Issn 1563-034x индекс 75880; 25880



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата06.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#7838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
 
 
Әдебиеттер 
 
1  Кеңесбаев І. Фразеологиялық сӛздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 800 б. 
2  Қоңыров Т. Теңеулер табиғаты. – Алматы: Арыс, 2005. – 512 б. 
3  Қоңыров Т. Тұрақты теңеулер сӛздігі. – Алматы: Арыс, 2007. – 480 б.  

52
ҚазҰУ хабаршысы.  Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
Ашраф Мохамед Аттия, Р.С. Ескентаева
4  Мокиенко В.М. Словарь сравнений русского языка. – СПб.: «Норинт», 2003. – 608 с. 
5  Стернин И.А. Лексическое значение слова в речи. – Воронеж, 1985. – 170 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
References
 
 
1  Kenesbaev I. Frazeologialyk sozdik. – Almaty, 2007. – 800. 
2  Konyrov T. Teneuler tabigaty. – Almaty, 2005. – 512. 
3  Konyrov T. Turakty teneuler sozdigi. – Almaty, 2007. – 480. 
4  Mokienko V.M. Slovar sravnenii russkogo yiazyka. – SPb, 2003. – 608. 
5  Sternin I.A. Leksicheskoe znachenie slova v rechi. – Voronezh, 1985. – 170. 
 
 
 
 
 
 
 

53
issN 1563-034Х                                                 KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013                  
Египет жазушысы Салах Маатаның романындағы мәмлүктер билігі кезеңі туралы тарихи деректер
ӘОЖ 821(091)
Қ.Қ. Аубакирова 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.  
e-mail: aubakirova.kunduzay@mail.ru
Египет жазушысы Салах Маатаның романындағы  
мәмлүктер билігі кезеңі туралы тарихи деректер
Мақалада мысырлық жазушы Салах Маатаның «Хизанат Шамаил» атты тарихи романында сурет-
телген мәмлүктер билігі кезеңіндегі қоғамдық, саяси, әлеуметтік жағдайлар баяндалады.
Түйін сөздер: тарихи роман, Салах Маата, мәмлүктер, Хизанат Шамаил, әл-Муайяд мешіті.
К.К. Аубакирова
Исторические факты о мамлюкском периоде  
в романе египетского писателя Салаха Маата
В статье рассматриваются роман «Хизанат Шамаил» египетского писателя современника Салаха 
Маата и исторические события, которые нашли отражение в его произведении.
Ключевые  слова:  исторический  роман,  Салах  Маата,  мамлюки,  Хизанат  Шамаил,  мечеть  аль-
Муайяд. 
K.K. aubakyrova
Historical facts about the Mamluk period in the novel of  
the Egyptian writer Salah Maaty
the article considers contemporary egyptian writer salah Maaty’s novel "hizanat shamail" and historical 
events which have found reflection in his novel. 
Keywords: historical novel, salah Maaty, Mamluks, hizanat shamail, the Mosque of sultan al-Mu'ayyad.
Мысырлық жазушы Салах Маатаның үлкен 
жетістікке жеткен «Шамаил қазынасы» атты та-
рихи  романында  мәмлүктер  кезіндегі  шынайы 
өмір  шебер  суреттелген.  Мәмлүктер  кезеңі  ту-
ралы  жазылған  бұл  романға  тоқталмас  бұрын 
мәмлүктер тарихына қысқаша тоқталып өтейік. 
ХІІІ  ғасырда  мәмлүктер  Мысыр  әскерінің 
көп  бөлігін  құраған.  1250  жылы  соңғы  Аййу-
бид Туран-Шахтың өлімінен кейін билік басына 
мәмлүктер келіп, екі үлкен әулетті құрады: Бах-
ри немесе түріктер (1250-1390) және Буржи не-
месе черкестер (1390-1517). 
Бірінші  әулеттің  атауы  Алтын  Орданың 
құрамына  кірген  Қара  теңіздің  жағалауында 
көшіп-қонып  жүрген  түркі  халқынан  шыққан 
сұлтандардың  билігімен  байланысты.  Моңғол 
шапқыншылығы кезінде тұтқынға түскен құлдар 
италяндықтарға  сатылған,  кейін  олар  теңіз 
(арабша  бахр)  арқылы  Египет  сұлтандарына 
жеткізілген. 
Сонымен  қатар  моңғол  шапқыншылығы 
кезінде Солтүстік Батыс Кавказдың халықтары 
да қырғынға ұшырап, құлдыққа алынып, басқа 
елдерге  сатылған  болатын.  Буржи  (арабша 
мағынасы  мұнара,  Кавказдық  мәмлүктерден 
тұратын  сұлтан  Калаун  құрған  алғашқы 
әскери  құрам  Каир  қамалындағы  мұнараларда 
орналасқан болатын) атты екінші әулеттің атауы 
осы жерден шықса керек. 
1250 жылдан 1390 жылдар аралығында билік 
құрған Бахри сұлтандарының тұсында Египеттің 
әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай өзгеріс- 

