Раздел 2
фИЛОЛОГИЯ
Section 2
pHIlOlOgY
ӘОЖ 81>373;001.4
Ұ.Т. Алжанбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: Ulbala_77@mail.ru
Араб тiлiнде мағыналары тарылған және кеңіген түркизмдер
Мақалада араб тіліне енген түркі сөздерінің сол сөзбен берiлiп тұрған ұғымының көлемiнің
тарылуы және керісінше түркі (қазақ) тілдерінде бір ғана мағынаға ие сөздердің араб тілінде
бірнеше мағынаға ие болуының себептері қарастырылады.
Түйін сөздер: тілдік байланыс, араб тілі, түркі кірме сөздері, сөз мағынасы, тарылу, кеңею.
У.Т. Алжанбаева
Сужение и расширение тюркизмов
в арабском языке
В этой статье рассматривается сужение и расширение семантических полей заимствованной
тюркской лексики в арабском языке, раскрываются причины этого явления.
Ключевые слова: языковые связи, арабский язык, тюркские заимствованные слова, семантика
слова, сужение, расширение.
Alzhanbaeva U.T.
Сontraction and expansion of the Turkic lexicon borrowed in
the Arabic language
This article discusses the contraction and expansion of the semantic fields of the Turkic lexicon borrowed
in the Arabic language, reveals the causes of this phenomenon.
Keywords: language, Arabic, Turkic, loanwords, the semantics of words, contraction, expansion.
Сөз алмасу кезiнде, сол сөзбен берiлiп
тұрған
ұғымының
көлемi
тарылатыны
байқалады. Тарылудың бұл типiне тән екi
подтип бар. Бiрiншi подтипке сөздердiң
тек – түрлiк байланысының өзгеруi арқылы
болған тарылуды жатқызуға болады: егер
негiзгi тiлде сөз тек атауы болса, басқа тiл
жүйесiне көшкен кезде қабылдаушы тiлде тек
атауы бұрыннан бар болғандықтан, ол түр
атауы ғана болып қалады. Мысалы, түркi
тiлiнде орман – әртүрлi ағаштардың табиғи
өскен шоғыры, қалың тоғай дегендi бiлдiрсе,
40
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
Ұ.Т. Алжанбаева
араб тiлiнде орманның мағынасы тарылып,
Каирде өсетiн ботаника бағының атауы ғана
болып қалған. Урманун-Каирдегi ботаника
бағы (1, 107-б.).
Мағынасы тарылған сөздердiң қатарына
түркiнiң жас сөзi де жатады. Оның қазақ
тiлiнде 1) адамның, жан-жануардың, т.б. өмiр
сүру мезгiлiн белгiлейтiн уақыт, жыл саны:
2)
жас
өспiрiм
жеткiншек,
қызбала;
3) жаңа туған (төл); 4) жаңа көктеп шыққан,
буыны қатпаған, қурамаған, сарғаймаған
өсiмдiк; 5) жылағанда көзден шығатын сұйық
зат деген мағыналары бар. Бұлар әртүрлi
мағынада болғанымен, араларында белгiлi
байланыс бар. Жас сөзi о баста бiр ғана
мағынаны бiлдiрген, бертiн келе қосымша
мағына үстеген я болмаса мүлде басқа
мағыналы сөз болып қалыптасқан. Сөздiң
бастапқы мағынасы жаңа шыққан көк өсiмдiк
деп ұйғаруға болады. Жас сөзiнiң жаңадан
көгерiп шыққан өсiмдiктi бiлдiретiн мағы-
насы жаңа өсiп келе жатқан балаға, одан кiсiнiң
өмiр сүрген жыл санына ауысқан. Көк
өсiмдiктiң дымқыл, ылғалды болуымен, әсiресе
таңертеңгi шық түскен кездегi күйiмен
байланысты бұл сөз «көз жасы» деген
ауыспалы мәнге де ие болған тәрiздi. Мысалы,
қазiр де әзiрбайжан тiлiнде йаш деген сөз
дымқыл, сулы, көк деген ұғымды бiлдiредi
(2,82-б.).
Жоғарыда аталған көп мағынаның араб
тiлiнде бiр ғана жылау, аза тұту мағынасы
ғана енген. Dbigli iaz. Аза тұтты. ha sita malka
dbigli iaz. Патша бiр жыл аза тұтты
(3,210-б.).
Екiншi подтип. Көп мағыналы сөздердiң
тарылуы. Мұнда түркi сөзiнiң көп мағына-
сының бiреуi ғана сақталып, қалғандары бұл
ұғымды бiлдiретiн төл сөздерi болғандық-
тан, қабылданбай тасталынады. Мысалы:
Жүк. 1) жүк. зат. Көлiкке (арбаға, түйеге,
машинаға, т.б.) артылған, тиелген зат;
2) жүкаяққа, сандыққа жиылған тең, көрпе
жастық; жиналған жиһаз; 3) ауыс. бейнет, азап,
ауыртпалық; 4) ауыс. талап, тiлек, мiндет
(4, 256-257-бб.). Түрiк тiлiнiң диалектiсiнде
көрпе-жастық жинайтын үлкен шкаф немесе
қалқа
(5,262-б.).
Араб
тiлiнiң
сирия
диалектiсiне осы мағыналардың йук – көрпе-
жастық жинайтын орын деген мағынасы ғана
ауысқан (6,532-б.).
Бос. сын. 1) Iшiнде ештеме, ешкiм жоқ, құр
тұрған; 2) бекiтiлмеген, ашық, байлаусыз;
3) қолы бос, жұмыс iстемеген кез, т.с.с. толып
жатқан мағынасы бар.
Бос. сын. Ақылсыз, пұлсыз, тегiн. Қосақ
арасында босқа кеттi. Текке сорлады.
Бош. 1) бос уақыт – алтай диалект; 2) оқ-
талмаған – түрiк, азерб., гагауз; 3) тәуелсiз,
басы бос; 4) ажырасқан – түрiк; 5) жесiр;
6) әлсiз, момын – қазақ, қырғыз, ққалп., татар,
өзб., ұйғ. (7,203-204-бб.). Осы мағына-
лардан араб тiлiне ауысқаны буш-текке,
бекерге, босқа деген мағынасы. Бұл сөз
Х.К. Барановтың сөздiгiнде араб тiлiнiң
диалектiсi деп белгiленген (8, 112-б.).
Шанақ. зат. 1) Қобыз, домбыра тәрiздi
iшектi музыка аспаптарының домалақша дүмi;
2) Диiрменнiң астық құйылатын немесе ұн
төгiлетiн жәшiгi; 3) сөйл. өңделген терiден
iстелген сусын тұратын үлкен ыдыс; Шанаш.
Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға
қатырылған терiден саба, торсық, көнек, шанақ
iстеледi («Қазақ әдебиетi»). Түрiк тiлiнде шанақ
қыштан жасалған жайпақ табақ, (9,93-б.), ал
араб тiлiнде қыштан жасалған құмыра ұғы-
мында (10,152-б.).
Мағынасы тарылған сөздердiң бiрi –
жатақ. Қазақ тiлiнде бұл сөздiң 1) мекен,
тұрақ; 2) күш-көлiгi болмағандықтан жай-
лауға көше алмай қалған кедейлер және
солардың қонысы; 3) жатақ-бөлме, үй деген
мағыналары бар. Бұл сөз туралы ЭСТЯ-да
былай делiнедi: 1) жатар орын (ұйықтау
бөлмесi), жатуға арналған нәрсе (кереует, төсек
т.б.) – түрiк, гагауз, әзiрб., ққалп., қырғыз;
2) мекен, тұрақ – қаз., ноғ., өзб., ұйғыр;
3) қысы-жазы бiр орында қалатындардың
тұрақты баспанасы – қырғыз; 4) кедейлер,
жатақтар – қырғ., қазақ; 5) қора, ақыр;
6) жалқау – қырғ., ұйқышыл – түрiк. (5, 156-
157-бб.).
1. Құнанбай кiшкене қаланың тап ортасын-
дағы көк шатырлы үлкен ағаш үйдi жатақ
еткен (М.Әуезов, Абай).
2. Егiншiлiкпен, әдетте, жатақтар –
көшуге мүмкiндiгi жоқ кедейлер айналысатын
(ҚазССР тарихы).
3. Бұлардың жатақ бөлмесi де, оқу бөлмесi
де осы болатын (Д. Әбiлов, Арман).
4. Жатақ болды. Жүргiсi келмей, жата
бергiсi келдi.
5. – Осы қамшымен өрiп-өрiп алайын ба?!
Сен күшiктiң жiлiгiң майланып қалған ба, әлде
жатақ болғанбысың? Тұр ендi, тарт өгiздi!
(Д. Досжанов, Тұлпар).
41
issN 1563-034Х KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013
Араб тiлiнде мағыналары тарылған және кеңіген түркизмдер
Осы көп мағынаның араб тiлiне ауысқаны
екеу-ақ. Олар: 1) төсек (йатақ) және 2) каюта
(8, 116-б.).
Ашық. сын. 1) аузы, есiгi, төбесi немесе үстi
жоқ, жабылмаған зат; 2) ешнәрсе жоқ, бос (жер,
алаң); 3) бұлтсыз, жауын-шашынсыз (күн-
аспан); 4) анық, айқын; 5) әйгiлi, көрнеу, жария
түрде; жасырын емес; 6) iркусiз, бүгусiз, шын
ниетпен; 7) жайдары, ақ жарқын (11, 523-524-
бб.). Осы аталғандардың iшiнен тек анық,
айқын; әйгiлi, көрнеу, жария түрде деген
мағыналары араб тiлiне енген. Бұл сөз бiр
сөздiктiң iшiнде бiрдей мағынамен екi жерде
кездеседi. Олардың айырмашылығы жазылуын-
да. «Сирия диалектiлерi» атты сөздiктiң 25-
бетiнде аджиқ, 385-бетiнде аджи (6,25-б.,
385-б.). Сирия тiлiнде қ дыбысы жазылғанмен
айтылмайды, сол себептi аджиқ және қаджиқ
сөздерi айтылуда аджи болып айтылады.
Бек. Түрiк тiлiнде бек 1) тегi жағынан
ақсүйек адам; 2) кiшiгiрiм тайпаның немесе
рудың басшысы; 3) қолында билiгi бар кез-
келген билеушi, көсем, мырза. Әзiрбайжан
тiлiнде бег – бек – бәг – бәй дворянин, ал
алтынордалықтарда бек – мыңбасы, жүзба-
сы, онбасы (улугбег, минбег, юзбег, онбег).
Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiнде бек –
феодалдық қоғамдағы үстем тап өкiлi, ел
билеген
әкiм,
хан
тұқымы
делiнедi.
Х.К. Барановтың Арабша-орысша сөздiгiн-
де бак, бек, бей (титул) (8,189-б.).
Араб тiлiне енгенде мағыналары тарыл-
ған сөздердiң бiрi – жаға сөзi. Түркi тiлде-
рiнде бұл сөздiң бiрнеше мағынасы бар. Ал
араб тiлiне ол тек киiмнiң жағасы мағы-
насымен енген. Иақатун – жаға. Бұл сөз араб
сөздерiмен тiркесiп жағалардың түр-түрiн
бiлдiредi. Мысалы, иақатун иратун – жап-
сырма жаға, иақатун уақифатун – тiк жаға,
иақатун мақлубсарун – қайырма жаға, иақату
л-маншати – крахмалды жаға (8, 1161-б.).
Алайда бұл сөздiң араб тiлiндегi жаңа
мағынасына қарап, мағынасы өзгерген сөз-
дер қатарына да жатқызуға болатын сияқты. Ол
мағынасы – жақе-бант (10, 150-б.).
Қазақтың көп мағыналы ақ сөзi де
мағыналарын тарылтып, араб тiлiнде тек
ах – жұмыртқаның ағы деген мағынаға ие
болып қалған (8,23-б.).
Мағынасы кеңіген түркизмдер
Бұл топқа жататын сөздер саны көп емес.
Олардың мағынасы көбiнде бiр затты екiншi
затқа теңеу, ұқсату жолымен кеңiген. Мысалы,
қамшы сөзiнiң бiрiншi мағынасы араб тiлiне
өзгерiссiз енген. Екiншi мағынасы – қорқордың
түтiгi. Қорқор түтiгiнiң жiңiшке қайыс немесе
қамшының өрiлген басына ұқсас болатынын
ескерсек, бұл сөздiң осы мағынаға бекер ие
болмағандығын байқаймыз.
Сондай-ақ ошақ сөзiнiң қазақ тiлiнде үстiне
қазан асылатын нәрсе; адамның үй-iшi, отбасы;
бiр нәрсенiң шоғырланған жерi сияқты бiрнеше
мағынасы бар. Араб тiлiнде ал-уджақ немесе
ал-уджақ 1) от жағатын орын (ошақ); 2)
каминнiң тор темiрi; 3) жауынгерлер немесе
тағы басқалардан құрылған топ деген
мағыналары бар (6,519-б.). Мағынасы кеңiген.
Жемiс. Ағаш, бұта атаулының өнiмi,
миуасы. Араб тiлiнде йамиш – кептiрiлген
жемiс және жейтiн ас (8,1161-б.). Жемiстiң тек
кептiрген түрiн йамиш деп атауы, алыстағы
түркi елiнен жемiстiң жаңа пiскен түрiн жеткiзу
мүмкiн болмағандықтан болуы керек. Араб
елдерiне жемiстiң тек кепкен түрлерi (өрiк,
мейiз т.б.) ғана жеткiзiлген. Оған ал-Джабарти
өз кiтабында мынадай мысал келтiредi. Сондай-
ақ шабдалы, өрiк алхоры қымбаттап кеттi, ал
жүзiм, iнжiр, миндаль, орман жаңғағы мен
басқа жаңғақ, ал-йамиш (кепкен жемiс)
атаулыға қатысты, Түркиядан әкелiнетiн
нәрселердiң барлығы шегiне жете қымбаттады,
онысымен тұрмай көбiнде сатылуда болмайтын
едi (12,214-б.).
Қазақ тiлiнде аға сөзi көп мағыналы.
1. Ағайынды адамдардың жасы үлкенi;
2. Жалпы жасы үлкен ер адам; 3. Басшы,
ақылшы, жетекшi ... 4. Басқарушы, басшы-
лық етушi т.б. Осы сөз араб тiлiнде қазақ елiнде
жоқ тағы бiр мағынаға ие болған. Ол аға-
помещик мағынасы (6,42-б.).
Мағынасы өте көп сөздердiң бiрi – бас сөзi.
Оның тура да, ауыспалы да мағына-
лары жеткiлiктi. Араб тiлiне бұл сөз маман-
дық атауына тiркесiп, яғни сөз тiр-
кесiнiң бiрiншi компонентi болып лауазым,
дәреженi бiлдiретiн мағынада енген. Оның
екiншi сыңары түркi сөзi болуымен қатар,
арабтың төл сөзi де бола бередi. Мысалы,
башджауйш-бас шәуiш, баштамурджи-аға
санитар, араб сөздерiмен тiркесi: башмуһан-
дис-бас инженер, башкатиб-бас хатшы не-
месе бiрiншi хатшы, башсиджан-бас түрме
қараушы, башмухдир-бас сот атқарушы,
башхимар-керуенбасы т.с.с. Сөздiкте баш
сөзiнiң жеке өзi бас, аға (күрделi сөздер құ-
42
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
Ұ.Т. Алжанбаева
рамында) деп аударылады (8,62-б.). Осыған
қарап бұл сөздi мағынасы тарылған сөздер
қатарына жатқызуға да болар едi, дегенмен
араб тiлiнде бұл сөздiң қазақ тiлiнде жоқ тағы
бiр мағынасы бар. Ол – карта ойынындағы
король терминi (8,62-б.). Сондықтан бұл сөздi
мағынасын ұлғайтқан сөз деп санауды жөн
көрдiк.
Сүңгi. Көне. Бiрнеше қырлы, ұшы үшкiр,
темiрден, болаттан жасалған ағаш сапты қару.
Сүңгi. Түтiннен, ыстан, шаң-тозаңнан пайда
болатын сауыс.
Сүңгi. Бiр нәрседен (шатырдан, қораның
төбесiнен, т.б.) сүйiрленiп мұз болып қатқан
тамшы. Араб тiлiне сүңгiнiң қару мағынасы
енген, сонымен қатар ол трамвай доғасы, ток
қабылдаушы деген жаңа мағынаға ие болған
(8 475-б.). Бұл сөздiң араб тiлiне трамвай шық-
қаннан көп бұрын енгенi мәлiм, жаңа мағынаға
бертiн келе ие болған.
Бiрiншi. Реттiк сан есiмнiң ең әуелгiсi,
бастапқысы.
Араб
тiлiнде
биринджи:
1) бiрiншi сортты, бiрiншi класты; 2) өз iсiнде
бiрiншi. Арабтың каззаб сөзiмен тiркесiп
бiрiншi өтiрiкшi (большой врун) деп айтылады.
Бұл сөздiң тұсына неизм. өзгермейдi деген белгi
қойылған (6,75-б.) Египет диалектiсiнде бiрiншi
сөзi бiрiншi кезектiң күзетшiсi, ал Ливан
диалектiсiнде ең үздiк мерген деген мағынада.
Ал екiншi реттiк сан есiмi екiншi кезектiң
күзетшiсi және ең нашар атқыш деген
мағыналарға ие (13,58-б.).
Араб тiлiнде да ии(дядя) – аға, нағашы
деген сөз кездеседi. Оның төркiнiне үңiлсек, ол
түркiнiң таға сөзi екенiне көзiмiз жетедi. Бiрақ
ол сөз қазақтың әдеби тiлi емес диалектiсiне
жатқызылған. Таға. зат. диал. Нағашы.
Жиеннiң айтқан сөздерi тағасына ұнады
(«Айқап»). Осы күнi таға деген сөз қалып
қойып, оның орнына әдеби тiлде наға-
шы деген сөз қолданылып жүр (14, 527-б.).
Севортянның сөздiгiнде бұл сөзге мынадай
анықтамалар берiлген:
1. Нағашы аға;
2. Шеше жағынан туысқан. Қазақ диал;
3. Янычарлар офицерi, Алжир янычарла-
рының ертеректегi аты;
4. Кепiлдiк берушi. Түрiкше шешесi жағы-
нан нағашы ата;
5.Алжирдiң бұрынғы құрмет иелерi, жасы
үлкендердiң құрметтi атауы, әсiресе бұл атау
әскербасылар мен офицерлерге, патшаларға
немесе патша уәзiрлерiне берiлетiн болған.
Ертеде тай, дай сөздерi ана, шеше
мағынасында болған болуы керек. Осыдан
тайата, тайәже < тай + ата, әке шешесiнiң
әкесi, тайене < тай + ене шешесiнiң шешесi,
тайаға < тай + аға шешесiнiң ағасы яғни таға
сөздерi шығады. Кейбiр парсы сөздiктерiнде да
ии – нағашы аға сөзi араб тiлiнiң сөзi деп
берiлген (15,127-129 б.).
Араб тiлiнде бұл сөз алғаш шешесi жағынан
туысқан янычарлар атауынан, бертiн келе
жоғары шендi әскербасылар мен лауазым
иелерi болып қалыптасқанға ұқсайды. Ал
арабтар дей деп атап кеткен кейбiр аббасидтық
халифтердiң шешелерi түркi қыздары болғаны
анық. Мысалы, ал-Мұстасимнiң шешесiнiң аты
Джиджак (шешек-гүл) болатын.
Араб тiлiнде қосымша мағынаға ие болған
сөздердiң бiрi – күрек. Ол өзiнiң негiзгi
мағынасынан басқа крику-домкрат мағы-
насында қолданылады. Сондай-ақ бұл сөз
арабтың төл сөздерiмен тiркесiп жаңа сөздер
құрайды. Мысалы: крику зубалатин – қалақ;
крику хариқатин – өрт сөндiретiн багор.
Мұндағы зубалатун – күл-қоқыс дегендi, ал
хариқатун-өрт дегендi бiлдiредi (6,422-б.).
Қазық сөзi де араб тiлiнде қосымша
мағынаға ие болған. Араб тiлiнде оның негiзгi
мағынасы хазуқ – қазықтан басқа-қада, өлтiру
құралы, қару, аяқтан шалу, астыртын жасалған
зұлымдық сияқты мағыналары бар. Сондай-ақ
бұл сөзге араб сөздерi тiркесiп жаңа мағына
үстейдi. Мысалы, амала хазуқ – iштен шалу,
иттiк жасау; акала хазуқ – жерге қарату,
тақырға отырғызу». Бұл фразеологиялық
тiркестердiң сөзбе-сөз аудармасы: 1) қазық
iстеу; 2) қазық жегiзу (16,175-б.).
Мағынасы ұлғайған сөздердiң бiрi – табан
сөзi. Қазақ тiлiнде ол: 1) аяқтың жерге тиетiн,
жер басатын бөлiгi; 2) аяқ киiмнiң адам табаны
тиiп тұратын бөлiгi; 3) заттың жерге тиiп
тұратын астыңғы жағы, төменгi бөлiгi деген
мағыналарға ие. Шананың табаны тиген қар
шықырлап, сықырлай түседi (М. Әуезов, Абай).
Араб тiлiнде де осы мағыналары бар, оған қоса
ұлтарақ деген мағынаға да ие болған. Мысалы,
дабан (табан) – аяқкиiмнiң iшiне табан бiртегiс
болуы үшiн жапсырылатын терiнiң немесе
матаның қиындысы» (14, 446-б.). Ал Баранов-
тың сөздiгiнде табан – таба (сковорода) және
43
issN 1563-034Х KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013
Араб тiлiнде мағыналары тарылған және кеңіген түркизмдер
машинаның шинасы (дөңгелегi) деп аударыл-
ған (8,595-б.). Мүмкiн бұл сөз араб тiлiне
ауызекi сөйлеу тiлi арқылы кiрiп, таба мен
табан сөздерiнiң айтылуда ұқсас болуы себептi
бiр сөздiң екi түрлi мағынасы болып ұғылған
болуы керек.
Әдебиеттер
1 Bedrettin Aytac. Arap lehcelerindeki turkce kelimeler. – lstanbul, 1994. -159 б.
2 Semitskie yazyky. – М., 1976. – 281 s.
3 Zakirov S. Diplomatitsheskie otnoshenya Zolotoi Ordy s Egyptom (ХII-ХIХ вв). – М.: Nauka, 1966. -
160 s.
4 Qazaq tylynyn tusyndyrme sozdygy. 3-tom. – Almaty, 1978. -713- s .
5 Sevortyan E.V. Etymologytshesky slovar turkskyh yazykov na bukvy "J", "Z", "Y". -М.: Nauка, 1989.
-291 s.
6 Arabsko-russky slovar siriyskogo dialekta. – M., 1978. – 552 s.
7 Arab tylynyn tusyndyrme sozdygy. – Beirut, 1973. – 1012 s.
8 Baranov H.K. Arabsko-russky slovar. – М., 1970. – 1168 s.
9 Sevortyan E.V. Etymologytshesky slovar turkskyh yazykov na bukvy "V", "G", "D". – М.: Nauка,
1980. – 395 s.
10 Gordlevsky V.A. Yzbrannye sotshynenya. – М.,1961. – Т. II. – 558 s.
11 Qazaq tylynyn tusyndyrme sozdygy. 1-tom. – Almaty, 1974.
12 Al-Dzhabarty Abd ar-Rahman. Egypet pod vlastyu Muhammada Aly (1806-1821). – М., 1963.
–792 s.
13 Ирано-Афроазийские языковые контакты. Институт востоковедения АН СССР. – М.: Наука,
1991. – 128 с.
14 Qazaq tylynyn dialektologyalyk. – Almaty, 1969.
15 Budagov R.A. Vvedenye v nauku o yazyke. – М., 1958. – 345 s.
16 Turkskoe yazykoznanye. Materyaly III vsesoyuznoi turkologytsheskoi konferensyy. – Tashkent,
1985. – 451 s.
44
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
Ашраф Мохамед Аттия, Р.С. Ескентаева
ӘОЖ 81'1-027.21
Ашраф Мохамед Аттия
1
,
*
Р.С. Ескентаева
2
1
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.
Айн-Шамс университеті, славян тілдері кафедрасы, Египет, Каир қ.
2
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.
*
E-mail: roza.esk@mail.ru
Зоонимдер – негізгі лингвомәдени бірліктер
(араб және қазақ теңеу материалдары негізінде)
Бұл мақала араб және қазақ тілдерінде адамды сипаттайтын зоонимдердің ауыспалы мағынада
қолданудағы мәселелерге арналған. Мақалада екі тілдегі зоонимдермен жасалған теңеулердің
лингвомәдени аспектілері зерттеледі. Адамды жануар атауымен теңеуде пайда болған
зоонимдердің әртүрлі мағыналары кӛрсетіледі. Талдау жасалған екі тілдегі бір зоонимнің
ауыспалы мағынада қолданылуындағы мәдениеттанулық ұқсастықтары мен ерекшеліктері,
сондай-ақ олардың қаншалықты дәрежеде ұқсас немесе ерекше екендігі ашық кӛрсетіледі. Бұндай
талдау лингвомәдениеттану, лингвоелтану және салыстырмалы лингвистика салаларындағы
мамандарға қызығушылық тудырады.
Түйін сөздер: зооним, салыстырмалы орам, сӛз мағынасының компонентті анализі, араб тілі,
теңеу, лингвомәдени талдау, салыстырмалы лингвистика.
М.А. Ашраф, Р.С. Ескентаева
Зоонимы как основные лингвокультурологические единицы
(на материале арабских и казахских сравнений)
Статья посвящается проблеме переносных значений зоонимов, описывающих человека в арабском
и казахском языках. Исследуются лингвокультурологические аспекты сравнительных оборотов с
употреблением зоонимов в двух языках. Показываются различные значения зоонимов, которые
появляются при сравнении человека с животным. Раскрываются культурологические сходства и
различия в переносном употреблении одного и того же зоонима в двух анализируемых языках, а
также степени такого сходства или различия. Такой анализ будет интересен специалистам в
области лингвокультурологии, лингвострановедения и сравнительной лингвистики.
Ключевые слова: зооним, сравнительный оборот, компонентный анализ значения слова, арабский
язык, лингвокультурогический анализ, сравнительная лингвистика.
Достарыңызбен бөлісу: |