Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»


Үйірменің пəндік  оқыту əдістемесі



Pdf көрінісі
бет34/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   113

Үйірменің пəндік  оқыту əдістемесі: 

Пəндік оқыту əдістемесінің  құрылымдық бөліктеріне анықтама: 

Модульдік  технология + Оқушыларға сабақ беру процесіндегі өз тəжірибем бойынша 

оқытуды ұйымдастыруда негізінен модульдік  оқыту технологиясы қолданылады. 

Модульдік  технология  дегеніміз – ойын  элементтері    арқылы  тəрбиеленушілерді 

азаматтық белсенділікке бағыттайтын əдістер жүйесі. Модульдік технология əдістері арқылы 

пассивті  жағдайдан  активті  форматқа  ауыстырады.  Əр  оқушы  өзінше  шешім  қабылдайтын 

тұлғаға айналады [3]. 

283


Диюдың  адвокаты + Философиялық  заңдылық  бойынша  терістеуді  терістеу  заңы. 

Нақтылы  мағынасы  бар  тарихи  материалдың  мазмұнын  əдейі  өзгертіп  ұсыну  арқылы,  тура 

мəнін  тауып  дəлелдеуге  оқушыны  итермелеу.  Мысалы: «1465-1466 жж.  Қазақ  хандығы 

құрылды»  деген  фактіні «1465-1466 жж.  Германияда  үлкен  саяси  өзгеріс  болды»  деген 

тəрізді үлгілермен ұсынуға болады. 

Интерактивті  жинақ +  «Интерактивті  оқыту»  термині  бізге  ағылшыннан  енген, 

(«interactive», «inter»-«өзара», «active»-«əрекет  ету»).  Тəрбие  беру  мен  оқытудың  бұл 

əдстемесі барлық  мақсатты  іс-əрекеттің  бəрі тұлғаға  бағытталғандығында  болып  табылады. 

Өйткені бұл бірігіп оқуды яғни, ұжымда бірлесіп оқу, серіктесіп оқуды білдіреді [4]. 

Əдетте,  интерактивті      əдістемелер          өмірдегі          болған        жағдайларды          жəне 

мəселелерді бірлесіп шешу, рольдік ойындарды үлгі етуді көздейді. 

Қазіргі түсіндірілім форматында өзім күнделікті сабақта қолданылатын интерактивті 

əдістер түрлерін ұсынамын: 

Полемикалық  талқылаулар +  «Шынайы  ақиқат  пікірлер  таласынан  туындайды» 

демекші,  үйірме  қатысушылары  қашанда  кез  келген  салалық  тақырыптарға  қатысты    ой  –

пікірлерін  өз  көзқарасы  бойынша  бəсекелестікпен  жарысып  еркін  білдіруге  мүмкіндіктер 

алады. Формалары: дебат, дөңгелек стол,  саяси   формат, конференция, алқалы басқосулар 

т.б. 


Рольдік  қойылулар    +  Тарихта  болып  өткен  фактілердің  негізгі  барысынан  хабардар 

болу  үшін  оқушылармен  тақырыптық  рольдік  көрсетілімдер  жұмыстары  жүргізіледі. 

Тиімділігі: өткен заман аудиториясына қатысушылардың шынайылықпен еніп, нақты тарихи 

мағлұматтар алуына бағыттайды. 

Ситуациялық  жағдаяттар +  Белгілі  бір  тақырыптар  шеңберіндегі  нақтылы  фактілер 

бойынша əрбір көтерілістер, наразылықтар, т.б. оқиғалардан жағдаяттар келтіру барысында 

балалардың кең форматта ойлауына септігін тигізу. 

Тірек  сызбалық  түсіндірілім +  Белгілі  бір  тақырыптың  фактілік  мəліметтерін  жəне 

жалпы  негіздерін  түсіндіру  үшін  Шаталовтық  тірек  сызбалар  мен  Фрейд  тірегі  схемаларын 

қолданып  оқыту  өз  кезегінде  оқушылардың  есінде    нақтылы  көрнекі-бейнелік  ойлауды 

қалыптастырады [5]. 

Салалық  бағыттаулар +  Оның  мəнісі:  профиліне  қатысты  таңдаған  таңдау  пəніне 

байланысты  мамандықтардың  мазмұнымен,  жалпы  маңызды  ақпараттар  жиынтығымен 

консультациялар  беру  арқылы  талапкерлерді  өзінің  болашақ  кəсібінің  грантын  иеленуге 

оқушыларды ынталандырады. 

Нақтылаушы  фактілер +  Жалпы  ҰБТ-ға  дайындық  процесі  ұқыптылықты  қажет 

ететіндіктен,  жалпы  пəндік  оқуда,  əсіресе,  оның  ішінде  аралық  тесттік  сынақтар  кезінде 

жоғары  нəтижеге  қол  жеткізу  мақсаты – ең  бастысы,  жылдамдық  пен  нақтылықты  талап 

етеді.  Сондықтан да,  əрдайым да кез  келген сұрақтың жауабын тез əрі дұрыс табу үшін о 

бастағы  дайындықтан  бос  сөзден  гөрі  мағлұматтың  нақтысын  жаттап,  жинақылыққа 

бейімдеу маңызды.  

Көзқарастар  ұсынылымы +  Тарих  тəрізді  қоғамдық  пəндік  пəндерді  оқытқанда 

қашанда  жеке  тұлғаның  көзқарастар  айтқанда  пікірлер  алуандығын  қамтамасыз  етуге 

ынталандыру балалардың демократтық ұстанымдарға,  адалдыққа  бейімдейді. 

Еркіндік  аурасы + Қай  ортада  жəне  қандай  ситуацияда  болмасын,  оқушылардың 

өздерін еркін сезініп, адами теңдік ұстанымдарға беріктігін орнықтырады [6]. 

Балалардың  бір-біріне  деген,  ең  бастысы,  достық  пиғылдары  оянып,  саяси 

прагматизмді қалыптастырады.  

Тəрбие көрінісі      +      Қоғамдық іс-шаралар    =   Шынайы елжандылық 

284


Тəрбие көрінісі +  Осы дайындық жұмыстары барысында ең басты объективті мақсат –жеке 

тұлғаның  рухани  дамуын  қамтамасыз  ету  болғаны  себепті,  оның  адамгершілік  қасиетін 

арттыру,  əр  үйірме  мүшесінің  бір-біріне  педагогикалық  тактісін  ояту  алдағы  кезеңде 

талапкердің тұтас гумандылығын өрістетеді. 

Қоғамдық  іс–шаралар  +  Тек білімдік дағдыны қамтып қана қоймай,  сонымен қатар, саналы 

тəрбиені  де  үйлестіру  үшін    əр  түрлі  тақырыптардағы  əрі  түрліше    форматтағы ( дөңгелек 

стол,  білім-ғылым,  т.б.сала  өкілдерімен  кездесулер,  пікірталастар,  рольдік  көрсетілімдер, 

тренингтер,  ғылыми  жоба  жарыстары,  олимпиадалар  т.с.с.)  ұйымдастырылымдар  үйірме 

мүшелерінің    тəрбиелік  көрегенділіктерін  арттырады,  талапкерлердің  көшбасшылық, 

феномендік ерік-жігерлерін, фундаментальді білімдерін еркін танытуға кең мүмкіндік береді.  

Шынайы  елжандылық    +  Қашанда  елдің  қамын  ойлайтын  ерлер  халықтың  арасынан 

шыққаны  белгілі.  Сондықтан  да,  Абай  айтпақшы: «Ерім  дейтін  елі болмаса,  елім  дейтін  ер 

қайдан  болсын?!»  Сол  себепті,  үйірме  мүшелерінің  патриоттық  сезім  деңгейін  оқыту 

үрдісінде  үнемі  көтеріп  отыру  болашақ  қазақ  мемлекетінің  туын  биікте  ұстайтын 

отаншылдарды даярлайды. [7] 

Өйткені,  педагог  ретінде  жастарды  отаншылдыққа  үнемі  жігерлендіру  ертеңгі 

батырлардың шынайы елжандылығын қазірден қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.  

Осы бірліктер педагогикалық бірізділіктің мақсаттылығын қамтамасыз етеді.  

Аталмыш  бағдарламаны  жүзеге  асыру  механизмін  осы  үлгіге  қарап  жүргізу  арқылы 

оқушыларың  барлық  азаматтық  қырлары  мен  саяси  позициялары  белсенді  оянып,  біздің 

қоғамның негізгі тетігіне айналады. 

Балалардың  бір-біріне  деген,  ең  бастысы,  достық  пиғылдары  оянып,  саяси 

прагматизмді  қалыптастырады.  Дəл  осы  саяси  прагматизмнің  шынайы  негізі  мынадай 

форматта қалыптасады.     



Тəрбие көрінісі + Қоғамдық іс –шаралар = Шынайы елжандылық 

Яғни,  зияткерлік  мектептерде  тарих  пəнінен  үйірмелік  жұмыстарды  ұйымдастыруда  

осы  форматтың жүзеге асырылуы барысында Назарбаев зияткерлік мектебінің өздігінен ой 

түйетін,  тарихтың  кез  келген  маңызды  сұрақтары  мен  проблемаларына  қатысты  өздігінше 

жол  нұсқай  алатын,  үйірмелік  сабақтар  барысындағы  меңгерген  теориялық  білімдерін 

практикада шынайы қолдана білетін көшбасшылар легі қалыптасады.  

«Өткеніңді  білмей,  келешегіңді  болжау  қиын»,-дейді,  дана  халқымыз.  Ендеше, 

шығыстың  ұлы  ойшылы  Рудаки: «Өмір  теңіз,  онда  жүзем  демеңіз,  ізгіліктен  жасалмаса 

кемеңіз»  демекші,  қашанда  кез  келген  өренді  шығармашылықтың  жоғарғы  əлеуетіне  

бағыттау өз қолымызда. 



Əдебиеттер тізімі  

1. Сманқұлова Ж.Е. Оқытудың интерактивті технологиялары, Алматы, 2004 ж.

2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде,

Алматы, 2002 ж. 

3. Юсуфбекова Н.Р. Общие основы педагогической инноватики. Опыт разработки теорий

инновационных процессов в образовании, Москва; 1991.  

4. Эддинал Э, Персивал Ф. Игры, имитация и социальная значимость наук, //Наука и

общество, 1984, №2. 

5. Пидкасиситный П.И, Портнов М.Л. Искусство преподования, Москва, 1998.

6. Ильясов И.И. Структура процесса учения, Москва, 1986.

7. Əбдіжалиев Н.Ə. Тарихты оқытудың интерактивті əдістері, //Қазақстан тарихы, 2006, №4.

285


ЖАҢАЛЫҚҚА ҚАРАЙ ЖАСАЛҒАН БАТЫЛ ҚАДАМ НЕМЕСЕ 

ТƏЛІМГЕРЛІК ТУРАЛЫ 

Əбдіқалық В. Ж. 

Түрлі пəндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық 

мамандандырылған мектеп-интернаты, Ақтау қаласы  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Бұл мақалада 3 айлық курстардың бағдарламасы бойынша бір əріптесіне тəлімгерлік 

жасаған мұғалімнің тəжірибесі мен оның нəтижесі туралы айтылады. Тəлімгерлік жұмыстың 

мұғалімді  өз  мамандығын  сүюге,  балалармен  жұмыс  жасаудың  жаңа  тəсілдерін  меңгеруге 

құлшындыратынын  дəлелдейді.  Бұл  үдерістің  мектеп  үшін  де,  жеке  мұғалім  үшін  де 

маңыздылығына назар аударады. 



Аннотация 

В данной статье учитель, прошедший курсы повышения квалификации  по Программе 

второго  (основного)  уровня,  описывает  опыт  и  результаты  менторинга  с  одной  коллегой. 

Наставничество  мотивирует учителя к изучению новых подходов в работе с детьми, ценить и 

любить свою профессию. Автор обращает внимание на важность процесса менторинга как для 

учителя, так и для всей школы. 



Abstract 

           Having taken a course of improvement of qualifications according to the Syllabus of second 

(basic) level, the teacher describes experience and result of coaching with a colleague in given article. 

Coaching motivate the teacher for studying new approaches in the work with children, to appreciate 

and love her profession. The author pays attention to significance of the coaching process both for 

the teachers and for all the school. 



 

Оқыту  мен  оқу  жүйесіне  жеке  тұлғаға  бағытталған  қарқынды  өзгеріс  енгізу 

мақсатында  жүргізіліп  жатқан  Кембридж  университеті  əзірлеген  жаңа  Бағдарламаны 

енгізушілер  ұсынып,  біз  басшылыққа  алған  Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулықта:  

«Тəлімгерлік – ұзақ  уақытқа  созылатын,  тəлімгер  мен  тəлім  алушы  арасында  сенімді,  жеке 

тұлғаға  бағытталған  қарым-қатынас  құру  үдерісі.  Тəлімгерліктегі  басты  ұстаным – қызмет 

емес, қарым-қатыныс болып табылады, оның барысында тəлімгер объективті тыңдаушы жəне 

бағыттаушы болады» деп анықтама берілген. Мен осы теориялық негіздемені ұстана отырып, 

мектептегі  тəжірибе  кезеңінде  бір  жас  маманды  тəлім  алушы  етіп  таңдағанмын.  Ол – 

Бекбосинова Жансая Битимбаевна, 1989 жылы дүниеге келген. 2011жылы Ақтау қаласындағы 

Ш.Есенов  атындағы  Каспий  инжиниринг  жəне  технологиялар  университетінің  педагогика 

факультетін  үздік  бітірді.  Өзі  екі  жыл  қатарынан  педагогикалық  іс-  тəжірибеден  өткен 

дарынды  балаларға  арналған  облыстық  мектеп-интернатта  физика  пəнінің  мұғалімі  болып 

жұмыс істейді. Еңбек өтілі 3 жыл. Ол– жұмысына ынталы, қабілетті, зейінді, жаңашылдыққа 

құштар  жас.  Оқушылармен  тіл  табыса  біледі.  Мектептегі  қоғамдық–көпшілік  шаралардың 

жақсы өткізілуіне белсенді араласады, тіпті көбінесе тікелей ұйымдастырушы болып жүреді. 

«Сабақты қалай жақсы жеткізуге болады? Оқушы тақырыпты өз бетінше оқып, түсіне алады 

дегенге қаншалықты сене аласың?» деген сұрақтарға тəлім алушымның жауабы шектеулі ғана 

286


сөздерден тұратын еді. Өзі түсіндірмесе, кейбір физикалық тақырыптарды, заңдылықтар мен 

формуланың  шығуын  оқушылар  меңгере  алмайтынын,  оны  қалайда  мұғалім  түсіндіру 

керектігін  айтатын.  Сыныпты  топтастырып,  оқушыларға  сөйлеу  еркіндігін  беруден  барлық 

жас мұғалімдер секілді ол да жүрексінетін. Тек ашық сабақ кезінде ғана, онда да  топтарды 

жарыстыру  керек  болғанда  топтық  жұмыстар  береді  екен.  Бағалау  кезеңіне  көп  мəн 

бермейтінін байқадым. Себебі көбінесе бағалауға үлгермей қалады екен жəне бір сабақта 4-5 

оқушы  ғана  бағаланады.  Зерттеушіліктегі  келесі  қадамымды  Жансаяның  жаңаша  өткізілуге 

тиісті сабағына жоспар жасаумен жалғастырдым. Енді сабақты бірге жоспарлау аса қиындық 

тудырған жоқ. Дəстүрлі сабақтағыдай емес, тақырыпты ашуға қажетті сұрақтарды дайындауда 

Жансая қиналыңқырады, тақырып мазмұнын өзі қайта-қайта оқып қарауына көп уақыт кетті. 

Өзгертілген  бірінші  сабағын  сегізінші  «А»  сыныбында  өткізді.  Парталарды  бес  топқа  алты 

оқушыдан  отыратындай  етіп  дөңгелете  қойған.  Тез  ұйымдастырылды.  Балалар  бұрынғы 

қатарлары  бойынша  жинақталды.  Жансаяның  сабағында  балалар  тыныш  отырады  екен. 

Сабақты  үй  тапсырмасын  сұраудан  бастады.  Кешегі  өткен  «Термодинамиканың  Бірінші 

заңын» балалардың қалай меңгергендігін алты сұрақты қамтыған тест алу арқылы тексерді. 

Жауаптарды  төрт  минуттан  соң  интербелсенді  тақтадан  көрсетті,  балалар  өз  жұмыстарын 

қызыл  сиямен  тексерді,  бағалады:  үш  жауаптан  төмен  болса, «қанағаттанғысыз»,  бес,  алты 

жауап  «өте  жақсы»  деп  бағаланады  екен.  Жаңа  сабақты  бастар  алдында  «Көбелек» 

бейнетүсірілімінен  тек  суретті  үзінді  көрсетті.  Балалар  ойланды.  Сəлден  соң  «бұл  бізге 

арналған  кино  ғой,  енді  сіз  сабақты  түсіндірмейсіз,  біз  өзіміз  оқып  түсінуіміз  керек  екен. 

Əйтпесе дым білмей қаламыз екен» деп, өздерінің бұдан түйген қорытындыларын жариялады. 

Ең  бастысы,  топтардың  жауаптары    ұқсас  шықты.  Сабақ  барысында  тақырыпты  оқып 

меңгеруге  арналған  сұрақ,  тапсырмаларды  уақытымен  таратып  берді.  Жауаптарды  тыңдап 

тұрып,  Жансая  оқушының  жауабы  жеткіліксіз  болса,  толықтыру  жасауды  сұрады:  сұрақты 

кеңейтіп, ашық сұрақтар қойып тұрды. Диалогтік оқыту əдісін сабақтың үш кезеңіне сəйкес 

қолданды:  екі  топқа  газ  бен  будың  қызметіне  дебат  əңгіме  жасауды,  үшінші  топқа  жылу 

процестері  туралы  кумулятивтік  əңгіме  жасауды,  ал  жылу  процесінде  орындалатын 

жұмыстарды есептеу формулаларын қолдану жөнінде зерттеушілік əңгіме құрастыруды соңғы 

топқа берді. Бұл жұмыстарды əзірлеуге он минуттан, қорғауға үш минуттан, пікір айтуға екі 

минуттан берілді. Ең бастысы, диалогтік əдісті тақырыпты түсіну, талдау, қолдану, жинақтау 

кезеңдерінде жүзеге асырды. Ал бағалау үшін тақырыптағы ең басты құндылықтарды тауып, 

сол  бойынша  анықтамалықтарды  айтқызды:  əр  бала  бір  ереже  тауып  айтқанда,  сабақты 

түсінгендері,  дағдыларды  меңгергендері  көрінді.  Осы  үдеріс  үстінде  бағалау 

қорытындыларын  шығаруға  мүмкіндік  туды.  Сабақ  соңында  оқушылар  рефлексиясы 

тыңдалды. Олар бүгінгі сабаққа аса риза болғанын, əсіресе үш нəрсе қатты ұнағанын айтты: 

сергіту ойындарының керемет ұнағаны, тақырыпты топ ішінде талқылағандары, постер жасап, 

жарнаманы  қорғағандары  қызықты  болыпты.  Тəлім  алушыммен  бірлескен  жұмысты  келесі 

тізбектелген  сабақ  жоспарлары  бойынша  тағы  да  сегізінші  сыныпта  бір  рет,  он  бірінші 

сыныпта  өтетін  екі  сабағы  барысында  жалғастырдым.  Кері  байланыс  жасап  отырудың,  өз 

сабағыңды бейнежазбадан қайта қараудың тиімділігі көп екен. Мұғалім өз сабағы туралы пікір 

айтып, қорытынды жасағанда, бұл сабақтардың ең басты ерекшелігі –топтасып жұмыс істеу 

барысында  оқушылар  арасындағы  ынтымақтастық  орнатуы,  мұғалімнің  оқушыларға 

тапсырманы өз бетінше игерулеріне мүмкіндік беруі, сыныптың сабаққа толықтай қатысуы, 

оқушы  мен  оқушы,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  белсенді  керібайланыстың  орнауы 

болғандығын  ризашылықпен  атап  өтті.  Ал  мен  сабақта  осы  іс-əрекеттердің  қалай  жүзеге 

асатындығына  мəн  бердім.  Сабақтарды  бақылай  отырып,  соңында  тəлімгермен  бірлесе 

талдауға өзінің үйренгенін, жеткен жетістіктері мен кездескен қиыншылықтарын өзі саралай 

287


айтуға  тартуды  көздедім.  Кері  байланыс  кезінде  оның  жеткен  жетістіктерін  сөзбен  де, 

ишарамен  де  мадақтай  отырып,  кездескен  қиындықтарын  бірлесе  шешудің  жолдарын 

көрсетуге  тырыстым.  Алғашқы  сабақты  талдау  барысында  тəлім  алушымның  кездескен 

қиыншылығы мынадай еді: уақытты тиімді пайдалана алмады, себебі тапсырманы тым көп 

қамтыпты  жəне  оқушыларды  бағалаудың  тіпті  қиындау  болды.  Оқушылар  өздерін  асыра 

бағалаған, ал топтық жұмысты бағаласа, топ ішінде сəл ғана əрекет еткендер де көппен бірге, 

еңбексіз жақсы бағаға ие болып шыға келеді. Сондықтан мұғалім бастан-аяқ оқушылардың 

жұмысын, бағалау процесін назардан тыс қалдырмау керектігін түсініпті. Сабақты бақылау 

барысында  менің  байқағаным:  Жансая  тапсырманы  түрлендіре  беруге  тырысқан.  Мұғалім 

жұмысқа  қызығып  кетіп,  уақыт  шектеулілігін  ұмытып,  дайындаған  барлық  ресурстарын 

қайтсе де орындатуды көздеді. Бір жағынан, оқушылардың тапсырманы тездетіп орындауға 

əлі  бейімсіздігі  де  себеп  болды.  Ал  келесі  сабақта  сол  кедергілерді  жеңу  үшін,  сабақты, 

берілетін  тапсырмаларды  нақты  уақытқа  бөліп  жоспарладық.  Бұл  жоспарымыз  нəтижелі 

болды.  Аз  болса  да  уақытты  үнемдей  алдық.  Осылай  əрбір  талдаудан  кейін  кездескен 

қиыншылықтарды жеңуді, жетістікті дамытуды мақсат етіп отырдым. Менің кері байланысым 

көбіне ауызша түрде болып отырды. Ал сабақтан соң, бейресми коучингтен соң кері байланыс 

жасалды, жұмыстан кейінгі уақытта телефонмен немесе интернет жүйесіндегі почта арқылы 

жүрді. Кері байланыс орнату үшін, тапсырмалар кітабы бойынша, сабақ түсірілімі бойынша 

арнайы сұрақтар тізбегін құрастырып дайындап алдым, тəлім алушыға арналған күнделігіме 

оның сабағының қорытындысын, коучинг қорытындысын жазып отырдым. Кері байланыстың 

да,  коучингтердің  де  бейнетүсірілімі,  фотолары  жиналды.  Тəлімгерлік  ету  үдерісінің  үш 

апталық кезеңінде Жансая өзінің алған үлгісін, жаңалығын, қорытындысын, ұсыныс пікірін 

əріптестері  алдында    жұмыс  нəтижесі  ретінде  таныстырылым  жасап  көрсетті.  Əріптестері 

оның  сабақтарына  қатысып,  пікір  айтты.  Тəлім  алушым  өз  қорытындысын  былайша 

тұжырымдады: 

 Жаңа тəсілдерді  тиімді қолдану сабақтың  нəтижелілігіне сендірді.

 Өзімдегі  өзгерістерді  санамалап  айта  аламын:  балаларға  бұрынғыдай  ұрыспаймын,

орынсыз  қатты  басқарудың  қажетсіздігін  түсіндім,  балаға  сенім  білдірдім,  топта

жұмысты  еркін  бөлісуге  жағдай  жасайалдым,  сабаққа  дайындалу  уақытымды

кеңейттім, тапсырманы топтарға, балаға қабілет, дарынына қарай бөлуді үйрендім.

 Дегенмен бағалау мен топтық жұмыс жасау бірге тап болғанда, қиындық туатыны рас.

Балалар  өздерін  артық  бағалайды  немесе  бағалауды  қарым  қатынас  құралы  етіп

пайдаланады. Тақырыптың бəрі бірдей оңай меңгерілмейді.

 Таңғалдырғаны:  бұрын  сабаққа  енжар  қарайтын  балалар  бір  топқа  жиылғанда,  өз

ішінен бір топбасшы еріксіз алға ұмтылып шығады екен; топтағы  талқылау барысында

бұрын  ортаға  шығуға  ұмтылмайтын  балалар  постер  қорғауға,  жарнама  жасауға

батылдық танытты.

 Мен əлі де теориялық жағынан дайындалуым керек, Валентина апаймен байланысты

үзбеймін деп тұрмын,-деген болатын.

Тəлімгерлік  етудегі  іс-əрекетті  жүзеге  асыру  барысында  тəлім  алушы  мұғалімді

жетістікке  жетелеу  үшін,  үйретушінің  бойында  жеке  басына  қатысты  құндылықтары 

жоғарыда  тұру  керек  деп  білдім.  Бұл  жайында  мұғалімдерге  арналған  нұсқаулықтағы 

тəлімгерлік  үдерісі  туралы  сипаттамада  былай  делінген: «Тəлімгер  тəлім  алушыға  күрделі 

тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, 

ортақтастық,  шынайылық,  адалдық  танытуға  дайын  болады».  Яғни,  мен  тəлім  алушымен  

осындай байланыста болуға тырыстым. Аз уақыттық тəлімгерлік қызметтің барысында менің 

де, менің тəлім алушымның да алары көп болды деп ойлаймын. Мен үйрете жүріп үйрендім. 

288


Əлі үйренетінім, оқып танысатыным көп. Бұл біздің Бағдарламаның идеясын іске асырудағы 

бірлесіп  істеген  жұмысымыздың  бастамасы  ғана.  Менің  пікірімше,  тəлім  алушы  бұл 

тəжірибеден біраз нəрселер алды. Атап айтар болсам, сыныпты топқа бөліп отырғызу арқылы 

тапсырмаларды  топқа  арнап  негіздеуді,  оқушының  өз  білімін  өзі  алуына  мүмкіндік  беруді, 

берілетін тапсырмаларды жүйелі, түсінікті, нақты етіп дайындауды, оқытуда баяндаушы емес, 

бағыт беруші; өз білгенін іске асырушы емес, оқушы үніне құлақ асатын тыңдаушы екенін 

үйренді деп ойлаймын. Жəне оны өзінің менімен кері байланыс жасаған кезінде айта кетті. 

Мен тəлім алушымның қабілетті, ынталы болуы, пікіріміздің бір жерден шығуы, бір-бірімізге 

сыйластық  пен  ілтипат  танытудың  арқасында  сəтсіздікке  ұшыраудан  гөрі,  табысқа  қол 

жеткізуіміздің басым болғанына қуандым.                                                                                      

Курс  үшін  басты  шарт  саналатын  тəлімгерлік  тəжірибесі  екеуіміз  үшін  де 

басталғанымен,  əлі  аяғына  жеткен  жоқ.  Міне,  жаңа  оқу  жылында  да  сабақ  беретін 

сыныптарымыз ортақ болғандықтан, өзінің пайдалы екенін дəлелдеген бұл үдерісті əрі қарай 

шындап жалғастырудамын. Тəлім алушымды тəжірибе жинақтауға  ғана алып, көрсеткіш үшін 

уақытша жұмыс жасамадым. Мен оны түрлі педагогикалық сайыстарға жетелеуім керек. Сол 

себепті    тəлім  алушымның  жеке  өзіне  қатысты  жоспарларым  да  бар.  Оны  мұғалімдік  істің 

шеберлігіне бейімдеп, кəсіби біліктілігін арттыруға, облыс, республика көлемінде өтілетін іс-

шараларға дайындай отырып, бойындағы адами құндылықтарын дамытуға қолдау көрсетуге 

əрқашан  дайынмын.

  

Əдебиеттер тізімі 

1.

Мұғалімге арналған нұсқаулық . Екінші (негізгі) деңгей. Астана: ПШО, 2012. 85-86-б.



289

“ACTION RESEARCH” ЖОБАСЫ – ОРТА БІЛІМ 

МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ 

Əжібаева Ж. С., Байтоқаева Л. С. 

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы 

 Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

       Бұл  мақалада “Action Research” жобасының  мектепте  орта  білім  мазмұнын  жаңартып,  

мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынасты  нығайту  жəне    біріккен  мұғалімдердің 

тəжірибесін дамыту үшін қосатын үлесі қарастырылған. 



Аннотация 

       В данной статье рассматриваются преимущества проекта “Action Research” во внедрении 

новых методов в средней школе, в укреплении отношений между учителями и учениками и в 

улучшении взаимной практики учителей.   



Abstract 

        This  article  focuses  on  the  significance of the project “Action Research” in implementing 

novelties in the secondary school, in strengthening the trustful relationship between teachers and 

students and in improving the collaborative practice of school teachers. 

         Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен 

оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім 

беру,  түрлі  технологиялық  тəсілдер  арқылы  оқуға  деген  қолжетімділікті  арттыру  сынды 

мысалдарды  айтуға  болады.  Біздің  елімізде  білім  беру  жүйесін  жаңғырту  үш  басты  бағыт 

бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тəрбие 

үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. 

Осы  үш  бағыт  бойынша  жұмыс  жасау  Елбасы  Н.  Назарбаевтың  жыл  сайынғы  халыққа 

Жолдауында да, ұзақмерзімді стратегияда да қамтылған [1]. 

         Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сəтті орындаудың 

негізгі  шарттарының  бірі  болып  саналады.  Олар  оқу-тəрбие  жұмыстарының  тиімділігі  мен 

өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.  

         Өзгерістер  өмірдің  диалектикасы  ретінде  тек  қана  біздің  заманға,  біздің  қоғамға  жəне 

біздің өмірге тəн құбылыс емес. Олар мəңгі адами қозғалыстың,  яғни адамның жақсы  өмір 

сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының 

көрінісіне  айнала  отырып,  жалпы  өмірдің  диалектикасын  бейнелейді.  Жуырда  ғана  мұндай 

өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара 

тығыз байланысты дамуының нəтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады [2].          

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 

жаңалық  пен  жаңашылдықты  насихаттайтын  бірден-бір білім  ордасы  болып  табылады.  Бұл 

жаңашылдықтың қатарына “Action Research” жобасын жатқызуға болады. Action Research (іс-

əрекетті  тəжірибеде  зерттеу)  мектепті  жəне  мұғалімдер  көшбасшылығын,  олардың  кəсіби 

дамуын жетілдіріп, білім беру жүйесін жаңартудың кепілі болып табылады. “Action research” 

290


жобасының  басты  мақсаты    -  мектептің  білім  сапасын  арттыра  отырып,  білімді  жаңадан 

жасаудан гөрі тəжірибені, яғни практиканы жаңарту.  

        Мектеп  базасындағы  іс-əрекеттегі  зерттеу  практик-мамандарға  мектеп  проблемаларын 

талдауға,  пайымдауға  жəне  шешуге  мүмкіндік  беретін  үдеріс  болып  табылады.  Аталған 

зерттеу  түрі  шын  мəнінде  «ол»  үшін  қаншалықты  болса, «білімдегі»  жəне  «білім»  туралы 

болып  табылмайды.  Осыған  байланысты  мектеп  мұғалімнің  іс-əрекеттегі  зерттеуі  оны 

барынша  тереңдетіп  түсіну  жəне  одан  əрі  жетілдіру  мақсатында  өз  практикасын  өзіндік 

рефлексивті  зерттеу  үдерісіне  тартуды  білдіреді.  Іс-əрекеттегі  зерттеуге  қатысушылардың 

күші  проблемаларды  үздіксіз  анықтауға,  деректер  жинауға,  оларды  талдауға  жəне  оның 

негізінде – практикалық  іс-əрекеттерді  анықтау  арқылы  оқу  бағдарламасын  жаңғыртуға, 

қолданыстағы мектеп практикасын қайта пайымдауға бағытталған.  

         Зерттеуді өзі жұмыс істейтін сыныптың проблемасын зерделейтін бір мұғалім, шешімін 

таппаған  ортақ  мəселені  зерттейтін  мұғалімдер  командасы,  сондай-ақ  мектеп,  аудан,  қала 

проблемаларын  зерделейтін  өзге  тұлғалар  жүргізулері  ықтимал.  Бірлескен  іс-əрекеттегі 

зерттеу сыныптың өзекті проблемаларын шешуге мүдделі екі немесе одан да көп мұғалімнің 

жəне  өзге  тұлғалардың,  əдістемелік  бірлестік  мүшелерінің  жəне  басқалардың  қатысуын 

болжайды. 

        Мектептің  қызметкерлер  тобы  проблеманы  зерттеу,  деректер  жинау  жоспарын  əзірлеу 

жəне  бекітілген  іс-əрекеттер  жоспарына  сəйкес  шешімдер  қабылдау  үшін  бірлесе  жұмыс 

істейді. Мектепке арналған іс-əрекеттегі зерттеу үлгісі ретінде қорытынды нəтижеге теріс əсер 

ететін  оқыту  аспектілерін  анықтау  үшін  сыртқы  қорытынды  білім  бақылауының 

нəтижелерінің  сараптамасын  жəне  оқушылардың  үлгерімін  арттыру  мақсатында  кезекті 

түзетуші іс-əрекеттер жоспарын əзірлеу қолданылуы мүмкін. Топтық жұмыс жағдайындағы 

тиімді ынтымақтастық жəне əрқайсысының ортақ нəтижеге қосатын жеке үлесі өте маңызды. 

Аталған  проблемалар  шешілетін  кезде  бір  іске  бірге  қатысу  жəне  жүргізілген  жұмыс 

нəтижелеріне қанағаттану сезімі пайда болады.  

       Өңірлік  кеңейтілген  іс-əрекеттегі  зерттеу  барынша  күрделі  болып  табылады  жəне 

ресурстардың көп көлемін қажет етеді, бірақ оның нəтижелері де маңызды болуы мүмкін. Осы 

тəрізді зерттеу мəні ұйымдастырушылық жəне қоғамдық үдерістер, оқушылар үлгерімі немесе 

жүргізілген реформалар зардаптары болуы ықтимал. Өңірлік іс-əрекеттегі зерттеулер бірқатар 

мектептерге  тəн  ортақ  проблеманы  шешуге  бағытталуы  немесе  ұйымдастырушылық 

сипаттағы  проблемалардың  біріне  арналуы  мүмкін.  Осы  тəрізді  зерттеу  кемшіліктері 

жинақтаушы құжаттаманы əзірлеу жəне жүргізу зерттеу үдерісін одан əрі жалғастыру жəне 

дамытуды қамтамасыз ету қажеттігі болып табылады. Зерттеуге қатысушылардың деректер 

жинауы  олардың  жұмысқа  үйірсектігін,  бекітілген  жоспарға  сəйкес  барлық  тапсырмаларды 

уақытылы  орындауларын  талап  етеді.  Сол  уақытта  зерттеу  топтарының  əртекті  құрамы 

үдерісті оңтайландыруға жəне зерттеудің сапалы өтуіне мүдделі топ қатысушылары арасында 

серіктестік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді [3, 17-18-б.] 

       Action Research жобасына қатысушы мұғалімдердің санына қарай іс-əрекеттегі тəжірибені 

зерттеу бірнеше түрге бөлінеді: 

1. Жеке  мұғалімнің  зерттеуі.  Бұл  зерттеу  барысында  мұғалім  жеке  сыныптағы  немесе

сынып  ішіндегі  бір  проблеманы  зерттейді.  Зерттей  отырып,  өзі  жекелей  маңызды

қағидаттарды ұстанып, өз тəжірибесіне сүйеніп, болжам жасайды.

2. Топтық  зерттеу.  Топтық  зерттеу  ынтымақтастық  атмосферасын  құруға  ықпал  етеді.

Бірнеше мұғалімдер өз сыныптарындағы ортақ проблеманы негіз етіп, зерттеу жүргізіп,

тəжірибе алмасып, осы проблеманы шешу жолдарын ұсынып, мектептің білім сапасын

оңтайландыруға септігін тигізеді.

291


3. Мектепішілік  зерттеу.  Аталған  зерттеу  түрінің  мектеп  үшін  маңызы  зор.  Жалпы

мектепте  орын  алған  проблеманы  барлық  мұғалімдер  бірігіп,  зерттеу  жасап,  мектеп

жұмысының жанданып, жаңарып, жақсаруына əсер етеді.

4. Аудандық зерттеу. Бүкіл аудан бірнеше мектептерге тəн проблеманы анықтап, оны өз

тəжірибесінде зерттеп, ортақ шешімге келеді.

       Оқыту  мен  тəрбиенің  тиімді  тəсілдері  мен  əдістерін  табуда,  орта  білім  мазмұнын 

жаңартуда  мұғалімнің  өз  тəжірибесін  өзі  зерттеп  жинақтау  ісі – əрі  қиын,  əрі  күрделі 

мəселелердің бірі, сондықтан мұғалім оқыту мен тəрбие салаларындағы орын алып отырған 

бір  мəселені  шешу  үшін  топпен  жұмыс  жасап,  белгілі  бір  проблеманы  анықтап,  осы 

проблеманы шешу үшін бірігіп, мектептің білім сапасын жақсартуға атсалысуы керек.   

       Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 

орта  білім  мазмұнын  жаңарту  үшін  мектеп  тəжірибесіне “Action Research” жобасы 2014 

жылдың мамыр айынан бастап ендіріліп, тиімді жұмыс жасалып келеді. Күтілетін нəтижеге 

жету үшін 12 мұғалім үш топқа бөлініп, тəжірибесін төмендегі жоспарға сəйкес жан-жақты 

зерттеп, орта білім мазмұнының жаңаруына жаңашылдықтар енгізуде: 

Кесте№1 


Іс-əрекеттер 

Жаңашылдықтар 

Action Research жобасымен  таныстыру

зерттеуші 

мұғалімдерді 

топтарға 

шоғырландыру 

Мұғалімдер 

ынтымақтастықта 

жұмыс 


жасайды.  Бір  ерекшелігі – əртүрлі  пəн 

мұғалімдері  бір  топ  аясында  шоғырланып, 

кіріктірілген топты құрайды, əр пəнге ортақ 

проблеманы 

нысан 

ретінде 


алып, 

тəжірибесін 

байытады. 

Зияткерлік 

мектептерде 

қолданылып 

жатқан 

Кіріктірілген білім беру бағдарламасын жан-



жақты,  сабақ  барысында,  сабақтан  тыс 

жүзеге асыруға атсалысады. 

Əр топтың проблемасын анықтау 

Мұғалімнің  зерттеушілік  қасиеті  оянып, 

пəннің  теориясынан  сабақтағы  шынайы  іс-

əрекетке  ауысып,  практик-мұғалім  ретінде 

қалыптасады. 

Топтардың жұмыс жоспарын құру 

Əрбір іс-əрекетке жауапкершілікпен қарауға 

дағдыланады. 

Зерттелетін оқушыларды анықтау 

Зерттелетін  оқушыларды  фокус-группаға 

біріктіріп, мұғалім мен оқушының арасында 

сенімділікпен  біріккен  тығыз  байланысты 

нығайтады.  

Зерттеу  этикасына  орай  оқушылардың 

келісімін алу 

Мұғалім  мəдениеті,  мұғалім  ұстанымы, 

мұғалім  тұлғасы  өзгеріп,  оқушылармен  тең 

дəрежеде 

қарым-қатынас 

жасап, 


оқушылардың  жеке  бас  құқығына  нұқсан 

келмейді.  

Таңдалған  проблема  аясында  əдебиеттерге 

шолу жасау 

Орта  білім  мазмұнын  жаңартып,  мектеп 

оқушыларының  білім  сапасын  жақсарту 

үшін 

алынған 


проблеманы 

шешу 


мақсатында  мұғалімдер  өз  ізденімпаздық 

292


қабілетін  жетілдіріп,  түрлі  əдебиеттерді 

қарастыра бастайды. 

Мəліметтерді жинау  

Мəліметтерді  жинау  барысында  төмендегі 

зерттеу  құралдарын  қолданып,  оқушы 

туралы 


мағлұматтарды 

молайтады: 

интервью,  бақылау,  сауалнама,  күнделік, 

оқушылардың 

тест 

жəне 


жазба 

жұмыстарына  талдау,  рефлексивті  журнал 

жүргізу,  бағалау  парақтары,  портфолио 

жинақтау,  аудио  жəне  видео  жазбалар, 

суреттер. 

Жинақталған мəліметтерді қолданып, талдау 

жасау 

Əр оқушыға тəн ерекшеліктер анықталады.  



Жасалған  талдау  негізінде  іс-əрекетті 

жоспарлап, жоспарды жүзеге асыру, яғни іс-

əрекетті тəжірибеде зерттеу 

Мұғалімнің 

тəжірибесі 

шыңдалып, 

əдістемелік  тұрғыдан  өз  кəсіби  бейнесін 

танытып,  белсенді  оқыту,  сыни  тұрғыдан 

ойлау,  проблемалық  оқыту  жəне  тағы  да 

басқа əдістерді жүзеге асырады.  

Іс-əрекеттің нəтижесін бағалау 

Мұғалім  өзінің  жəне  оқушының,  сонымен 

қатар  өз  тəжірибесіндегі  өзгерістерді 

байқайды.  Практик-мұғалім  тəжірибесін 

жинақтайды. Жаңашыл мұғалімдердің озық 

тəжірибесі  жинақталып,  таратылып,  оқу-

тəрбие үдерісіне өзгеріс енгізіледі. 

“Action Research” жобасы негізінде тəжірибелік зерттеу қағидаттары қалыптасады: 

-оқушылар  оқушы-зерттеушілер  ретінде  қатысып,  өздерінің  білім  алуы  кезінде  оқудың 

сапасын жақсарту үшін өтінім түрін бейнелейді; 

-мұғалімдер  оқушылары  мен  өздерінің  арасындағы  жоғары  деңгейлі  ынтымақтастыққа 

ынталанады  жəне  осы  қарым-қатынастарды  бірлесе  отырып,  білім  алушылардың  қатынасы 

ретінде қарастырады; 

-мұғалімдер білім алатындардың білімін жақсартуға, сондай-ақ өз жұмыстарын одан да терең 

түсінік арқылы жақсартуға бағытталады; 

-білім  алушылар  қолданылатын  зерттеу  əдістерімен  байланысты  кейбір  шешімдерге  ықпал 

жасай алады [4, 35-б.] 

       Мектебіміздің  тəжірибесіне “Action Research” жобасын  ендіру  арқылы  көптеген 

нəтижелерге жетуді жоспарлап отырмыз: 

-іс-əрекеттегі зерттеу нəтижелері жинақталып, білім беру ұйымдары желісінде таратылады; 

-практиканың тиімді жолдары анықталып, зерттеудің тəжірибелік сипаты жаңарады; 

-мұғалімдер іс-əрекетті зерттеуге қатысып, нəтижесінде əріптестерімен біріге жұмыс жасауға 

үйренеді; 

-мұғалімнің оқыту стратегиясы, əдістемелік шеберлігі жандандырылады; 

-мектептегі,  сыныптағы  проблемалардың  шешілу  жолдары  қарастырылып,  білім  сапасы 

жақсарады; 

-мұғалім  мен  оқушы  арасында  бір-біріне  деген  сыйластық,  құрмет,  достық  қарым-қатынас 

дами түсіп, оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жол ашылады; 

-мұғалім мұғалім емес, зерттеуші, практик, сарапшы мұғалім деңгейіне дейін көтеріледі. 

293



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет