,  іс-əрекет  нəтижесін  өзгемен 

262


салыстыруға  мүмкіндік  туғызады.  Əрине,  оқушының  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру,  оған 

басшылық  жасау – мұғалім  үшін  жауапты  да    күрделі  жұмыс.  Оқушының  өзіндік  əрекетке 

белсенділігін арттыруға баулу əрбір мұғалімнің алғашқы міндеттерінің біріне айналуы тиіс. 

Оқушылардың өзіндік əрекетін қалыптастыруда  бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті 

шешу  қажет.  Бірі – оқушылардың  танымдық  танымдық  көзқарасын  қалыптастыра  отырып 

дамыту, екіншісі – өзінің практикалық  іс-əрекетін бағалауға, өзіндік қорытынды шығаруға, 

шешім  қабылдауға  баулу.  Оқушының  танымдық  құзыреттілігін  қалыптастыру  мұғалімнің 

жүйелі  ұйымдастыруымен,  нəтижеге  бағыттауымен,  тиімді  жоспарлауымен,  бірізділікпен 

орындалатын іс. Бастауыш сыныптан бастап, оқушының өзіндік əрекетін ұйымдастыра білу 

дағдысы  қалыптастыру  ісінің  бүгінгі  күнгі  білім  беру  мазмұнын  жаңғырту  процесінде 

мұғалімнің  іс-тəжірибесінен  ерекше  орын  алатыны  анық.  Жаңа  заман  жаңа  адамын  талап 

ететін  болса, ол адамның өмір сүру тəсілі өзіндік іс-əрекетін ұйымдастыра білуінен бастау 

алады. Ол жас кезеңдеріне сəйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы 

өзіндік іс-əрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың алғышарты 

болып табылады.  

Əдебиеттер тізімі 

1. Шығармашылық ізденістер. Бастауыш мектеп. 1996. - №2

2. Қ.М.Нағымжанова, Н.М.Нұрғазиева «Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялары»

3. «12 жылдық білім» журналы, 2005 ж.,  №7. «Білім беру саясаты, тəжірибе жəне

зерттеу»  

263


ЗЕРТТЕУ – ІЗДЕНУШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫН АҚПАРАТТЫҚ- 

КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ДАМЫТУ 

Ахметова Л. Қ. 

М. Мəметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

          «Оқушылардың  зерттеу  қабілеттерін  дамыту  тұжырымдамасы»  баяндамасында  

оқушылардың  зерттеушілік,  шығармашылық    қабілеттерін  дамыту,  сапасын  жақсарту 

жолдары туралы баяндалады.  

         Қазіргі  колледждерде  шығармашылық  ізденіс  қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық 

технологияларды  жете  меңгерген  мамандық  шеберлігі  қалыптасқан  мұғалім  қажет.  Бір 

уақытта  педагог,  психолог  жəне  оқу-процесін  ұйымдастырушы  технолог  бола  білуі  керек. 

Сонымен  қатар  оқушының  шектеусіз  қабілетін  дамыта  алатындай  білім  берудің  əлемдік 

кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан  болашақ мұғалімнің мамандық шеберлігі 

анықталады. 



Аннотация 

В  докладе  «Концепция  развития  исследовательских  способности  учащихся»  говорится  у 

путях  уличшение  качества  и  развития  исследовательских,  творческих  способности 

учащегося. Настоящее время в колледжах требуются специалисты способные к творческому 

поиску владеющее нового педагогическими технологиями. В тоже время необходимио быть 

педагогом,  психологом  а  также  технологом  оргнанизатором  учебного  процесса.  Также 

требуются  способность  вхождение  мирового  сообщества  для  развития  безграничных 

способности учащегося. В этом определятся творчество будущего учителя.  



Abstract 

In the report «Conception of development of student’s research skills» is said about the ways of 

evaluating and developing research and creative skills of students. Nowadays colleges needs 

specialist which have ability of creative research for new teaching technologies. At the sometime it 

is necessary to be a teacher, a phycologist  and  technologist organizer of the educational process. 

Also re-quiered the ability to entry the world community for the development of a student’s ability 

unlimited. The determined creativity of future teacher.  

 Адамның  тұлғалық  жəне  шығармашылық  əлеуетінің  сарқылмас  қайнар  көзі  үнемі 

субъектілік  ұстаным  болып  табылады.Адамзат  тарихында  субъектілік  мəселесі  əрқашан 

өзекті.     

Тұлғаның субъектілік қасиеттерін дамыту туралы тұжырымдамалар көп. Бірақ арнайы 

ұйымдастырылмай, нақтылы жоспар, басшылық жасалынбай субъектілікті дамыту нəтижесі 

жақсы  болмайды.  Субъектілік  даму  арнайы  ұйымдастырылған  мақсат-бағдарлы  процесс 

болуы  қажет.  Субъект-дегеніміз  не?  Алғашқы  рет  субъект  ұғымы  тұлға  болмысына  орай 

енгізген  психолог  С.Л.  Рубинштейн  болған.  Ол 1922 жылы  шығармашылықтағы  дербестік 

қағидасын  қорытып,одан  кейін  субъектілік-іс-əрекеттік  тұжырымдамасын  анықтаған.Ол 

постулаттық  тұжырым:  адам  субъект  болып  дүниеге  келмейді,  субъект  болып,  дамып 

жетіледі.  

264


Демек,  субъект-аса  жоғары  белсенділік,  біртұтастық,  жүйелілік,  автономдық  

деңгейіне  жеткен  адам.  Тұлғаның  субъект  дəрежесіне  жетуі  үшін  үнемі  қозғалыста  болуы 

қажет  деп  түсіндіреді  келесі  психолог  К.А.Абульханова.Ол «... кез  келген  тұлға  іс-əрекет 

субъектісі  бола  алмайды»,-деп  жазады.  К.А.  Абульханова  қайшылықтарды  шеше  алудағы 

мүмкіндіктерді  субъект  категориясының  анықтауышы  ретінде  ұйғарады.Тұлғаның  өзіне 

деген құнды жəне ортаға қатысты рухани-адамгершілік қатынастарын анықтайтын қасиеттер 

-  белсенділік,  дербестік,  жауапкершілік,  шығармашылдық  жəне  т.с.с.  Субъектілік 

ұстанымның  құраушылары  болып  табылады.Осы  қасиеттерге  бағдарлап  жұмыстар 

ұйымдастырылса, 

субъектілікті 

дамытуғаболады.[4] 

Оқушылардың  субъект  ретінде  дамуы  жəне  қалыптасуы  үшін  оны  зерттеу – ізденушілік 

жұмыстарға  үйрету  маңызды  орын  алады. Адам  өмірі  үшін  зерттеу – ізденушілік дағдылар 

тек ғалымдарға ғана емес, адамға кез – келген сферада жұмыс жасағанда керек. Жеке  тұлға 

бойындағы негізгі дағды ретінде ізденушілік қасиеттің қалыптасуы қазіргі заман адамының 

стилі болуы қажет.    

           Зерттеу – іздену  жұмыстарында  дəлелдеулердің  орны  ерекше  болып  келеді. 

Оқушыларды  зерттеу – ізденушілік  жұмыстарға  үйрету  үшін  оқушылардың  ғылыми 

орталығы балаларды əртүрлі психологиялық сауалнамалар арқылы зерттеп алу қажет.  

Оқушылардың  танымдық  жəне  тұлғалық  даму  қабілеттерін  анықтау,  оқушымен 

болашақтағы жұмыстарды ұйымдастыруға бағыт – бағдар береді. 

Зерттеу  нысаны  ретінде  алынған  колледж  студенттерінің  қызығушылығын  зерттеу 

барысында  қызығушылық  тудырушы  түрткі  себептердің  екі  топтан  тұратынын  танымдық, 

əлеуметтік екенін анықтадым.  

«Жас  ғалым»  атты  оқушылардың  ғылыми  орталығы 215 оқушының 180 – інің 

қызығушылығы  танымдық  қызығушылыққа  жатады.  Танымдық  қызығушылық  біртіндеп 

тұрақты  танымдық  сұранысқа  айналып,  үлкен  жасөспірімдік  жəне  бозбалалық  жасқа  келе 

қандай 


да 

бір 


білім 

саласындағы 

басымдылыққа 

 

ие 



болады. 

 

«Жас  ғалым»  атты  оқушылардың  ғылыми  орталығы  оқушылары  бойындағы  түрлі 



қабілеттер  мен  дарындардың  байқалу  деңгейін 

жəне де қазір қай түрі басымырақ болып тұрғанын 

сандық  сипатта  анықтау  үшін  Хаан  мен  Кафф 

əдістемесі 

қолданылды. 

Бұл əдістеме арқылы сыныптағы əр баланың  жеке 

қабілеттерін анықтауға болады.                        ҚТ-

Ж-12  к  тобының  студенті  Шамшадинқызы 

Ақнұрдың 

бойындағы 

қабілеттердің 

даму 


деңгейіне 

берілген 

бағалау 

сипаттамасы.

Ақнұр 

бірнеше 


жыл 

бойы 


оқушылардың 

«Шаңырақ » дебат  клубында, «Жас  Отан»  жас  қоғамының  мүшесі,  қалалық  жоба  қорғау 

жарысына  қатысып, 2-орын, 3-орын    алып  жүрген  оқушы.  Сабақтан  тыс  уақытта 

оқушыларды  зерттеу – ізденушілікке  үйретудің  тиімді  формасы  ретінде,  мектептерде 

оқушылардың ғылыми қоғамдарының құрылуы болып отыр. Ғылыми қоғамдарда оқушылар 

əртүрлі  тақырыптарда  жобалар  жазып,  оны 

қорғау  арқылы  өзінің  шығармашылдығын 

дамыта 


отырып, 

зерттеу – ізденушілік 

жұмыстарға  үйренеді.  Біздің    колледжімізде 

2010-2013  оқу  жылында  «Жас  ғалым»  атты 

оқушылардың  ғылыми  орталығы  құрылған. 

265


Алғашқы жылдарда 20-30 шақты ғана оқушы мүше болып, тек бірнеше оқушы ғана ғылыми 

іздену жұмыстарымен айналысқан.  

Оқу  үрдісінде  оқушыларды  зерттеу – ізденушілікке  үйрету  олардың  өзіндік 

жұмыстарын 

ұйымдастыру 

болып 


табылады.  

Сурет. 2 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру міндеттері 

Оқушылар  бұл  жұмыстарды  орындау  кезінде  теориялық  білімдерін  кеңейтеді, 

тереңдетеді, белсенді іс - əрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне 

деген  сенімі  нығайып,  жауапкершілікті  сезіну  қалыптасады,  шығармашылықпен  жұмыс 

жасауға мүмкіндік алады. 

 Өз  бетінше  жұмыс  жасау  кезінде  мұғалімнің  жұмыстың  міндетін  түсіндіруі,  орындар 

алдында  бағыт-бағдар,  түсінік – нұсқау  беруі,  оқушылардың  мақсатты  түрде  жұмыс  істеп, 

оның  нəтижесі  жемісті  болуына  ықпал  етеді.  Нəтижелі  жұмыстан  кейін  əр  оқушының 

бойында  өз  ісіне  деген  сенім  туады,  келесі  істі  ол  аса  бір  ынтамен  бастайды.  

Сур

ет. 3 Зерттеу – ізденушілік жұмыстың оқу үрдісіндегі орны 



Оқушылардың алған білімдері біліктілік пен дағдыларға айналу үшін, міндетті түрде 

олар  өздері  талаптанып,  белсенділіктері  артуы  қажет,  жауапкершілікпен  жұмыс  жасап, 

істеген ісіне деген сенімі болуы шарт.  

Шығармашылық  жұмыс – бұл  əрбір  адамның  əрекетті  саналы  түрде  таңдап  алып,  оны 

табандылықпен орындау арқылы сипатталатын қасиет.[5] 

    Еңбексіз талант – тұл. Шығармашылықтың негізі – ізденімпаздылықта, аңғарымдылықта, 

ұқыптылықта жатады. Бұл орайда ұлы Абайдың: 

          Сенбе жұртқа тұрса да сені мақтап, 

          Күлкі етеді ішіне құлық сақтап, 

266


          Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, 

  Еңбегің мен, ақылың екі жақтап, -  

деген даналық сөздері еріксіз ойға оралады. 

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығына өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. 

Шектеулі  уақыт  оқушылар  үшін  білімнің  белгілі  бір  бөлімдерінен  ғана  білім  береді. 

Ал  енді  пəнге  деген  қызығушылығы  оянған  бала  білгісі  келген  мəселелерді  толғандырып 

жүрген оймен тереңірек танысқысы келеді. Əрине ол мұғалімге мағұлмат беруді, жұмыспен 

айналысуына көмек сұрайды, жолдарын іздейді. 

Пəнге  қызығушылығын  арттыру  да  білімін  тереңдете  түсуде,  адами  қасиетін  ашуда 

сыныптан тыс жұмысының мазмұны зор, жəне  өз бетінше білім алу процесіне əрекет етеді.  

Оқушылардың  зерттеу  қабілеттерін  дамыту  үшін,  олардың  шығармашылық  ізденіс 

дағдыларын  қалыптастыру  барысында  мынадай  алты  деңгейлі  (фаза)  жұмыс  түрін 

ұсынамын.                             



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет