ОБУЧЕНИЕ СТУДЕНТОВ ТЕХНИЧЕСКИХ ВУЗОВ
ЭЛЕМЕНТАМ МАТЕМАТИЧЕСКОГО АНАЛИЗА
М.С. ХОЗЯИНОВА,
Ухтинский государственный технический университет,
г. Ухта, Российская Федерация
Преподавание математики для студентов технических вузов на первом курсе сопряжено с рядом
трудностей. В отличие от школьного курса математики изучение математических дисциплин в вузе
связано с использованием сложного математического языка со специфическими для него логи ческими
конструкциями, что делает математический язык сложным для усвоения. Содержание математики в
техническом вузе обладает большой фактологической насыщенностью, что связано с большим объ
емом и многообразием учебного материала, изучаемого в техническом вузе. Это накладывает свои от
печатки на преподавание, изучение материала происходит большими разделами, а теоремы и свойства
часто остаются без доказательства.
Практика показывает, что студенты первого курса технических вузов, как правило, имеют слабую
математическую подготовку, недостаточную для изучения математических дисциплин вуза. Разрыв
между уровнем математической грамотности, имеющейся у абитуриентов, и уровнем, необходимым
студентам для успешного изучения математических дисциплин, остается значительным.
Данный недостаток следует устранить для более успешного усвоения математических дисциплин.
Представляется, что необходимо обратить внимание на подготовку студентов первого курса к изуче
182
нию курса высшей математики, к логике построения математических теорий. Традиционными мето
дами, путем введения дополнительных дисциплин в учебную нагрузку вводного курса математики,
решить эту проблему нельзя изза с сокращения срока обучения бакалавров в условиях двухуровневой
системы подготовки студентов вузов.
Представленную проблему необходимо решать на методическом уровне, адаптировать предметное
содержание математики, адресованной студентам технических вузов, а также специальной организа
цией учебной деятельности студентов в этом контексте, с целью повышения их уровня от школьной
математики к математике в вузе.
Поиск методики обучения студентов определяется назначением математики в профессиональном
становлении бакалавраинженера. По убеждению методистовисследователей и инженеровпрактиков,
математика является фундаментальным предметом для инженеров. Преподавание математики в техни
ческом вузе должно преследовать следующие цели [1,2]:
٧ сообщить студентам основные теоретические сведения, необходимые для изучения специальных
дисциплин;
٧ воспитать у студентов прикладную математическую культуру, необходимые интуицию и эруди
цию в вопросах приложения математики;
٧ развивать логическое и алгоритмическое мышление;
٧ ознакомить студентов с ролью математики в современной жизни и особенно в современной тех
нике;
٧ выработать первичные навыки математического моделирования: перевода реальной задачи на
адекватный математический язык, выбора оптимального метода ее исследования и интерпретации ре
зультата исследования;
٧ выработать навыки доведения решения задачи до практически приемлемого результата числа,
графика, точного вывода и др.;
٧ выработать умение самостоятельно разбираться в математическом аппарате, применяемом в лите
ратуре, связанной со специальностью.
Таким образом, основной задачей изучения математики студентами технических направлений ву
зов является подготовка студентов к изучению специальных дисциплин, а позже и к практической
деятельности инженера. Поэтому при обучении математике студентов технических направлений не
обходимо подчеркивать, что целью математического исследования в профессиональной деятельности
инженера будет решение задач, лежащих за пределами математики, решение производственных, тех
нологических вопросов, что накладывает на студентов большую ответственность и требовательность к
их математической подготовке.
Для инженеров математика «наряду с глубокой теоретической подготовкой требует большей эру
диции, прикладного чутья, владения не только дедуктивным, но и рациональным (т.е. убедительным,
хотя и не обязательно строгим с позиций чистой математики) мышлением с его нечеткими утверж
дениями» [1,40]. Развитие всех перечисленных способностей у студентов становится важной задачей
преподавателей, в частности, преподавателей математики.
Для того, чтобы студент мог перейти к интуитивным, рациональным методам в своих математи
ческих исследованиях, ему необходим большой опыт работы с дедуктивными методами, проведения
логических цепочек рассуждений, логического доказательства теорем, свойств некоторых объектов и
др., так как основой построения любой теории является дедуктивный способ. Студенты должны узнать
и познать логикоматематические принципы построения математических теорий.
Изучив содержание некоторых образовательных стандартов технических направлений подготовки
бакалавров (в частности, 250400 «Технология лесозаготовительных и деревообрабатывающих про
изводств», 151000 «Технологические машины и оборудование»), можно заметить, что в результатах
освоения математического естественнонаучного цикла не представлены ни математическая логика,
ни вопросы, касающиеся математической логики. Поэтому может оказаться, что при реализации об
183
разовательного стандарта в области изучения математики важные вопросы математической логики не
будут освещены.
Если согласиться с необходимостью изучения элементов математической логики в курсе матема
тики в техническом вузе, то следует предложить пути для реализации этой возможности. В решении
данной задачи возможны два направления.
По первому пути можно специальным образом изучать основные понятия математической логики
в виде дополнительной дисциплины или включением отдельного раздела (модуля) в математическую
дисциплину.
Другой путь – путь косвенного формирования логического базиса. Этот путь является интенсифи
кацией обучения математики. Его сущность состоит в том, что в процессе изучения основного матери
ала математики раскрываются логикоматематические принципы (построения теории, доказательств,
правил логического следования и т.п.). Следуя указанным образом, содержание математической дис
циплины необходимо принизать элементами математической логики. Важной задачей будет не просто
сообщить студентам содержание «математической логики», основных определений и понятий, а на
учить пользоваться математической логикой для построения математических теорий.
Литература:
1. Мышкис А.Д. Преподавание математики прикладникам // Математика в высшем образовании. –
2003. – №1. – С. 3752.
2. Федоров И.Б. Вопросы развития инженерного образования // Alma Mater (Вестник высшей шко
лы). – 2011. – №5. – С. 611.
Түйіндеме
Мақалада жоғары оқу орындарының техникалық бағыттағы студенттеріне математиканы оқыту
үдерісі туралы айтылады. Техникалық жоғары оқу орнында математиканы оқытуда кездесетін кейбір
қиындықтар келтіріледі. Осыған байланысты математикалық логиканың математиканың кез келген
теориясы секілді оқытылуы қажеттігі туралы қорытынды жасалған.
Summary
Education of students in technical universities of elements of mathematical analysis
The educatory process in mathematics of students in technical universities is considered at this article.
Some difficulties are presented with wich joint teach of mathematics in technical universities. On the basis
of training goals in mathematics of students has made a conclusiton about necessity of study of mathematical
logic as a framework of different mathematical theory.
ӘОЖ 37.035.6:894.342
КӨРКЕМ ШЫҒАРМА АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ
ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
А.Е. ШӘДІБЕКОВА,
филология магистрі,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті эко
номика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті
184
бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап
көрсетеді».
Білім ұлттың мәдени дамуының тұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз етеді. Оның маңызды
шарттарының бірі – ана тілінің мәнін, басымдылығын, маңызын танып, түсіну. Соның негізінде ұлттық
санасезімді дамыту.
Халқымыздың белгілі ғалымдарының бірі Х. Досмұхамедов: «Тіл, сөйлеу – адам психологиясының
басты белгілерінің бірі», – дей отырып: «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды.
Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. Мектеп пен баспада қолданылудан қалған тіл – шатасқан
тіл. Ол ел сорлы ел, мұндай ел бұзылмай қоймайды. Ата тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең,
ол – күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу – бұл сүйініш... Өз тілін білмей
тұрып, жат тілге еліктей беру зор қате», – дейді [1]. Бұдан бала тәрбиесін жөргегінен бастаудың және
оны халық даналығымен байланыстырудың қажеттігі туралы қорытынды жасауға болады. Ал бала
тәрбиесінде қолданылатын халық даналығының негізі халық ауыз әдебиеті екенін ескерсек, оның өзі
көркем шығарманың бір жанры екендігі белгілі.
Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ә. Кекілбаев «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры» деген еңбегінде:
«Өз мүддесін өзі қолдап, өз есесін өзі түгендеп, атаның алғысын, ананың ақ сүтін ақтай алған перзент
тен алдыңғы қатардың азаматы шыға алмақ [2, 5]. Халқының көңілінен шығып, қауымының үмітін
ақтап, өткен ұрпақтың есесін түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ете алған перзенттен Отанның
азаматы шыға алмақ. Ендеше, ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры. Өз ұрпағының тәжірибесін өз жолына
қоя алған ұлт қана өз тағдырын өзі ойдағыдай қамдай алмақ», – дейді.
Яғни, бала тәрбиесінде басты орындардың бірі отансүйгіштік мәселесін нұсқайтындығын бай
қаймыз. Отансүйгіштікке, яғни патриотизмге тәрбиелеудің жолдары сан алуан. Осылардың ішінде
жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз
үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Себебі, көркем шығармаларда патриоттық
сезімді ардақтау, батырлық, ерлікті мадақтау, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік
игі қасиеттерді дәріптеу басым орын алады.
Баланың болашағына оның кішкентай кезінен дарыған қасиеттердің ерекше рөл атқаратыны мәлім.
Аудармашы, әдіскер Ә. Қоңыратбаев [3, 6] балаларға патриоттық тәрбие берудің түп негізі адамгер
ші лік қасиеттердің бала бойында егілуімен тікелей байланыстылығын айта келіп, Я.А. Коменскийдің
«Ұлы дидактикасын» аудара отырып, балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің 16 ережесін ұсынады.
Адамгершілік тәрбиесін егудің өнері 16 түрлі ережелерге келіп тіреледі. Соның ішінен бірнешеуін атап
өтейік:
1. Ізгілік мінезі барлық балаға бірдей егіледі. Соның ішінде алдымен ізгі мінездің ең негізгілерін,
яғни, жұрт айтқандай, өте «іргелілерін» басым енгіземіз. Оны данышпандық, ықшамдылық, ерлік және
әділдік мінездері деп атаймыз...
2. Жас буын ерлікке өзгеше зейін қойып оқитын болсын. Оның өзі қиындықты жеңе білу, өзінің тиіс
ті мерзімін сақтамайтын артық жүгірістен, яки ойыннан аман болу, шыдамсыздыққа, күйгелектікке,
ашуға жол бермей, өзін тізгіндеп ұстай білу түрінде егілмек. Мұндай мінезге жетілудің негізі барлық
нәрсені ойланып істеуге әдеттену, құмарлық немесе қызбалықпен еш нәрсеге кіріспеу әдеттері болмақ.
3. Әділдікке үйрену үшін бала ешкімге зәбір көрсетпейді, тілдемейді, кімді де болса қадірлей біледі,
өтірік, алдауарбауға салынбайды, тілалғыш, адамға жылы болады.
4. Ерлік мінезі ішінен жас буынға өзгеше қымбаттысы – бүкпесіз ақпейіл болу, еңбекке төзімділік.
5. Ізгілік мінездерін балаға сәби кезден бастап егу керек, жаны кірлеп, кемшілікке белшесінен батқан
соң, ол ізгілік мінезін қабылдай алмайды.
6. Қайырымдылыққа үйрену үшін бала үздіксіз адалдықпен ауыздануға тиіс.
Осы аударманы, әдістемелік монографияларды басшылыққа ала отырып қазіргі таңда халықтық
педагогиканың негізінде құрылған оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, оқуәдістемелік кешендер
ді зерделеп талдау барысында, бастауыш сынып оқулықтарының мазмұны халықтық педагогика
185
ны негіз ге ала отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге мүмкіндік беретін материалдарды
қамтығандығы байқалады [3, 493].
Сонымен қатар, Әуелбек Қоңыратбаевтың 1966 жылы «Әдебиетті оқыту методикасы» атты мо
нографиясы жарық көрді. Әдебиетті оқыту методикасын жасай отырып: «Ғылыми пәндер қоғам
өмірінің бір саласы жайында ғана ұғым берсе, көркем әдебиет қоғамның өткені, бүгіні, болашағы,
мүддесі жайлы жанжақты жинақталған ұғым береді. Ғылыми таным адамның логикалық ойлау жү
йесіне әсер етсе, көркем образ көбіне адамның жан сезіміне ықпал етіп, сол негізде оның ойсанасын
да тәрбиелейді», – дейді. Расында да, көркем шығарма патриоттық сезімдер пайда болуының алғышар
ты болып табылады, оны оқыту негізінде туған жер, ел, Отан туралы мағлұматтар алып, білімнаным
негізінде елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасады, нығая түседі. «Осы орайда Абай
шығармаларын айтпай кету жаңсақтық болар еді. Өйткені Абай шығармалары қазіргі таңда қазақ
жастарын ұлттық рухта тәрбиелеудің күшті құралы болып отыр», – дейді Әуелбек Қоңыратбаев. Ол
өзінің еңбегінде Абай шығармаларын оқыту мәселелерін талдап, оның білімдік, тәрбиелік жағын
айқындап, орта мектепте Абай шығармаларының оқытылу, берілу деңгейін саралап береді [3]. Абай
ескі дүниемен күресіп, елді жарқын өмірге, азаттыққа, ғылымбілімге шақырып, әділет, адамгершілік
арманын үндеген болса, оның осы армандарының бәрі бүгінде жүзеге асуда.
Д. Исабеков: «Патриотизм өзіненөзі келетін қасиет емес. «Отанды сүю» деп жалаң айғайлау жас
тарды патриотизмге тәрбиелеу болып табыла бермейді, міне, мынадай Отаныңды сүй деп тәрбиелесек,
сірә, сол ұғымды болар. Ол үшін ауқымды мемлекеттік бағдарлама, мәдениет жөніндегі жетілген заң
керек», – деген өте құнды пікір айтқан [4].
Мектеп оқушыларын заман талабына сай жанжақты тәрбиелеуде көркем сөздің атқарар ролі зор.
Көркем шығармадағы кейіпкердің ісәрекеті, образдар, оқиғалар баланы сан қилы сезімге түсіріп ой
ландырады, қуандырады, жирентеді. Кейбір көркем сөз, сөз тіркестері тіл үшына оралып, мақалмә
телдерді жаттап алады.
Көркем шығармаларда халықтың сүйе тыңдап, сүйсіне жырлағаны – көпшілік үшін жасалған ерлік,
батырлық істер, ел қорғау туралы көркем әңгімелер етек алады. Бұл тақырыпта көптеген тартымды
әңгіме, қызықты ертегі, өлең, жырлар туғанын, олардың мазмұны халықтың батырлық, ерлік істерін
және оны жасаушы кейіпкерлерді ардақтағанын көреміз. Көркем шығарма өмір шындығын суретте
генде өмірде кездесетін түрлі жайларды жалаң хабар түрінде баяндамайды, көркем образдар арқы
лы бейнелейді. Айтайын деген негізгі ойын жалаң ақыл түрінде айтпайды, оқушыны ойландыруға,
толғандыруға мүмкіндік береді. Сонымен, көркем шығарма мазмұнына қарай көркем әдебиет деп ата
лады. Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келе, көркем шығарма дегеніміз – ақиқат өмірдің сырлы
суреті, халықтың өмір тарихы, шығарма арқауы, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелетін
шындық.
Ғалым Е. Жұматаева Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға
патриоттық тәрбие беруді зерттеудің басты нысанасы етіп Б. Момышұлы, Ә. Шәріповтің, Қ. Қайсенов
тің шығармаларын алған. Майдангер жазушы шығармаларында жауынгерлердің әр түрлі сәттердегі
ерлік істерін ақиқатпен сипаттаған. Нағыз патриоттар бейнесі сомдалған шығармалары зерттеу жұ
мысына негіз болған. Мысалы, Әди Шәріповтің «Партизан қызы», Қ. Қайсеновтің «Жау тылындағы ба
ла», «Жас партизандар», Б. Момышұлының «Соғыс психологиясы». Автор «Майдангер жазушылардың
шығармаларындағы құнды ойпікірлер» атты факультативтік курстың бағдарламасын (1011 сынып)
жасаған [5].
Көркем шығармаларда өзінің жеке басын ғана емес, елдің амандығын ойлаған, отқа күймейтін, суға
батпайтын халықтың ержүрек қаһармандары, батыр ұлдары мен қыздарының ерлік істерін суреттейді.
Соларды мадақтайды, құрметтейді, мақтан етеді. Мысал үшін Ә. Нұршайықовтың «Ержүрек қыз»
әңгімесі Кеңес Одағының батыры М. Мәметованың, «Мәлік Ғабдуллин» әңгімесі жазушыжауын
гер Мәлік Ғабдуллинннің, Жекен Жұмахановтың «Әлияның ерлігі» әңгімесі Ә. Молдағұлованың,
С. Бақбергеновтың «Талғат» әңгімесінде 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры, ержүрек ұшқыш Талғат
240126
186
Бигелдиновтың Отанға неміс басқыншыларынан қауіп төнген сын сағаттарда көрсеткен ерлік істері
тартымды суреттеледі.
Осындай тамаша образдар оқушы көңілінде үлкен із қалдырады, өзінше батыр ағаапаларына ұқ
сауға тырысады, Отанға деген алғашқы патриоттық сезімі қалыптасады. Көркем шығармалардың
ішінде ауыз әдебиетінің де балаға патриоттық тәрбие берудегі орны ерекше. Ауыз әдебиетінің басты
ерекшелігі оның шынайы патриотизмді, халқына сүйіспеншілігін, халқының бақытын, мүддесі мен
болашағы үшін күресуге дайындығын жанжақты көрсете білуі дер едік.
Халықты сүйсіндірген әңгімелермен қатар халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылатын
мақалдардың да айрықша орыны бар. Ел қорғау, батырлық істер жайында туған халық мақалдары
халықтың бұл жөніндегі ойтілегі, арманмүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін
көрсетіп отырады. Осы тақырыптағы мақалдар, ең алдымен, кімге болса да, туған жер, өсіпөнген ел,
Отан аса қасиетті, қадірлі қымбат, ыстық деп көрсетеді. Мысалы: «Ел іші – алтын бесік», «Туған жер дің
тауы да ыстық». Ал, сонымен қатар, туған елді, жерді басқа елдермен салыстырып, әркімге өз елінен
артық ел жоқ екенін аңғартатын мақалдар да баршылық. Оған дәлел: «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз
еліңде ұлтан бол», «Кісі елі – күміс, Өз елің – алтын», т.б. мақалдар.
Б. Адамбаевтың ойтұжырымы бойынша ерлік, батырлық тақырыбындағы қазақ мақалмәтелдері
көлемі, мазмұны жағынан ең көлемдісі. Оқушыларды батылдыққа, өжеттікке, отаншылдыққа тәр
биелеуде ондай мақалдар атқаратын мәнін, маңызын ерекше атап көрсеткен. Ұлы Отан соғысы жыл
дарында кеңес жауынгерлерін ерлікке, патриоттыққа шақыратын халық мақалдары қайта жаңғырып,
жауынгерлік ұранға айналды. Дәстүрлі мақалдың үлгісімен «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген
секілді жаңа мақалдар шықты [6, 35].
Ө. Тұрманжанов «Мақалмәтелдер туралы» атты ғылыми еңбегінде «Қашан, қайда болсын, адамға
ең жақын, ең қымбаттысы – туған Отаны, өскен жер, туған елі. Сондықтан да халық «Отансыз адам –
орман сыз бұлбұл», «Ел іші – алтын бесік», «Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер!» деп халық
өскен ұрпағын отаншылдық патриотизмге шақырады» деген [7, 6].
Өзінің мақалдарында туған жер, ел, Отанын аса жоғары бағалап ардақтаған халық, оларды қорғау
әрбір еразаматтың борышы деп біледі. Өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық
демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан елін, Отанын қорғап алу халқын сүйген әрбір азаматтың мінде
ті болатындығын көрсеткен. Оны мына мақалдан: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін
сүйген ел болар», «Жүкті нар көтерер, қайғыны ер көтерер», т.б. көруге болады. Ауыз әдебиетінің ерте
ден келе жатқан көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер халқымыздың тарихын, тұрмыссалтын,
әдетғұрпын, нанымын, дүниетанымын білдіреді. Қай халықтың ауыз әдебиетін алсақ та, ертегілер ау
ызша айтуға лайықты түрде құрылады.
Қазақ ертегілерінің тақырыптарына, суреттелген оқиғаларына қарап белгілі бір дәуірлерге топтау
ға болады. Кейбір ертегілер қазақтың өте ерте замандағы өмірін елестетеді. Мұндай ертегілердің не
гізіаңшылық, малды бағу ,оларды қыстан аман сақтау, әр түрлі стихиялық күштермен күресу, олар
ды жеңу мәселелеріне арналады. Басты кейіпкерлердің ісәрекеті де, ұнамдылық жағы да соған орай
көрсетіледі. Бұған мысал ретінде «Ер Төстік», «Құлагер», т.б. ертегілерді алуға болады.
Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өзінің замандастарына да, кейінгі ұрпақтарына да
жақсы тәрбие беруде оларды зұлымдық әрекеттерден сақтандырып, адамгершілікке үндеу мәселеле
рін ерте кезденақ қолға алғандығы ертегілерден байқалады. Көп ертегілерде суреттелетін әділдік
пен жауыздық арасындағы күрес оқушылардың патриоттық сезімдерін оятуға септігін тигізеді. Ерте
гі – Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудің ең қолайлы және ештеңемен алмастыруға болмайтын
қайнар көзі. Ертегінің патриоттық идеясы – оның мазмұнының тереңдігінде. Халық жасаған мыңда
ған жылдар бойына өмір сүретін ертегілік бейнелер баланың жүрегі мен ақылына еңбекші халық
тың қуатты шығармашылық рухын, оның өмірге көзқарасын, мұратын, үміттілегін жеткізеді. Ертегі
туған жерге сүйіспеншілікті тәрбиелейді. Өйткені, ол – халықтың өзі жасаған нәрсе. Ертегі – халық
мәдениетінің рухани байлығы. Оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі.
187
Жалпы ертегілердің түрлері сан алуан. Ертегінің негізгі бір саласы – қиялғажйып ертегілері. Бұлар
да өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. Қиялғажайып ертегілердің оқиғасы қиял
ға құрылады. Мысалы, «Ұшқыш кілем», «Адам жеңбес, Айыртөс батыр», «Аңшы бай», «Керқұла атты
Кендебай», т.б. қиялғажайып ертегілері балалардың қиялын арттырады. Қиялғажайып ертегілерінің
кейбіреуінде әдеттегі өмір мен қиял дүниесі араласып жатады. Ертегінің кейіпкері – қарапайым ғана
адамдар.
Ауыз әдебиеті шығармаларының халыққа көп тарағандарының бірі – батырлар жыры. Ол ескі за
маннан келе жатқан мұра ретінде тәрбиелік мәні зор шығармалар қатарына жатады. Батырлар жы
рында халықтың жаны, рухы, қазақ халқының бастан кешірген жауынгерлік өмірі суреттеледі. Өткен
дәуірлерде жерін, елін жаулап алмақшы болған жауларға қарсы қазақ халқы талай майданға шыққан.
Сол кездің өзінде де елі, жері үшін Отанын жантәнімен сүйген ұлдар халықта аз болған жоқ. Елін
шапқан жауларын қирата жеңген Қобыланды сияқты батырлар өз халқының, елінің шын патриоттары
ретінде суреттеледі. Бастауыш сыныптарда батырлар жырынан үзінді оқытып, оны сахналатуда батыр
лар ролінде ойнату арқылы оқушылардың намысын, жігерін қайрап, қиялын шарықтатып, патриоттық
рухын көтеруге мүмкіндік туады.
Шешендік сөздер – терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармалары. Ол тапқырлық пен
шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі болып табылады. Мысалы, Қазыбек бидің «Біз – қазақ деген
мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құтбереке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басы
мыздан сөзді асырмаған елміз» деген тәрбиелік мәні күшті шешендік сөзді жаттату арқылы бастауыш
сынып оқушысына өз елін, халқын сүйетін, мақтаныш ететін, оның қадірін жете түсінуге тәрбиелейміз.
Мысалда адамның мінезін, құлқын жанды, жансыз нәрселер арқылы салтсанасына сәйкес көрсе
тіп өнегелеу мысалдау болады. Мысалдар көбінесе хайуандар турасында шыққан ертегілерден алына
ды. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, түрлі өнеге боларлық сипат
береді.
Патриоттық тәрбие ұлттық мақтаныш сезімінен туындайды. «Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз
белгілі бір басқа бір ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады,
ұлттық мақтаныш сезімі әрбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң» деп Б. Момышұлы анықтама берген.
Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші ғалым Ш. Ахметов «Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі» [8]
атты еңбегінде халқымыздың тәрбие ісінде қамтыған мәселелеріне жанжақты тоқталған.
– Біріншіден, тәрбие басы адам алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әдепті бол дегенді басты
міндет етіп қойған.
– Екіншіден, мейірімді болуды үйреткен.
– Үшіншіден, тілалғыш, елгезек болуға тәрбиелеген.
– Төртіншіден, адалдық пен шындыққа баулуды көздеген.
– Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа
құлақ болма, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңіре берген.
– Алтыншыдан, үлкенді, атаанаңды сыйлай білуді үйреткен.
– Жетіншіден, «Кісі айыбын бетіне баспа» дейді халық тәрбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз
емес, қаріпқасерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген сияқты) көзге
түр тіп көрсетпе деген сөз.
– Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді
үйретеді.
Бұған қарап, тәрбиенің қай саласы болса да ұрпақтанұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің
бірі – патриоттық тәрбие беруге баулитындығын көреміз.
М. Ғабдуллин «Атааналарға тәрбие туралы кеңес» атты педагогикалық еңбегінде [9, 69]: «Ата
ананың баласына тілейтіні: Балам ержетіп, елінің еразаматы, халқының мақтанышы, абыройы, зор
адамы, қажырлы қызметкері болса екен деген тілегінен, ертең ержеткен соң, еліңе адал еңбек ет деген
ді түсіну қиын еместігі жайлы ой қозғайды. Одан халқыңды сүй, халқың үшін отқа түс – күймейсің,
188
суға түс – батпайсың, әрқашанда халықпен бірге бол, бәрінен де халық мүддесін жоғары ұста, ел
қорғауда және тұрмыстіршілікте халықтың еразаматы, қамқоршы ұлы бол, халық үшін ерінбей еңбек
ет» дегенді түсінуге болады.
Патриоттық сезім біртіндеп дамып, күн санап жетілетін жеке бас сапаларына жатады. Патриот болу,
ең алдымен, баланың тәртібінен, орындаушылық, ықыластылық, мейірбандық сезімдерінің жетілуінен
басталмақ. Кіші мектеп жасындағы оқушылар тәртіптілікке үйренсе, олар ұқыпты, тиянақты, жинақы
болып келеді. Саналы тәртіп пен тәртіптілікке үйренген бала алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылып,
қандай да тапсырманы орындап шығуға ынталанып, жігермен орындайтын болады. Бұл қасиет
үздіксіз тәрбие арқылы баланың қанына сіңіп, бойына тарайды. Оқушыларды мәнерлеп, түсініп оқуға
төселдіретін және оларға өміртануды үйрететін көркем шығарманың ең әсерлі түрлерінің бірі – өлең.
Қазақ халқы әуелден өлеңді жанындай сүйетін, құрметтейтін халық. Сондықтан да өлеңді өтуге байла
нысты мұғалім алдына үлкенүлкен талаптар қойылады. Яғни, өлеңді ақынша әсерлі етіп оқи отырып,
ол арқылы білім мен тәрбие беру. Ғали Ормановтың «Ана»деген өлеңінде:
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Біліп тұрсың, жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның! –
дей келіп, Ана бақыты бала екенін, оның болашағына деген үміттің шексіз екенін, ана баласын, баласы
анасын қалай ардақтайтынын, Анасы мен Отанының алдындағы бала борышының маңыздылығын,
оны өтеу кез келгеннің қолынан келе бермейтінін айта отырып, балаларды патриоттыққа тәрбиелейді.
Халқымыздың ақиық ақыны М. Мақатаев туған жерді, Отанды сүюге, оны қорғау үшін жанын
бе ру керек деп, қазақтың намысын оятатын, патриоттық сезімін туғызатын Отан туралы мына өлең
жол дарын арнаған:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем... [10, 135]
Ақынның өлеңінен Отанды сүюмен бірге, оны қорғауға, жаныңды беруге әзір болу керектігін
меңзейді. Отан деген кең ұғымға қоршаған орта, яғни, табиғат, қоғам, адам барлығы бірлестікте қа
растырылатынына түсіністікпен қарау керектігін, оны көздің қарашығындай сақтағанда ғана Отанды
сүйеді деуге болатынын жырлайды.
Бүгінгі кезеңде егемен елімізде жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысын қазіргі за
ман талабына сай ойдағыдай ұйымдастыру және демократияландыру мәселесі жалпы ұлттық, бүкіл
189
халықтық, мемлекеттік деңгейде жұмыла көтеруді қажет ететін аса маңызды мәселе болып саналатыны
белгілі жайт. «Отан отбасынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі – Отан мен ел
мүддесі. Әрбір бала бір ғана отбасының ғана емес, күллі қоғамның келешегі, көктемі, бүршік атар гүлі
екені жадымыздан әсте шықпағаны абзал.
Бір сәт «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөздің мәніне үңілсек, балауса шағынанақ
бала тәрбиесіне көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес. «Дала Демосфендері» деп аталған Қаз
дауысты Қазыбек бидің «Біз қазақ...» [11, 279] және Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» [12, 195] атты
жырлары арқылы күрмеуі көп қиын заманда ел тағдырын жырлап өткен қос тұлғаның жыр шумақтары
бүгінгі ұрпақты өз жерін, елін сүюге баулиды.
Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих,
халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық,
ерлік деген ұрпақтанұрпаққа ата дәстүрі болып қала бермек Өткенін білмеген, одан тәлімтәрбие,
ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр ха лық»
[13, 195]. Жаугершілік замандағы аңызәңгімелер, жыржоқтаулар – үлкен тәрбиелік мәні бар білім
мен өнегенің нағыз қайнар көзі, халықтық педагогиканың негізінде ұлт қаһармандарының өмірі мен
тарихи қызметі арқылы жеткіншектерді патриоттыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
Оқушыларды Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің татутәтті, достық қарымқатынаста,
туысқандық, ынтымақтастықта тұруының өзі патриоттық тәрбиенің негізі деп қарауға болады. Сон
дықтан, көркем шығарманы оқу барысында оны өмірмен салыстыра отырып нақты деректер негізінде
тәрбиелеу қажет деп санаймыз.
Көркем шығарма оқушының сезіміне әсер етеді. Оның тәрбиелік ықпалы осыдан басталады. Көркем
шығарма кейіпкері оқушылардың қызыға қарайтын, еліктейтін адамы. Балалардан көркем шығар
ма кейіпкеріне қызығудың екі түрлі көрінісін байқауға болады. Алғашқысы – кейіпкердің батылдық,
күш тілік, тапқырлық, өжеттілік сияқты қасиеттеріне баланың сырттай қызығушылығы. Ол қаһарман
ның бұл әрекеттерді жасаудағы түпкі мақсатын жете түсіне бермейді. Екінші сипат баланың жағымды
кейіпкердің батыл әрекеттерін құр тамашалап қана қоймай, сол әрекеттердің шынайы мазмұнын,
оның көздеген мақсатын түсінумен сипатталады. Қаһарман қауіпқатерге бас тіккенде, қиыншылық қа
төзгенде, қиянатқа қарсы күрескенде соның бәрін өз басының қамы үшін емес, көпшіліктің мүддесі
үшін жасалғанын ұғады. Бұл – саналы түсінік.
Жоғарыда дәлелдеп өткеніміздей, көркем шығарманың білімдік және тәрбиелік мәні зор. Сонымен
қатар оқушының жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, ру
хани дүниесін кеңейтеді, ақылойы мен ұлттық санасезімін дамытуға ықпал етеді. Көркем шығарма
ның бұл ерекшелігі жас буынның туған еліне деген махаббат сезімін оятып, ойсанасын қалыптасты ра
ды. Соның негізінде баланың бойында ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік, елжандылық
пен жауапкершілік сияқты адамгершілік нормалары қалыптасады.
Көркем шығармалар арқылы біз оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін айқындау
үшін бағалау өлшемдерін нақтылап айтсақ, оқушының эрудициясы, ынтасы, еңбексүйгіштігі, таби
ғатқа қарымқатынасы, адамгершілік құндылықтары, эстетикалық талғам, патриоттық сезім, өзінөзі
жетілдіру арқылы көрініс береді. Оқушылардың білім және тәрбиелік деңгейі, оқушылардың сөй леу
мәдениеті, білімнің тереңдігі мен беріктігі, нәтижеге жетуге ұмтылуы, жауапкершілігі, елін, жерін қор
ғау, мәдени қарымқатынас, мінезқұлықты, өзінөзі бақылауы, т.б.
Қорыта келгенде, көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беру дегеніміз – атабабаларымыз
дың жауынгерлік дәстүрі мен ерлік, батырлық істерін дәріптейтін әдебиет үлгілері арқылы оқушылар
дың ұлттық мақтаныш сезімін, намысжігерін оятып, елін, тілін, ұлттық рәміздерін құрметтеуге, Ота
нына, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем шығарма үлгілерінің кезкелген жанрын оқутәрбие үрдісінде пайдалану оқушылардың
тілін дамытудың, дүниетанымын қалыптастырудың, оларға патриоттық тәрбие берудің бірденбір жо
лы болып табылады.
190
Әдебиеттер:
1. Досмұхамедов Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Кекильбаев А. Новое поколение. – 1996. – №45. – 5 б.
3. Қоңыратбаев Ә. Педагогикалық еңбектері. Құрастырған: Қоңыратбаев Т. – Т. 7. – Алматы, 2005. –
493., 505 б.
4. Исабеков Д. Таңдамалы. – Алматы, 1993. – Т. 3. – 490 б.
5. Жұматаева Е. Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға пат
риоттық тәрбие беру. Пед. ғыл. канд. ... автореф. дис. 13.00.01. – Алматы, 1995. – 166 б. – 0495РК00202.
6. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы, 1996. – 35 б.
7. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақалмәтелдері. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 6 б.
8. Ахметов Ш. Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі. – Алматы: Мектеп, 1974. – 227 б.
9. Ғабдуллин М. Атааналарға тәрбие туралы кеңес. – Алматы, 1966. – 120, 69 б.
10. Мақатаев М. Жылап қайттым өмірдің базарынан. Жыр кітабы. – Алматы, 1996. – 135 б.
11. Әбен Е., Дүйсенбайұлы Е., Тасмағанбетов И. Дала даналары / Қаз дауысты Қазыбек би «Біз қа
зақ». – Алматы, 2001. – 279 б.
12. Молдағалиев Ж. Мен – қазақпын. – Алматы, 1964.
13. Момышұлы Б. Халық танымы. – Алматы, 1980. – 52 б.
Резюме
В статье автор освещает методы и приемы, используемые в целях патриотического воспитания уча
щихся при изучении художественных произведений. В качестве дидактического материала использу
ются произведения устного народного творчества и произведения современных писателей, в которых
отражается тема любви к Родине.
Summary
The given article considers the ways and content of patriotic education to by imagery literature papils. The
article includes the oral writings of national poems and novees of the modern writers in which added the theme
of love to the mortherland as a didactical material.
ӘОЖ 371.31:37.016:372.893
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ МЕТОДОЛОГИЯ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАРИХТЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ОҚЫТУ
И. ЖҰБАНИЯЗОВ,
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Президент Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтікэкономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы
зор» [1] деп айрықша атап көрсеткен еді. Сондықтан да, жоғарғы оқу орындары алдында педагогтар
дайындауда басты мақсат – кәсіби тарихшыларды дайындау талаптары тұр. Себебі соңғы жылдары та
рих ғылымының барысында әр түрлі методологиялық тәсілдері қалыптасқан және жасалып та келеді.
191
Сондайақ, тарих оқулығының мазмұнына байланысты және тарихшылар алдында күрделі ғылыми
теориялық мәселелердің шығуы, ғалымдарға жаңа мазмұнды әдістерді іздеу мен тарихты оқыту техно
логиясын үйренуде үлкен еңбек ету қажеттігі тұр.
Кеңес дәуірінде бүкіл дүниежүзілік процесті түсіндіруді үстем болған маркстіклениндік ме
тодология бойынша дәйектілік пен алмасып тұратын қоғамдықэкономикалық формация процесі
деп са налатын теорияны қабылдауды талап етіп келгендігі белгілі. Бірақ, маркстіклениндік теория
бырың ғай методология болғандықтан, көп ұзамай Кеңестік кездің өзінде ғылыми зерттеуде,тарих
ғылымының дамуына мүлде дұрыс ықпалын тигізбеді және елдегі тарих білім жүйесінеде кедергі
бола бастаған ды ғы жұртшылыққа белгілі. Маркстіклениндік методология антогонистік таптарға
барынша көңіл аудар ған еді, революцяны абсалюттендірді, эволюциялық дамудың маңызын тө
мен детті және инвалю ция лық мүмкіншілікті жоққа шығарды. Демек, маркстік формациялық
тә сіл социализмнің теориясы мен практикасы төңірегінен аса алмады және білім мен тәрбие тео
риясында осылайша қаралды. Сондықтан, 90 жылдардан бастап маркстіклениндік методологиядан
бас тарту, жаңа методологияны іздеуге әкеліп соқтырады. Дегенмен де,тез арада басқа методология
табылды. Осы кезден бастап өркениеттік методология тәсілі ел ішінде кеңінен таралып насихаттала
басталған еді. Алғашқы кезде ғалымдар арасында бұл теорияны маркстік ілімнің орнына механикалық
түрде алмастыра салу керектігі де кеңінен айтылған еді [2]. Аталмыш теорияда адамзат баласының
қоғамы, өркениеттің кейбір әлеуметтік жүйе циклінің жиынтығы болып табылатындығын атап келе
ді. Бірақ қазіргі кезде ғалымдар циклдік даму іс жүзінде мүмкін еместігін түсініп отыр, себебі ол ішкі
тұрғыдан алғанда тұйықтылықты қажет етеді және бірдебір өркениет басқа әлемнен оқшаулана өмір
сүре алмайтындығы айтылып отыр. Сонымен бірге, өркениеттің ыдырауының өзі жаңа өркениеттің
қалыптасу процесіне әсерін тигізетіндігін тарихтың өзі дәлелдеп берді. Өйткені, ежелгі Грек өркениеті
ежелгі Рим өркениетіне зор мәдени әсерін тигізді, өз кезеңінде ежелгі Рим, Батыс Европа өркениеті
нің қалыптасуына ықпал жасаған, Византиялық орыс өркениетіне, советтік – қазіргі Ресейге және т.б.
Яғни, тарихи цикл тұйық еместігі және ол адамзаттың тұтас үдемелі дамуында жоққа шығарылмай ды.
Бұл теорияны әр кезеңде жете зерттегендер Джамбатиста Вико, О. Шпенглер, кейбір жақтарын
Дж. Тойнби, Ф. Бредель және Н.Я. Данилевский, А.Н. Гумилев және басқалар. Дегенмен де өркениеттік
методология әлі де болса толық жете зеттелмеген.
О. Шпенглер өздеріне бөлінген әрбір өркениеттің ерекшелігіне қарады. Ал, Дж. Тойнби жете тү
сінген, тарихты бір ізге салу фактілерді өрескел бұрмалауына және тарихи ойөрісінің таралуына
әке летіндігі, адамзат баласының, ерекше қайталанбас жеке өркениеттегі жалпы қозғалыстың сырын
ашқан еді [3]. Ф. Бредельдің пікірінше, әрбір өркениет өзіне көршілес және онда арғы өркениеттің бел
гі лі бір құндылығын қабылдайды және өзінің құңдылығын өз шекарасынан әрі қарай кеңінен таратады
деп көрсеткен [4]. Өркениет теориясы ХІХХХ аралығында белсенді түрде формациялық тәсілді толық
ысырып ауыстырды деп есептей бастаған, себебі бұл теория да бұрынғы сияқты, негізінен ағарту және
тәрбие бағыттарын сақтай отырып, ұлттық идеаларды нығайтты. Бұл теорияның көмегімен отандық
және жалпы тарихты түсіндіру мүмкін деп есептеді [5]. Өркениеттік тәсілдің үлкен артықшылығы бар
екендігі талас тудырмайды. Себебі, бұл да әлеуметтікмәдени тарихпен үйлесімді келеді. Қазіргі таңда
анықталғандай, бұл теориялық тәсіл де универсалды емес, бұл да шектеулі және жеткілікті түрде жете
зерттелмеген. «Өркениет» ұғымын талдау негізінде жиырмадан астам анықтамасы белгілі болып отыр.
Бұл өркениет теориясының мәнін толық түсінуде қиындықтар туғызатыны анық.
Соңғы жылдары жоғары оқу орнында және орта мектептерде тарихтан саналы білім беруде теория
мен әдістеме мәселелерін жетік білуге үлкен мән беруде. Ғалымдардың пікірінше тарихтан сапалы
білім беруді орта мектептен бастап, тарихтың іргелі пәндеріне үлкен көңіл аударуды талап етіп отыр.
Атап айтқанда, «Дүние жүзі тарихы», «Адам және қоғам», «Құқықтану негіздері» мен «Алғашқы қо
ғам тарихын» оқытудың кейбір кемшілік тұстары аталып, оларды жою жолдары белгіленеді. Әсіре
се, орта мектептің төменгі сыныптарында тарих пәнінен сабақ беруді, тәжірибесі аз оқытушыларға
емес, керісінше тәжірибесі мол, білікті оқытушыларға тапсыруды және 57сыныптарда тарих пәнін
жүргізетін оқытушылар арнайы курстан өткізуді мектеп директорынан талап етуді ұсынып отыр [6].
192
Себебі, орта мектептен бастап жоғарғы оқу орнында тарихтың іргелі пәндерін оқытатын оқытушылар
теорияны терең білетін тәжірибелі әдіскерлер болуы тиіс. Бұл ретте, орта мектептерге арналған іргелі
пәндердің оқулықтары мен бағдарлама мазмұнын жақсартуға үлкен мән беріліп келеді. Соған байла
нысты «Ежелгі дүние тарихы» пәніне арналған бағдарламаның [7] мазмұны талапқа сай жасалып, оның
бірінші бөлімінде алғашқы қоғам тарихын оқытудың теория және әдістеме мәселелеріне ерекше мән
берілген. Себебі, «Ежелгі дүние тарихының» кіріспесінде оқылатыны ескерілген. Әрине, орта мектеп
тарихында іргелі пәндермен қатар, Отан тарихы оқылатыны белгілі және оның қажеттілігі түсінік ті,
себебі егеменді елдің жас ұрпақтары өз Отан тарихын мақтан етуі – қасиетті міндет. Сондықтан да,
орта мектеп тарихының басты міндетті ісі ағартушылық және тәрбиелік мәселелерді іске асыру болып
табылады. Ал жоғарғы оқу орнында тарихтан білім беру өзгеше. Онда мектеп курсында оқылып кет
кен тарихи оқиғаларды қайталап оқыту өзекті мәселе емес. Басты мақсат студенттерге тек білім беріп
ғана қоймай, қабілеттілікті, дағдылықты үйретумен қатар, өзін қоршаған ортада емінеркін болуды
үйретеді және оларға тарих тұрғысынан ойлауды қалыптастырады. Тарих тұрғысынан ойлау (исто
ризм мышления) – қазіргі таңда білімді адамның маңызды бір мәдениеттілігі, оның шексіз тізбектел
ген тарихи фактілерге баға бере алатын қабілеттілігін сипаттайтын бірденбір көрсеткіші. Тарихты
оқыту процесінде тарих тұрғысынан ойлауды қалыптастыру бұл ғылымның методологиялық негізін
қалыптастыруға ерекше көңіл аудару өте қажет, себебі оның қоғам дамуын түсінуге маңызды және
шынайы білімге барынша жақындап жетуге әсері бар [8]. Осы бағытта Отан тарихын жаңа методоло
гия негізінде студенттерге білім беруде үлгі болатын профессорлар А. Кузембайұлы, Т. Омарбеков,
Қ. Атабаев әлем тарихы ғылымында жаңа идеяларды басшылыққа алып, тың көзқарастарды ұсынып
жүрген Қ.Т. Жұмағұловты атауға болады.
Жоғары оқу орнында тарихтан сапалы білім беруді арттыруда теория мен практиканы үйлестіру
әдістерін қолдану өте маңызды. Оны бірінші курста өтетін алғашқы қоғам тарихы пәнінен бастаған
жөн. Себебі, пәннің зерттейтін обьектасы адамзаттың пайда болуынан бастап, таптық қоғам мен мем
лекеттің пайда болуына дейінгі кезеңді теория тұрғысынан зерттейтін іргелі ғылым. Кеңес дәуірінде,
алғашқы қоғам тарихы пәні, ежелгі дүние тарихының кіріспесінде Энгельстің «Семья және меншік
және мемлекеттің пайда болуы» атты еңбегінің негізінде оқылғандығы белгілі. 90 жылдардан ба
стап өркениеттік методология тәсіліне ауысуға байланысты алғашқы қоғам тарихы «История перво
бытного общества» [9] деп аталатын жаңа оқулық негізінде оқылып келеді. Біріншіден, оқулықтың
ерекшелігі, егерде бұрын алғашқы қоғам тарихы Энгельстің еңбегімен шектеліп оқылса, енді антик
ойшылдары еңбегінен бастап, ХІХ ғ. алғашқы қоғам туралы жиналған нақты білімдердің жиынты
ғы және оларды қорытындылауды атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірлері сарапталып, алғашқы
қоғам тарихының өзектілігі мен оны қалпына келтірудегі ұсыныстар өте маңызды роль атқарады.
ХІХХХ ғасырлар аралығында жаңа ғылыми жетістіктерге сүйеніп адам және қоғамның қалыптасуы,
кемелденген алғашқы қауым құрылысының коллективтік табиғатын және жеке меншіктің пайда болу
барысында оның ыдырау процессі, қоғамдық таптар мен мемлекеттік шығуы көрсетіліп, қорытынды
бөлімінде алғашқы қоғам мен өркениеттің арақатынастары және олардың нәтижелері баяндалған [10].
Екіншіден, мақалада теория немесе әдістемеге байланысты мәселелердің бәрін қамтымай, тек танымал
теориялық қағидаларды практикамен үйлесу жақтарын студенттерге түсіндіру мақсаты қойылып отыр.
Мысалы, «Ерте таптық қоғам және мемлекеттік қалыптасуы» атты тақырып бойынша. Бұл тақырыпты
Шығыс елдер мемлекеттерінің тарихынан бастаған жөн. Өйткені, б.з.д. мыңдаған жылдар бұрын пай
да болған мемлекеттердің тарихы күрделі де қызықты. Сондықтан, оқу процесінде оларды түсіндіру
барысында тарихи фактілерді тізбектелген факталогияға айналдырмас үшін ежелгі Египет мемлекеті
нің пайда болу қарсаңында оның алғышарттарының жасалуына әсер ететін негізгі факторды анықтау
арқылы алғашқы қоғамның ыдырауы мен қоғамдық таптардың қалыптасуын теориялық тұрғысынан
түсіндірген дұрыс. Мысалы, көне теорияда көп уақытқа дейін қоғамдық таптардың қалыптасуына
өндірістік фактор ең басты деп қаралған, ал кейде қазірдің өзінде металдың шығуы немесе оның пай
193
далы қасиетін игеруді, тастан металға ауысуын айтып келді. Бірақ, қазір белгілі болғандай, қоғамдық
таптардың қалыптасуы дәуірінде, металл түгелдей бәр жерлерде бірдей игерілмеген, бар жерде бірдей
әсер еткен шаруашылықтың одан әрі дамуы, бірінші кезекте өңдіруші, сондай ақ соған ұқсас жоға
ры дәрежеде мамандалған тұтыну шаруашылығы [11] деп көрсетілуде. Өңдіруші шаруашылықтың
кешеуіл алғашқы қауым сатысында қалыптасуы, оның таптар пайда болу дәуірінде прогрессивтік да
муына мүмкіншілік жасады. Әр түрлі жүйедегі егін шаруашылығы қалыптасып, комплексті егінші мал
өсіруші шаруашылық және мал шаруашылығы қалыптаса бастаған. Дегенмен де, алғашқы қоғамдағы
егіншіліктің эволюциясы қалай дамығандығы белгісіз. Бірақ, бұл туралы үстем етуші пікірлерде жер
жыртатын құралдардың шығу тегі тырмалау құралдардан басталатыны айтылуда, онымен жолжол
(борозда) салуға және егіншілікті тырмалау үшін пайдаланғандығы туралы археология [12] және эт
нография [13] ғалымдары растап отыр. Алғашқы кезде бұтақты таяқ арқылы жерді бірнеше адамның
күшімен тартып өңдеп отырса, көп ұзамай қолмен жер өңдеудің орнына, мал жегіп жерді өңдеуге
көшкен. Қол еңбек құралымен жер өңдеуге қарағанда, мал жегіп айдалған жердегі еңбек өнімділігі
бірнеше есеге арттырылады [14]. Мал күшін жегіп айдаудың қажеттілігі, жегетін малды өсіруге ынта
ландырып, мал шаруашылығының түрлері одан әрі тереңдеп және тармақтанып бөлініп шыға бастады.
Ақырында егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі, бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісін шығарды.
«Бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісінен қоғамда бірінші ірі екі тап пайда болды – мырзалар және құл
дар, қанаушылар және қаналушылар» [15]. Демек, егіншіліктегі эволюциялық даму негізінде өңдіруші
шаруашылықтың бар саласындағы еңбек құралжабдықтардың жетілуі, қоғамдағы жіктелу процесін
жеделдетіп отырды.
Мемлекеттің пайда болу қарсаңында оның алғышарттарының қалыптасуына әсер еткен фактор
лардың бірі – өңдіруші шаруашылықта металды пайдалану негізінде болды. Адамның өндірісте пай
даланған бірінші металы – мыс. Оны белгілі бір пропорцияда қалайымен, кейде қорғасын немесе цинк,
сурьма, мышьяк қоспалары арқылы қоланы шығарып еңбек құралдарын жасады. Бұл металл кеңінен
тек мыстас ғасыры энеолитте емес, классикалық қола ғасырында пайдаланды, жағдай тек темірді иге
румен, ерте темір ғасырының басталуымен өзгерді. Темір мысқа және қолаға қарағанда сапасы жағынан
әлдеқайда жоғары, Мыс пен қола толық темір ғасырында ығыстырылды. «Темір басқа шикізатқа
қарағанда тарихта ревалюциялық роль атқарады» [16]. Темір ерекше құрылысты, күрделі тәжірибені,
арнайы кәсіптік мамандықты талап ететін метталургияны шығарды. Өңдіру шаруашылығында те
мірді кеңінен пайдалану үй кәсіпшілдігіне – қолөнерге ауысуға ынталандырды. Ендігі жерде қолөнер
кәсіпшілдігінің қарауындағы темір құралдар, сүйекті, ағашты теріні, түрлі түсті металдарды түбегейлі
жақсы өңдеуге мүмкіндік берді. Темір дәуіріндегі қолөнер кәсіпшілдері әр түрлі мамандыққа маманда
лып, жанжақты жетілді. Қолөнер кәсіпшілдері басқа өндіріс жұмыстар түрлерімен қосарласа жұ мыс
істеуге мүмкіндіктері болмады. Егерде бұрында егіншілер еңбек құралдарын өздері жасайтын болса,
енді қолөнер кәсіпшілдер олардан оқшауланып, кемкемнен әр түрлі саладағы қолөнершілер шығып,
адамзат баласының тарихында екінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі қолөнершілерді басқалардан бөлді,
ең бастысы, егіншіліктен [17]. Осындай тарихи процестер, қоғамдағы жіктелуді бұрыңғыдан бетер
тереңдетіп, топтардың қалыптасуына барынша кең өріс ашып отырды.
Мемлекеттің пайда болу мен таптар қалыптасу дәуірінде бірінші қоғамдық еңбек бөлісінің терең
деуі және екінші ірі қоғамдық еңбек бөлісінің қалыптасуымен қатар, алғашқы қауым құрылысында
алмасу ере жүріп дамыды. Ерте алғашқы қауым дәуіріндегі коллективтер ерекше табиғи орта бер ген
байлықпен алмасты, ал кенеуіл алғашқы қауымда ана құрылым кең тараған алмасудың басқа түрі,
сый алмасу болды [18]. Енді мәденишаруашылық түрлерінің жіктелуі және осы алмасуларға негіздел
ген экономиканың одан әрі дамуы, бұл алмасудың екі түрі одан да бетер үлкен маңызы болды. Бірақ,
олардан да маңызды болған – шынайы экономикалық алмасудың пайда болуы [19]. Бұның ерекшелігі
сый алмасуға қарағанда байланысты соншалықты қадірлеу емес, алмасу жолымен алынған заттарды
бағалау болды [20]. Беделді және, әсіресе, шынайы экономикалық алмасу қоғамында заттарды айыр
250126
194
бастау кезінде баламасы туралы түсініктің қалыптасуына мүмкіндік туды. Олар әр түрлі заттардан
құралды, айырбастаушылар өздерінде сирек кездесетіндіктен алмасатын заттары құнды болып сана
лады, экзотикалығымен немесе оларға сіңірген еңбегімен бағаланады. Айырбастау операциялардың
артуы көп уақытқа дейін осы салада арнайы мамандарды – саудагерлерді қажет етпеді. Бұл операция
ларды қоғамда өнім өндірушілердің өздері айналысқан, әсіресе көсемдер мен бигмендер, олар үшін
айырбастаудағы делдалдық және айырбастағы баламалықтан қор жинап өздерінің мәртебесін көтеруде
ең маңызды тәсіл болды. Бірақ, кәсіби немесе жартылай кәсіби саудагерлердің шығуы үшінші ірі қо
ғамдық еңбек бөлісінің пайда болуын көрсетті. Энгельс енді мұны ерте таптық қоғамға жатқыз ды
[21]. Алғашқы қауым құрылысында мамандалған саудагерлердің пайда болуы бірден емес, кемкем нен
қоғамдық таптар қалыптасу дәуірінде пісіп жетіліп отырды.
Қорыта келе, алғашқы қоғамның ыдырауына және қоғамдық таптардың қалыптасуына әсер ет
кен негізгі фактор, өңдіруші шарушылықтағы комплексті дамыған, егіншілік пен мал шарушылығы
және металлургияның негізінде пайда болған қолөнер мен сауда. Оқу процесінде студенттерге осы
қысқаша жасалған теориялық тұжырымды практикамен үйлестіру әдісін қолдану негізінде түсіндірген
дұрыс. Мысалы, б.з.д. ІV мың жылдардың орта кезінде Египет қоғамда алғашқы қоғамның ыдырауын
жоғарыда айтылған теориялық тұжырым арқылы түсіндіре келе, нақты тарихи фактілермен үйлестіру
үшін Египеттегі негізгі үш әлеуметтік топтың нұсқауларының айқындала басталғандығы туралы нақты
фактіні оқулықта көрсеткен. Олар – үстем етуші топтар, оларға атақты ру тайпаларының ақсүйектері,
абыздар, ауқатты қауым мүшелері, негізгі материалдық игілікті өндірушілер, құлдар тобы әзірше көп
емес, бірақ үнемі көбейіп отырды. Ең көп санды құраған екінші топтағылар, яғни егіншілер қауымы
барған сайын көбейіп, рулық сипатын жойып, территориялық немес көршілік қауымға айнала баста
ды [22]. Яғни теория мен практиканы үйлестіру әдістемені іс жүзіне асырып, соның негізінде Еги
пет қоғамындағы әлеуметтік топтардың және таптардың қалыптасуы мемлекеттің пайда болуы на
негіз болды. Нәтижесінде мемлекет бұл әлеуметтік топтармен қалыптасып келе жатқан таптардың
арақатынастарын үстем етуші топтың мүддесін қорғау үшін реттеп отырды. Теория мен практиканы
үйлестіру негізінде түсіндірген тақырып тек жоғарғы оқу орнының студенттеріне емес, сондайақ орта
мектептің оқушылары да екі қоғамның тарихын, яғни алғашқы тапсыз қоғамнан құл иеленушілік тап
тық қоғамға ұласу процесін түсінуге мүмкіндік алады. Себебі, жоғарғы оқу орнында оқылатын алғашқы
қоғам тарихы орта мектепте де Ежелгі дүние тарихы пәнінің кіріспесінде (8 сағ.) алғашқы қоғам тари
хы, екінші бөлімінде (42 сағ.) құл иеленуші қоғам тарихы оқытылады. Бұл іргелі ғалымдардың жалға
сы жоғарғы курста оқытылатын іргелі пәндерде жалғасын табады. Олар, орта ғасыр тарихы, бұнда құл
иеленуші қоғамның қойнауынан, феодалдық қоғамдықэкономикалық қатынастардың қалыпта су және
даму заңдылықтары туралы оқылады, ал жаңа тарих пәнінде капиталистік және социалистік қоғамдық
экономикалық қатынастардың шығу тегі мен құлау себептерін түсіндіру барысында міндетті түрде
теорияны практикамен үйлестіру әдістемесін қолдану дұрыс. Себебі, капитализм және социализм қо
ғамдардың генезизі және даму процестерін түсіндіру күрделі және қазіргі кезде көптеген жаңа теория
лар мен әр түрлі пікірталас көзқарастармен байланысты. Сол себепті бірінші курстан соңғы курстарға
дейін іргелі ғылымдар негізінде оқылатын бес қоғамның тарихы Кеңестік кезде және қазір де орта
мектептен жоғарғы оқу орындарына дейін оқу процестерінде оқытылып келеді. Кеңестік кезде олар
қоғамдық экономикалық формация деп аталған еді. Сондықтан, қазіргі таңда жоғарғы оқу орнында
тарихтың іргелі ғалымдарыннан сабақ беру өзгеше екендігін айту қажет. Ондағы ең басты мақсат
әр қоғамның тарихына байланысты, өздеріне тән ерекше теориялық тұжырымдардың болатыны
белгілі. Осыған орай, оқу процесінде жоғарғы оқу орнының оқытушылары терең теориялық білімді
және озық әдістемені қолдану міндетті. Себебі, жоғарғы оқу орнын бітірген түлек жоғарыда аталған
бес қоғам тарихынан терең теориялық білім алғанда ғана кәсіби тарихшы аталуы анық. Сондықтан,
жоғарғы оқу орнында іргелі ғалымдарға үлкен мән беріліп, іргелі білімді үнемі жетілдіріп отырады.
Дегенмен де, жас оқытушылар арасында іргелі ғалымдардың теориялық мәселелерін оқытуда кейбір
олқылық жақтары да белгілі болып отыр. Өйткені, қазіргі кезде жастардың жаппай Отан тарихына
және археология ғалымына деген зерттеу ізденістері артуда, іргелі ғалымдар теориясы мен әдістеме
195
мәселелері көлеңке тұстарда қалуда. Нәтижесінде, жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер әуесқой та
рихшы қатарын көбейту қаупін тудыруда. Әрине, егемендікті алғаннан кейінгі кезде халқымыздың
өткен тарихы және тәуелсіздік үшін күрескен тарихы тұлғалар мен әр ру тайпалардың өз батырлары,
ақындары мен жыраулары туралы тарихы зерттеулердің құндылығы мен қажеттілігі белгілі. Дегенмен
де, жоғарғы оқу орнының басты мақсаты – орта мектептер оқушыларына адамзат тарихының даму
процесінде бастан кешкен бес қоғам тарихынан теориялық білім беру кәсіби тарихшының қасиетті
міндеті. Сондықтан, тарих кафедрасының міндеті студенттерге магистранттарға іргелі ғылымдар тео
риясы мен әдістеме мәселелеріне үлкен мән беру көзделіп отыр. Ғылыми методикалық семинарлар
да іргелі ғалымдардың өзекті мәселелері мен жаңа методологиялық тұжырымдар туралы зерттеулер
ді талқылау қарастырылуда. Әсересе, студенттер мен магистранттардың диплом жұмыстарын іргелі
ғалымдарға байланысты ізденістердің аясын кеңейтуді ойластырып келеді. Сондайақ курстық, бақы
лау жұмыстарының тақырыптарын іргелі ғылымдарға сәйкестендіруді қарастыруда. Іргелі пәндердің
сапасын арттыру барысынада тәжірибелі оқытушылардың жастарға үйрету жақтарын үнемі тұрақты
бақылауға алуды ескеру керек.
Әдебиеттер:
1. Егемен Қазақстан. – 2012. – 2 қазан.
2. Семеникова Л.Н. Россия в мировом сообществе цивилизации. – М., 1994. – С. 422.
3. Тойнби А. Дж. Постижение истории. – М., 1991. – С. 20271.
4. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм ХVXVІІІ вв. Т. 13. – М., 1992. –
С. 75.
5. Андреев И.Л. Методологические проблемы цивилизационного процесса // Вопросы философии. –
1998. – №9. – С. 3853.
6. Қазақ тарихы. 2003. – №6. – 9 б.
7. Ежелгі дүние тарихының бағдарламасы. – Алматы, 1991.
8. Каменский А.Б. Уроки, которые можно было бы извлечь. Одиссей: Человек в истории. – М., 2004. –
С. 408421.
9. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. – М.,1990.
10. Бұл да сонда. 322342 бб.
11. Бұл да сонда. 255 бет.
12. Бұл да сонда.25 б.
13. Құсайынұлы Қ. – Алматы, 2001. – 45 б.
14. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. – М., 1990. – С. 25.
15. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2е изд. Т. 21. – М., 1960. – С. 161.
16. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. – М., – 1990. – С. 259.
17. Бұл да сонда. 261 бет.
18. Бұл да сонда. 261 б.
19. Бұл да сонда 263 б.
20. История Древнего Востока. – М., 2005. – С. 29.
21. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. – М., 1990. – С. 263.
22. История Древнего Востока. – М., 2005. – С. 29.
Резюме
В статье рассмотрена марксистсколенинская теория, как единая методология исследования исто
рического процесса, которая очень скоро стала тормозом в научных исследованиях советского периода
и оказала отнюдь не положительное влияние на развитие исторической науки и систему историче
ского образования в стране. Методология марксизмаленинизма схематизировала прошлое, пренебре
гая разнообразием и сложностью исторического развития стран и народов; уделяя основное внимание
классамантагонистам, абсолютизировала революционное и преуменьшала значение эволюционного
196
развития, исключала возможность инволюции, не придавала значения ментальному уровню наро дов.
В связи с этим на смену марксистсколенинской методологии была найдена другая теория. В 90е
годы стал широко пропагандироваться цивилизационный подход в качества готовой познавательной
парадигмы, которой, как первоначально считалось, можно было просто механически заменить марк
систскую. Рассмотрены особенности преподавания в вузах истории первобытного общества на основе
современных данных о становлении человека и общества, коллективистской природе зре лого перво
бытнообщинного строя и процессе его распада в ходе возникновения частной собственности, обще
ственных классов и государств.
Summary
Article considerations MarxistLeninist theory as unity of research methods of investigation of historic
process which became obstacle in scientific research of souvet period and had show its in fluency to the
development of historic siens methodology of Marxism and Leninism systematized of historic, development
of countries and peoples, Stareing the main influense of groups – antagonist; as absolutaized the maining of
annotation at the beginning of development excepted possibility of innovention; not recognized the meening
of mental level of people. According to this Marxism and Leninism metods had find theory. In 90th widely
propagandetion symbolized approth prepared paradigm which as originally considered may be simply change
Marxism. Consideration the defanion teaching history of originally society in education system on the bezic of
modern becoming human and society, collectivizing nature of originally communal formation and in process,
separating in appearing private property, public group and government.
ӘОЖ 37.018:54
НЕГІЗГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ХИМИЯ
САБАҚТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ
К. СӘДУАҚАСҚЫЗЫ,
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Г. ТАЛҚАНБАЕВА,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Тәрбиесіз білім ессіздің
қолындағы найзамен тең.
Д.И. Менделеев
Осы заманғы педагогикада өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап білім берудің басымдық беріле
тін мақсаттарын анықтау проблемасы туындай бастады. Дәлірек айтар болсақ, оқушы тұлғасының
алатын білімі маңызды ма, әлде дамуы мен тәрбиесі маңызды ма деген сұраққа жауап беру керек бол
ды. Педагогтардың басым көпшілігі, әрине, оқушы тұлғасының тәрбиесі мен дамуы маңыздырақ, ал
білім сол мақсатқа қол жеткізуге қажетті құрал екендігімен келіседі. Бірақ шын мәнінде мектептің
істәжірибесінде оқу пәндерінің тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері тиімді пайдаланы
лып жүрген жоқ, оған дәлел мұғалімнің қызметін бағалауда оның оқушыларының білім сапасының
сандық көрсеткішін басшылыққа алатындығы. Ал, мұғалім жақсы оқушы деп өз пәнін жақсы оқытып,
197
оқушыны біледі. Сөйтіп, осы заманғы сабақтың көлеңкесінде осы оқу материалы оқушыларыма не
берді деген сұрақ тұратындығы сөзсіз. «Менің сабағымның нәтижесінде оқушылар қандай сапаға ие
болды? Менің сабағым оқушылардың қабілеттерін дамытуда қандай рөл атқарды? Ең бастысы, менің
сабағым оқушының өскелең ұрпақ ретінде тіршілік үшін аса маңызды ма? Мен кіммін? Не үшін өмір
сүремін? Өмірдегі орным қандай? Кім болам?» сияқты сұрақтарға жауап іздеуде септігі тиді ме?
Ерте кезденақ «Біз мектеп үшін емес, өмір сүру үшін оқимыз» деген дидактикалық ұстаным белгі
лі. Соңғы кездерге дейін осы ұстаным педагогикада білім берудің ақырғы нәтижесі ретінде тұлға ның
дамуы емес, білім, білік және дағдыға (ББД) ие болу деп есептелініп келеді. Сондықтан да кейбір
оқушылар мен олардың атааналарынан «Бізге химияны, физиканы немесе математиканы оқып қажеті
не, олардың біздің өмір сүруімізге қажеті жоқ» деген сөздерді жиі естіп жүрміз. Осыны естіген кез
де осы пәндер мұғалімдерінің өздерінің пәнінің тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктерін аша
алмағандығын, оқушыларына қайсыбір ғылым болмасын адамды, адам өмірінің нақты бір қырларын
зерттейтіндігін және кез келген ғылым үлкен гуманистік әлеуетке ие екендігін ұқтыра алмағандығын
түсінесің.
Егер мұғалім сабағында өз пәнінің тәрбиелік және дамытушы әлеуетін пайдаланып толық аша ала
тын болса, онда оқушыларда гуманистік дүниетаным, белсенді өмірлік позиция қалыптасар еді.
Оқушы сабақта қандай адамгершілік нысандармен әрекеттеседі? Әрине, бәрінен де бұрын олар
«басқа адамдармен» қарымқатынаста болады. Басқа адамға қарымқатынасты анықтайтын барлық
адамгершілік қасиеттерді мұғалім қандай пәнмен беретіндігіне қарамастан мақсатқа сай қалыптасты
рып және дамытып отыруға міндетті.
Адамның «басқа адамға» қарымқатынасы, яғни бірінші нысан мыналар арқылы көрінеді:
– Ізгілік;
– Жолдастық;
– Қайырымдылық;
– Сыпайылық;
– Әдептілік;
– Тәртіптілік;
– Жауапкершілік;
– Адалдық.
Оқушының екінші адамгершілік нысаны – оның өзі, яғни өзінің «Мені». Өзіне қалай қарайтындығы
мыналардан көрінеді :
– Тәкаппарлық және сыпайылық;
– Өзіне талап қоя білу;
– Өз басын сыйлауы;
– Ұқыптылық;
– Ұяты болуы;
– Жауапкершілік және адалдық.
Үшінші нысан – қоғам мен ұжым. Оларға қарымқатынасы мыналардан көрінеді:
– Борышын сезінуі;
– Жауапкершілік;
– Еңбексүйгіштік;
– Адалдық;
– Жолдастарының жолы болмауына қиналу, олардың табыстарына қуану.
Мектеп мүлкіне және оқу құралдарына жанашырлықпен қарау – сабақта өзін жоғары қоғам мүшесі
ретінде сезінетіндігінің айғағы.
Ең бастысы, адамгершілік категориясына төртінші нысан – оқушының еңбекке қарымқатынасы
жатады.
198
Оқушының еңбекке қарымқатынасы мыналардан көрінеді:
– Үй тапсырмаларын жауапкершілікпен орындау;
– Өзінің жұмыс орнын дайындау;
– Тәртіптілік және жинақылық;
– Адалдық;
– Ыждағаттылық.
Осылардың бәрін де мұғалім басқара алады.
Ең соңғы бесінші нысан – адамгершілік құндылығы ретінде сабақ үстінде тұрақты түрде болатын –
Отан. Оқушының Отанға қарымқатынасы мыналардан көрінеді:
– Өз міндетіне адалдық және жауапкершілік;
– Отанның табыстарына қуану, масаттануы;
– Отанның қиындықтарына қиналуы;
– Отанға пайдасын тигізу мақсатында ақылойын дамытуға, жоғары жетістіктерге жету үшін ұм
тылу;
– Өзінің оқуына және оқу еңбегіне жалпы қатынасы.
Мұғалімнің оқушыларды Отанмен жоғары байланыста болуын үнемі дамытып отыруы аса маңызды.
Осы аталған оқушылар тұлғасының сапаларын адамгершілік сапалары деп атаған жөн. Адам
гершілікке қалыптастыру мұғалімнен педагогикалық шеберлікті, оның баланың болашақта өмір сүруі
үшін маңыздылығын терең түсінуі, өз пәнінің тәрбиелік және дамытушылық әлеуетін оқыту үдерісін де
өз орнымен тиімді пайдалануын талап етеді.
9-сынып сабақтарындағы патриоттық тәрбие
Бағыты
Сабақтың тақырыбы
1. Жамбыл облысындағы Қаратау маңындағы фосфорит кені.
Ақтөбе облысындағы Шилісай фосфорит кені. Таразда,
Шымкентте және Ақтөбедегі фосфор өңдейтін заводтар.
Достарыңызбен бөлісу: |