54
ҚазҰУ хабаршысы.  Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
Қ.Қ. Аубакирова
тер  болып,  феодалдық  жер  иелену  формасы 
мен  әскери  құрамалар  күшейе  түсіп,  әскердің 
саны  екі  есе  өсіп,  моңғолдық  әскери  тәртіптің 
кейбір тәсілдері қолданылған. Көптеген жерлер 
феодалдардың  қолына  өтіп,  жерді  жалға  беру 
болды. Бірақ шаруалардың негізгі бөлігі хараж 
салығы арқылы қаналып отырған. 
1390  жылдан  1517  жыл  аралығында 
билік  еткен  черкестік  мәмлүктердің  тұсында 
шаруалардың еркіндігі мен бостандығына қатты 
шек  қойыла  бастайды.  Хv  ғасырдың  екінші 
жартысында мысырлық тарихшы әрі географ әл-
Мақризи былай деп жазған болатын: «Ауылдық 
жерлерде  тұратын  шаруалар  (фаллах  қарари) 
осы  аймақ  тиесілі  болған  иқта  иегерінің  құлы 
болып  саналды.  Ол  өзінің  еркіндік  алуына  не-
месе басқа біреуге сатылуына еш үміттенбейтін 
де; керісінше өзі де, оның балалары да мәңгілік 
құл болып қалуға тиісті болды». Өз еріктерімен 
тұрған жерлерін тастап кеткен шаруалар күшпен 
кері қайтарылып, жазаға тартылған [12].
Әсіресе  шетелдік  мәмлүктердің  тарапынан 
елде  тәртіпсіздіктер  орнап,  халыққа  қатыгездік 
пен  жауыздықтарын  танытады.  Алғашқы 
черкестік сұлтан Бурқуқтың тұсында да осындай 
жағдайлар  орын  алған  болатын.  Қала  тұрғын- 
дарының әлеуметтік жағдайлары да шиеленісіп, 
төменгі  таптар  мен  сұлтандар  арасында  әлсін-
әлсін қақтығыстар болып тұрады [3]. 
Мәмлүктердің  билігі  тұсындағы  Мы-
сыр  елінің  экономикалық,  саяси-әлеуметтік 
жағдайының  тарихта  қалай  болғаны  жоғарыда 
толық  баяндалды.  Бұл  тарихи  шындықтар 
Салах  Маатаның  «Шамаил  қазынасы»  ро-
манында  да  дәл  әрі  өте  көркем  суреттелген. 
Сол  дәуірдегі  халықтың  әл-ауқаты  мен  елде 
орын  алған  қоғамдық  жағдайларды  романның 
бас  кейіпкерлері  Жәләл  ад-Дин  мен  оның 
әйелі  Фатиманың  тағдырынан  және  оның  ба-
ласы  Хасан,  Салих  Шахаби  мен  қарапайым 
халықтың  күнделікті  тіршілігінен  көрсек, 
елдің  саяси  жағдайы  туралы  Сұлтан  Бурқуқ 
пен  Жәмәл  ад-Диннің  және  Шамдағы  әмірлер 
Жакам,  Шайх  Махмуди,  Науруз  бен  оның 
айналасындағылардың  тағдырынан,  сонымен 
қатар  Шамаил  қазынасындағы  тұтқындардың 
іс-әрекеті мен сөздерінен біле аламыз. 
Бахрилердің  соңғы  сұлтаны  Салах  Хаджиді 
тақтан  тайдырып,  алғаш  рет  135  жыл  билік  ет-
кен  черкестік  мәмлүктер  әулетінің  негізін  са-
лушы  черкестік  Бурқуқ  сұлтан  болады.  1398 
жылы  Сұлтан  Заһир  Бурқуқтың  өлімінен  кейін 
әмірлер  оның  он  жас  шамасындағы  баласы  
Фаражды сұлтан етіп сайлайды. Сұлтан Наср Зин 
ад-Дин Абу ас-Саадат Фараж ибн Бурқуқ Буржи 
мәмлүктері  әулетінің  екінші  (1398-1405)  және 
төртінші  (1406-1412)  сұлтаны  болады.  Ол  Каир 
қаласында  әмірлердің  арасындағы  алауыздық 
пен  талас-тартыс  өршіп  тұрған  сәтте,  1388 
жылы дүниеге келген. Малик Наср деген лақап 
атқа  ие  болған  Фараждың  билік  еткен  тұсында 
елдің  қоғамдық-әлеуметтік  жағдайы  өте  ауыр 
болатын.  Бір  жағынан,  Мысырда  сұлтандыққа 
ұмтылған  әмірлердің  арасындағы  қақтығыстар, 
екінші  жағынан,  Шам  жеріндегі  әмірлердің 
оларға көмек көрсетуі жағдайды ушықтыра түсті. 
Дәл осы кезде Темірлан бастаған монғолдардың 
шапқыншылығы да белең алады [4].
Темірлан тарих сахнасында маңызды рөлге ие 
болып, Орталық Азияны түгелдей жаулап, Кав-
каз, Парсы, Қытай, Сирия жерлеріне дейін жет-
кен. Темірлан өзінің жеті жылдық жорығын 1399 
жылдан  бастайды.  1400  жылы  Мысыр  Сұлта- 
ны  Фаражға,  кейін  1393  жылы  оның  елшісін 
өлтіруге  бұйрық  берген  Бурқуқтың  билігінде 
болған  Сириядағы  Халеб  (Алеппо)  қаласын, 
1401 жылы Дамаск қаласын басып алады [5]. 
Темірланның  қалың  қолы  Шам  жеріне  ба-
сып  кіріп,  онадағы  халықты  үлкен  қырғынға 
ұшыратып,  егістік  жерлер  мен  тұрғын  үйлер, 
мәдениет  ошақтары  өртке  ұшырайды,  қалалар 
тоналады. Олар қалаларда шегірткеше жайылып, 
барлық жауыздықтарын көрсеткен. Кейбір дерек 
көздерінде он екі мың әскерімен Халеб қаласына 
басып  кіріп,  төрт  күннің  ішінде  қаланы  түгел 
жаулап алады. Халеб қаласымен қатар Урум-ка-
ла, Айнтаб, Дамаск қалаларын басып алып, Мы-
сыр  сұлтанына  да  қауіп  төндіргенімен,  басып 
алған жерлерге әскерлерін қалдырып, Темірлан 
өз  жеріне,  Самарқанға  қайта  оралады.  Деген-
мен  1405  жылы  үлкен  империяны  басқарған 
Темірлан  қаза  тапқанға  дейін  мәмлүктердің 
жүрегіне қорқыныш ұялатады [6]. 
Буржи  мәмлүктерінің  кезінде  де  Шам 
әмірлері тарапынан түрлі мәселелер мен бүлік- 
тер  шығып,  сұлтанға  қарсы  қастандықтар 
ұйымдастырылады.  Бірақ  әмірлердің  бүліктері 
Наср  Фаражға  дейін  жетіп,  1405  жылы  тамыз  
айында  көтеріліс  өз  шегіне  жетіп,  әмірлер 
сұлтанға  қарсы  одақтасып,  оны  тақтан  тайды-
рып, орнына оның інісі Әбдел Әзизді сұлтан етіп 
жариялайды.  Ал  Наср  Фараждың  жақтастары 

55
issN 1563-034Х                                                 KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013                  
Египет жазушысы Салах Маатаның романындағы мәмлүктер билігі кезеңі туралы тарихи деректер
болса,  сұлтанның  қайта  таққа  келуін  құптап, 
оның  оралуы  үшін  барлық  мүмкіндіктерді 
қарастырады.  Нәтижесінде  Сұлтан  Фараж  бен 
оның інісі Әбдел Әзиздің арасында болған үлкен 
күрестен  кейін  сұлтан  Фараж  жеңіске  жетіп, 
1406 жылы қайта таққа оралады. 
Екінші рет таққа келген кезде де Шамдағы 
мәселелер өз жалғасын тауып, Насыр Фаражға 
Халеб  қаласының  әмірі  Абдуллаһ  Жакамның 
тарапынан  үлкен  қауіп  төнеді.  Ол  Мысырдағы 
сұлтандыққа  ие  болу  үшін  әл-Адил  атты 
лақап  атымен  өзін  Шамның  сұлтаны  ретінде 
жариялайды.  Шейх  пен  Шамның  әмірі  Нау- 
руздан  басқа  әмірлердің  барлығы  оған  қолдау 
көрсетеді. Бірақ арада көп  уақыт өтпей  Жакам 
жорықтардың  бірінде  қаза  табады.  Черкестік 
Шейх әл-Махмуди бастаған Триполи мен Дамск 
қалаларындағы  әмірлердің  қарсылығы  Сұлтан 
Фараж  үшін  ауыр  соққы  болады.  1412  жылы 
Сұлтан  Фараж  қақтығыстардың  бірінде  қаза 
тауып,  Шейх  әл-Махмуди  әл-Муайад  есімімен 
сұлтандыққа келеді [7]. 
Жазушы Салах Маата жоғарыда аталған та-
рихи шындықтарды өз шығармасында өрнектей 
отырып тізіп шықса да, автор оқырмандарға тек 
тарихи айғақтарды жеткізумен ғана шектелмей, 
осы  тарихи  оқиғалар  мен  Сұлтан  Бурқуқ,  Жа-
кам, Шейх әл-Махмуди сияқты тарихи тұлғалар 
арқылы  қазіргі  заманда  орын  алған  шынайы 
оқиғаларды  да  астарлы  әрі  бейнелі  түрде 
жеткізеді.
Шейх әл-Махмуди (1358-1421) Мысырға құл 
ретінде келіп, жас кезінде өзінің батылдығымен 
танымал  болады.  Оны  Сұлтан  Бурқуқ  сатып 
алып, кейін Шам жеріне әмір етіп тағайындайды. 
Шейх әл-Махмуди Сұлтан Фараж ибн Бурқуққа 
қастандық  ұйымдастырғаны  үшін  Шамаил 
қазынасына  қамауға  алынып,  үлкен  азапты 
бастан  кешіреді.  Түрмеде  жатып,  сол  жерден 
шықса,  Шамаил  қазынасының  орнына  үлкен 
мешіт  салуға  уәде  береді.  Бірнеше  жылдан 
кейін  түрмеден  қашып  шыққаннан  соң  Дамаск 
қаласының  әмірі  Наурузбен  біріге  отырып 
Сұлтанға қарсы шығады да, Фараждың өлімінен 
кейін  1412  жылдан  1421  жылдар  аралығында 
сұлтан болады. 
Шейх  әл-Махмуди  сұлтан  болғаннан  кейін 
өзінің берген уәдесінде тұрып, азапқа толы Ша-
маил  қазынасын  қиратып,  оның  орнына  жаңа 
мешіттің  құрылысын  бастап,  оған  көп  қаржы 
бөледі. 
Шамаил 
қазынасы 
Баб 
Зуейланың 
солтүстігінде  орналасқан.  Оны  Малик  Ка-
мил  Мухаммад  ибн  әл-Адил  Абу  Бакр  ибн 
Аййубтың тұсында Каир қаласында уәли болған 
Әмір  Алам  ад-Дин  Шамаил  негізін  қалайды. 
Ол  жантүршігерлік  көрінісі  мен  үлкен  азап, 
жауыздық  пен  қатыгездік  арқылы  аты  шыққан 
түрмелердің  бірі  болған.  Шамаил  қазынасына 
тек өлім жазасы мен ауыр жазаға тартылғандар, 
атақты  қылмыскерлер  немесе  сұлтанға  қарсы 
шығып,  оған  қастандық  ұйымдастырғандар 
қамалатын  болған.  Бұл  жағдай  Фараж  ибн 
Бурқуқтың  тұсында  шегінен  шығып,  түрмеге 
қамалғандар  ауыр  азапқа  ұшырап,  сыртқы 
әлеммен  байланыстары  үзілетін  болған.  Тек 
Сұлтан  Шейх  әл-Махмуди  таққа  отырғаннан 
кейін  Шамаил  қазынасы  Каир  қаласындағы 
үлкен мешіттердің біріне айналады [14]. 
Міне 
жоғарыда 
келтірілген 
тари-
хи  шындықтар  Салах  Маатаның  «Шамаил 
қазынасы»  атты  тарихи  романында  ойдан 
шығарылған кейіпкер Жәләл ад-Дин Жумдардың 
тағдыры  арқылы  шебер  тізбектеледі.  Онда  та-
рихи  оқиғалар  мен  тарихи  тұлғалар  екінші 
орынға  шығады  да,  шығарманың  негізгі  идея- 
сын құрайды. Жазушының бұл шығармасы ту-
ралы араб тіліндегі деректерде де кездесіп, оның 
тарихи  маңыздылығы  ерекше  аталады.  Мыса-
лы,  Абуд  Мұстафа  әл-Абуд  өзінің  «Шамаил  
қазынасы...  Тарихи  роман  қалай  жазылады?» 
атты мақаласында былай деп жазады:
Жазушы  әрқашан  өзінің  айтқысы  келген 
нәрсесін  тікелей  айта  салмайды.  Қаламгер  ол 
үшін  символикалық  әдістерді  қолданады  не 
болмаса басқа уақыт аралығы мен басқа жерді 
сипаттауға  жүгінеді.  Егер  романды  оқи  оты-
рып  көз  алдымызға  өткен  дәуір  келетін  бол-
са  (жазушы  өткен  тарих  пен  қазіргі  заманды 
байланыстырғысы  келсе  де,  келмесе  де),  онда 
бұл  шығарма  тарихи  роман  болып  табылады. 
Оның бірнеше түрлері бар: 
–  белгілі  бір  тарихи  кезеңді  дәл  әрі  нақты 
суреттеп,  белгіленген  шектен  шықпайтын 
шығармалар;
–  қазіргі  заманда  орын  алған  қоғамдық 
жағдайларды сынға ала отырып, қоғамға өзгеріс 
әкелу мақсатымен өткен тарихты қайта жандан-
дыратын шығармалар; 
– шынайы болған оқиғаны қиялдан шыққан 
қарапайым  әңгімелердің  негізінде  сипаттай-
тын  туындылар.  Тарихи  романның  қандай 

56
ҚазҰУ хабаршысы.  Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
Қ.Қ. Аубакирова
түрі  болмасын,  олар  белгілі  бір  оқиғалар  және 
тұлғалармен тікелей байланысты болады [8].
Жазушы  Салах  Мааттаның  «Шамаил 
қазынасы»  атты  шығармасын  оқып,  терең 
ойланған адам жазушының араб әлемінде болып 
жатқан  түрлі  күрестер  мен  заңсыздықтардың, 
әсересе  Ирак  пен  Америка  арасындағы 
соғыстардың  себебінен  қайғыға  батып,  көз 
ілмейтінін  аңғаруға  болады.  Жазушының 
Сұлтан  Насыр  Зин  ад-Дин  Абу  ас-Суадат  Фа-
раж  ибн  Бурқуқтың  билік  еткен  кезеңіндегі 
оқиғаны  суреттеу  арқылы  нені  меңзегенін 
білуге болады. Мүмкін, осы кезең арқылы араб 
қоғамының  жан-жаққа  ыдырап,  араб  елдерінің 
басшылары  арасындағы  талас-тартыстарды 
көруге болар. Термірланның бастауымен болған 
маңғолдардың  шапқыншылығы  арқылы  араб 
елдерінің  барлығына  қауіп  төніп  тұрған  үлкен 
қатерді көрсетпекші шығар. Бұл кезеңнің қазіргі 
заманмен айтарлықтай ұқсастығы бар. Егер біз 
бұл  ұқсастықты  қазіргі  кездегі  араб  әлемімен 
жоғары дәрежедегі сәйкестік деп айтсақ та асы-
ра сілтемеген болар едік [9].
Мүмкін  жазушы  шынайы  түсініктер 
қалыптастыру  үшін  өткен  тарихқа  жүгіну 
арқылы  қазіргі  заманда  қалыптасқан  сая-
си  жағдайларды  жаңа  арнаға  өзгерткісі  кел-
ген  болар.  Роман  Жәләл  ад-Диннің  Шамаил 
қазынасына  қамауға  алынумен  басталады. 
Ол  ішіне  кіргендердің  барлығы  қиындыққа 
ұшырайтын  үлкен  азапқа  толы  жер  болатын. 
Жазушы  түрмені  былайша  суреттейді:  «Оның 
күлгін  сары  қабырғалары  тегіс  емес,  сырты 
түсіп, ылғалдылық қаптаған, біраз жері шешек 
ауруына ұшырағандай шұрық тесік... Қап-қара, 
биік  төбесінің  бұрыш-бұрышына  өрмекшілер 
ұялаған,  оған  қоса  ағаш  арқалықтың  бірінде 
жарқанақтар аяқтарымен жабысып, зынданның 
кеңістігінде  денелері  мен  қанаттары  салбырап 
жатыр. Тек көздері тас қараңғылық басқан бұл 
мақұлықтар түрмедегілерді қарауылдап жатқан 
шайтандай көрінді...».
Жазушының  Шамаил  қазынасы  атты  бұл 
түрмеге  берген  сипаттамасынан  және  ондағы 
қылмыскердің: «Неліктен оны тозақ не қасірет, 
болмаса, тамұқ не жаһаннам деп атамай, қазына 
деп  атағанын  түсінбедім»  деген  сұрағына 
қылмыскерлердің  бірі  кекесін  дауыспен: 
«Әрине, қазына деп атайды, себебі оның ішінде 
өте  бағалы  заттар  сақталынған...  Жер  бетінде 
бізден  бағалы  жан  бар  ма  осы?»  деген  және 
романдағы бас кейіпкерлердің бірі Алә ад-Дин 
«Оны  тұрғызған  Камил  Мухаммад  әл-Аййуби 
патшаның уәзірі болған Алам ад-Дин Шамаил-
ды  Алланың  қарғысы  атсын»  деген  сөздерінен 
оның мағынасын аңғаруға болады.
Салах  Маата  өмірге  шынайы  көзбен 
қарап,  мистикалық  көріністерден  бас  тар-
тады.  Оның  авторлық  ұстанымы  –  қоғамда 
шынайы  орын  алған  надандық,  зұлымдық, 
қаталдық, әділетсіздік сияқты жағымсыз сипат- 
тарды  көрсету  болып  табылады.  Мәмлүктер 
кезеңінде  болған  оқиғаны  баяндай  отырып, 
бір  ғана  кейіпкерге  үлкен  көңіл  бөліп,  оның 
психологиялық  жағдайына,  ішкі  әлемі  мен 
оны қоршаған әлеміне басты назар аударса да, 
ондағы  тарихи  тұлғалар  мен  тарихи  оқиғалар 
арқылы қазіргі таңда орын алған шынайы өмір 
мен ащы шындықты көрсетеді. 
Оның ағылшын, француз тілдеріне аудары-
лып,  үлкен  жетістікке  жеткен  романдарының 
бірі  ретінде  мәмлүктер  кезіндегі  тарих  баян- 
далатын  «Шамаил  қазынасы»  атты  рома-
ны  араб  әдебиетінде  ерекше  орынға  ие.  Мы-
сырда  әмір  болған  Алам  ад-Дин  Шамаилдің
1
 
Каир  қаласында  өзінің  атын  тарихта  қалдыру 
мақсатымен  әл-Камил  Мухаммад  ибн  әл-Аділ 
Абу  Бакр  ибн  Аййубтің  тұсында  салдырған 
Шамаил  қазынасы
2
  атты  Шейх  әл-Махмуди 
қамалып, бұл жерден шықса Шамаил қазынасын 
бұзып,  орнына  үлкен  мешіт  тұрғызуға  ант 
бергенін жоғарыда айтқан болатынбыз [1]. 
Түрмеден шыққан Шейх әл-Махмуди өзінің 
уәдесін  орындап,  сұлтандыққа  қол  жеткізген 
соң Шамаил қазынасын бұзып орнына Каирдегі 
үлкен  мешіттердің  бірі  әл-Муайяд  мешітін 
тұрғызады.  1425  жылдан  басталған  мешіттің 
құрылысы  бес  жылға  созылады.  әл-Муайад 
деп  аталатын  бұл  мешіт  Каир  қаласының 
оңтүстігінде  орналасқан.  Қола  пластинадан 
жасалған  үлкен  есігінің  ұзындығы  –  5,8  метр. 
Оның  кең  алаңы  субүркегіштер  мен  жасыл 
желектер  арқылы  көмкеріле  түседі.  Шейх  әл-
Махмуди  мешітте  түрлі  ғылым  саласындағы 
мыңдаған кітаптан тұратын үлкен кітапхана мен 
білім беретін медресе де салдырған. Ол туралы 
1
 Алам ад-Дин Шамаил – әл-Камил Мухаммад ибн әл-
Аділ  Абу  Бакр  ибн  Аййубтың  тұсында  Каир  қаласының 
уәли болған.
2
 Шамаил қазынасы – Шейх әл-Махмуди сұлтандыққа 
келгенге дейін жуаыздық пен азапқа толы көрінісі арқылы 
атағы шыққан саяси түтұындар ұсталған Каир қаласының 
оңтүстігіндегі түрме атауы.

57
issN 1563-034Х                                                 KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013                  
Египет жазушысы Салах Маатаның романындағы мәмлүктер билігі кезеңі туралы тарихи деректер
тарихшы  әл-Мақризи  де  өз  еңбектерінде  атап 
өткен [13].
Қазіргі  таңда  әл-Муайяд  мешіті  Каир 
қаласының  оңтүстігінде  орналасқан  ең  үлкен 
мешіттердің  бірі,  бұл  жер  2002  жылдан  бас- 
тап  Египет  мәдениет  министрінің  нұсқауымен 
туристтік аймаққа айналған [13]. 
Салах  Маата  –  аса  нәтижелі,  білімді  және 
ойшыл  араб  жазушыларының  бірі.  Оның  ро-
мандары  араб  тарихын  көркейту  мақсатында 
жазылған  тарихи  еңбектерінің  құнды  бөлігі. 
Оның  еңбектері  басқа  шығыс  авторларын-
да  кездесе  бермейтін  көптеген  дәлелдермен 
құнарландырылған. 
Әдебиеттер
1  Салах Маата. Хизанат Шамаил, 2008. – 246 б.
2  Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 163 б.
3  Әлібекұлы А. Мәмлүктер кезіндегі түркі-қыпшақ әдебиеті (дамуы, әдеби өкілдері, өлең өлшемі). 
Автореферат. – Алматы, 2005. – 26 б.
4  Шильтбергер Иоганн, Путешествие по Европе, Азии, Африке. – С. 1394.
5  Наталья Басовская, профессор РГГУ. Эхо Москвы (13 февраля 2010 г.).
6  Руи Гонсалес де Клавихо. Дневник путешествия в Самарканд ко двору Тимура (1403-1406).
7  Олдридж Джеймс. Каир. Биография города. Перевод с английского О.Орестова. – М., 1970. – 85-
86 сс.
8  Абуд Мұстафа Абуд. Хизанат Шамаил... Тарихи роман қалай жызылады?// әл-Уафд, 23.08.2008.
9  Сами Фарид. Маза йабқа? Мин Хизанат Шамаил йахруж ат-Тарих// әл-Аһрам, 22.05.2008.
10  www. stepanstep.ru/news
11  www.news.ru,
12  www.gumilevica.kulichki.net/works
13  www.venividi.ru
14  http://www.coptichistory.org/new_page_1994.htm
15  www.rian.ru/docs/about
References
1  salah Maaty. hizanat shamail, 2008. – 246.
2  Qyraubayeva a. Gasyrlar murasy. – almaty: Mektep, 1988. – 163.
3  alibekuly a. Mamlukter kezegnindegi turkey-kypshaq adebieti (damuy, adebi okilderi, olegn olshemi). 
aftoreferat. – almaty, 2005.-26.
4  Johannes schiltberger, a native of bavaria, in europe, asia, and africa, 1396-1427 (1879).
5  Nataliya basovskay. eho Moskvy (13 February 2010 г.).
6  ruy Gonzales de Clavijo. Dnivnik puteshestviya v samarkand ko dvoru timura (1403-1406).
7  oldrige James. Kair. biografiya goroda. – Moskva, 1970, – 85-86.
8  abud Mustafa abd. hizanat shamail… tarihi roman kalai zhazylady?// al-Uafd, 23.08.2008.
9  sami Farid. Maza yabqa? Min hizanat shmail yahruj at-tarih// al-ahram, 22.05.2008.
10  www. stepanstep.ru/news
11  www.news.ru,
12  www.gumilevica.kulichki.net/works
13  www.venividi.ru
14  http://www.coptichistory.org/new_page_1994.htm
15  www.rian.ru/docs/about

58
ҚазҰУ хабаршысы.  Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
А.К. Ахметбекова 
ӘОЖ 398; 801.8
А.К. Ахметбекова 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан,  Алматы қ.  
e-mail: axbota@mail.ru
Қазақ жыраулары және сопылық ілім
Қазақ  халқының  он  екі  ғасыр  бойы  наным-сенімі  болып  табылатын  ислам  дінінің  мазмұны 
сопылық  іліммен  байланысты  екені,  дәлірек  айтсақ,  түркілік  сопы  Қожа  Ахмет  Йасауи  интер-
претациясы  тұрғысында  қалыптасқаны  белгілі.  Қазақ  хандығы  тұсында  жасаған  жыраулардың 
сопылықпен терең таныстығы олардың сопылық тезаурусты қолдануынан анық танылады. Алай-
да  жыраулар  шығармаларындағы  сопылық  терминдер  мәндік  тұрғыда  біршама  трансформацияға 
түскені байқалады. Бұл трансформация негізінен қазақ хандығының тарихи ахуалымен және қазақ 
менталитетінің ғасырлар бойы қалыптасқан негіздерімен байланысты орын алғанын көреміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет