Əдебиеттер
1 Жұмабекова
А.Қ.
Аударматанудың
негіздері: оқу-əдістемелік құралы. – Алматы,
2012. – 296 б.
2 Бархударов Л.С. Язык и перевод
(Вопросы общей и частной теории перевода).
– М.: Международные отношения, 1975. – 240 с.
3 Тарақ Ə. Аударма процесі жайында //
Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші
құрал) / құраст.: Құлманов С. – Алматы: «Тіл»
оқу-əдістемелік ор талығы, 2008. – 300 б.
4 Комиссаров В.Н. Слово о переводе. – М.:
Международные отношения, 1973. – 216 с.
5 Көркем
аударманың
кейбір
мəсе-
лелері: мақалалар жинағы. – Алматы: Қазмем-
көркемəдеббас, 1957.
6 Тарақов Ə.С. Аударма психологиясы
жəне мəдениеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ
уни верситеті, 2005. – 60 б.
7 Алдашева А. Аударматану ғылымының
басты ұғым-түсініктері туралы // Аударматану
(ғылыми-практикалық көмекші құрал) / құраст.:
Құлманов С. – Алматы: «Тіл» оқу-əдістемелік
орталығы, 2008. – 300 б.
8 Көркем əдебиет саласындағы аударма
мəселесі // ҚАЕУ хабаршысы. – Өскемен, 2006.
– №2.
9 Сабурова Г. Аударма да рухани байлық //
Қазақ тілі мен əдебиеті, 2000. – №5.
10 Алдашева А. Аударматану: лингвисти-
калық жəне лингвомəдени мəселелер. – Алматы:
Арыс, 1998. – 215 б.
11 Тарақ Ə. Ғылыми-көпшілік жəне ғылыми
техникалық аударма // Аударматану (ғылыми-
практикалық көмекші құрал) / құраст.: Құлманов
С. – Алматы: «Тіл» оқу-əдістемелік орталығы,
2008.
А. Есенқұлова 95
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
12
Жұмабекова А., Жабағиева Г. Жазбаша
жəне ауызша аударманың ерекшеліктері //
Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші
құрал) / құраст.: Құлманов С. – Алматы: «Тіл»
оқу-əдістемелік орталығы, 2008.
13
Комиссаров В.Н. Современное перево-
доведение: учебное пособие. – М.: ЭТС, 2002.
– 424 с.
14
Тікенбай Г. Аударма лингвистикалық
зерттеу нысаны ретінде жəне оның лингвомəдени
мəселелері // ҚазҰУ хабаршысы. Филология се-
риясы. – Алматы, 2012. – №1(135).
15
Мəкішев Ж. Тұрпайы аудармалар шар-
шатып жіберді // Классtime. – №3. – 15 ақпан.
А. Есенкулова
Виды перевода
В статье рассматриваются основные виды и принципы перевода. Автор анализирует вклад казахстанских ученых в теорию
и практику перевода. Особенности каждого вида перевода рассматриваются системно и последовательно.
Ключевые слова: неоценимый перевод, метафраз, трансмутация.
A. Yessenkulova
Types of translation
In the article the main types and the principles of translation are considered. The author analyzes the contribution of Kazakhstan’s
scientists to the theory and practice of translation. Features of each type of translation are considered systemically and consistently.
Keywords: invaluable transfer, metaphrases, transmutation.
А.Б. Жұмағұлов, С.У. Такиров
96
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ƏОЖ 82.0:001.89
А.Б. Жұмағұлов
*
, С.У. Такиров
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қарағанды қ.
*
E-mail: aitbai_mumin@mail.ru
Б. Кенжебаев жəне ежелгі дəуір əдебиеті
Аңдатпа. Мақалада ғалым Б. Кенжебаевтың ежелгі дəуір əдебиетін зерттеуге арналған
мақалалары қарастырылады. Əдебиеттанушы ғалым Б. Кенжебаев əдебиет тарихын көне түркі
дəуірінен бастаудың ғылыми жəне əдістемелік негіздерін айқындауда əдебиеттанудағы озық
ғылыми тəжірибелерді терең білгірлікпен ұштастырып, көркемдік ойлаудың тарихи бастаула-
рын дəлелдеген еңбектердің маңызы сараланады. Қазақ əдебиетінің тарихын тарихи сабақтастық
тұрғысынан зерттеп, оның ежелгі дəуірлерінен бастап жүйелеудегі Б. Кенжебаев концепциясы
əдебиеттануда бірден-бір жетекші де басты ұстаным болып қала беретіні көрсетіледі.
Түйін сөздер: «Кодекс Куманикс» сөздігі, ұйғыр, арамей əліппелері, Орхон-Енисей, Талас-Шу жазула-
ры, Қазақ хандығы, ежелгі дəуір əдебиеті.
ХХ ғасырдың 60-жылдары кешегі кеңестік
елдердің рухани жəне əдеби өміріне «жылымық»
лебін сіңірді. Мызғымас кеңес мəдениеті мен
өнеріндегі тұтас та үздік əдіс – социалистік реа-
лизм туралы сталиндік миф шайқалды, ақиқатқа
ұмтылу жанданды [1,19-20 бб.]. Осы ретпен
келгенде қазақ əдебиеттануында қазақ əдебиеті
тарихының алты томдығының (1960-1967) жа-
зылуы да əдебиет тарихын жаңаша зерделеу,
жүйелеу талабындағы ізденіс еді. Осы еңбектің
екінші томының бірінші кітабында ХVІІІ-ХІХ
ғасырлардағы қазақ əдебиетінің тарихы жан-
жақты зерттелді. Сонымен қатар Қ. Жұмалиевтің
«Қазақ əдебиет тарихының мəселелері жəне
Абай поэзиясының тілі» атты екі томдық еңбегі
жарық көрді. «Онда Қажым Абайдың өмірі
мен шығармашылығына кең талдау жасады,
Абайдың қазақ əдебиетіндегі орнын, тарихи
еңбегін, қазақтың əдеби тілін қалыптастырудағы
қызметін жан-жақты қарастырады. Оның ті-
лі нің бейнелілік сипаттарын зерттеді» [2,257-
б.]. Əрине, Қ. Жұмалиевтің əдебиет тарихын
дəуірлеуді ХVІІІ ғасырдан бастау ұстанымның
біржақты тұстары болғаны анық. Алайда
аталған кезеңдердегі əдебиет тарихының нақты
зерттеу нысанына алынуы өзге дəуірлерді
зерттеу, əдебиет тарихына тереңірек үңілу та-
лабына да қозғау салды. Осы маңызды істе
«Қазақ халқының жазба əдебиетінің тарихы
қайдан, кімнен басталады» атты проблемалық
мақаласын жазған ғалым Б. Кенжебаев өз пікір,
ұстанымынан қайтпады. Зерттеуші 1959 жылғы
конференциядағы əдебиет тарихын дəуірлеуге
байланысты Қ. Жұмалиев пікірімен полемика-
сына қайта оралып, əдебиет тарихын VІІІ-ІХ
ғасырлардан бастау туралы ұсынысын білдірді.
«Сонымен, қазақ халқы жазба əдебиетінің та-
рихын VІІІ-ІХ ғасырлардан бастау қажет те,
заңды», − деген пікірін нақты мысалдармен
ғылыми негізді дəлелдеп берді. Қазақ халқына да
ортақ болып табылатын көне дəуір мұраларынан
бас тарту − əдеби дəстүр заңдылығын ескермеу
əрі оған қайшы екенін: «ХІХ, ХХ ғасырлардағы
көп ақын-жазушыларымыз ешбір дəстүрсіз,
не аспаннан түскендей, не жерден шыққандай
болып қалады. Сондықтан қазақ халқы жаз-
ба əдебиетінің тарихын ғылыми негізде, əдеби
заңды етіп жасайық» [3], − деп негіздеді.
Б. Кенжебаевтың бұл ұсынысына Қ. Жұмалиев
«Қате пікір қағидаға айналмасын» атты
мақаласымен жауап беріп, өз пікірін қорғады
[4]. Полемикалық сипаттағы мақалалардағы
əдебиет тарихын дəуірлеу мəселене байла-
нысты пікір қайшылығына өзге де тарих-
Б. Кенжебаев жəне ежелгі дəуір əдебиеті
97
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
шы, тілші, жазушы қауым үн қосты. Мысалы,
М. Ақынжановтың «Халықтың құрылуы − жаз-
ба əдебиетінің түп қазығы», Ə. Құрышжановтың
«Кодекс Куманикс ескі мұрамыз», С. Мұқанов,
Л. Рүстемовтердің «Үндес жыр − ортақ мұ-
ралар», Х. Сүйіншəлиевтің «Құнттап зерттеуді
керек етеді» мақалаларын атауға болады.
М. Ақынжанов өз мақаласында көне түркі
əдебиет нұсқаларының қазақ халқының та-
рихы, əдеби тілімен тарихи байланысын
кеңінен қарастырып, Б. Кенжебаев ұсынысын
қолдады. Тарихшы «Қ. Жұмалиевтің қазақ жаз-
ба əдебиетін Бұқардан бастау керек деген пікірі
қазақ халқының құрылуын, тіл мен əдебиетінің
қалыптасып дамуының тарихи жақтарын ескер-
меуден туған. Қ. Жұмалиев өз мақаласында
Б. Кенжебаевтың ғылымдық зор мəні бар мəселе
көтеруін мойындағысы келмейді, қызбалыққа
салынады, кей жерлерде тиісе сөйлеп, дау-
дамайдың ескі тəсіліне ұрынады. Əрине,
мұндайдың керегі жоқ. Ондайын былай қойғанда,
профессор Қ. Жұмалиевтің мақаласында құнды
пікірлер де бар» [5], − дей келіп, қазақ халқының
жазба əдебиетін VІІІ-ІХ ғасырлардан бастауға
болады деген көзқарасын білдірді. Тілші ғалым
Ə. Құрышжанов «Кодекс Куманикс» сөздігінің
тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырма-
лы тұрғыдан талдап, ортақ белгілер мен
ұқсастықтарының тілдік заңдылықтарын ашады.
Ал Х. Сүйіншəлиев қазақ əдебиеті тарихының
бастауын
көне
жазба
ескерткіштермен
сабақтастырады. Осы мақалаларда көтерілген,
қарастырылған
мəселелер
əдебиет
тари-
хын дəуірлеудегі Б. Кенжебаев ұсынысының
əдебиеттанудағы бірден бір дұрыс ұстаным
екенін дəлелдей түсті. Жəне де Б. Кенжебаев
əдебиет тарихын дəуірлеуге қатысты ой-пікірін
проблемалық мақалалары арқылы ғылыми-
зерттеушілік тұрғыдан үнемі нығырлаумен,
нақты деректер негізінде дəлелдеудегі ізденісте
болды. Мысалы, «Қазақ тілі мен əдебиетінің та-
рихы туралы» атты М. Балақаев, Е. Жанпейісов,
М. Томановтардың «Қазақ əдеби тілінің
мəселелері» кітабына жазған рецензиялық
сипатттағы мақаласында тілші ғалымдардың
қазақ əдеби тілінің тарихын: 1. ХІХ ғасырдың
жартысына дейінгі əдеби тіл. 2. ХІХ ғасырдың
екінші жартысындағы əдеби тіл. 3. ХХ ғасырдың
басындағы əдеби тіл. 4. Октябрь революциясы-
нан кейінгі əдеби тіл тұрғысында дəуірлеулеріне
сын көзімен қарайды. Қазақ халқының
көне тарихының терең білгірі Б. Кенжебаев
авторлардың ұлт тарихының байырғы жазу-
сызуларын назардан тыс қалдырып, бертінгі
дəуірлермен ғана шектелулеріндегі ғылыми
дəйексіздікті: «Ақырында, авторлардың көмес-
кілетіп, қазақ бұрын мемлекет, ұлт болған жоқ,
ертеде қазақтың жазу-сызуы, жазба əдебиеті
болған жоқ, сондықтан қазақтың əдеби тілі
кейін, ХVІІІ ғасырдың ақыры мен ХІХ ғасырдың
басында пайда болды дегілері келеді» [6], − деп
орынды ескертеді. Қазақ халқының отандық
шежіресін тарата баяндап, сол кездегі қазақ та-
рихшылары дендеп бара бермеген маңызды
мəселелерге ой салады. Түрік қағанаты, Алтын
Орда дəуірі, Қазақ хандығына қатысты құнды
тарихи деректер келтіріп, олардың бəрін жа-
зу-сызу тарихымен байланыстыра саралайды.
Түркі тектес халықтардың ру-ұлыстық дəуірі
деген ғылыми терминді қолданып, олардың
адамзаттық өркениеттегі орнын айқындайды.
«Бұл халықтардың ру-ұлыстық дəуірінде өзінше
əліппесі, жызу-сызуы болған. Олар бұрынғы
ұйғыр, арамей əліппелері, Орхон-Енисей, Талас-
Шу жазулары деп аталады» [7], − деп, көне
əдебиет нұсқаларын негізге ала отырып, жазба
əдебиеттің туу дəуірінен бастап Қазақ хандығы,
ХІХ-ХХ ғасырлардағы əдебиет тарихының ай-
тулы өкілдері шығармаларының мысалында
ұлт əдеби тілінің тарихи сабақтастық арнала-
рын көрсетеді. Көне түркі жəдігерліктерімен
қатар Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Шалкиіз,
Жиембет, Бұқар жыраулар есімдерін атап, əдеби
дамудың дəстүрге ұласуын ХХ ғасыр басындағы
əдебиеттегі ағартушы-демократтық, сыншыл-
реалистік бағыттармен түйіндейді. Əдеби тіл
мен əдебиет тарихының мынадай жүйедегі
дəуірлерін ұсынады: «1. Қазақтың Х ғасырға
дейінгі ру-ұлыстық, түрік текті халықтармен
ортақ əдебиеті, ру-ұлыстық əдеби тіл; 2. Қазақ-
тың Х-ХV ғасырлардағы ұлыстық, тағы да түрік
текті халықтармен ортақ əдебиеті, ұлыстық
əдеби тіл; 3) қазақтың Қазақ хандығы тұсындағы
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы өзіндік əдебиеті,
халықтық əдеби тіл; 4) қазақтың ХІХ ғасыр мен
ХХ ғасыр басындағы жаңа, сыншыл-реалистік
əдебиеті, ұлттық əдеби тіл» [7]. Əдебиетші
ұлыстық дəуірден бастап ұлттық дəуірге дейінгі
əдеби тіл мен əдебиеттің дамуының тарихи
кезеңдерін хронологиялық тұрғыдан жаңаша
зерттеудің нақты бағыт-бағдарын да айқындап
берді. Ғалым Р. Бердібаевтың: «Үлкен оқымысты
А.Б. Жұмағұлов, С.У. Такиров
98
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
Б. Кенжебаевтың отаншыл аңсардан туған та-
тымды, жаңашыл еңбектері халық мəдениетінің
тарихын тереңдеп тексерудің жақсы үлгісі
болып табылады» [8, 397-б.], − деген бағасы
Б. Кен жебаев еңбектерінің отаншылдық биік тегі
мұрат-мақсатын танытады.
Əдебиет
тарихын
дəуірлеу
мəселесін
ғылыми негізді зерттеуде əрі оның көне
дəуірлерін айқындауда «Ежелгі мəдениет
куəлары» (1968) атты ұжымдық кітап жария-
ланып, Х. Сүйіншəлиевтің «Қазақ əдебиетінің
қалыптасу кезеңдері» (1967), Б. Кенжебаевтың
«Көне əдебиет туралы» (1969), М. Мағауиннің
«ХV-ХVІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жы-
раулары» (1965), М. Жолдасбековтің «Көне түркі
ескерткіштері жəне олардың қазақ əдебиетіне
қатысы» (1969), Ы. Дүйсенбаевтың «Октябрь-
ге дейінгі қазақ əдебиетін зерттеу проблемала-
ры (ХVІІІ, ХІХ жəне ХХ ғасырдың бас кезі)»
(1967) деген тақырыпта диссертациялық зерттеу
еңбектері жазылды.
1965 жылы Б. Кенжебаев ҚазМУ-дың фило-
логия, журналистика факультеттерінің қазақ
бөлімдеріне «Ежелгі əдебиет» атты дербес
лекциялық курс енгізді. Ал 1967 жылы Б. Кен-
жебаев, Х. Сүйіншəлиев, М. Жолдасбеков,
М. Мағауин, Қ. Сыдиқов құрастыруларымен
«Ер тедегі əдебиет нұсқалары» атты тұңғыш
хрес томатия жарық көрді. Ұлттық əдеби жəне ру-
хани өмірге соны тыныс дарытқан бұл еңбек «Қа-
зақ əдебиетінің ең көне, ежелгі əдебиеттерінің
бірі екендігін дəлелдеді» (М. Жолдасбеков).
Қа зақ əдебиетінің тарихын дəуірлеуде ға-
лым дар мы надай жүйелеуді ұстанды: 1. Көне
əдебиет (V-ХІV ғасырлар арасы). Қазақ ру-
тайпаларының ежелгі ру-ұлыс дəуірлеріндегі
əдебиеті. Көбінеше, сол замандардағы түркі
ру-тайпаларына ортақ əдебиет. 2. Хандық дəуі-
ріндегі əдебиет (ХV-ХVІІІ ғасыр арасы). Қа-
зақтың төл əдебиетінің басталауы. 3. ХІХ
ғасыр дағы əдебиет. 4. ХХ ғасыр басындағы
(1900-1920) бұқарашыл əдебиет. 5. Социалистік
дəуір əдебиеті [9,12-б.].
Қазақ халқының өткен тарихын, мəдениетін,
əдебиетін кеңінен қарастырған ғалымдар
əдебиет тарихын көне түркі дəуірінен бастаудың
ғылыми жəне əдістемелік негіздерін айқындауда
əдебиеттанудағы озық ғылыми тəжірибелерді
терең білгірлікпен ұштастырып, көркемдік
ойлаудың тарихи бастауларын дəлелдеп берді.
Соның барысында əдеби дамудың тарихи
сабақтастық, дəстүр мен жалғастық мəсе-
ле леріне жаңаша қарау, жаңаша зерделеудің
бағыт-бағдарына түбірлі өзгерістер əкеліп,
дəуір леуге қатысты қалыпты көзқарастан арылт-
ты. Оған кітаптың екі бөлімінде қамтылған
көне түркі əдебиеті үлгілері мен жыраулар
поэзиясы, сонымен қатар оларға қатысты
ғылыми талдауларға түбегейлі жол салып берді.
Біріншіден, Орхон ескерткіштері, «Оғуз наме»,
Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік», Махмұд
Қашғаридің «Дивни луғат ит – түркі», Ахмет
Игүнекидің «Хибату хақайық», сондай-ақ «Му-
хаббат наме», «Оғуз наме» тəрізді көне əдебиет
нұсқалары талданып, олардың қазақ тіліндегі
аудармалары берілді. Екіншіден, Қазақ хандығы
дəуірінің Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет,
Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Бұқар жырау,
Ақтамберді, Тəтіқара, Көтеш, Шал сынды ақын-
жыраулардың өміріне қатысты тың деректер
қамтылып, толғау-жырлары, өлеңдері ұсынылды.
Сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр болған
жырау тұлғасының өзіндік қасиеттері сипаттал-
ды. Үшіншіден, ХІХ ғасыр əдебиетінің Абыл,
Ақтан, Қашаған, Аралбай ақын-жыраулардың
мұралары енгізілді.
Жыраулар поэзиясының қазақ сөз өнерін
еселеуге қосқан поэтикалық қуаты, эстетика-
лық танымы ұлттық сипатта қарастырылып,
толғау-жырларының тақырыптық-идеялық өзегі
елдік пен ерлік болғаны тұжырымдалды. Мы-
салы, «Шалкиіз жырау əдебиетіміздің тари-
хында өшпес із қалдырды. Ол сахара эпосын
жасаушылардың бірі болды» [9,17-б.], «Жырау
өз толғауларында халықты басқыншылармен
аянбай күресуге шақырды, дұшпанға соққы
берер, жеңіс күні туар сəтті армандайды.
Сондықтан Ақтамберді жырларының негізгі
сарыны да ерлік, азаттық үшін күрес» [9,19-
б.], «Үмбетей шығармаларындағы негізгі бағыт
– философиялық, дидактикалық сарын, өмір,
болмыс туралы ойлар» [9,19-б.] өзге де ғылыми
талдаулар мен эстетикалық бағалаулар қазақ
əдебиетіндегі жыраулар тұлғасының алар оры-
нын тануда маңызды болды.
Қазақ əдебиетінің тарихын дəуірлеуді ғы лы-
ми негіздеу осы бағыттағы зерттеу еңбек терінің
желісін үзбей жалғастырылуымен де сабақтаса
өрбіді. Атап айтқанда, «Алдаспан» (1971),
«Ақберен» (1972) жинақтарының жарық көруі
Б. Кенжебаев концепциясының нақты жүзеге
асуы болатын. Ол көне мұра нұсқаларын жария-
лауда «Ертедегі əдебиет нұсқалары» хресто-
Б. Кенжебаев жəне ежелгі дəуір əдебиеті
99
ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №2 (32). 2012
матиясында алғаш жүзеге асса, М. Мағауиннің
құрастыруы, алғы сөзімен жарық көрген «Ал-
даспан» атты жинақта ХV-ХVІІІ ғасырлардағы
қазақ ақын, жырауларының шығармалары жүйеге
келтіріліп, тұңғыш рет басылды. Жинақтың
«Қадым заман куəгері» алғы сөзінде М. Мағауин:
«Орхон-Енисей жазулары əдебиетіміздің басы
болса, одан соңғы дəуірлерде «Оғызнама»
(ІХ ғ.), «Қиссас-үл-əнбия» (ХІ ғ.), «Мұхаббат-
нама» (ХІІІ ғ.), «Кодекс Куманикс» (ХІІІ ғ.)
тəрізді жазба əдеби мұралар жасалды, Хожа Ах-
мет Ясауи (ХІІ ғ.), Сүлеймен Бақырғани (ХІІ ғ.),
Сайф Сараи (ХІV ғ.) сияқты қаламгерлер еңбек
етті» [110,5], − деп көне əдебиет нұсқаларының
жазба əдебиет бастауындағы маңызын тұжырым-
дады. Жыраулар поэзиясының қайталанбас ұлт-
тық сипаттағы қасиеттері эстетикалық тұрғыдан
бағаланып, ұлт поэзиясының көркемдік даму-
дағы жанрлық бітімі байыпталды. Ал Қ. Сы-
ди қов тың құрастыруымен, алғы сөзімен жа-
рық көрген «Ақберен» жинағында ХVІІІ-ХХ
ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының ғы-
лыми-зерттеу мен рухани арнадан тыс қалып
келген мұралары қам тылды. Жинақтың алғы
сөзінде Қ. Сыдиқов: «Ғасырлар қалтарысындағы
асыл мұраны аялай қарап, оның таңдаулы
үлгілерін жариялап отыру, халықтың биік
мұратын толғаған ақын, жыраулар дəстүрі біздің
дəуірімізге қалай ұласып, дамығанын көрсету −
ұрпақ алдындағы парыз» [11,6-б.], − деп жаза-
ды. Көркемдік дамудың дəстүр ұласуын тануда
əдеби мұраларының орны ерекше болып табы-
латын Абыл, Есет, Қашаубай, Қалнияз, Сүгір,
Қашқынбай, Нұрым, Құлманбет, Қашаған,
Шəйтім, Досжан, Білек, Ақтан, Қубала, Арал-
бай, Өскінбай, Өмір сынды барлығы он жеті
ақын, жыраулардың туындылары берілді. «Ал-
даспан» жəне «Ақберен» жинақтарының жарық
көруі қазақ əдебиетінің тарихын дəуірлеудегі
маңызды ғылыми мəселелердің бірі – ақын, жы-
раулар шығармаларына деген ғылыми негізсіз
күмəндардан арылтып, олардың авторлығы
сақталмаған деген мəселедегі даулы түйіндерді
шешіп берді. Ол фольклорлық мұраға танылып
келген əдебиет нұсқаларын жаңаша байыптау
деген мəселелерге де қозғау салды. Мəселен,
М. Дүйсенов «Фольклор ма, əдебиет пе?» атты
полемикалық мақаласында «Фольклорды ауыз
əдебиеті мағынасында қолдану ғылыми жағынан
теріс» деген пікір білдірді [12]. Ғалым мақаласы
жыраулар поэзиясының өзіндік табиғатын та-
нуда оны фольклорлық заңдылық тұрғысынан
екшеуге болмайтынын көтеруімен маңызды. Ал
Б. Алдамжаров «Тарих қойнауына көз салсақ»
мақаласында көне түркі əдебиетін 1. Көне түркі
əдебиеті (ҮІ-Х). 2. Орта ғасырдағы классикалық
түркі əдебиеті (Х-ХVІ) деп үлкен екі дəуірге
бөліп, оларды іштей бірнеше салаға жіктейді.
Бірінші дəуір аясында көне ұйғыр жазбалары (ма-
нихей, будда ескерткіштері, заң документтері),
көне түрік жазбалары (Орхон-Енисей, Талас
жазулары жəне басқалар) қаралса, екінші дəуір
аясында чигиль-қарлұқ-ұйғыр тіліндегі əдебиет
(«Құтты білік»), Оғыз-қыпшақ тіліндегі əдебиет
(«Кітаби Дадам Қорқыт», «Негдж ұль-фарадис»,
«Хосров уа Шырын», «Қысса ұль-əнбия», «Ма-
хаббатнама», «Диуани хикмет», т.б.), шағатай
тіліндегі əдебиет («Юсуф Зулейха», «Ревнақ ұль-
ислам», «Саккаки Лұтфи, Юсуф Əмір, Науаи,
Бабыр Мұхамед Салих шығармалары»), Ноғай-
Қырғыз-Қыпшақ тіліндегі əдебиет (Сыпыра жы-
рау, Кетбұға жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, До-
спамбет, Шəлкиіз жыраулар, Ноғайлы дəуірінде
туған эпостар), араб тіліндегі түркістан əдебиеті,
парсы тіліндегі түркістан əдебиеті [13]. Б. Ал-
дамжаров мақаласының маңызы хронологиялық
тұрғыда көне дəуірден бастап қазақ хандығы
дəуіріне дейінгі əдебиет нұсқалары мен жырау-
лар мұрасын ауқымды қамтуында, əдебиет та-
рихында зерттелуі тиіс əдеби-тарихи арналарды
зерделеуінде.
Ғылыми
принциптілік
əдебиеттанудың
өзекті де маңызды мəселелерін байыпты шешу-
дегі кемел істің кəсіби маманы болуында десек,
Б. Кенжебаевтың «Қазақ əдебиеті тарихының
мəселелері» еңбегі ғалымның əдебиет тари-
хын дəуірлеудегі өз ұстанымына деген ғылыми
адалдығын жəне де оны жетекші орынға
шығаруды діттеуі өмірлік мұраты болғанын
көрсетсе керек. Еңбектің «Қазақ əдебиетінің
тарихын дəуірлеу», «Дивани лұғатит түрік»,
«Қисса-сұл əнбия», «Кодекс Куманикс», «Мұ-
хаббат нама», «Қазақ хандығы тұсындағы əде-
биет» атты проблемалық сипаттағы ғылыми
мақалаларының жинақталып берілуі əдебиет
тарихын дəуірлеу əрі оны дəлелдеу талабындағы
ізденістер желісінің үзілмеген арналарын таны-
тады [14]. Сондықтан да ғалымның осы еңбегіне
жазған Б. Абылқасымов пен Ш. Ыбыраевтар дың
рецензия мақаласында: «Жазба əдебиетіміздің
тарихы V-VІ ғасырлардан басталғандығын мой-
ындайтын кез жетті. ХV ғасырға дейінгі жазба
А.Б. Жұмағұлов, С.У. Такиров
100
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №2 (32). 2012
ескерткіштерді бірен-саран ғана адамдардың
ғана зерттеуі қазақ əдебиеттану ғылымын қана-
ғаттандырмайды» [15], − деп əдебиеттану дың
маңызды да келелі мəселесіне сергек қарау ту-
ралы əдебиетшілерге ой салды. Бұл тұрғыда
Ə. Қоңыратбаевтың «Көне түркі поэзиясы жəне
қазақ фольклоры» (1972), А. Қыраубеваның
«Қисса-и Рабғузи», «Махаббатнаманың» идея-
лық-көркемдік ерекшеліктері» (1974), Ш. Ыбы-
раевтың «Қорқыт ата кітабының» поэтикасын
түркі халықтарының эпосымен салыстыра
зерттеу» (1979) тақырыбында жазылған зерт-
теулері көне түркі əдебиетін терең де жан-
жақты зерттеудегі іргелі еңбектер болып табы-
лады. Бұл зерттеулер қазақ халқына да ортақ
болып табылатын көне мұраларды кешенді
қарастыруларымен жəне де əдебиет тарихының
дəуірлерін ғылыми негіздеуде ерекше мəнге ие
жəдігерлерді типологиялық тұрғыда талдаула-
рымен əдебиеттануға тың зерттеушілік сипат да-
рытты, түркологияның келелі арналарына соны
тыныс берді. Осы сиапттағы тың да соны ғылыми
ізденістер барысында қазақ əдебиеті тарихын
тарихи сабақтастық тұрғысынан зерттеудің
жаңа бағыты айқындалды. Оның қозғаушы күші
əдебиетші Бейсенбай Кенжебаевтың ғылыми
еңбектері бола отырып, қазіргі əдебиеттанудың
басты бағытын айқындап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |