Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


ҰЛТТЫҚ КИІМНІҢ ДАМУЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата12.03.2017
өлшемі3,29 Mb.
#8959
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

ҰЛТТЫҚ КИІМНІҢ ДАМУЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ
Л.Қ. ШИЛДЕБАЕВА, 
техника ғылымдарының кандидаты 
Ә.Т. ЖҮНІСОВА,
 магистр 
A.Ә. ӘЛАЙДАРОВА,
Коркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Қай халықтың да тарихы құнды және өте қызық, өйткені ол әлемнің барлық халықтарының жү­
ріп өткен жолдарының шежіресі болып табылады. Кез келген халықтың тарихындағы оқиғалар мен 
өзгерістер  оның  киімдерінде  де  сарқылмайтын  шабыт,  рух  болып  қала  береді.  Ол  қазақ  халқының 
мәдени дәстүрлері мен әдет­ғұрыптарының айнасы іспетті. Дала қазақтарының өмір тарихын зерттей 
қарасаңыз, уақыт аралысындағы киімдердегі қызығушылық тудыратын өзгерістер мен жетілгендікті 
байқауға болады.
Қазақ халқында «Мен сенен бұрын бес­алты көйлек тоздырғанмын» деген сөз бар. Бұл сөз айтушы 
адамның жасының үлкендігін білдіреді. Қазақстанның ерте кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі қазақтардың 
киімдері атауларымен қоса өздері де үлкен өзгерістерге ұшырады.
Қазақ  халқының  дамуымен  қоса  киім  түрлері  өзгерді,  жетілдірілді  және  өткен  күндер  белгісін 
қалдыра отырып, жақсара түсті.

97
Қазіргі киімдерді дайындау барысында ұлттық костюмнің дәлме­дәл ұқсауын қайталамау маңыз­
ды, қайта  соның  негізінде уақыт талаптарына жауап  беретін басқа көркем бұйымдарды үлгілеу  ке­
рек.  Көнерген  элементтердің  механикалық  көшірмесі  болмау  қажет.  Кестемен  безендіруді  киімнің 
құрылысымен және фасонымен үйлестіруі тиіс, оны шамадан тыс әдемілеудің қажеті жоқ.
Ұлттық костюмнің тұрақты екендігін, ал қазіргі заман киімі өзінің синусоидалдық кестесі бойын­
ша кенет өзгеріп тұратынын ескерсек, үлгішілер, дизайнелер сәннің дамуының әрбір келесі сатысында 
қазақша костюмдердің заман бағытына өте сәйкес келетін артықшылықтарын пайдаланады.
Қазіргі заман киімдерін жобалауда әрбір сәтте қазақ костюмінен қай элементті және қалайша алу 
керектігін анықтап алған дұрыс.
Жасалып жатқан үлгіні тұтынушы адамның жасын ескеру де аса маңызды: үлкен кісілер жайбара­
қат, сабырлы шешімді ұнатады, ал батыл жастар алабажақ, ашық түстілерді таңдайды.
Қазақтың ұлттық костюмі атпен, түйемен жүргенде өте ыңғайлы. Практикалық сапаларымен қатар 
терімен, кестемен, оюмен безендірулерінің арқасында ол ерекше көзге түседі. Киімдегі кестелер мен 
басқа әдемілеулердің байлығы бойынша қазақтың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын оңай болжауға бо­
лады. 
Қазақтың ұлттық киімі, оның қосымшалары, тұрмыстық заттары, әр түрлі оюлармен әшекейленген 
аппликация, кесте техникасымен, мүйіз тәрізді фигуралармен, өсімдік элементтерімен, геометриялық 
фигуралардың  қиыстырып  басып  тігілген  жылқының  және  түйенің  ер­тоқымдары  әр  түрлі  оюлар­
мен жабылған. Өрнектердің кескіні, әшекейлеу мен оюлау түрлері қазақтардың қай руында да өзінше 
құбылып,  өзгеріп  тұрады.  Геометриялық  оюларда  өрнек  бірлігі  қиыстырылады.  Кең  жол­жолдар 
енсізімен алмаса алады. Әшекейлеуге екі қарама­қарсы түстердің үйлесуімен қол жеткізіледі. Қиық 
аппликациялар  безендіріліп  отырған  киімнің  шекарасын  анық  сызып  қояды.  Киімдегі  аппликация 
ойған оюдың және түсі бойынша әр түрлі екі жазықтықтала оның қиысының орналасу принциптерін 
бейнелейді.
Бір суреттің өзі бір үлгіде ою ретінде көрінсе, ал басқасында түстердің үйлесуінің әр түрлі акценті­
нің нәтижесінде фон ретінде көрінеді.
Жаңа  үлгіні  жасаудың  шығармашылығы  кезінде  дизайнерлер  үнемі  халықтың  өнер  өнімдерін 
пайдаланған.  Ұлттық  костюмнің  сәндік  дыбыстауын,  құрылымдық  шешімдерін  және  керемет  ою 
дәстүрлерін шебер пайдалана отырып, оның өзіндік ерекшелігін ұлттық нақышта қолдану керек.
Костюм  жасай  отырып  немесе  киімді  жобалай  отырып,  суретші,  дизайнер  әр  уақытта  халықтық 
ұлттық  өнердің  тауысылмас  қазынасынан,  ұлттық  костюмнің  құрылымдық  шешімдерін  және  ою­
өрнектері дәстүрін шебер пайдалану қажет. 
Тәуелсіздік алған күннен бастап, 90­жылдар кезеңін қарап отырсақ, республикада әділетсіздіктің 
салдарынан ұмыт болған дәстүрлер қайта жаңғырғанын көреміз. Мұсылман күнтізбесі бойынша Жаңа 
жылды қарсы алу көктемдегі күн мен түннің уақыт бойынша теңелетін 22 наурыз күні болған. Дәл осы 
күні қазақтар өздерінің Жаңа жылын тойлай отырып, оны ұлттық киім киіп қарсы алуға ұмтылып жүр. 
Осы күн үшін үлкендер де, балалар да арнайы жаңа киім дайындайды, балаларды қазақша киіндіру 
сәнге айналып келеді. Үлкен кісілер сандықтарынан шапандарын, айырқалпақтарын алса, әрбір қазақ 
әйелі қазақы оюлармен өрнектелген қамзолдарын киюді абырой санайды.
Салтанатқа  киетін  костюмдердін  түстерін  тұтынушылар  республиканың  туы  сияқты  дайындау 
сәнге айналды. Бұл қазақ халқының отансүйгіштігінің артқанын, халықтық дәстүрлерге деген сү йіс­
пеншілігін білдірсе керек.
Қазақстан Республикасының Туы көк түсті болуы Орталық және Орта Азияда бұрыннан өмір сүріп 
келе жатқан халықтардың ежелгі дәстүрлерімен түсіндіріледі. Аспан өңдес көк түсті барлық халық аса 
қадірлейді, өйткені ол бізді қоршаған табиғаттың әсерін бейнелейді, биік аспан мен таза ауа көңіліңді 
көтеріп, сенімділік туғызады. Бұл түсті біздің ата­бабамыз ежелден­ақ аса қадірлеген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көк туында өз тәуелсіздігін алған Қазақстан халқының 
бақыты мен өркендеуі жөніндегі барлық ұғымдар біріктірілгендей.
13­0126

98
Киімде жиі пайдаланылатын мемлекеттік рәміздер 1992 жылы өз тәуелсіздігімізді алған бойда 
шыға бастады. Онда республикамызда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың, әсіресе жергілікті ха­
лық тың тарихының жаңғырықтары бейнеленген. Оған қоса олар республиканың барлық халықтары­
ның  бейбітшілікке  деген  ұмтылысы  мен  арман­мүдделеріне  жауап  беруі  керек.  Оларда  халықтың 
әділетті және жетілген, білімді мемлекетте өмір сүруге деген шынайы ұмтылысы бейнеленген.
Тудың ортасындағы күн барлығына өз шуағын шашып, жылуымен аялап тұрғандай. Қазақ халқы 
ежелден­ақ бүркітті қасиетті құс санаған. Бүркіт образының мемлекеттік туда бейнелеуінен тәуелсіз 
Қазақстанның жоғары өрлеп, бейбіт өмір сүруіне деген тілек жатыр.
Осы  кезеңде  Республиканың  өнеркәсібінің  тауарлары  әлемдік  нарықта  төмен  бағаланып,  даму 
перспективасы бастапқы сатыда тұрған жағдайы бар. Бұл жағдайдан шығу, көтерілген мәселелердің 
өзіндік шешімін іздеу – тігін өнеркәсібі міндеттерін шешуде қазіргі тұрғыда республикада ЖОО­да 
осы сала мамандарын дайындауы. Нарықтық қатынастың жаңа жағдайларында бітіруші мамандардың 
жаңа өзгешелігі, жаңа белгілері айқын көрінеді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Кәсіби оқыту және бейнелеу өне­
рі» кафедрасы 5В042100 «Дизайн» мамандығы бойынша республика аймағына кадрлар дайындайды. 
Кафедра  жанында «Компьютерлік графика», «Материал өндеу технологиясы», «Енбек технологиясы 
және кәсіпкерлікті оқыту әдістемесі», «Киімді құрастыру және жобалау», «Сәндік қолданбалы өнер» 
т.с.с. зертханалар жұмыс жасау барысында. Олар талаптарға сай шетел фирмаларының тұрмыстық 
жә не өнеркәсіптік тігін машиналарымен жабдықталған. 
Осы кафедра ашылғалы жұмыс жасап келе жатқан, қазір ғылыми атақтары, дәрежелері бар оқы­
тушылар  дизайнер  мамандығын  дайындау  барысында.  Олар  жүргізетін  сабақтарда  кафедра  сту­
денттері алуан түрлі дәстүрлі киімдер дайындап, халықаралық дизайнерлер сайыстарында өз шығар­
машылықтарында  жеке  әдіс­тәсілдерді  қолдану  арқылы  жасаған  ұлттық  киім  негізіндегі  қазіргі  сән 
жиынтығын шығарып, жүлделі орындарға ие болды (1, 2­фотосуреттер). 
2011  жылы  қазан  айында  Алматы  қаласында  «Сымбат»  дизайн  және  технология  академиясында 
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған  Қазақстан  (Астана,  Алма­
ты,  Атырау,  Рудный,  Қызылорда  қалаларындағы  ЖОО­ры),  Қырғызстан  және  Өзбекстан  елдерінің 
студенттері мен оқытушыларының қатысуымен «Kazakhstan Fashion Style» атты Халықаралық дизай­
нерлер сайысы болып өтті. 
Бұл  сайысқа  «Прет­а­порте»  және  «Этностиль»  номинациясы  бойынша  кафедра  оқытушылары­
ның жетекшілігімен дизайн мамандығының студенттері «Red snow (қызыл қар)» сән жиынтығымен 
жүлделі ІІ орынды иеленді. 
Фотосуреттер 1, 2. «Сымбат» дизайн және технология академиясында Қазақстан Республикасының 
тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Kazakhstan Fashion Style» атты Халықаралық дизайнер-
лер сайысында жүлделі ІІ орынға ие болған ұлттық киім негізіндегі «Red snow» атты «Кәсіби 
оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының студенттері дайындаған қазіргі сән жиынтығы 

99
Д­08­1 оқу тобының студенттері Шинибекова Индира және Д­06­1 оқу тобының түлегі Искакова 
Сауле  «Этностиль»  номинациясы  бойынша  «Сыр  арулары»  атты  бірнеше  бұйымнан  тұратын  қазақ 
ұлттық киімдер жиынтығын көрсетіп, сертификаттармен марапатталды. 
  Оқытушылар  жетекшіліктерімен  студенттер  дайындаған  ұлттық  бұйымдарға  ҚР­нің  Әділет  ми­
нинистрлігінің зияткерлік меншік құқығы комитетінен патенттер алынған. Бұл нәтиже костюмдерді 
дайындау барысында бұйымдар өз деңгейінде, талаптарға сай орындалғандығын көрсетіп отыр.
Жасалған үлгінің табысты болуы дизайнердің тәжірибесіне, оның өмірлік дағдыларына байла­
нысты. Өткен ғасырдың соңғы жылдарындағы көп оқиғалар қазақтың ұлттық костюмдері негізінде 
қазір гі  заман  костюмдерін  жасаудың  өз  принциптерін  алға  тартады.  Соның  ішінде  Европа  сән 
үлгілерінің  бағыттарының  ұлттық  ерекшеліктерімен  үйлесімді  болуын  ескеру  қажет.  Қазіргі  за­
ман киімдерінде ұлттық мотивтерді пайдалану бірқалыпты ағымда болды, бірде төмендеді, бірде 
көтерілді. 
Қазақ костюмдері негізінде жасалған үлгілердің санының тұрақсыз болуы республика өміріндегі 
оқиғалардың  қай­қайсысымен  де  тығыз  байланысты.  Бұл  құбылысты  күшейте  түскен  себептердің 
бірі 1991 жылы желтоқсан айында қол жеткізілген егемендік алумен арта түскен патриоттық, мақта­
ныш сезімдер еді. Ұлттық ар, намыс сезімі саз өнерінің, драматургия мен әдебиетте бейнеленді. Ал 
ол өз кезегінде қазіргі заманның киімдерін жасаушыларға және дизайнерлерге өз әсерін тигізді, өйт­
кені  ұлттық  киімнің  өзгешелігі  мен  әдемілігі  қазақтардың  ұлттық  құндылықтары  мен  өзіндігін 
көрсетеді. 
Ұлттық  киімдер  мен  бас  киім  материалдық  мәдениеттің  бірегей  көрінісі,  әр  түрлі  салалардағы 
жан­жақты  зерттеушілердің  сарқылмас  көзі  болып  табылады.  Ұлттық  киімдер  мен  бас  киім  қазіргі 
сән  үлгісінің,  материалдардың,  безендірулердің  ауысуынан,  қазақтың  көңіл  күйі  әсерінен  көптеген 
өзгерістер мен белгілі бір даму жолын басынан өткеруде. Ұлттық киім мен бас киім қазақтың ұлттық 
мақтаныштарының бірі болып табылады.
Резюме
В статье рассматривается работа преподавателей кафедры «Профобучение и изобразительное ис­
кусство» КГУ имени Коркыт Ата по разработке современной одежды на основе казахского националь­
ного костюма. В материально оснащенных мастерских студенты специальности «Дизайн» обучаются 
изготовлению  современных  национальных  изделий,  на  которых  Комитетом  по  правам  интеллекту­
альной собственности получены патенты на промышленные образцы. Использование элементов ка­
захской национального костюма в современной одежде усилилось с обретением в декабре 1991 года 
Независимости Республики Казахстан. Возрождение патриотизма, национальной гордости сказалось 
и в использовании цвета государственных символов при изготовлении костюма для торжественных 
случаев.
Summary
This article examines the work of teachers in the Department «Job training and art» Kyzylorda National 
University after Korkyt Ata about development of modern clothes on the basic of traditional Kazakh clothes. 
In financially equipped workshop, students of «Design» learn the manufacture of modern domestic products, 
in which the Committee of Intellectual Property Rights obtained design patents. 
Using elements of the Kazakh national dress in modern clothes increased after taking the sovereignty of the 
Republic of Kazakhstan in December 1991. It’s all justified by originality, richness and elegance of the Kazakh 
national dress. The revival of patriotism, national pride was reflected in the use of the color of national symbols 
during the manufacture of costumes for special occasions.

100
ӘОЖ 809.434.2:800.879
ТІЛ МЕҢГЕРУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК 
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІ
А.М. АБАСИЛОВ, 
филология ғылымдарының кандидаты, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Өткен ғасырдың басында Алаш зиялылары қазақ тілінің тағдырына алаңдап, қайткен күнде қазақ 
тілін ұлттың өмір сүруінің тірегі, кепілі болуын армандап, оны оқытып үйретудің негізін қалады. Қала­
ғанда  да  құламастай  етіп  берік  етті.  Алайда  жетпіс  жылдан  асатын  мерзімде  сол  үлгі­нұсқалардың 
еш бірі еленбей, сол зиялы аталарымызбен бірге құмға көміліп, топырақ астында қалды. Олардың айт­
қан сөздері мен ұлт, оның тілі туралы ой­пікірлері, аңсаған армандары ескерусіз қалды. Тәуелсіз ел 
болып, еңсемізді көтерген бүгінгі күні де олардың қазақ тілін дамыту, оқытып­үйретудегі көрсет­
кен сара жолы әлі де назарға алынбай, үздік­үздік ой ұшқындары ғана қазақ тілін оқыту, меңгерту 
тақырыбындағы  бүгінгі  ғалымдар  мен  әдіскерлердің  өз  ойын,  өз  пікірін  дәлелдеуде  ғана  дәйек  тү­
рінде  айтылып  қалады.  Біздіңше,  әсіресе,  А.  Байтұрсынұлының  қазақ  тілін  оқыту,  үйрету,  дамыту 
тұрғысындағы «Тіл – құрал», «Методика мәселелері», «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы», т.б. 
толып жатқан мұрасын бүгінгі күн талабына сай да толығынан пайдалануға әбден болады. Мысалы, 
А.  Байтұрсынұлы  «Тіл  жұмсар»  атты  сөйлеу,  оқу,  жазу  тілін  жұмыс  тәжірибесі  арқылы  танытатын 
бірінші кітабында: «Тіл – құрал. Құрал болғанда толып жатқан есепсіз бөлшектері бар, ол бөлшектері 
түрлі  жағымен  қиысатын  толып  жатқан  қырлы,  тетіктері  есепсіз  көп  бір  өте  үлкен  машина  секілді 
құрал.
Қандай құрал болса да, оның жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі – құралдың ішкі­тысқы бөл­
шектерінің бәрін біліп, олар қалай бір­біріне үйлесіп, үйлескенінен шығатын тетіктер бір­біріне қа­
лай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей­ақ 
құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып 
жұмсаушы. Ішкі бөлшектері мен тетіктерін бұл таныс құралды жұмсап жүріп, онымен көп істес болып 
барып, тәжірибе арқылы таниды. 
Солай танығаннан кейін ананың да, мынаның да құрал жұмсауы, оны тануы бірдей сияқты болып  
шығады. Бірақ асылында олай болмайды. Мәселен, машина бөлшектері жасалған заттардың қасиет­
терін, олар үйлесумен шығатын тетік заңдарын жайын жақсы білетін жұмсаушының машина тануы 
мен тек өз тәжірибесі арқылы машинамен танысқан адамның машина тануы – екеуі бірдей болмайды. 
Машина жүрісінде кемшілік біліне бастаса, оның неден екенін анау бірден білгенде, мынау тіпті біл­
меуі мүмкін.
Жалпақ жұрттың құрал тұтынуы көбінесе екінші жолды болады. Тігін машиналарын, пішен, егін ма­
шиналарын қолданушылар солардың ішкі, сыртқы бөлшектерін, тетіктерін біліп отырып жұмсамайды, 
жүргізетін, тоқтататын сияқты жұмсауға керегі бар тек тысқы бөлшектері мен тетіктерін біліп қана 
жұмсайды.  Бұлардың  да  машина  біліп  алатындары  болады,  бірақ  оны  құрал  жұмсау  жүзінде  көп 
тәжірибе көргеннен кейін біледі.
Бұл күнде бала үйретудің табиғи жолы – тәжірибе арқылы білім алатын осы айтылған соңғы жол 
деп  танылады.  Жаңа  ел  мектебі  білімді  түптеп  білдіріп,  мамандар  шығаратын  мектеп  емес.  Жал­
пы тұрмысқа жұмсалатын жалпақ түрдегі білім беретін мектеп. Сондықтан үйрету жүзіндегі қазіргі 
жаңалықтың негізі – үйрету, әсіресе бастауыш мектепте үйрету, тәжірибе жолымен білу» [1, 335­336]. 
Міне, А. Байтұрсынұлы тілді қалай үйрету, қалай меңгерту керектігін тайға таңба басқандай етіп, 
қарапайым мысалмен түсіндіреді. Тіл меңгертудің екі түрлі жолын көрсетіп, жалпақ жұртқа, басым 
көпшілікке тілді меңгертудің табиғи жолын нұсқайды. Бірақ тіл үйретуде біз бұл жолды таңдамай, 

101
барлық тіл үйренушіні филолог, тіл маманы етіп шығаратындай грамматиканы үйретуді, яғни екінші 
жолды таңдадық. Содан мектепке тақпақтатып өлең оқып, ән айтып сайрап келген балаға тілдің ішкі 
жүйесі мен құрылымын оқытып, тіл меңгеру деңгейін оның дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысымен 
емес, таза грамматикалық анықтамалар мен теориялық қағидаларды білуімен бағалап, мектеп бітірген­
де бір ауыз сөзді дұрыс айта алмайтындай дәрежеге апардық. Бұл ащы болса да шындық. 
Жалпы  тіл  білу,  тіл  меңгеру  дегенге  белгілі  бір  тілдің  грамматикасы  мен  сөздік  қорын  игеруді 
ғана жатқызу жеткіліксіз. Өйткені сол сөз, сөйлемдердің немесе грамматикалық құрылыстың сөйлеу 
жағдаятының қай түріне қолдана білу туралы анық түсінігі болуы қажет. 
Баланың әлеуметтану процесінде, яғни қоғамның толық құқылы азаматы болу процесінде ол тіл­
дің грамматикалық құрылысын, қарым­қатынасына қарай қай жерде, қандай мақсатта және қай ком­
муникативтік  тәсілде  қолданудың  жүйесін  үйренеді.  Мұның  бәрі  әлеуметтік  лингвистикалық  неме­
се барынша кең коммуникативтік құзіретті құрайды. Бұл адамға тек сөйлеуші ғана емес, әлеуметтік 
қарым­қатынас жүйесінің толыққанды мүшесі болуына көмектеседі. Сондықтан «тіл меңгеру» ұғымы 
әлеуметтік лингвистикалық категория болып табылады.
Белгілі социолингвист­ғалым Л.П. Крысин «Социолингвистические аспекты изучение современно­
го русского языка» атты еңбегінде тіл меңгерудің төмендегідей деңгейлерін көрсетіп, оларға түсінікте­
ме береді [2, 120­133­бб.]. 
1. Таза лингвисткалық деңгей. Бұл деңгей адамзат қызметінің қай саласындағы қолданылу сипаты­
на қарамастан сөйлеушінің ойын еркін бейнелеп, құбылтып айта алу икемдігін, қабілеттілігін қамтиды. 
Тілді құбылта қолдана білу қабілеттілігі сөйлеушінің бір ойды әр түрлі айта алуынан көрінеді. Ойды 
неғұрлым көп түрлі ете айта білсе, соғұрлым тілді меңгеру дәрежесі жоғары болады. 
2. Ұлттық мәдени деңгей. Бұл – тілдік құралдарды пайдалануда ұлттық нақыштағы ерекшеліктер­
ді меңгеру. Ана тілі немесе өзге тілде сөйлеуші жас кезінен сол тілдің сөздік қорын, грамматикасын, 
интонациялық жүйесін біртіндеп қабылдай келе дағдыға айналдырады, ұлттық, мәдени материалдар 
мен рухани формаларды бойына сіңдіреді. Осыдан келіп, өзіндік ұлттық сөз саптау ерекшелігі пайда 
болып қалыптасады. Мысалы, Венгрияда шайды қайнатады (варить) деп айтқан дұрыс болса, Ресей­
де  шайды  демдейді  (заваривают)  деп  айту  ұлттық  сипатты  көрсетеді.  Сондықтан  орыс  тілінде  шай 
қай нату (варить чай) деген тіркес грамматикалық жағынан дұрыс болғанымен, сөйлеу дәстүріне жат 
көрінеді. Айталық, қазақтарға қонаққа бару және қонақты үйге шақыру деген дағдылы нәрсе, ал фран­
цузда бұл тәртіп бойынша қонақпен үйден тысқары кездеседі. Соған байланысты оларда мұндай ора­
лымдар қазақ тіліндегідей кездеспейді. 
Финляндияда жұмыртқаны біздердегідей емес, салмағын өлшеп сатады, соған байланысты оларда­
ғы «Маған 1 кг жұмыртқа беріңізші» деген сөйлем бізге біртүрлі жат естіледі. Біздегі сөз саптауда бұл 
«Маған 10 дана жұмыртқа беріңізші» түрінде айтылады. Ал бұл сөйлем оларға жат естіледі.
3. Энциклопедиялық деңгей. Бұл – тек сөздің өзін ғана игеріп қана қоймай, сонымен қатар «сөз 
әлемін»,  яғни  сөз  астарындағы  шындық  болмысты  және  осы  шындық  болмыс  пен  сөз  арасындағы 
байланыстарды игеру. Мысалы, орыс тілінде сағат сөзін меңгеру тек оның беретін лексикалық және 
грамматикалық (часы идут, стоят, спешат, остановились, тикают, бьют, точные часы) мағыналарын 
ғана емес, сондай­ақ сол сөздің фразеологиялық мағынасын да (точен как часы) және оның түрлі құрал 
аттары болуын, яғни уақыт өлшемін білдіруге (часы электронные, наручные, будильники, т.б.) қатысты 
ұғымдарын да қамтиды. 
4.  Жағдаятты  (әлеуметтік  лингвистикалық)  деңгей.  Бұл  –  тілдік  білімі  мен  қабілеттілігін  таза 
лингвистикалық тұрғыдан, сондай­ақ ұлттық­мәдени және энциклопедиялық деңгейлерге қатысты әр 
алуан жағдаятқа сәйкес қолдана білу. Жағдаятты қарым­қатынаста болу бірнеше компоненттен тұрады: 
1) сөйлеуші және оның әлеуметтік рөлі;
2) тыңдаушы және оның әлеуметтік рөлі;
3) сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланысты қатынас;
4) қарым­қатынастың түрі (ресми, бейресми, достық);
5) мақсаты; 

102
6) қарым­қатынас құралы (тілдің ішкі кіші жүйелері: әдеби тіл, диалекті, жаргон, т.б.) немесе тіл 
стилі, тілдік емес құралдар: мимика, жестілер, т.б.); 
7) қарым­қатынас тәсілі (ауызша­жазбаша);
8) қарым­қатынас орны.
Осы айтылғандарды жинақтай келсек, тілді қолдану мен оны игеруде адам әлеуметтік әрекеттегі 
субъект ретінде жалпы және коммуникативтік құзіретін дамытады. 
Жалпы  құзірет  тілдік  болып  табылмайды,  бірақ  ол  коммуникативтік  құзіретпен  қоса  кез  келген 
әрекетті қамтамасыз етеді. Жалпы құзіретке белгілі ғалым Т.М. Балыхина мыналарды жатқызады:
1. Ғалам туралы түсінік. Бұл түсінік адамның өмірлік тәжіребесі мен түрлі көздерден алған білім 
арқылы алынады. 
2. Әлеуметтік мәдени білім. Бұл белгілі бір тілдік қауымдастықтың төмендегідей мәдени салала рын 
қамтиды: күнделікті өмір (мерекелер, жұмыс күндері, демалыс уақыты, тұрмыс), өмір жағдайы (өмір 
сүру деңгейлері, тірлік жағдайы, әлеуметтік көмек жүйелері), жеке тұлғалар арасындағы қатынас тар 
(қоғамның  жіктік  құрылысы,  отбасылық  қатынастар,  түрлі  ұрпақ  өкілдері  арасындағы  қатынастар, 
қызметтік  қатынастар,  саяси  және  діни  топтар  арасындағы  қатынастар,  т.б.),  мынадай  құбылыстар 
мен  түсініктерге  қатысты  құндылықтар,  сенімдер  (мемлекеттік  қызмет,  білім  беру  саласы,  басқару, 
қауіпсіздік, дәстүр, өнер, дін, қалжың), жест тілі (ұлттың осы саладағы өзіндік дәстүрлері), этикеттік 
ережелер (сыйлықтар, киім, танысу этикеті, т.б.), ритуалдарды орындау (қоғамдық орындарда әр түрлі 
қойылымдар мен ресми салтанаттарда адамдардың өзін­өзі ұстауы, көрсете алуы, т.б.).
3. Жалпы құзіреттің үшінші компонентіне мәдениетаралық білім жатады. Бұған өзінің туған елі 
мен тілін үйренуші елдің мәдениеттеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата алу түсі­
нігі  енеді.  Өзге  тілді  үйренушінің  коммуникативтік  әрекеті  оның  алған  білімінен,  қалыптастырған 
дағдысынан ғана көрінбейді. Ол әрдайым адамның жекелік қызметімен анықталатын тұлғалық фак­
тордың  әсерінде  болады.  Адамның  жекелік  (тұлғаның)  қасиеті  оның  көзқарасымен  (мысалы,  жаңа 
адам дарды, жаңа мәдениетті қабылдаудағы ашық­жақындығы, оларға қызығушылығы), оның әрекет 
қылығындағы мотивациялар (мотивацияға шешім қабылдаудағы интуициясын, шешімнің ойлылы ғын, 
қатынастағы  қажеттілігін  жатқызуға  болады);  құндылықтарымен  (этикалық  және  өнегелік);  сенім­
дерімен (мысалы, идеологиялық, философиялық, діни) танымдық қабілеттерімен (конвергентті, дивер­
гентті, бүтіндік, аналитикалық, синтетикалық), жекелік сапасымен өлшенеді. 
Сонымен қалыптасқан, қисынға келген, жетілген коммуникативтік құзіреттің деңгейі негізіне тұ­
жырымдалған, қалыптасқан жалпы құзіреттің деңгейі мен сапасы жатады. 
«Коммуникативтік құзірет» түсінігі туралы бірер сөз айтар болсақ, ол жөнінде ғылыми қауым бір ­
шама көп түрде қарастырып, оған жалпы құзіретті қоса жатқызып жүр. Шындығында, коммуника­
тив тік құзірет тіл үйренушінің ана тілінде қалыптасып жүйеленеді. Сондықтан коммуникативтік мін­
дет терді тіл үйренуші жоғарыда санамаланып көрсетілген жалпы қабілеттерін тілдік құзіреттілікпен 
бір лікте қолдана отырып орындайды. Тілдік құзіретке мыналарды қамтиды:
– лингвистикалық құзірет;
– әлеуметтік лингвистикалық құзірет;
– прагматикалық құзірет.
• Лингвистикалық құзірет. Бұған ғалымдар лексикалық хабардарлық, семантикалық хабардарлық, 
грамматикалық хабардарлық, фонологиялық хабардарлықты жатқызады. Сондықтан бүгінгі таңда ға­
лымдар лингвистикалық хабардарлық құрамына орфографиялық және орфоэпиялық хабардарлықты 
қосып жүр. 
• Әлеуметтік лингвистикалық құзірет. Бұл хабардарлыққа әлеуметтік контексте тілді тиімді қолда ­
ну үшін қажетті білім мен дағды енеді. Бұл хабардарлықтың өзіндік жүйесі бар. Оған амандасу, сә­
лемдесу түрлері, қаратпа, сөзге тарту түрлері, әдептілік ережелері, халық даналығы, халық мәдениеті­
нің құрамдас бөлігі болып табылатын көп ғасырлық тәжірибесі (мақалдар, қанатты сөздер, ырымдар, 
нанымдар) қарым­қатынас тізбегі (салтанатты, ресми, бейтарап, бейресми, әңгімелесушілік, т.б.) жатады. 

103
Әлеуметтік лингвистикалық хабардарлық сондай­ақ адамның тілдік қабілеттігін, оның шығу тегі, 
өмір сүру орны, әлеуметтік ортасы, қызмет түрі жағынан да анықтауға мүмкіндік береді. 
•  Прагматикалық  құзірет.  Оның  құрамы  күрделі  және  ол  дискурстық  қабілеттілікті,  яғни  дұрыс 
сөз саптай алуды, оларды мәтінге біріктіре алу ережесін білуді, функционалдық қабілеттілікті (түрлі 
коммуникативтік қызметтерді орындау үшін сөз саптай білуді: өз пікірін айта алу, сендіре білу, қатені 
түзете алу, нұсқау, айта алу, дәлелдеме, түсініктеме айта алу, т.б.) қамтиды. 
Әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (Қазақ тілі мен оқу­ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана 
тілі, 1992. – 448 б. 
2. Крысин Л.П. Социолингвистические аспекты изучения современного русского языка. – М.: На­
ука, 1989. – 188 с.
3. Балыхина Т.М. Уровни владения русским языком в системе общеевропейских компетенций // 
www.testor.ry/files
 /Conferens/test_kompet/Balihina.doc.
4. Аврорин В.А. Проблемы изучения функциональной стороны языка: к вопросу о предмете социо­
лингвистики. – Л.: Наука, 1975.
Резюме
В статье понятие «владение языком» рассматривается как социолингвистическая категория. Автор 
в своем исследовании основывается на взглядах Ахмета Байтурсынулы по вопросам изучения и препо­
давания казахского языка. Показаны уровни владения языком с точки зрения социолингвистического 
аспекта и дается анализ общеязыковой и коммуникативной компетенции.
Summary
In this article the meaning «learning language» is worked out as sociolinguistical category. The author in 
his research work is based by opinions of Akhmet Baitursynov on matters of studying and teaching kazakh 
language. The levels of learning language with the opinion of sociolinguistical aspects are worked out futher 
in this article and the analysis of general language and communicative competention is also given in it.
УДК 839.6.09

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет