Issn 1563-0242 Индекс 75869



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#5513
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

Əдебиеттер
1 Омарұлы Б. Қаратерең вальсі. Эсселер мен 
əлеуметтік əпсаналар. – Алматы: Агпа-в, 2012.
2  Берг  Л.С.  Арал  теңізінің  физикалық  гео-
графиясы // Арал  тағдыры.  Ұжымдық  жинақ. – 
Алматы: Қазақстан, 1989.
3 Əлжанов Ə. Арал тағдыры – атам тағдыры 
// Социалистік Қазақстан. – 1987. – 17 маусым.
4 Сердюк А.М. Непростые заботы человече-
ства: научно-технический прогресс, здоровье че-
ловека, экология. – М.: Политиздат, 1988
5  Алимов  А.А.,  Слугевский  В.В.  Век  ХХ: 
Экология  и  идеология. – Ленинград:  Лениздат, 
1988.
6  Нұрпейісов  Ə.  Соңғы  парыз.  Роман-
диология. – Алматы: Жазушы, 1999.
7  Досжанов  Қ.  Теңіз-тақсырет.  Роман. – 
Алматы: Рауан, 1992.
8  Байханов  С.  Ғажапстанға  саяхат.  Деректі 
хикаяттар. – Алматы: Қазақпарат, 2008.
9 Байханов С. Сал үстіндегі маусым. Сыр ту-
ралы сыр. – Алматы: Жалын, 1988.
10 Шүкіров З. Адам-Жер-Ата. Жыр кітабы. – 
Алматы: Жазушы, 1974.
11 Мырза Əли Қ. Екі томдық шығ.жин. 1-т. – 
Алматы: Балауса, 1995.
12 Айбергенов Т. Аманат. Жинақ. – Алматы: 
Жазушы, 1975.
13  Сарыбайұлы  Т.  Арал  жатыр,  ару  жатыр 
алқынып // Жұлдыз. – 2011. – № 12.
14  Досжанов  Қ.  Қор  көп  болғанмен, 
қамқорлық кем // Егемен Қазақстан. – 1993. – 26 
наурыз.
15 Шаухманов С. Су аз, мəселе көп. Сұқбат // 
Егемен Қазақстан. – 1994. – 17 маусым.
16  Сапарбаев  Б.  Ежелгі  Сырдың  екінші  ты-
нысы // Атамекен. – 1997. – 26 ақпан.
17  Сапарбаев  Б.  Теңізден  су  кеткенмен,  ел 
кеткен жоқ. Сұқбат // Егемен Қазақстан. – 1 997. 
– 28 ақпан.
18 Қаназов М. Жұтаған жұрттан жоқ іздеп...
Сұқбат // Егемен Қазақстан. – 1993. – 16 ақпан.
19  Көшербаев  А.  Арал  қайтып  келеді // 
Атамекен. – 2000. – 6 көкек.
20  Ноосфера – Жербесік.  Экологиялық  аль-
манах. – 1996. – № 1.
21  Нұрпейісов  Ə.  Жақайым,  жақайымдар // 
Айқап. – 2012. – 1 қыркүйек.
22  Тұрсынов  А.  Қазақстан  Арал  теңізін 
құтқаруға  болатынын  дəлелдейді // Айқап. – 
2012. – 22 қаңтар. 

 А.Ə. Құрманбаева
113
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
А.А. Курманбаева 
   
Экологическая проблематика в творчестве казахских публицистов
на рубеже ХХ – ХХІ вв.
В статье рассматриваются  экологические проблемы, которые нашли своё отражение в  казахской публицистике. Автор ис-
следует материалы прессы, посвященные различным экологическим вопросам, отмечая, что с момента обретения Казахстаном 
независимости и по сегодняшний день эта тема не потеряла своей актуальности. 
Ключевые слова: цензура, колонизация, публицист, роман-дилогия, экология, идеология.
А. Kurmanbaeva
Ecological perspective in creativity of the Kazakh publicists
at the turn of XX – ХХІ centuries
In the article environmental problems which found the refl ection in the Kazakh journalism are considered. The author investigates 
the materials of the press devoted to various environmental issues. From the moment of fi nding of independence by Kazakhstan and till 
today this subject doesn’t lose its urgency.
Keywords: censorship, colonization, publicist, novel dilogy, ecology, ideology.

Қазақ замансөзінің теориясын толықтырсақ...
114
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ƏОЖ 316.77:001.4
С.М. Медеубек
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: medeubek.S.agat@gmail.com 
Қазақ замансөзінің теориясын толықтырсақ...
Аңдатпа.  Бұл  мақалада  автор    қазақ  публицистикасына  берілген  анықтамаларды  саралай  келе  өз 
тұжырымын  жəне  ғылыми  қорытындысын  ұсынады. «Публицистика»  деген  терминнің  қазақша 
баламаларын салыстырады. Ахмет Байтұрсынұлының айқындамаларына сүйене отырып, қоғамдық 
санаға  қозғау  салу  өнеріне  жаңаша  ғылыми  көзқарас  тұрғысынан  баға  береді. «Публицистика» 
деген атаудың өзге елдердегі баламаларын мысалға ала отырып, қазақша баламасын «замансөз» деп 
ұсынады.
Ахмет Байтұрсынов ұсынған замансөздің  ауызша түрін «шешенсөз», жазбаша түрін «көсемсөз» деп 
қолдануды құптайды. 
Түйін сөздер: публицистика, «көсемсөз», шешенсөз, «əлеуметнама», «заманхат», замансөз.
    
«Публицистика»  деген  не?  Осы  сұраққа 
жауап  беретін,  бірін  бірі  толықтыратын,  бірін 
бірі қайталамайтын пікірлерді ойға алып көрейік. 
Бұл,  біріншіден,  өзімізге  дейін  ғылыми 
ізденіс  жасаған  ғалымдар  мен  зерттеушілерге 
деген  құрмет;  екіншіден,  өз  тарапымыздан 
айтатын  ойға  тамызық  я  негіз;  Үшіншіден, 
алуан  пікірді  салыстыра  отырып  арасындағы 
ақиқатты,  жалпыға  ортақ,  типтік  тұжырымды 
табуға мүмкіндік аламыз; 
Төртіншіден,  жаңа  тың  ойдың    тууына  жол 
ашамыз.  Сонымен,  əуелі  сөздікке  жүгінелік: 
«Публицистика»  деген  сөздің  мағынасы  латын-
ның  «публика»  деген  сөзінен  тарағандығын 
бұған  дейін  бұл  тақырып  төңірегінде  зерттеу 
жүргізгендер айтып келеді. Оны  қазақшалағанда 
«қауым», «жиналған жұрт», «алқа топ», «қоғам» 
деген  мағына  береді.  Ал  «публицистика» 
дегеннің  мəні  сол  жиналған  жұрттың,  алқа 
топтың,  қауымның,  қоғамның  алдында  қажетті 
сөз  айту  өнері  дегенге    саяды.  Оны  əлем 
халықтарының бəрі сол латын тіліндегі нұсқадан 
көшіріп сол  түрінде қолданбайды. Өз тілдерінің 
ыңғайына қарай аударма-балама жасап, ғылыми 
айналымға  енгізеді.  Мысалы,  жапондар  «сякай 
сейджи  херон»деп  (Кэнкюся  русско-японский 
словарь. Изд. «Кэнкюся», Токио, 2005, стр. 1844) 
қолданады,  корейлер  «Сахвежонгчхипхенгнон, 
коннон» (Новый  большой  корейско-руский 
словарь.  Изд.  Мун  Еи  Лим. 2008, стр. 855) деп 
қолданады. 
Қауымға, қоғамға қарата ой айту, пікір қозғау 
өнері  əу баста ауызша туып, қалыптасқан. Бұл 
əлі толық зерттелмеген тақырып.
Бұрын-соңды  зерттелмеген  мəселе  төңіре-
гінде  айтылар  ойдың  айқындығы  тілдік  қол-
да ныстағы  аталымдардың  мағынасының  қан-
шалықты    түсінікті  болғанына  да  байланысты. 
Өйткені  ғылым  тек  ғылым  үшін  емес,  ғылым 
қоғам, мемлекет, халық үшін қызмет етеді.  Олай 
болса, біз əуелі ғылыми қолданыста, бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  тілдік  айналымында 
жүрген «публицистика», «көсемсөз» жəне бұрын 
айтылып,  енді  ғана  тілдік  пайдалану  аясына 
кірген «шешенсөз», соңғы кезде айтыла бастаған 
«замансөз» сияқты атаулар төңірегінде  қозғалар 
ойлардың басын ашып алуымыз керек. 
Ахмет Байтұрсыновтың «Көсемсөз- шешен-
сөз  сияқты  əлеуметке  айтқанын  істету  мақ-
сатымен  шығарылатын  сөз.  Шешенсөзден 
мұның  айырылатын  жері – шешенсөз  ауызша 
айтылады,  көсемсөз    жазумен  айтылады» 
(Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. – Алматы: 
Жазушы, 1989,154-бет)    деген  анықтамасы 

С.М. Медеубек
115
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
бар.  Ахаң  зерттеу  еңбегінде  əуелі  шешенсөзді 
айтып барып, содан соң көсемсөзді соған ұқсата 
анықтайды.  Оның  басты  себебі – көсемсөз, 
яғни  «əлеуметке  айтқанын  істету  мақсатында 
шығарылған  сөздің»  жазбаша  түрі  қоғамдық 
ой  айту  құралдары – газет,  журнал  шығарыла 
бастағаннан  соң  ғана  пайда  болды.  Ал  қазақ 
ортасына газет, журнал кешегі ХІХ ғасырда ғана 
келді.  Оған  дейін  қазақ  даласындағы  қоғамдық 
ойдың бəрі ауызша айтылды, ауызша таратылды. 
Оны  Ахаң  шешенсөз  деп  атап,  көсемсөзден 
бұрын ауызға алып отырғаны сондықтан.  Екеуі 
егіз  ұғым.  Екеуінің  анықтамасын  қосқанда 
бүгінгі біз айтып жүрген «публицистика» ұғымы 
шығады.  Қоғамдық  пікір  тудырушы,  қоғамдық 
ойды  алға  жетелеуші  əрі    сол  пікір  мен  ойдың 
жүзеге асуына ықпал етуші өнерді ұлт көсемі   екі 
түрге бөлген екен: əуелгісі – шешенсөз, кейінгісі 
–  көсемсөз. 
Пікір мен ойдың жүзеге асуына ықпал етуші 
өнердің осы екі түріне ортақ атау –   «публицис-
тика» деген сөзге құлақ та, тіл де үйреніп қалған-
дай  көрінеді.  Бірақ  бұл  сөз  ұлттық  ділге  сіңіп 
кете  алған  жоқ.  Сіңісе  алмай  келе  жатқанының 
басты  себебі  сөздің  қазақша  еместігінде. 
Жазылуы да, айтылуы да тосын сөз. Ортасында 
қазақта жоқ «ц» əрпінің өзі тілге күрмеу салып, 
қазақы айтылуын да, жазылуын да ауырлатады. 
Рас, осы саламен айналысатындар күнде айтып 
та,  жазып  та  жүрген  соң  аса  қиналмайды.  Ал 
былайғы  қалың  қазақ  бірден  дұрыс  айтып  кете 
алмайды. (Ана  тілінде  болмаған  соң  айтылуы 
қазақ  тілінің  айтымдық  ережелеріне  сəйкес 
келмейді.  Сəйкес  келмеген  соң  «публистика» 
немесе  «пұбилистика» дей салады)  Оның үстіне 
қалың  қазаққа  бұл  атаудың  мағынасы  түгел 
айқын  да  емес.  Аталым  бұқаралық  қолданысқа 
түсуі  үшін  де  оның  мағынасы  əркімге  түсінікті 
болғаны  жөн.  Əркім  толық  түсінгенде  ғана 
жаппай қолдана бастайды. Ең бастысы, аталым 
ана  тілінде  болғаны  керек,  өзіміздің  ғасырлар 
тезі  мен  сүзгісінен  өтіп,  санада  тұрақталған 
мағынасы  айқын  сөздеріміз  бар  болса,  сол 
сөздердің  термин  жасауға  мəнісі  де,  пішіні 
де    дəл  келсе,  ұлт  ұрпағының  тектамырында 
жатқан  ұғымдарды  ояту  үшін  де    жалтақтамай,  
жасқаншақтамай  мемлекеттік  тілімізге  шым-
шымдап      болса  да  енгізе  бергеніміз  абзал. 
Өйт кені  «Публицистика»  атауының  астарынан 
өткен  ғасырлардағы  қазақ  даласын  отарлау 
идеологиясын  санаға  батпандап  кіргізген  алып 
күштің  салмағы  сезіледі,  бергісі    орыстандыру, 
арғысы 
еуропаландыру 
пиғылының 
лебі 
еседі.  Кеңестік  коммунистік  идеологияның 
«социалистік  шындықты»  мақтау,  мадақтау, 
асқақтату, ұрандату, ұлықтату əдістері мен айла-
амалдарының сарыны аңқиды. Ондай салмақ пен 
леб  бүгінгі  тəуелсіз  қазақтың  ұрпағының  сана 
азаттығы,  рух  бостандығына  кедергі  келтіреді, 
еңсесін көтертпейді. Сырттан күштеп енгізілген 
мағынасы да, тұрпаты да жат сөзді санадан сылып 
тастау  арқылы  отарсыздануға  қарай  бір  қадам 
жылжыған  боламыз. «Публицистика»  атауын 
қазақшалаудың  саяси-əлеуметтік  мəнінің  бірі 
осында. Дəл осы тұста Ахмет Байтұрсынұлының 
мына пікірін келтіре кеткен орынды деп білеміз: 
« ... біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, 
жергілікті сөз екен деп, ол жағынан қатал қарап, 
қашып  тұрмаймыз.  Жалғыз-ақ  біздің  мықтап 
қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік).
Біз  сияқты  мəдениет  жемісіне  жаңа  аузы 
тиген жұрт  өз тілінде жоқ деп мəдени (өркениетті 
С.М.) жұрттардың  тіліндегі даяр сөздерді алғыш-
тап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-
араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін 
білмей  айырылып  қалуы  ықтимал.  Сондықтан 
мəдени  жұрттардың  тіліндегі  əдебиеттерін, 
ғылым  кітаптарын  қазақ  тіліне  аударғанда  пəн 
сөздерінің даярлығына  қызықпай,  ана тілімізден 
қарастырып  сөз  табуымыз  керек.  Сонда  біздің 
əдебиетіміздің  тілі  таза  болып,  жоғарыда 
айтылған  талғау  салтының  шарты  орындалған 
болады» (Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. – 
Алматы: Жазушы, 1989. – 151-бет)
Ендеше  «публицистика»  деген  аталымның 
қазақша  баламасын  Ахаң  секілді  қазақтың  өз 
тілінен  іздеген  жөн.  Ахмет  Байтұрсыновтың 
осы  ұғымға  қатысты  негізгі  қолданған  сөзі 
– «əлеумет».  Осыны  ескеріп,  əлеуметке 
дегенін  істету  үшін  ауызша  немесе  жазбаша 
түрде  айтылған  сөздердің  мағыналық  һəм 
мəндік  жиынтығын  «əлеуметнама»  деп  атап, 
мағынасын «əлеуметке айтылған сөз», «əлеумет 
туралы  баян», «əлеуметке  қатысты  пікірлердің 
жиынтығы»  деп  қолданысқа  алсақ,  түйсігімізге 
түйткіл 
салмас, 
керісінше 
түсінігімізге 
жақын  болар.              Бірақ  бұл  аталым  да  қазіргі 
ұғымымыздағы  мағынасын  толық  ашып  бере 
алмайды.  Өйткені  əлеумет    белгілі  бір  қоғамда 
өмір  сүреді,  сол  қоғамның  саяси  жүйесін 
қалыптастырады, сол жүйеге қызмет етеді. Егер 
тек  əлеумет  жайында  сөйлесек,  онда    əлеумет 

Қазақ замансөзінің теориясын толықтырсақ...
116
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
өмір  сүрген  айнала,  орта,  заман  назардан  тыс 
қалып қояды.  «Əлеуметнама» деген аталымның 
тағы  бір  мағыналық  реңкі    «жазылған,  тасқа 
басылған  шығармалар  жиынтығы»  деген 
түсінікте  көрінеді.  Онда  ауызша  баяндар 
қолданыстан сырт қалмақ.    Дегенмен бұлардың 
бəрі  өзіңдікін  ұмытып,  өзгенің  соңынан 
құлдықұрған мінездің кесірінен екендігін ешкім 
жоққа шығара алмайды. Біздің санамызға кешегі 
батыстық һəм орыстық жазба мəдениеті зорлап 
ендірген  ұғымдар  мен  түсініктер  бодауына 
шырмалып,  өз  ұлттық  пайымдарымызды 
елеусіз қалдырдық. Десек те ғылым бір орында 
тұрмайды.  Сырттан  келген  аталым  қолданысқа 
енгеннен кейін ғылыми айналымға түседі. Уақыт 
өте келе астарындағы мағына мен ұғым ұлттық 
санада  айқындалады.  Айқындалған  сол  ұғым, 
түсініктердің  жиынтығы  қорытылады    да  ұлт 
тіліндегі баламасы табылады.  Мұндай үдеріске 
түспей-ақ,  бірден  қолданысқа  ұсынылған 
аталымның    бірі – «заманхат».  Бұл  атауды 
кезінде Ахмет Байтұрсынов ұсынған. Ол кісі бұл 
екі сөзді «заман хат» деп бөліп жазған еді. Жəне 
оның  мағынасын  былай  түсіндіреді: «Біреудің  
заманында  болған  тарихи  уақиғадан,  яки  өз 
ішінде  болған  істерден  дерек  беруі – заман  хат 
деп  аталады.  Мəдени  жұрттың  адамында  зама-
нында  болған  көзге  түсерлік  уақиғаларды  яки 
өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, əңгіме 
ретінде  тіркеп  отыратын  əдет  болады.  Заман 
хат  шежіредей  емес,  тəртіпті,  жүйелі  келеді. 
Шежірені хат білетін адамдар құр тіркей беруге 
болады. Заман хатты оқымысты адамдар жазады.  
Сондықтан мұнда құр халық аузында əуезе болып 
жүрген  дəлелсіз  сөздер  жазылмайды.  Заман 
хатта  уақиға  уақыт  сарынымен  жазылмайды,  іс 
сарынымен  жазылады». (Ахмет  Байтұрсынов. 
Шығармалары. – Алматы:  Жазушы, 1989. – 214-
б.).  Ахаңның  айтып  отырғаны – қазіргі  тілмен 
айтқанда «биллетристикаға» жақындайды.
Соңғы кезде осы атауды «Ақиқат» журналы 
тұрақты  айдар  ретінде  əр  санында  ұсынады.   
Біздің  түсінуімізше  бұл  айдар  астында  заман 
туралы  жазылған  затындар  (материалдар) 
жарияланады.  «Публицистика» деген аталымның 
орнына    қолданылғанмен,  бұл  сөз  оның  толық 
мағынасы мен мəнін ашып тұрған жоқ. Өйткені 
бұл  тек  хатқа  түскен  қоғамдық  ойларды  ғана 
қамтиды.  Ауызша  айтылған  заманауи  сөздер 
бұл атаудың аясында жоқ.    Ал егер осыны сəл 
дыбыстық  өз геріске  салып  «заманғат»  десек  те  
қазақ  тіліне  оғаш  көрініп  тұрған  жоқ.  Себебі 
араб-парсы  тілінен  еніп,  əбден  сіңісті  болып 
кеткен «ғат» жұрнағы бүгінгі қазақтың құлағына 
тосын  емес  (мысалы,  ұлағат,  жамағат,  шапағат, 
балиғат, табиғат, қанағат).  Аталым болуға лайық 
бұл  кіріккен  сөздің  мағынасы  «заман  туралы 
ұлғат» болып түсіндіріледі, солай қабылданады, 
бірақ  «ұлағат»  дегеннің  мағынасы  да  «сөз» 
деген  ұғымды  беретініне  қарамастан,  жаппай 
қолданысқа  еніп  кетуі  қиынға  соғуы  мүмкін. 
Өйткені  «əлеуметке  дегенін  істету  үшін» 
айтылатын шешенсөз жəне жазылатын көсемсөз 
бар. Бұл екеуі де ғылыми айналымға еніп, санаға 
бекіп  қалған  аталымдар.  Кедергі  болатын  бір 
себеп – бұл  жалғаудың  қазақ  тілінің  үндестік 
заңы бойынша құлаққа «ғат» боп естілетін «хат» 
сөзінің    жаңғырығы  секілді  қабылдануында. 
«Хат»  болып  түсінілсе,  онда  тек  жазбаша 
жеткізілген ойлардың жиынтығы болып қалады 
да, ауызша айтылған пікірлер тағы да назардың 
сыртында қалып қояды. 
Соңғы кезде ел назарына ұсынылып жүрген 
баламаның  бірі – «замансөз».  Бұл  атауды  қазір 
«Қазақ əдебиеті» басылымы бір беттің ойбас тары 
(шапка)  ретінде  үнемі  қолданып  келеді.  Атал-
мыш бетте заман, қоғам, адам туралы сараптама-
лық жарияланымдар жарық көреді. Яғни  əр ав-
тор қара бастың қамын емес, заман ның сөзін, сол 
заманда өмір сүріп келе жатқан қоғамның күйін, 
сол  қоғамдағы  адамдар  тағдырын  мəселе  етіп 
көтереді.  Тегінде  «публицистика»  деген  кірме 
сөздің  ұлттық  ұғымға  ең  жақын  əрі  мағыналық 
аясы  кең  баламасы  осы  болмақ.  Мұңдағы  «за-
ман» сөзінің аясына  адам тіршілік еткен қоғам, 
қоғам өмір сүрген уақыт пен кеңістік тұтас сыйып  
кетеді. Ол бүгінгіні де, кешегіні де, ертеңгіні де 
қамтиды, басқаша айтсақ, «заман» ұғымы  адам-
зат  жаратылғаннан  бергі  тарихты,  бүгінгі  сан-
салалы қоғамдық қатынастар қазанында қайнап 
жатқан болмысты жəне сол болмыстың  ертеңге 
жалғасымын тұтастандырып тұрады. Сондықтан 
да  заман  туралы  айтылған  ой-пікірлердің 
дыбыстық-таңбалық  жиынтығын  «сөз»  деп 
ата сақ, «публицистика»  дегеннің  мағыналық 
ауқымынан  əлдеқайда  кең,  салмақты  əрі  жан-
жақты «замансөз» деген атау келіп шығады. 
Сонымен:
– Замансөз дегеніміз не? 
– Заман туралы айтылған сөз. 
– Қай заман туралы сөз? 
– Нақты осы шақтағы заман хақындағы сөз. 

С.М. Медеубек
117
ISSN 1563-0242                                                KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012                  
– Қашан айтылған сөз? 
–  Адамдар  өмір  сүріп  жатқан  уақыт  пен 
кеңістікте айтылған сөз.
– Кім айтқан сөз? 
–  Өзі  өмір  сүріп  жатқан  ортаға  ой  тастауға, 
қоғамдық  санаға  қозғау  салуға,  бұқараны  іске 
бастар сөз айтуға, жазуға, көрсетуге қабілетті кез 
келген адам айтқан əрі көпшілікке жария болған 
сөз. 
Енді  осы  қосағатта  (диалогта)  айтылған 
ойларды жинақтап, мынадай қорытындыға кел-
сек, замансөз айқындамасы (дефиница) шығады:
Замансөз  деп – қоғамдағы    күрделі  мəсе-
лелерді  мемлекеттік,  ұлттық,  бұқаралық  мүдде 
тұрғысынан қозғау əрі оларды шешу жолдарын  
түсіндіру жəне сол іске жұмылдыру үшін əлеумет 
алдында  дыбыс  арқылы  естіртілген,  қимыл 
арқылы  жеткізілген  немесе  бейнелер  арқылы 
көрсетілген, əйтпесе ауызша айтылған, болмаса 
жазбаша  жарияланған  деректі  де  дəйекті    сөзді 
айтамыз. 
Соны  қолданысқа  алсақ,  яғни  «замансөз» 
деген аталымды тілдік айналымға енгізсек,  сол 
арқылы  да  ұлттық  ұғымымыз  бен  пайымымыз 
батыстық  санатаным  (идеология)  құрсауынан 
арыла түсер еді.   
Бұған  дейін  тілдік  қолданысқа  еніп,  санаға 
орнығып  қалған  «публицист»  деген  атауды  да 
ұлт  тіліне  аудару,  яғни  оның  да  өз  тіліміздегі 
баламасын  тапқанымыз  қажет.  Біздің  тіліміздің 
ұшына əуелі ілінгені – «сөзгер» деген сөз.  Бұл 
«зергер» деген халықтық ұғымның сыңарындай 
болып  санаға  тез  сіңер  еді.  Бұған  дейін 
«көсемсөзші» деп келдік, бұл атау осы кəсіптің 
иесі  екенін  аңғартса  да,  нағыз  шебері  екенін 
толық  білдіре  алмайды. «ші»  жұрнағынан  гөрі 
«гер»  жұрнағы    кез  келген  атауға  мағыналық 
жағынан  сапалылық  үстейді.  Оның  үстіне  сол 
істің  майталман  шебері  екендігін  білдіреді. 
Тегінде  қарымды  қаламгер  тек  жазып  қана 
əлеуметтік  мəселе  қозғап  қоймайды,  ол  сол 
жазғанында  көтерілген  мəселені  жиналған 
көпшілік  арасында  ауызша  да  айтып  жүреді. 
Сондықтан  да    қоғамдық  ойды  жазбаша  да, 
ауызша  да  жариялауға  машықтанып,  шеберлік 
шыңына  шыққандарға  «сөзгер»  деген  атау 
лайықты.  Тілдік  қорымызға  үңіліп  көрсек, 
«публицист» дегенге балама боларлық басқа да 
атаулар табылады. Мысалы, қазақта «төрешіден 
қалмайды,  айтушыдан  қалады»  деген  мəтел 
тегін  айтылмаған.  Ал  енді  Ахмет  Байтұрсынов 
«айтушы  қара  басының  қамын  сөйлемейді, 
халықтың  сөзін  сөйлейді»  дейді.  Демек,  біз 
осы  анықтамаларды  дер  кезінде  айырып  алып 
айналымға  қосқанымызда  дəл  қазіргідей  сөзді 
əркім  сөйлейді,  ал    əлеуметке  ортақ  ойды 
əркім  айтпайды.  Сөйлеу  құқығы  екінің  біріне 
берілген, ал айту жүздің немесе мыңның біріне 
беріледі.  Сөйлеушінің  алдында  тек  естушілер 
тұруы  мүмкін.  Ал  айтушының  алдында  тек 
тыңдаушылар  тұрады.  Сөйлеушінің  алдында 
бір  адам  тұрмауы  да  ғажап  емес,  ол  айнаға 
қарап та сөйлей береді. Ал айтушының алдында 
мыңдаған  адам,  дəлірек  айтқанда,  қоғамға 
қажетті  пікір  мен  ойды  аңсағандар  тұрады. 
«Сөзгер»  дегеннің  астарында  қоғамдық  салмақ 
бар.  Сол  салмақты  «айтушы»  деген  аталым 
түгел  көтере  алмай  ма  деген  де  күдігіміз  жоқ 
емес.  Өйткені  қоғамға,  əлеуметке,  белгілі  бір 
жағдайға,  оқиғаға,  жаңалыққа  қатысты  пікірді 
кез  келген  ортада  көзіқарақты  кез  келген  адам 
да айта алады. Егер шешенсөздің бір айтыны –  
ақыл десек, сол ақылды жасы үлкендердің айт-
пай  тұра  алмайтыны  кем  де  кем.  Олар  да –  өз 
дəрежесінде айтушы. Аңыз айтып берген адамды 
да фольклористикада «айтушы» дейді. Замансөз 
теориясында айтушы – ақпарат жеткізуші, негізгі 
ойдың төлиесі (авторы).
Бұрынғы  «публицист»  дегеннің  орнына 
бүгінгі  өркениеттік  сананың  танымына  сай 
келетін,  қоғамдық-саяси  мəні  бар  салмақты 
атау  болғаны  жөн.  Сондықтан    «сөзгер»  дегенді 
қолданып  көргенге  теріс  қарамайтындар  қоғам-
дық  санаға  қозғау  салу  өнерінің  ауызша  түрінің 
кəсіби деңгейіне жеткендерді «шешенсөзгер» деп, 
ал жазбаша түрінің кəсіби деңгейіне жеткендерді 
«көсемсөзгер»  деп  атауға    да  қарсылық  білдіре 
қоймайды. Бəріне уақыт төреші.      
Замансөз  саласындағы    сөзгерлер  өз  атына 
сай  ой  қозғауға,  сөз  айтуға,  сөйтіп,  қоғамдық 
сананың  алдында  жүруге  ұмтылатыны  сөзсіз. 
Бұл  атаулар  оларға  үлкен  жауапкершілік 
жүктейді.  Бұқараның  да  екінің  бірін  «көсем» 
немесе  «шешен»,  болмаса  «сөзгер»  демейтіні 
белгілі.  Бұл  ұсынылған  атаулар  жеке  адамның 
пікірі болғанымен, ортақ игілікке немкетті қарай 
алмайтын  қазақ  балама  ретінде  қатар  қолдана 
беретіні  сөзсіз. «Уақыт  төреші»  дегенімізбен, 
қай сөзді көбірек қолданамыз, сол сөз санаға тез 
сіңетіні де шындық. 
    Сөзгер деп – кейде мінберден, кейде  тікелей 
эфирден,  кейде  баспасөзден  қоғам  алдындағы  

Қазақ замансөзінің теориясын толықтырсақ...
118
ҚазҰУ хабаршысы.  Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
күрделі  мəселелерді  ұлттық-мемлекеттік  мүд-
де  тұрғысынан  үнемі  пəрменді  əрі  дəлелді 
көрсететін, айтатын немесе жазатын əрі оларды 
шешу  жолдарын    түсіндіретін  жəне  сол  іске 
жұмылдыруға  бастай  алатын  шығармашыл-
күрескер адамды айтамыз.
С.М. Медеубек 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет