Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫП СӨЙЛЕУ АРҚЫЛЫ



Pdf көрінісі
бет30/33
Дата15.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#9388
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫП СӨЙЛЕУ АРҚЫЛЫ 
БОЛАШАҚ БІЛІМГЕРДІ ШЕШЕНДІККЕ, ТАПҚЫРЛЫҚҚА ДАЯРЛАУ
Ұ.А. КУЛЕТОВА, 
өнер магистрі,
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы
Адамзат баласының рухани дамуының негізгі бір формасы болып саналатын көркемдік тіл мәдениеті 
адамды  жалпы  мәдени  құндылықтармен  нәрлендіріп,  дұрыс  сөйлей  білу  талғамын  қалыптастыруда 
орны ерекше.
Ой  астары  мен  ақылдың  негізі  болған  мақал­мәтелдердің  болашақ  актерлер  үшін  маңызы  зор. 
Білімгерлердің ойы ұшқыр, тіл шеберлігін шыңдайтын, мақал­мәтелдердің ішкі ой астары мен көр­
кемдігін анықтауға мүмкіндігінің зор екенін сабақ процесінде анықтауға болады. «Мақал­мәтелдерді 
қалыптастырып сөйлеу арқылы болашақ білімгер шешендікке, тапқырлыққа бейімделеді, сөз сапта­
уы бір қалыпқа түседі. Қазақ мақал­мәтелдерінде даналық та, шешендік те, тереңдік те, көркемдік те 
бар» [1, 330]. «Мақал» – араб сөзі, мағынасы «Тиісті орында айтылатын сөз» деген ұғымды білдірсе, 
бейнелі сөздер қатарына жататын мақал­мәтелдік мәні бар, аз сөзбен көп ойды білдіретін көркем сөз 
құралдарының бірі. Мақал­мәтелдердегі теңеудің көмегімен сөз астарының сан қырын тереңірек білуге 
жәрдемдеседі. Тілдің шығармашылық күші тілде жүзеге асырылатын дүниені ойға айналдыру актісінің 
өзі арқылы оның облысының барлық бөліктеріне үйлесімді тарататын өмір әкелетін ағыста жасыры­
нып жатады. Болашақ ұрпақ тәрбиесіне ежелден көңіл бөлген қазақ елі мақал­мәтел, нақыл сөздерді 
барынша қадірлеп, барлығынан биік қойған. «Ендеше, сөз құдіреті – қазақ халқы үшін бағасы шексіз 
қазына. Сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, ақыл­ой парасаты қалыптаспайды. Яғни, дұрыс сөйлей 
білу дегеніміз – дұрыс ойлай білу. «Жүйелі сөз жүйесін табар» деп дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей білудің 
үлкен өнер екенін ұрпақ зердесін ұялатуда үлкен мән жатыр» [2, 234­35].
Білімгердің ұшқырлығы мен тапқырлығын және сөзді дұрыс қолдана білу тәсілін шыңдау үшін тре­
нинг жаттығулар қажет. Салауатты әрі мәдениетті адамдар үшін дұрыс сөйлеп, сауатты жазу қандай 
міндет болса, сөздердің мағынасын түсініп, астарын ашып, мәнерлеп сөйлеу – негізгі шарттың бірі. 

231
Дер кезінде керекті сөзді қолдана білу, айтатын ойыңның мағынасын бөліп­жармай жеткізе білу, сөзді 
жүйелеп айту – мәдениеттіліктің белгісі. 
Әр мақалды айтқан кезде үн арқылы өз арнасын табатын әр түрлі сөз астары пайда болады. Болашақ 
актер қай кезде, кімге, қалай сөйлеу керектігін және сөз астарының салмағы қандай екендігін сезінуі 
шарт. Яғни, сөз астарының қатпары қалың. «Әрбір әдемі ой әдемі айтылады, қалай айтуды ойламаңдар, 
не  айтуды  ойлаңдар»  дейді  Гете.  Сөздің  жаман,  жақсысы  жоқ,  бірақ  қажеттісін  саралай  білу  керек. 
Кейде, «Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі қашады» деген Абайдың сөздері кері ұғым бе­
реді. Өйткені, дайындықты қажет етпеген сөз – бос сөз. Іштей пісіп­жетілген, зерттелген, толыққанды 
түсінген сөздеріңді серіктесіңе айтып, оны қабылдау, сенің өткізе білу процесің шыңдалмаса, сөз ой­
налмайды. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі әріптердің айтылуына зейін қоюмен қатар, айтылу кезінде 
өзгеріске ұшырайтын кейбір заңдылықтарға мән беру керек және білімгердің ақыл қоржынында керек 
кезінде пайдалана алатындай сөз қоры мол болуы қажет. Сондықтан оқу процесінің алғашқы жылда­
рында көркем сөзбен жұмыс жүргізу кеңінен қойылған. Сабақ процесінде білімгерлер арасында мақал­
мәтел сайысын, ұсынылған жағдай немесе тақырып бойынша тренинг жаттығулар өткізген дұрыс.
Мысалы, мақал­мәтел арқылы білімгерге төмендегідей жаттығулар легін берейік.
Білімгерге  мақал­мәтел  тізбегі  арқылы  достыққа  үндеу,  дінді  уағыздау,  білімге  ұмтылдыру,  ұлт­
жандылық секілді ұсынылған жағдайды тапсырайық. Мақал­мәтелдерді байланыстыру үшін одағай, 
қаратпа сөз және көмекші етістіктерді ғана қолдану қажет. 
Мысалы: «Бауырларым! Құдайға құрмет – елдің салты, еліне құрмет – ердің даңқы. Шариғат ағып 
жатқан бұлақ, бұрынғының сөздері жағалай біткен құрақ демекші, ораза намаз тоқтықта, отыз 
күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар деген. Құран сөзі – құдай сөзі. 
Діні пәктің ділі пәк, ділі пәктің тілі пәк. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, заман ақыр болғанда пір 
мүриттерін іздейді. Құдайдың алдында бай да, кедей де – бәрі құл [3, 41-62]».
Енді  жұптық  тапсырма  бойынша  қыз  айттыру,  достасу  немесе  ғашықтық  тақырыбында  диалог 
құруды тапсырайық. Бұл жағдайда да артық сөз қосылмау қажет. 
Мысалы: қыз айттыру:
1 білімгер: Замандас! Апасы киген тонды сіңілісі де киеді демекші, қыз алмаған жігіттің, қырық 
қызда  дәмесі  бар  көрінеді.  Көш  бастаған  серкеміз  болмаса  да,  ел  ішіндегі  еркеміз.  Қымызды  кім 
ішпейді, қызды кім айттырмайды?..
 2 білімгер: Бөрі алатын жігіт бөрігінен белгілі, жау алатын жігіт серігінен белгілі емес пе? Жылуы 
болмаса, түбіт қасиетсіз, жігері болмаса, жігіт қасиетсіз. Әкесінің ақшасына үйленген әйелінің қадірін 
білмейді. Әр құстың лайықты жемі бар, әркімнің лайықты теңі бар. Тең теңімен, тезек қабымен.
1 білімгер: Біз де кісі болармыз, атқа кісен салармыз. Сыртын көріп ішінен түңілме, қарасын көріп, 
күшінен түңілме. Ас таңдасаң аяғына қара, қыз таңдасаң анасына қара деп келгенбіз. Алқатсаң алқат 
қызыңды, ақтар ол дәм­тұзыңды. Өзім дегенді өзекке теппе. Алыс та жақын болар жолын тапса, жақын 
да алыс болар қолын қақсаң. Мал – баланың шашуы, алыңыз [4, 18­35], т.с.с. 
«Қазақ халқының тілі бай, әрі көркем тіл. Сан алуан көрікті де, қанатты сөздер, мақал­мәтелдер, 
шешендік  сөздер  мен  нақыл  сөздер  халық  тілінде  көркемдеп  бейнелеуші,  өрнектеп  мәнерлеуші  тә­
сілдер де сонда» [5, 58] деп белгілі ғалым М.С. Серғалиев дөп басып айтқан. Сөзді әдемі жаза білу 
бар да, сауатты сөйлеу және халыққа оны мән­мағыналы етіп жеткізу бар. Драмалық шығарманы кө­
рерменге  бейнелі,  анық  және  әсерлі  етіп  жеткізу  үшін  көптеген  жаттығуларды  мақал­мәтелдер  мен 
жаңылтпаштарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Тіл мен сөздің бір­бірімен байланысын ғана 
алмай, олардың сөз қызметін, мәтін мазмұнымен өзара байланысын да қарастырған жөн. Сөз бен тілдің 
байланысы сөйлеудің көптеген қырларын түсіну үшін аса маңызды. Сөз – мәтіннің сыртқы көрінісі. 
Рольдің сөзін көрермен қауымға баяндап беру үшін кәсіпқой актерлерге дәл түсінген мәтін сөзі мен 
күшті әрі айшықты тіл, әдемі үннің бояуы, нық дикция қажет. Мақал­мәтелдерді зерттеу барысында 
негізгі сөздерді анықтап, үзілістер жасап, логикалық талдаудың негізін анықтаған жөн. Сонда мәтіннің 
мазмұнын  оңай  анықтап,  қандай  міндеттерді  атқару  керектігін  түсінуге  болады.  Сахнада  бір  сөзді 

232
жібермей, өз мәнімен сөйлеп, әр қозғалыс­қимылын есеппен дәл пайдалану асқан шеберлікті керек 
етеді. Сахналық образды толық ашатын негізгі құрал – сөзге өте ұқыпты қарау керек. Сөздің анықтығы, 
дауыстың  мінсіздігі,  тілдің  тазалығы  актер  үшін  ең  қажетті  шарт.  Актер  ең  алдымен  автордың  тіл 
ерекшелігін, көркемдігін нақтылы мағынада, образды қалпында жеткізіп, үстемелеп, қайталап келетін 
сөйлем  орамдарынан  туатын  интонация  күйлерін  дәл  тауып,  аузынан  шыққан  әрбір  сөз  ішкі  ойды 
қопара, өзімен бірге ақтара ала шығу керек. Бір сөз екінші сөзге жарығын түсіріп, ой мен сезімге дәл 
тиіп жату керек. 
Ізденуші актер әр сөздің мәтіні мен мағынасындағы ұлан­ғайыр өзгерулер мен өңдеулерді, ауысулар 
мен алмасуларды, құбылу мен құлпыруды дәл аңғара білуі қажет. Сахнадан оқылатын шығарма, ол 
мейлі өлең болсын, қара сөз болсын, мәтінмен нақты, толық жұмыс істелуі қажет. Мақал­мәтелдің ішкі­ 
сыртқы қырларын жетік меңгерген актер ондағы дыбыстарды ойнату арқылы бейне жасап, әрі төгіліп 
тұрған сөз сазынан тыңдаушыға әдемі де, әсерлі ой қалдырады. 
Әрбір сөзді тек өз орнында ғана қолданып, тек өз орнында ғана ойната білгенді ұғу шарт. «Нағыз 
көркем шығарманың мән­мазмұнына зақым келтірмей не бір шумағын, не бір көрінісін өз орнынан алып, 
басқа жерге қоюға болмайды» [6, 118]. Сөз сұлулығы – оның қарапайымдылығы мен табиғилығында. 
Сондықтан әр сөздің сөйлемдегі орнын іздеп, тексеруіміз керек. Сахнада бір сөзді жібермей, өз мәнімен 
сөйлеп, әр қозғалыс­қимылын есеппен дәл пайдалану өте шеберлікті керек етеді. 
Тілмен жұмыс жасау барысында әрбір сөздің қажеттілігі мен ойландыратыны актерден мәтінге үңіле 
қарауын талап етеді. Актердің сөйлеу шеберлігін қалыптастыруда драмалық емес, мақал­мәтелдерді, 
нақыл сөздерді пайдалануға болады. Өйткені, мақал­мәтелдің астарында жасырынып жатқан ой асы­
лын ұғынуды қажет етеді. 
Актердің басты мақсаты – тіл техникасының мақсатын ашу, ойналып жатқан образды тіл техни­
касы  арқылы  сомдау  болып  табылады.  Мақал­мәтелдерге  құрылған  диалогтық  сөз  тізбектері  актер 
қызуқандылығын көтеріп, сезімдерін ұштайды. Сөз актер үшін тек үн емес, бейнені тудырушы. Актер 
үшін басты міндет, біріншіден, сөз астарын ашу, екіншіден, сөзді түсіну арқылы өзінің сахналық тәрті­
бі бойынша интонация, қозғалыс­қимылын, мимика, сөз, сахналық әрекеті арқылы сыртқы кескінін 
шығару. 
Әдебиеттер:
1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1976. – 330 б.
2. Байсарина С.С. // ХҚТУ Хабаршы журналы. – 2007. – № 1.– 23­35 бб.
3. Қазақтың мақал­мәтелдері. – Алматы, 2005.
4. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал­мәтелдері. – Алматы: Ана­тілі, 1997. 
5. Серғалиев М.С. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1994.
6. Орыс жазушыларының әдеби еңбектері туралы. 3 том. – Л., 1955.
Резюме
В статье рассматривается роль пословиц и поговорок в развитии словесного мастерства. 
Summary
This article deals with the importance of proverbs and sayings in developing speaking skill.

233
ӘОЖ 372.881.1:001.895
КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТЕЛ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ж.А. ТАШЕНОВА, Н.К. ҚЫПШАҚБАЙ, 
филология магистрлері,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Қазақстан  Республикасы  жоғары  білім  беру  мемлекеттік  стандартының  тұжырымдамасында: 
«Жоғары оқу орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгілен­
ген  қоғамымыздың  жаңа  әлеуметтік  тапсырыстары,  өз  кезегінде  оқыту  бағдарламаларын  өзгертуді, 
сондай­ақ студенттердің алатын білім сапасын көтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге 
бағытталған  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізуді  көздейді»  деп  көрсетілген  [1,  7­8­б.].  Бұдан 
нәтижеге бағдарланған білім беруде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда білім сапа­
сын арттыру міндетін қояды. Студенттердің кәсіби дайындық үрдісін жетілдіруге олардың білімдері нің 
сәйкесті сапалылығына себепші болатын міндеттерді тиімді орындауға қажетті – кәсіби біліктілік пен 
кәсіби құзыреттіліктері дамиды.
Білім  мазмұнының  компоненттері,  әрекет  түрлері,  құндылық  бағдары  және  эмоциялық­тұлғалық 
қатынасының алғашқы түсініктен білімге жетуі, әрекет тәсілдерінен дағдыға, құндылық нормадан көз 
жеткізуге дейін көтерілсе, құндылықтар мен тәсілдерді меңгеруге қажетті нақты мақсаттылық бағыт 
тиімді болмақ. Елімізде қоғам сұранысына орай білім беруді жетілдіру мақсатында жалпыға міндетті 
білім стандарттары үш деңгейлі модельге сәйкес әзірленіп тәжірибеге енгізілгені белгілі. Бұл, әрине, 
қай деңгейде болмасын білім беруде жаңа тұрғыдан келуді қажет етеді. Сондай қажеттілікті өтеудің 
бір  жолы  педагогикалық  үдерісте  инновациялық  технологияларды  пайдалану  болып  табылады.  Ин­
новациялық  технологиялар  туралы  зерттеу  жүргізген  ғалымдар  (В.А.  Сластенин,  И.П.  Подласый, 
В.И. Андреев, В.В. Шапкин, В.Д. Симоненко, К.К. Колин және т.б.) пікіріне жүгінсек, педагогикалық 
инновация – бұл педагогика ғылымы саласында нақты мақсатқа бағытталған білім аясына белсенді 
өзгерістер енгізетін тұрақты элементтер, білімнің жеке компоненттері мен біртұтас жүйесін жетілдіру­
ге ықпал ететін жаңа көзқарастар деген тұжырымға келеді.
Оқытудың  интерактивті  технологиясы  білімді  меңгертудің  тәсілдерін,  оқу  әрекетінде  біліктілікті 
қалыптастыруда педагог пен оқушының субъектілік қарым­қатынасын, шығармашылықпен ойлауды, 
нәтижелі  әрекетке  түсуді,  кез  келген  мәселені,  педагогикалық  жағдаяттарды  шешуде  қажетті  ақпа­
раттарды пайдалануды қамтамасыз етеді.
Студенттердің  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  міндетін  орындауда  оқыту  оқу  іс­әрекетінің 
өзінің модельдеу тәсілдерін қалыптастыруды, студенттердің ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, 
оқу материалымен жұмыс жасаудың ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, 
терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспектілердің, оқу­практикалық 
міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Осы тұрғыда А.К. Маркова ұсынған оқу 
жұмысының тәсілдері біз үшін тиімді болмақ. Атап айтсақ:
− мәтінді мағыналық қайта өңдеу тәсілдері, оқу материалын үлкейту, оның ішінен бастапқы идея­
ларды, принциптерді, заңдарды бөліп көрсету, міндетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін саналау, 
студенттердің белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін өздігінен құру;
− оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалар мен «динамикалық оқу») және тыңдау мәдениетінің 
тәсілдері,  қысқа  және  неғұрлым  ұтымды  жазу  тәсілдері  (жазып  алу,  жоспарлар,  тезистер,  конспект, 
аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы тәсілдері);
30-0124

234
– есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, бейнелі және есту естеріне 
сүйене отырып мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану);
– зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни студенттің өзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, 
өзіндік жұмысын сатылап тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бөлуге сүйенетін;
– қосымша ақпаратты іздеудің жалпы тәсілдері (библиографиялық материалдармен, анықтамалар, 
каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс және т.б) және оларды үйдегі кітапханада сақтау;
– емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу тәсілдері, уақытты ұтым­
ды  ұйымдастыру,  оны  есептеу  мен  жұмсаудың,  еңбек  пен  оқуды,  ауызша  және  жазбаша  қиын  тап­
сырмаларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс 
орнындағы тәртіп, оның жарықтығы, т.б.) тәсілдері [ 5, 162].
Студенттердің ақпараттық құзыреттілігіне біз төмендегілерді жатқызамыз: 
– Ақпараттық ізденісті жоспарлау. Өзіндік жұмыстың тақырыбына сәйкес ақпаратты іздестірудің 
жоспарын құрып, оны орындауда қажетті шешім қабылдайды.
− Алғашқы ақпаратты алу. Өзіндік жұмыстың тақырыбына сәйкес ақпарат құралдарына өздігінен 
мониторинг жүргізіп зерделеу. Статистикалық, тарихи көздерден ақпараттарды алуды жоспарлайды.
− Екінші қайтара ақпаратты алу. Орындалатын өзіндік жұмыстың мақсатын түсініп, өздігінен анық­
таған ақпараттар бойынша мәліметті ала алады.
− Ақпаратты алғашқы өңдеу. Қажетті ақпараттарды өзі таңдаған күрделі жұмыстарға сәйкес жү­
йелейді.
−  Ақпараттарды  өңдеу.  Тексеруге  қажетті  ақпаратты  өздігінен  шығарады  және  ақпараттың  нақ­
тылығын тексеру тәсілдерін қолданады, түрлі көзқарастарды сыни талдау немесе алғашқы ақпарат пен 
соңғы ақпаратты салыстыру негізінде қорытынды жасайды, өзінің алған дәйектерін немесе өздігінен 
алған ақпараттарды негіздеу құзыреттілігін қалыптастырады.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту қазіргі білім мен тәрбиенің теория­
сы  және  практикасында  басым  бағытқа  ие  болып  отыр.  И.В.  Роберттің  пайымдауынша,  ақпараттық 
құзыреттілігі біліми үдерісте ақпаратты қолдану және меңгеру деңгейін көрсетеді. Автор ақпараттық 
құзыреттіліктер қатарына төмендегілерді жатқызады:
–  қазіргі  ақпараттық  массивтерде  ақпаратты  іздеу  мен  сақтаудың  ұтымды  әдістерін  білу  және 
қолдану;
– компьютерлік ақпараттың алуан түрлерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
– ақпаратты интернетте ұсына білу білігі;
– компьютерлік және интернет ақпарат көздері көмегімен сабақтарды және сабақтан тыс шараларды 
ұйымдастыру, өткізу дағдыларын меңгеру;
– интернет ақпарат көздерінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, нақты пәнге қолдану дағдыларын 
меңгеру [6].
Біз  ақпараттық  құзыреттіліктің  келесі  бағыттары  бойынша  студенттердің  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастыру деңгейіндегі жетістіктеріне мыналарды жатқызамыз:
а) Ақпараттық ізденісті жоспарлау:
–  пәндік  тапсырмалар  бойынша  өзіндік  жұмысының  тақырыбы  бойынша  ақпаратты  белгілі  мен 
белгісізге бөледі;
– пәндік тапсрымалар бойынша өзіндік жұмысына байланысты ақпараттан қойылған міндеттерді 
шешуге қажеттілерін бөліп алады;
–  пәндік  тапсырмалар  бойынша  қажетті  анықтамаларды,  энциклопедияларды  қолданады,  кітап­
тардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.
б) Алғашқы ақпаратты алу:
– пәндік тапсырмалардың түріне қарай бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша экс­
перимент) жүргізіледі;

235
– пәндік тапсырмаларға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып ақпарат көздерінен қа­
жеттісін бөліп алады.
в) Ақпаратты екінші қайтара алу:
– студент пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, берілген екі неме се 
одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
г) студенттің пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, ақпараттар ды 
өңдеуі:
– студент пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, алынған ақпарат ты 
дәл баяндай алады;
− студент пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, ұсынылған ақпа рат 
көздерінен қажеттісін таба біледі және олардың нәтижесін дәлелдей алады.
Осы  оқу­әдістемелік  кешен  5В020700  –  Аударма  ісі  мамандығы  бойынша  оқитын  2  курс  сту­
денттерінің  ІІІ  семестріне  арналған  және  оқу  пәнінің  мынадай  бөлімдерінен  тұрады:  тақырыптық 
жоспар,  практикалық  сабақтар  жоспары,  практикалық  сабақтарға  дайындалуға  берілген  әдістемелік 
нұсқаулар,  оқытушының  жетекшілігімен  орындалатын  студенттердің  өзіндік  жұмыстары  бойынша 
өткізілетін  сабақтардың  жоспары,  жазбаша  жұмыстардың  тақырыптары,  өзіндік  бақылау  үшін  тест 
тапсырмалары.
Пәннің қысқаша мазмұны: Бағдарлама 90 сағ. көлемінде 5В020700 – Аударма ісі (30 практикалық 
сағат + 10 сағат БАОӨЖ + 50 сағат БАӨЖ) мамандығының күндізгі бөлімінің 2 курсының III семестріне 
арналған.
Курстың  міндеттері  сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрінде  –  сөйлеу,  тыңдап­түсіну,  оқу  және  жазу­
дың қарым­қатынас жасау қабілеттеріне қойылатын талаптарында нақтыланады. Бұл сөйлеу әрекеті 
дискурстың  қабылдауымен  және  пайда  болуымен,  әрекеттестікпен  (екеуара  қатынас)  және  медиа
­
циямен (арнайы мәтіндердің аудармасы) байланысты.
Жоғарыдағы  айтылғандай,  студенттердің  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыруда  оқу  үдерісінің 
алатын  орны  ерекше.  Ғылыми  еңбектерге  жасалған  талдаулар  студенттердің  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастыруда  оның  өз  елінің  өркендеп  дамуына  іскерлікпен,  саналылықпен  қарайтын,  білімді, 
мәдениетті, ақпараттық­коммуникативті құзырлы азамат болуына ықпал ететіні айқындалады. Кәсіби 
маман ретінде тұлғаның қалыптасу үдерісі оның қоғамдағы тұлғалық сана­сезімінің болмысына бай­
ланысты.  Бұл  үдеріс  білім  мен  өзін­өзі  тәрбиелеу,  алдына  мақсат  қоя  білу  және  оны  жүзеге  асыру, 
өзін­өзі дамыту, өзін­өзі белсендіру, қоғамда өз орнының бар екендігіне сенімді болғанда жүзеге 
асады. Қорыта келе, студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың нәтижесінде студент 
тұлғасы келесі ақпараттық­коммуникативтік маңызы бар параметрлерді, яғни өзін­өзі бағалау мен 
рефлексия ға, қарым­қатынас қабілеттілігі, шыдамдылық, мейірімділік, адамгершілік көрсету, өзін­
өзі реттеуші, мақсатқа талпынушылық, қалыптасқан дүниетанымы мен құндылықтар жүйесін бо­
йына сіңіреді.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. – Ал­
маты, 1998. – 96 б.
2. Түймебаев Ж.Қ., Әбілқасымова А.Е. және т.б. Образование и наука. Энциклопедический словарь. – 
Астана, 2008. – 448 с.
3. Брушлинский А.В. Психология / Адамзат ақыл­ойының қазынасы. – Алматы: Таймас, 2006. –
Т. 2. – 464 б.
4. Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного и информационного профиля в Рес­
публике Казахстан. – Алматы: АГУ им. Абая, 1998. – 123 с.

236
5. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, 
перспективы использования. – М.: Школа­Пресс, 1994. – 317 с.
6. 2011­2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
Резюме
В статье рассматриваются теоретические аспекты формирования профессиональной компетентно­
сти студентов и пути использования инновационных технологий в обучении профессиональному ино­
странному языку по специальности «Переводческое дело».
Summary
The given article deals with the theoretical aspects of forming professional competency of students and the 
ways of using innovation technologies in teaching professional foreign language at department of translation 
studies.
ӘОЖ 37.022:800.855:802.0=20
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІ ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА 
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ
А.С. БЕКЕЕВА, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Кейінгі кезде шетел тілі сабақтарында әдеби шығармаларды қолдану жөнінде кереғар пікірлердің 
қалыптасқаны көпшілікке мәлім жайт. Күнделікті қарым­қатынас жасау барысында әдеби шығармалар 
жазбаша жұмыс түрінде ғана қарастырылып отырды. Уақыт өте келе бұл көзқарастың қате тұжырым 
екендігін мойындауымызға тура келді, өйткені әдеби шығармалардан сабақ үстінде немесе сабақтан 
тыс  уақытта  үзінділер  қолдану  шетел  тілін  меңгеруді  жетілдірудегі  өте  бір  тиімді  әдістердің  бірі 
екендігі іс жүзінде дәлелденді. Біршама уақыт қолданыстан шығып қалған бұл әдіс түрі тек аударманың 
грамматикалық конструкциясы ретінде ғана пайдаланылып, шетел әдебиетін оқыту мақсатында баспа­
дан бұрын шыққан қысқа әңгімелер жинақтарынан ғана көрініс тауып қалып жататын. 
Әдеби  шығармаларға  жаңаша  көзбен  қарауға  түрткі  болған  маңызды  алғышарттардың  дәлелі 
ретінде олардың, біріншіден, таптырмайтын аутентивті (сенім артуға тұрарлық) материалдар екендігін 
айтуға  болады.  Көптеген  жылдар  бойы  әдеби  шығармалар  коммуникативті  оқыту  ситуацияларында 
қолданылып келді, бірақ таңдап алынған тексттер тым қысқа, кесте, рецепт, меню, хат сияқты форма­
ларда ғана болды. Мұқият сұрыптаудан өткен мұндай ақпараттар студенттердің шетел тілін терең әрі 
толыққанды меңгеруі үшін жеткіліксіз болып шықты.
Екіншіден, көркем әдебиет текстері адамзат баласының табиғи болмысы мен өмір тынысын нақты 
да  нанымды  суреттейтін  мағлұмат  көзі  болып  есептеледі.  Бұны  студенттердің  сөйлеу  шеберлігін 
дамытуға зор ықпал жасайтын, оларды еркінен тыс сөйлеуге жетелейтін бірден­бір тартылыс күшіне 
теңесек те артық емес. Аяқталған, толық мағыналы, мәнеріне жеткізе берілген тексттер оқырмандар­
дың уақиғаға өз пікірін білдіруіне, қарсы пікір айтуына, кең шеңберлі талқыға айналдыруына мүмкіндік 
береді.  Қазіргі  таңда  тапсырмалардың  бұл  түрлері  «argumentative  and  descriptive  language  exercises, 
disagreement exercises, solution and experience exercises» түрінде танымал. 

237
Сөйлеу және жазумен қатар шығарманы оқи білу де тиімді және когнитивті процесс. Дұрыс таңдап 
берілген текст студенттің өмірлік тәжірибе жинақтауына, танымдық пікір қалыптастыруына, әңгімеден 
эмоциялық  әсер  алып  рухани  баюына,  өзі  және  өзгелер  туралы  маңызды  жайттарға  көз  жеткізуіне 
септігін тигізетін әсер етуші серпін.
Студенттер үшін когнитивті стимул болып табылатын нәрсе – сөздерге, сөйлем құрылымына, текст 
мазмұнына  талдау  жасау,  сөйлеу  үлгілерін  жетілдіру,  текстті  аудару  және  мәтіннің  стилін  анықтау 
мәселелері.  Шетел  тілін  меңгерудің  лингвистикалық  амалы  болып  есептелетін  бұл  тәсілді  қолдану 
оқытушыдан  жоғарғы  деңгейлі  біліктілікті  талап  етеді.  Шығармаға  етене  бойлай  енген  студент 
шығарманың шырқау шегіне жеткен кезде оның қаншалықты әсерлі болып шығуы, адам жанын бау­
рап алатындай құдіретке ие болуының негізгі тиегі сөз екендігіне көз жеткізеді. Сөз құдіретін түсіну, 
оның  шығармада  берілу  жолдарына  мән  беру  студенттің  шығарма  авторына  деген  құрмет  сезімінің 
оянуына  және  шеберлігіне  тәнті  болуына  итермелейді.  Яғни,  қысқа  ғана  үзінді  әңгіме  шынайы  да 
шырайлыаналитикалық тәжірибе жинақтаудың алғышарты болып шығады. 
Әдеби шығармалардың ортақ мәмілеге келу мен мәдениатаралық қарым­қатынас қалыптастыруда­
ғы алатын орны да ерекше. Өзге ұлт өкілдерінің әлеуеті мен мәдениетінің даму тарихы жайлы білу 
үйренушілердің шетел тілін меңгеру процесін жеделдететіні айтпаса да түсінікті. Соңғы кездегі зерт теу 
нәтижелері көрсетіп отырғандай өзге ұлттың дәстүр­салттары туралы білу өзге тілді меңгеруші үшін 
өз тілін меңгергеннен кем түспейді. Көптеген адамдар өзге ұлт өкілдерінің мәдени өмір тіршілігі ту­
ралы білуге, ең болмағанда, өз елінде қалыптасқан ұлттық құндылықтармен салыстыру үшін шы найы 
қызығушылық танытады. Өз еліндегі ұлттық құндылықтар қалыптасқан стандарт болып есептелмесе 
де, өзге ұлттардың бойындағы, іс­әрекетіндегі өзгешеліктерді салыстыру ұзын­сонар әңгімеге арқау 
болары анық. Дегенмен, бұл өзгелерді көшіру немесе соларға ұқсап бағу дегенді білдірмейді, керісінше 
өзгелердің құндылықтарын құрметтей отырып өзінікін бағалай білуге жетелейді. Әрине, өзге ел туралы 
білу үшін сол елге барып өмір сүргенге не жетсін, бірақ бұл барлық уақытта және барлық адамдар үшін 
мүмкін емес. Оған қол жеткізудің екінші жолы – сол біз сөз қылып отырған әдебиет. Бір кесек үзінді 
әңгіме өмір шындығын бейнелейді ғой. Шынайы өмірді бізге суреттеп беретін – автор, ал автордың 
көмегімен ол оқырман жүрегінен орын алады. Оқыған шығармасына баға беру, өзге елдер, халықтар 
туралы мәліметпен сусындау және одан өзіне керектісін алып, талдау оқырманның еншісіндегі нәрсе.
Әдеби шығармаларды оқу түрлеріне тоқталғанда, ең алдымен, біздің көпшілігіміздің әдебиетті тек 
жан рахаты үшін оқитындығы бесенеден белгілі, солай болуы керек те шығар. Егер біз студенттерді көп 
оқуға және тез арада оқуға дағдыландырсақ, олар көптеген жаңа сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін 
меңгереді, жаңа грамматикалық конструкциялардың қолданылу барысымен танысады және өздері де 
сезбестен лингвистикалық біліктіліктерін көтереді. Жан­жақты оқу тілді жақсырақ меңгеруге, тәжірибе 
жинақтауға және көкірегін оятып, көзін ашуға ықпал етеді. 
Ізденімпаз студент үшін әдеби шығарманы оқу бейтаныс әлемге еніп, сөз астарын аңдаумен және 
меңзеп  тұрған  нәрсені  тұспалдаумен  тең.  Мұқият  құрастырылған  ұзақ  параграфтарды  оқыған  кез­
де студентті алға жетелеп отыратын тапсырмалар легі берілсе, студент берілген мәтіннің контекстік 
мағынасын, ара­жігін ашып, талдау жасау шеберлігін жетілдіреді. 
Гудман  оқуды  «психолингвистикалық  шешім  табу  ойындарына»  бекерден­бекер  теңемесе  керек. 
Оқырман жазбаша мәтіннің мағына­мәнін ашу үшін графиканы, тілдің синтаксистік және семантикалық 
құрылымын білуі шарт қой. Оқырман оқиғаның негізгі идеясын, яғни танымдық және тәрбиелік мәнін 
графикаға, тілдің синтаксистік және семантикалық құрылымына арқа сүйей отырып шамалайды немесе 
жасалған болжамдарды растап, дәлелдеуге тырысады. Мәтіннің мәнін толық түсінуде өмірлік тәжірибе 
мен жалпы лингвистикалық білім деңгейінің де алар орны ерекше. Жинақтай айтқанда, білімпаздың 
әдеби шығармаларды оқыр алдындағы жалпы дайындығы мен жанрлық білімі және оқылатын елдің 
тілін білу деңгейі бір­бірімен қабысып жатқан жағдайда ғана нәтиже қол жетімді болмақ.
Бұрын  қалыптасқан  әдіс  бойынша  әдеби  шығармалар  бір  ізбен,  бір  мақсатта  ғана  оқытылатын. 
Білімпаздан талап етілетін нәрсе мәтіннің мағынасын табу еді. Шығармадан алынған үзінді негізінде 

238
оның  дұрыс  мағынасын  білетін  адам  тек  оқытушы  болып  саналады  да,  оқытушы  сабақ  үстіндегі 
уақытының көп бөлігін сол өз тұжырымын насихаттауға, өзгелерге де соны мойындатуға жұмсайды. 
Бұның теріс жағы – көптеген студенттер әдеби шығармаларды оқуға деген ынтасын жоғалтады немесе 
оны мүлде жек көріп кетеді. Ақырында оқырманның белсенділі бәсеңдейді. 
Жаңаша көзқарас әдеби шығармаларға талдау жасау кезіндегі оқырманның белсенді арақатынасына 
негізделген.  Ешқандай  да  шығармаға  оқылмайынша  жан  бітпейді.  Сондықтан  да  ең  басты  нәрсе  – 
мәтін  мен  оқырманның  арасындағы  қарым­қатынас.  Шығарманы  оқу  екі  жақты  процесс,  мәтін  мен 
оқырманның арасындағы диалог болып есептеледі. Мәтінді оқыған кезде адамның жеке тәжірибесі, 
шығармадан күткені оқырманның іздегені мен ол үшін маңызды нәрсені анықтап беруге себепші бола­
ды. Оқу ұсақ­түйектердің басын қосып, үзіктерді жалғау арқылы мағыналы нәрсеге айналдыру болып 
шығады. Мәтіннің мағынасы мен мәні әрбір оқырманның жеке пікірі бойынша анықталады. Бір сөзбен 
айтқанда, жеке адамның пікірімен санасу әдеби шығарманың мәтінін жете түсінуге алып барар даңғыл 
жол екендігін кейінгі зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. 
Әдеби шығарманы оқу диалектикалық тәсіл болып табылады. Шығарманы оқып болғаннан кейін 
студент өз қабілет­қарымына, алған эмоциялық әсеріне қарай жаңа образдар туындатып, өз тұжыры мын 
жасап, оқиғаға өзінше баға береді. Үйренушінің бұл түсіне отырып қабылдауы «студенттік мәтін» деп 
аталады. Бұл ақыл­ой қабілетіне бағытталған жұмыс түрі өз алдына маңызды, бірақ өзге топтастарының 
және оқытушының ашық пікірлерінің ортаға салынуы одан да маңыздырақ. Сабақ үстіндегі тапсырма­
лар  шығармашылыққа  бағытталуы  және  студентті  текстпен  байланыстыруға  құрылуы  керек.  Сонда 
ғана үйренушілер сабаққа белсене араласады. Әдеби шығарма жарыққа шыққаннан кейін оқырманның 
«меншігіне» айналады, ал оқырман өзін бірлесіп жазған автор ретінде сезініп оқиғаны оймен көз алды­
на елестетеді, суреттеп айтады немесе жазба жұмыстарына кеңінен пайдаланады. Осылайша жазбаша 
және ауызша пікір алмасу процесі жүзеге асады. Ал оқытушының өзінің студенттер секілді мұқият 
сұрыптаудан  өткізген  «оқытушы  мәтіні»  болады.  Ол  өзінің  бойындағы  бар  білімі  мен  тәжірибесін 
қолдана отырып әдебиетті оқудың және оқытудың түрлі жолдарын қарастырады. Оқытушының бас­
ты  мақсаты  аудиторияда  «студенттік  мәтін»  мен  «оқытушы  мәтінінің»  бірігіп  «сыныптық  немесе 
аудиториялық мәтінге» айналатындай орта тууына жағдай жасап, барлығына ортақ және жан­жақты 
методологиялық тәсілдемені жоспарлау. Студенттер мен оқытушы тиянақты да дұрыс жоспарланған 
сабақтың көмегімен ортақ шешім тапқан кезде барлық «кейіпкерлер» әдеби шығарманың құндылығына 
көз  жеткізеді,  бағалай  білетін  болады,  үндестік  орнайды.  Ескерерлігі,  оқытушы  мәтінді  аса  жоғары 
талғаммен, студенттердің сұранысын қанағаттандыра алатындай дәрежеде таңдағаны абзал. 
Әдеби  шығармалардың  көмегімен  жазу  шеберлігін  жетілдіру  де  оқытушының  алға  қойған  мақсат­
тарының  бірі.  Студенттердің  өзіндік  жұмыспен  айналысып,  жазба  жұмыстарын  (эссе,  мазмұндама, 
шығарма, мәлімдеме, реферат, т.б) өз бетінше жаза алуы үшін әдеби шығарма таптырмас үлгі – нұсқаулық 
және шабыт көзі. Студенттер шығармада кездескен сөйлемдерді, ұқсас сөйлем құрылысын еркінен тыс 
қайталағандарын да байқамай қалады. Сөздер де өзінен­өзі лек­лек құйылып жатқан секілді болады. Әр 
түрлі жанрлардың жазылу стилі де есте сақталып қалғандықтан, жазу барысында сөз таңдау мен сөйлем 
құрастыру қиындық туғызбайтын болады. Еркін жаза алу мен ойын еркін жеткізе ала білуге қабілетті 
болғандығы үшін бойын қуаныш билеген студент өзінің жазу дағдыларын одан әрі ұштай түседі.
Түйіндей  айтқанда,  тіл  үйренудегі  шығармашылық  тәсілдеме  дегеніміз  не?  Шығармашылық  тә­
сілдеме дегеніміз – жазбаша және ауызша сөйлеу тілін көркем әдебиет элементін пайдалана отырып 
шығармашылық мақсатта қолдану. Әдеби кітаптарды оқи отыра ойдан құрастырылған әлемге тап бо­
ламыз,  аудиторияда  да  сол  мәтінді  арқау  ете  өзіміздің  әлемімізді  ойдан  құрастырамыз.  Мәтін  бізге 
кейіпкерлері, оқиғасы, қоршаған ортасы дайын әлемді ұсынады, ал біз сол әлемге еніп, шығарма желісі 
негізінде  қарым­қатынас  жасаймыз.  Эмоциялық  және  интеллектуалдық  қабылдау  мүмкіндігімізге 
қарай шығармамен қатар параллель өмір сүруге икемделеміз.
Бұл әдіс барлық оқу ситуацияларында тиімді, өйткені оның көздейтіні студенттердің барлық ба­
ғыттардағы құзыреттерін дамыту. Сонымен қатар, бұл тәсіл қарым­қатынас жасап сөйлеу шеберлігін, 

239
шығармашылықты шыңдау шеберлігін және мәдениетаралық қарым­қатынас шеберліктерін дамыта­
ды.  Мәтіннің  негізгі  мәнін  ашу  жолында  коммуникацияның  төрт  аспектісі  жетілдіріледі.  Оған  қоса 
студенттерді әлеуметтік қоғамға бейімделе өмір сүруге үйретеді. 
Шығармашылық  тәсілдеме  әдісі  үш  сатыдан  тұрады,  оның  әрқайсысы  соңғысы  алдыңғысына 
тәуелді екі бөлікке бөлінеді. 
1. Қызықтыру: 
а) екпінділік
в) үлес қосу
2. Қарым­қатынас жасау: 
а) ақпаратты сәйкестендіру
в) меңгеру
3. Жарыққа шығару: 
а) тапқырлық таныту
в) біріктіру
Мақаланың көздеген мақсаты – студенттердің әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын 
арттыру. Таңдау және сараптау еркі өз қолында болғандықтан олар бір шығармамен шектеліп қалмай 
әдеби  кітаптарды  оқуды  дағдыға  айналдыратын  болады.  Жеке  басынан  өткен  жайлармен  салысты­
ра отырып өмірден сабақ алады және көптеген жаңа өзіне қажетті ақпараттармен қанығады. Шетел 
тілдерін меңгеріп жатқан студенттер үшін бастысы, өздерінің сөздік қорын молайтып, тілдің қолдану 
өрісін кеңейтіп, рүхани байлыққа қол жеткізеді.
Әдебиеттер:
1. Collie, Joanne and Stephen Slater. Literature in the Language Classroom. – Cambridge, 1993.
2. Carter, Ronald and N. Long. Exploring literature through language. – Cambridge,1993.
3. Elizabeth. B. Ibsen. The Double Role of Fiction in Foreign Language Learning, 2007.
4. Denise Lowery. Сlassroom activities // English Teaching Forum. – 2011. – № 4.
Резюме
Статья затрагивает проблему обучения иностранному языку посредством литературных произведе­
ний. Раскрывается ценность и важность чтения литературных произведений. Наша цель состоит в том, 
чтобы студент сам заинтересовался чтением. Автор подчеркивает, что студенты работают с произведе­
нием со своей позиции и точки зрения, но их нужно поощрять продолжить работу в данном направле­
нии. Студенты связывают события литературного произведения со своим опытом, а в классе получают 
новый и захватывающий опыт жизни, они сами становятся соавторами литературного произведения и 
приобретают нечто новое, прочитав литературный текст. Автор указывает, что знание литературы об­
учающимися поможет им понять главную идею текста, раскрыть лингвистические признаки и особен­
ности литературного жанра.
Summary
Article reviews the issue of teaching foreign language through literature. Today, students show little interest 
for literature. Value and importance of reading literature are exposed in the given article. The goal is to make 
the students get involved with reading. Author stresses, that students work with piece of literature with their 
personal attitude and point of view, but they shall be encouraged to keep them working in the given course. 
As  students  associate  events  in  literature  with  their  personal  experience,  they  gain  fresh  and  exciting  life 
experience in class, i.e. become co­writers of the literary text and acquire something new from reading text. 
Learners’ acquaintance with the studied literature will help them comprehend the main idea of the text, discover 
linguistic sign and features of the literary genre. 

240
УДК 372.881.1:004.031.42

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет