Issn 1563-034x индекс 75880; 25880


M.A. Ashraf, R.S. Yeskentayeva   Names of animals as the main unit of linguacultural



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата06.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#7838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
M.A. Ashraf, R.S. Yeskentayeva  
Names of animals as the main unit of linguacultural  
(on the basis of Arab and Kazakh comparisons) 
 
The article is devoted to the problem of portable zoonyms values describing the rights in the Arab and 
Kazakh. We investigate linguistic-cultural aspects of the comparative speed with the use zoonyms in two 
languages. Showing different values zoonyms that appear when compared with the human animal. Reveal 
cultural similarities and differences in the metaphorical use of the same names of animals analyzed in two 
languages, and the extent of the similarities or differences. Such an analysis will be of interest to 
specialists in the field of linguistics, comparative linguistics. 
Keywords: zoonym, comparative turnover; component analysis of the word, Arabic language, linguistic-
cultural analysis, comparative linguistics. 

45
issN 1563-034Х                                                 KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013                  
Зоонимдер – негізгі лингвомәдени бірліктер
Әрбір  тілде  ӛзінің  сӛздіктегі  негізгі 
мағынасынан  бӛлек,  ауыспалы  мағынада 
қолданылатын  лексикалық  бірліктердің  бар 
екені  бәріне  мәлім.  Осындай  ауыспалы 
мағынада қолданылатын бірліктердің қатарына 
жануарлар  атауларымен,  яғни  зоонимдермен 
берілетін  теңеулерді  жатқызуға  болады. 
Зоонимдік  теңеулер  әрбір  тілде  ӛзінің  негізгі, 
тура  мағынасынан  бӛлек,  ауыспалы  мағынада 
қолданылады,  бірақ  бұл  теңеулердің  барлығы 
бірдей  сӛздіктерде  кездесе  бермейді.  Сондай-
ақ,  бұл  мағыналар  жануарлардың  образдық 
сипаттамасын  немесе  жануардың  образды 
метафоралық компонент мағынасын береді. 
Соңғы жылдары сӛздің лексикалық мағына- 
сының  компоненттерін  бӛліп  қарау  мәселесі 
кӛптеген  лингвист-ғалымдардың  назарын  ау- 
дарып  отыр.  Бұл  мәселемен,  ең  алдымен,  
И.В.  Арнольд,  Б.П.  Головин,  С.Д.  Кацнельсон, 
В.И. Комиссаров,  Н.Г.  Комлев,  А.А.  Леонтьев, 
И.А.  Стернин,  А.А.  Уфимцева  және  т.б.  айна- 
лысқан. 
И.А.  Стерниннің  пікірінше,  семантикалық 
компонент «лексикалық мағынаның бір бӛлігін, 
басқа  мағыналарына  қарағанда  аздауын  білді- 
реді» [5, 40]. Сӛздің лексикалық мазмұнын дәс- 
түрлі  түрде  келесі  негізгі  компоненттерге 
бӛледі:  
1) денонативті;  
2) сигнификативті;  
3) синтагматикалық;  
4) коннатативті;  
5) ұлттық-мәдени;  
6) лингвоелтанулық;  
7) стилистикалық;  
8) прагматикалық;  
9) эмпирикалық;  
10) эмоционалды және т.б. 
Сонымен  қатар  сӛз  мағынасының  негізіне 
кіретін  компоненттер  оның  әртүрлі  қырларын, 
тіл  жүйесіндегі  бейнесін  айқындайтынын 
ерекше  атап  ӛту  қажет.  Бұл  компоненттер  
И.А.  Стерниннің  айтуынша,  мағынаның  тұтас- 
тығын  бұзбайды,  ӛйткені  «олар  мағынаны 
құрап, оның бірыңғай құрылымына толығымен 
кіреді» [5, 52]. 
Жоғарыда  айтылып  кеткендей,  зоонимдер 
мағынасының  образды  компоненттері  теңеу 
мағынасын беретін сӛз тіркестерде, яғни салыс- 
тырмалы  орамдарда  кездеседі.  Дәл  осындай 
теңеуде мағынаның образды компоненті алдың- 
ғы қатарға шығады. 
Адамды  жануарлар  атауына  теңеу  кӛпте- 
ген халықтар мәдениетінде, тілінде кең тараған. 
Біздің  мақаламызда  араб  тіліндегі  зоонимдер 
қазақ  тілімен  салғастырыла  отырып,  олардың 
лингвомәдени  ерекшеліктері  зерттеледі.  Бұл 
талдау жануарлар атауларымен жасалған теңеу- 
лерден тұратын тіркестер негізінде жасалады.  
Бұндай  материал  араб  және  қазақ  тілдерін- 
дегі  зоонимдердің  образды  қолданылуындағы 
бірдей  денонативті  мағынадағы  ұқсастықтары 
мен  ерекшеліктерінің  қандай  дәрежеде  екенін 
белгілеу  үшін,  салыстырып  отырған  тілдердегі 
образды  параллельдердің  бар  болуын,  жан-
жақты  және  арнайы  дифференциалды  белгіні 
анықтап,  лексикалық  топтың  образды  қолда- 
нылуын кӛрсетеді.  
Ерекше  айта  кететін  бір  жайт,  бұндай 
талдау екі мәдениеттің, әсіресе қазақ мәдениеті 
ӛкілдері үшін  ӛзекті болып табылады. Ӛйткені 
бүгінгі таңда қазақ тілінде жануар атауларымен 
жасалатын теңеуге байланысты ғылыми еңбек- 
тер  басқа  тілдермен  салыстырғанда  жоқтың 
қасы. Теңеуге байланысты бір ғана Т. Қоңыров- 
тың «Теңеулер табиғаты» атты ғылыми еңбегін 
атап айтуға болады.  
Лингвистикалық  ғылымда  «Теңеу»  терми- 
ніне  анықтама  бергенде  әртүрлі  пікірлер  кез- 
деседі. В.М. Мокиенконың пікірінше, «Теңеу – 
қоршаған  болмысқа  тек  атау  беру  тәсілі  емес, 
сонымен қатар оларға баға беретін айқын тәсіл. 
Ол  адамды,  табиғат  құбылыстарын  және 
күнделікті  жағдайды  экспрессивті,  кӛрнекі, 
образды  түрде  сипаттайды»  [4,  3].  Қазақ 
лингвисті Т. Қоңыров теңеуге былай деп анық- 
тама  береді:  «Теңеу  дегеніміз  –  ұқсас,  ортақ 
белгілердің  негізінде  бір  затты  екінші  затқа 
салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бей- 
нелік,  кӛркемдік,  эмоционалды-экспрессивтік 
сапасын  күшейтетін,  сол  нәрсені  жаңа 
қырынан,  поэтикалық  қырынан  танытатын  әрі 
стильдік тәсіл, әрі таным құралы» [2, 8]. 
Ал  араб  тілінде  теңеуге  тӛмендегідей 
анықтама береді: 
Теңеу  –  бір  немесе одан  да  кӛп  заттың  бір 
немесе  бірнеше  белгісі,  сапасы,  сипаты 
бойынша  сәйкестігін  кӛрсетеді.  Бұндай 
жағдайда 
  (сияқты)  немесе  осыған  ұқсас 
айқын  немесе  айқын  кӛрінбейтін  шылаулар 
қолданылады [7, 20]. 

46
ҚазҰУ хабаршысы.  Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
Ашраф Мохамед Аттия, Р.С. Ескентаева
Ескеретін бір жайт, зоонимдердің ауыспалы 
мағынасы  тек  экстралингвистикалық  бағдар- 
дан  –  мәдени-тарихи  және  әлеуметтік  фактор- 
лардан ғана құрылмайды. Олар ӛздерінің таби- 
ғаты  мен  дәрежесіне  сәйкес  лингвистикалық 
белгі  болып  табылады  және  зооним  сӛздердің 
семантикалық  нұсқалары  сияқты  ӛмір  сүреді. 
Мысалы,
(қой)  (жануардың  атауы)  және 
  (қой)  (адам  туралы), 
  (әтеш)  (құс 
атауы) және   (әтеш) (адам туралы). 
Адамды жануар атауымен теңеу әрбір тілде 
ерекше  болып  келеді.  Қандай  да  бір  жануар 
туралы  түсінік  әрбір  тілдік  ортада  ӛзінше 
қабылданады.  Мысалы,  араб  тілінде  «қатты 
жылаған 
адамды» 
(қолтырауындай  жылау),  яғни  қолтырауын 
зоонимін  қолданса,  қазақ  тілінде  бота 
зоонимі қолданылып,  ботадай  боздау  (еңіреді, 
ағыл-тегіл кӛзінің жасын бұлады) деген теңеумен 
беріледі. Сондай-ақ түлкі (
зоонимі екі тілде 
де  қу  адамды  сипаттау  үшін  қолданылады:  араб.: 
 (түлкідей қу) және қазақ.: түлкідей қу
Сонымен қатар араб мәдениетінде 
 (хамелеон) 
зоонимі 
«құбылмалы, 
тұрақсыз 
адам» 
мағынасында  қолданылады.  Ал  бұл  зооним  қазақ 
тілінде мүлдем  кездеспейді. Бұл  ұқсастықтар  мен 
ерекшеліктердің  басты  себебі  –  араб  және  қазақ 
халықтарының  мәдени-тарихи  мұрасына  және 
географиялық 
орналасуына, 
табиғатының 
ерекшелігіне байланысты болып келеді.  
Зооним  сӛздердің  ауыспалы  мағынасын 
талдағанда,  бұл  сӛздердің  лексикографиялық 
мәселесі  ерекше  қиындық  тудырады.  Ӛйткені 
зооним  сӛз  тілде  екі  лексико-семантикалық 
нұсқауда  (жануар  атауы  және  адамды  жануар 
атауымен теңеуде) қолданылады. Бірақ бұлардың 
екеуі бірдей сӛздіктерде кездесе бермейді. Әдетте 
кӛп  қолданылатын,  тұрақты  теңеу  болып 
қалыптасқан  метафоралық  мағыналар  ғана 
қолданылады.  Бұл  жағдайда  осы  мағыналар 
айқындалып,  зоонимнің  тұрақты  ауыспалы 
мағынасын  береді.  Екі  тілде  де  сӛздікте 
кездеспейтін,  бірақ  ауызекі  тілде  қолданылатын 
теңеулер баршылық. Мысалы, араб ауызекі тілінде 
«
» (ат сияқты), «
» (ӛгіздей үлкен) 
теңеулер  қолданылады.  Біріншісі  «сымбатты, 
бәденді  әйел»,  екіншісі  «денесі  үлкен,  сүйкімсіз 
адам» мағыналарында ауызекі тілде қолданылады 
және  бұл  теңеулер  сӛздікте  кездеспейді.  Қазақ 
тіліндегі  ұқсас  теңеулерге  тоқталатын  болсақ, 
«еліктің  лағындай»  –  әдемі,  сүйкімді  қыз 
мағынасында,  «шошқадай»  –  денесі  үлкен,  ӛте 
толық, 
жағымсыз 
адам 
мағынасында 
қолданылады.  
Араб  және  қазақ  тілдеріндегі  зооморфтық 
теңеулер  құрамындағы  образды  мағыналарды 
салғастыру  олардың  саны  (образды  компо- 
ненттер  саны)  және  сапасы  (образды  компо- 
ненттердің  мағынасы)  бойынша  түрленіп 
тұратындығын  кӛрсетеді.  Яғни  бір  зооним  екі 
тілде образды компоненттер саны және/ немесе 
мағынасы жағынан әртүрлі теңеуге ие болады. 
Мысалы, араб тілінде 
- (жылан) зоонимі 7 
түрлі теңеуде қолданылады:  
 
Қазақ  тілінде  осы 
-  жылан  зоонимі 
адамды  сипаттайтын  тек  екі  теңеуде  ғана 
кездеседі және бұл теңеу араб тілінде де бар. 
1)  Жыландай  жек  кӛру – қатты  жек  кӛру;  
2) Жыландай арбау – алдау, арбау, сиқырлау.  
Араб  және  қазақ  зоонимдерінің  теңеу 
құрамындағы  саны  мен  образды  компоненттер 
мағынасының  паритеттілігіне  қарай  зоонимдерді 
мәні  бірдей  паритетті,  әртүрлі  мәнді 
паритетті,  жартылай  паритетті,  паритет- 
ті  емес,  нөлдік  (мүлдем  кездеспейтін)  зооним- 
дер деп бӛлуге болады.  
1. Мәні бірдей паритетті зоонимдер – бұл 
тікелей мағынада, образды компоненттер саны 
бойынша және салғастырып отырған екі тілдегі 
зоонимдік  теңеулер  құрамындағы  барлық 
образдық мағыналары бойынша сәйкес келетін 
зоонимдер.  Мысалы,  қазақ  тіліндегі  бұлбұл 
зоонимі араб тіліндегі эквивалентімен образды 
компоненттер  саны  мен  мағынасы  жағынан 
сәйкес  келеді:  қазақ.:  бұлбұлдай  тәтті  үн  – 
даусы  әуезді,  әдемі,  ән  салатын  адам.  Араб.: 
  
Мәні  бірдей  паритетті  зоонимдер  сәйкес 
зооним  сӛздердің  дифференциалды  белгілері 
екі  тілде  де  бірдей  қабылданатындығын  және 
олардың  араб  және  қазақ  тілдеріндегі 
мағыналары бірдей екендігін кӛрсетеді. 
Талдау  мәні  бірдей  паритетті  зоонимдер 
сирек кездесетінін кӛрсетті, бұл адамды жануар 
атауларымен 
теңегенде 
ұқсастықтарына 

47
issN 1563-034Х                                                 KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013                  
Зоонимдер – негізгі лингвомәдени бірліктер
қарағанда  ерекшеліктерінің  кӛп  екендігін 
дәлелдейді. 
2.  Әртүрлі  мәнді  паритетті  зоонимдер  – 
бұл  тура  мағынада  сәйкес  келетін,  араб  және 
қазақ  тілдерінде  «зоонимдік»  компонент  саны 
бірдей,  бірақ  образды  мағынада  айырмашы- 
лығы  бар  зоонимдер.  Мысалы,  араб  тіліндегі 
ешкі ( ) зоонимі араб әдебиетінде саны жағы- 
нан бір ғана теңеулік орамда кездеседі 
  (әлсіз  мінезді  адам).  Қазақ 
тілінде де  «ешкі» зоонимі бір теңеулік  орамда 
кездеседі,  «ешкідей  секеңдеу»  –  ұшқалақ  адам 
деген  мағынада  қолданылады.  Бірақ  бұл 
теңеулік орам араб тіліндегі мағынасына сәйкес 
келмейді.  
3.  Жартылай  паритетті  зоонимдер  –  бұл 
тура  мағынасында  ұқсас,  образды  семанти- 
касында  жартылай  ұқсас,  бірақ  салғастырып 
отырған екі тілдегі образды компоненттер саны 
жағынан  ерекшеленетін  зоонимдер.  Бұл 
жағдайда  бір  тілдегі  зооним  басқа  тілдегі 
баламасына  қарағанда  ӛзінің  образдық  компо- 
ненттері  жағынан  басымырақ  болып  келеді. 
Мысалы, араб тіліндегі тасбақа (
 ) зоони- 
мі қазақ тіліндегі эквивалентімен тура мағына- 
сында сәйкес келеді, бірақ ауыспалы мағынада 
саны  жағынан  айырмашылығы  бар.  Араб 
тіліндегі 
  зоонимі  адамды  сипаттауда  екі 
теңеулік орамда қолданылады: 
 ;
 
Қазақ тілінде осы тасбақа зоонимі бір ғана 
метафоралық  мағынада  қолданылады:  «Тасба- 
қаша қимылдау» – қимылы, жүрісі баяу адам. 
Бұл мағына араб тілінде де кездеседі.  
Осы  сияқты  араб  тіліндегі  маймыл  (
  )  
4 ауыспалы мағынада қолданылады.  
 
 
 
 
 
 
Қазақ  тілінде  маймыл  зоонимі  бір  ғана 
теңеулік  орамда  қолданылады:  Маймылдай  – 
ұсқынсыз  адам  (халық).  Бұл  теңеу  қазақ 
әдебиетінде  кездеспейді,  тек  ауызекі  тілде 
қолданылады. 
4.  Паритетті  емес  зоонимдер
 
–  бұл  тура 
мағынасында  сәйкес,  бірақ  зооморфтық 
теңеудің  мазмұны  мен  саны  жағынан  ӛзгеше 
болып  келетін  зоонимдер.  Мысалы,  араб 
тіліндегі сиыр (
) зоонимі араб лингвомәдени 
ортасында екі мағынада қолданылады:  
 
 
Қазақ  тілінде  «Сиыр»  зоонимі  тек  бір  ғана 
мағынада  кездеседі  және  араб  тіліндегі 
зоонимінен  ӛзгеше.  Сиыр  мінез

сүйкімсіз 
қылықты адам.  
 Араб лингвомәдени қауымында 
 (түйе) 
зоонимі  адамды  сипаттайтын    түрлі  теңеуде 
қолданылады.  
.
Ал  осы  «түйе»  зоонимі  қазақ  тілінде  екі 
ауыспалы  мағынада  ғана  кездеседі:  «түйедей 
зор» – денесі үлкен адам; түйеше маңқию – бір 
нәрсеге түсінбей, аңқайып қарау. Бұл образдар 
араб  тілінде  қолданылмайды.  Осы  жерде  айта 
кететін  бір  қызық  жайт,  араб  тіліндегі  «түйе» 
зоонимінің  образды  мағыналарының  кӛптігі 
араб  мәдениетінде  бұл  жануарға  үлкен  мән 
берілгендігінде.  Осыған  байланысты  түйенің 
«шөл  даланың  кемесі»  (
)  деген  араб 
тіліндегі метафоралық атау пайда болған.  
5. Нөлдік зоонимдер – бұл салғастырылып 
отырған  екі  тілдің  біреуінде  ғана  кездесетін 
зоонимдер.  Мысалы,  хамелеон  зоонимі  тек 
араб  тілінде  ғана  кездеседі,  ал  қазақ 
лингвомәдени 
социумында 
кездеспейді. 
Ӛйткені  хамелеон  қазақ  даласында  ӛмір 
сүрмейді,  сондықтан  бұл  зооним  қазақ  тілінде 
қолданылмайды. Араб тілінде хамелеон 
 ) 
зоонимі  екі  жүзді  адамды  сипаттағанда 
қолданылады. 
 
Араб және қазақ лингвомәдениеттеріндегі 
зоонимдерді  теңеу  құрамында  қолданған 
кездегі  ұқсастықтары  мен  ерекшеліктерін 
айқын  кӛрсету  үшін  тӛмендегідей  кесте 
қолданылады.  
Біздің  мақаламызда  20  жануар  атауынан  құ- 
ралған  зоонимдік  теңеулерге  талдау  жасалды. 
Олар,  негізінен,  араб  әдебиетінен,  атап  айтсақ, 
«Жануарлар»  (араб  тілінде),  «Араб  әдебиетіндегі 
жануарлар»  (араб  тілінде)  [9],  «Халық  мақал-

48
ҚазҰУ хабаршысы.  Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
Ашраф Мохамед Аттия, Р.С. Ескентаева
мәтелдеріндегі  жануарлар»  (араб  тілінде)  кітап- 
тарынан алынды [8]. Араб тіліндегі зоонимдердің 
образды  мағыналарын  салғастыру  үшін  қазақ 
тіліндегі  Т.  Қоңыровтың  «Теңеулер  сӛздігі»  [3],  
І. Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сӛздігі» қолда- 
нылды  [1].  Ескере  кететін  бір  жайт,  тізімдікке 
кейбір  ауызекі  тілде  қолданылатын,  бірақ 
сӛздіктерде кездеспейтін теңеулер де енгізілді.
 
Араб  және  қазақ  тілдеріндегі  зоонимдерді 
зооморфтық  теңеулер  құрамында  қолданған  
кездегі  ұқсастықтары  мен  ерекшеліктерін  
 
айқын  кӛрсету  үшін  арнайы  кесте  жасалды. 
Кесте  алты  бағанадан  тұрады.  Бірінші  (солдан 
оңға  қарай)  бағанада  реттік  саны,  екінші  және 
үшінші  бағаналарда  араб  тіліндегі  зоонимдер 
мен  араб  әдебиетіндегі  зооморфтық  теңеулер, 
кейбір жерлерде араб әдебиетінде кездеспейтін, 
бірақ  халық  арасында  кең  таралған  теңеулер 
бар,  олар 
  халықтық  деп  белгіленген. 
Тӛртінші  және  бесінші  бағаналарда  қазақ 
тіліндегі  зоонимдер  мен  зоонимдік  теңеулер, 
алтыншы бағанада сәйкестік деңгейі берілген. 
 
№ 
Араб 
тіліндегі 
зооним 
Араб тіліндегі теңеу
 
Қазақ 
тіліндегі 
зооним 
Қазақ тіліндегі 
теңеу 
Сәйкестік деңгейі 

 
 
1

 
2

 

 
Қоян 
1) Қоян жүрек –
қорқақ, ынжық 
адам; 
2) Қояндай секектеу
–секіріп жүру; 
 
Жартылай паритетті 

 
 

 

 

 

 
Арыстан 
1) Арыстандай 
айбатты-айбарлы 
адам; 
2) Арыстандай 
жүректі – батыр, 
күшті, адам; 
Жартылай паритетті 

 
 

 

 
Сиыр 
Сиыр мінез –
сүйкімсіз қылықты 
адам 
 
Паритетті емес 

 
 

 
Бұлбұл 
Бұлбұлдай тәтті үн
–даусы әдемі, 
әуезді адам; 
Мәні бірдей 
паритетті 

 
 

 

 
Қолты- 
рауын 
 
Нӛлдік 

 
 

 

 

 

 

 
Жылан 
1) Жыландай жек 
кӛру – қатты жек 
кӛру; 
2) Жыландай арбау 
– алдау, арбау, 
сиқырлау 
Жартылай паритетті 

49
issN 1563-034Х                                                 KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013                  
Зоонимдер – негізгі лингвомәдени бірліктер

 

 

 
 
 

 

 

 
Түлкі 
1) Түлкідей қу – қу, 
айлакер адам; 
2) Түлкідей епті –
епті адам 
 
Жартылай паритетті 

 
 

 

 

 
Ӛгіз 
1) Ӛгіздей 
ӛңкейген –денесі 
үлкен, еңгезердей 
адам; 
2) Ӛгіздей ӛкірді –
қатты айқайлап 
дауыс шығару 
Жартылай паритетті 

 

Есек 
Есектей ақымақ – 
ақымақ адам; 
(халық) 
Есектен де жуас – 
жуас адам 
 
10 
 
 
 

 

 

 

 
Түйе 
1)Түйедей зор –
денесі үлкен адам 
2)Түйеше маңқию –
бір нәрсеге 
түсінбей, аңқайып 
қарау 
 
Паритетті емес 
11 
 
 
 

 
Хамелеон 
 
Нӛлдік 
12 
 
 
 

 

 
Қой 
1) Қойдан қоңыр –
момын, жуас адам 
2) қойдай меңірею –
ақымақ, топас адам; 
Жартылай паритетті 
13 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 
Қасқыр 
1) Қасқыр жүректі –
беті ештеңеден 
қайтпайтын батыл, 
қайсар адам 
2) Қасқырдай ӛжет –
алғыр, ӛжет адам 
3) Қасқырдай 
мейірімі жоқ –
мейірімсіз, 
қайырымсыз адам 
4)Аш қасқырдай –
мейлінше аранын 
ашу, қомағайлану 
Жартылай паритетті 

50
ҚазҰУ хабаршысы.  Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
Ашраф Мохамед Аттия, Р.С. Ескентаева

 

 

 
14 
 
 
 

 

 
Тасбақа 
Тасбақаша 
қимылдау  –
қимылы, жүрісі 
баяу адам 
 
 
Жартылай паритетті 
15 
 
 
 

 

 

 
Сұңқар 
1) Сұңқардай 
саңқылдау –
саңқылдап сӛйлеу 
2) Ақ сұңқардай 
сұлу  – сұлу, әдемі 
адам 
Паритетті емес 
16 
 
 
 

 
Ешкі 
Ешкідей секеңдеу –
ұшқалақ адам 
Әртүрлі мәнді 
паритетті 
17 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 
Қарға 
Қарғадай барқыл- 
дау – қатты, дӛрекі 
дауыспен сӛйлеу 
 
Паритетті емес 
18 
 
 
 

 

 

 

 

 
Жылқы 
Бәйгі атындай 
арқырау – қимылы 
жылдам адам 
 
Жартылай паритетті 
19 
 
 
 

 

 

 

 
Маймыл 
Маймылдай – 
ұсқынсыз адам 
(халық) 
Жартылай паритетті 
20 
 
 
 

 

Ит 
1) Иттің етінен жек 
кӛру  – қатты жек 
кӛру 
Паритетті емес 

51
issN 1563-034Х                                                 KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013                  
Зоонимдер – негізгі лингвомәдени бірліктер
 

 

 

 

 

 
2) Ит ӛмір –
қорлықпен ӛткен 
ӛмір 
3) Иттей болды –қор 
болды, масқара 
болды 
 
 
Ұсынылған  кесте  тӛмендегідей  жайттарды 
анықтайды: 
1.  Араб  және  қазақ  лингвомәдениеттерінде 
сӛз  мағынасының  ауыспалы  компоненті  сӛз 
семантикасының  маңызды  элементі  болып  та- 
былады.  Зоонимдердегі  образды  компонент 
адам санасында, бір жағынан, объектінің сезім- 
дік  образын,  екінші  жағынан,  осы  объектілер 
туралы  түсініктерін  байланыстыруға  ықпал 
етеді. 
2.  Зерттеу  жұмысы  араб  және  қазақ  тіл- 
деріндегі  зоонимдердің  ауыспалы  мағына 
жүйесінде  ортақ  ұқсастықтармен  қатар,  ерек- 
шеліктерінің  де  бар  екенін  кӛрсетеді.  Ұқсас- 
тықтары  экстралингвистикалық  фактормен, 
әсіресе  мәдениеттердің  ӛзара  әрекеттестігімен 
байланысты. Араб елдері мен Орта Азия елде- 
рінің  арасындағы  мәдени  және  саяси  байла- 
ныстардың ежелден орнағандығы бәріне мәлім. 
Зерттеу барысында байқалған ерекшелік, біздің 
ойымызша,  климаттық  және  табиғи  жағдайға 
байланысты. Жануарлар әлемі табиғатпен және 
климатпен тығыз байланысты. Араб шӛл дала- 
сында  кездесетін  жануарлар  қазақ  даласында 
кездеспейді. 
3.  Сонымен,  араб  тіліндегі  зоонимдердің 
ауыспалы  мағыналары  қазақ  тілімен  салыс- 
тырғанда  кӛбірек.  Яғни,  араб  тілінде  адамды 
жануар  атауымен  теңеу  кӛбірек  қолданылады. 
Бұдан  араб  халқының  жануарларға  үлкен  мән 
беріп,  оларға  әртүрлі  сипаттайтынын  байқауға 
болады.  Араб  поэзиясының  жануарлар  обра- 
зына толы болғандығы да сондықтан болар. 
4.  Мақалада  жасалған  талдау  нәтижесі 
кӛрсеткендей,  әрбір  тілдің  ауыспалы  мағына 
жүйесінің  ӛзіне  тән,  басқа  тілде  кездеспейтін 
ерекшелігі бар. Образды сӛз қолдану мәдениет- 
аралық  коммуникацияда,  аудармада  үлкен  рӛл 
атқарады.  Образды  сӛз  қолдану  аудармашыға 
сӛздің  алғашқы  семантикасын  түсінуге,  оның 
семантикалық  құрылымын,  елтанулық  және 
мәдени фонын түсінуге кӛмектеседі. 
5.  Сол  себепті  зоонимдік  теңеулер  мен 
зоонимдік теңеулердің толық сипаттамасын және 
олардың  этимологиясын  анықтайтын,  ауыспалы 
мағынасының  тарихын  зерттейтін  арабша-
қазақша  (немесе  қазақша-арабша)  сӛздік 
құрастыру  мақсатты  және  пайдалы  болып 
табылады.  Бұндай  сӛздікте  зоонимдердің  араб 
және  қазақ  ұлттық  ӛзіндік  ерекшеліктерін,  екі 
тілдегі  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын 
кӛрсетуге  болады.  Біз  ұсынған  кесте  келешекте 
арабша-қазақша 
(немесе 
қазақша-арабша) 
зоонимдік теңеулер сӛздігінің үлгісі бола алады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет