Кілт сөздер:
тәуелсіз басылым, жанр, публицистика, бостандық, уақытша өкімет.
Аннотация
В данной статье анализируются основные проблемы и темы, поднятые в газете
«Бірлік туы» («Знамя единства»), издававшейся в г. Ташкенте с 24 июня 1917 года до
середины апреля 1918 года и имевшей особое направление. Это издание печатало
сообщения о сформировавшемся в стране общественно-политическом состоянии, а также
социально-экономическом положении после Февральской революции, призывало народ к
единству, сумело стать вестником борьбы на пути независимости. В связи с получением
страной
независимости
периодические
издания
освободились
от
влияния
коммунистичекой идеологии, открыли широкие возможности для оценивания вопросов в
направлении развития гуманитарных, демократических правил и общегражданских
ценностей с новой точки зрения. В статье также говорится о том, что в каждом изданном
номере газеты «Бірлік туы» поднимались вопросы свободы, равенства, приводятся
конкретные сведения. В статье приводятся доказательства о том, что в газете
представлялись полные сведения о проведенных временным правительством съездах,
собраниях, о рассматривавшихся там вопросах.
Ключевые слова:
независимое издание, жанр, публицистика, независимость,
временное правительство.
Annotation
In this article the main problems and the subjects lifted in the newspaper under the name
are analyzed «Birlik tyi»,«Znamya edinstva», published in Tashkent sine June the 24, 1917 year
till middle of the April, of 1918 and having the special direction. The edition printed messages
about created in the country political states, and also social and economic provisions after
February revolutions, called the people for unity, managed to became the messenger of fight on
79
an independence way/ Due to the receiving by the independence country periodicals were
exempted from influence communistic ideologies, opened ample opportunities for an of
questions in the directions of development of humanitarian, democratic rules and all civil values
from the new point of view. In article also it is said that in each published issue of the newspaper
«Birlik tyi» questions of freedom equality were brought up, concrete data are provided. That the
fall information on the congress carried out by provisional government was supplied is especially
proved, meetings, about questions considered there/
Key words: independent edition, genre, journalism, independence, provisional
government.
Дамыған дүниежүзілік өркениеттен өз орнын иемденіп, жаһандану жағасында тұрған
еліміздің алдындағы ең басты міндеттердің бірі – өз тарихынан тағлым алып, ұлттың
рухани болмысын дамыту. Қазіргі кездегі қоғамымыздағы болып жатқан оң өзгерістерге
орай ұлы тұлғалардың рухани мұраларын толыққанды иегеруге кең жол ашылуы бізге
жаңа міндеттер жүктеуде.
Бүгінгі қоғамымыздың басты идеологиялық құралдарының бірі – баспасөздің,
нақтылап айтқанда публицистиканың рөлі күн санап арту үстінде. Публицистика қалың
оқырманның ойлары мен сезіміне әсер ете отырып, миллиондаған адамдар мен бір
мезгілде сөйлеседі де, оларды сендіре де біледі. Публицистика да сөз өнерінің үлкен бір
саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан
шығармашылықтың ерекше бір тармағы. «Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел
тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың
баласы жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар»[1], - деп Әлихан Бөкейханов
сияқты ардақтыларымыз армандаған заман келді. Күнде өзгеріске толы бүгінгі таңда
халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларымызды біліп,
қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру – өмір қажеттілігінен
туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.
Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы,
ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Қазақ мерзімді баспасөз тарихында ұстанған бағыттары
мен мақсат-мүдделері бір арнаға тоғысумен ерекшеленетін, тарихтары мен тағдырлары
ұқсас көптеген басылымдардың зерттеліп, ғылыми айналымға енуі қуанарлық жайт. Осы
аталған бейресми басылымдардың ішінде М.Шоқайдың редакторлығымен жарық көрген
«Бірлік туы» газетінің де өзіндік орны, көтерген мәселелерінің күрделілігі жағынан
салмағының бар екендігі анық.
«Бірлік туы» Ташкент қаласында 1917 жылдың 24 маусымынан 1918 жылдың сәуір
айының ортасына дейін шығып тұрған елшіл бағыттағы газет[2].
Аталмыш басылым Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан елдегі қоғамдық –
саяси жағдай, сондай-ақ, ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы хабарларды
жариялап, халықты бірлікке шақырып, азаттық жолындағы күрестің жаршысы бола білді.
Газет қазақтардан басқа, қырғыз, өзбек, татар т.б. түркі халықтың арасына кеңінен тарады.
1917 жылы тамызда өткен Түркістан өлкесіндегі қазақ-қырғыз съезі осы басылым туралы
«Жаңадан шыға бастаған «Бірлік туы» барша қазақ-қырғызға ортақ болсын» – деген қаулы
қабылдады. «Бірлік туы» Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметіне барынша
қолдау көрсетті. Бұл жөнінде «Түркістан автономиясы», «Бостандық һәм автономия»,
«Қоқан шаһарында болған жалпы мұсылман съезінің қаулылары», «Сырдария қазақ-
қырғыз съезі» атты жарияланған мақалалар дәлел бола алады.
«Ел тарихының жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдардың, оның
ішінде ғасыр басында дүниеге келіп, бірі қысқа, бірі ұзақ өмір кешкен бейресми, ұлттық
бағыттағы демократиялық басылымдардың ұлт тарихына байланысты берер мәліметтері,
жеткізер деректері мол»[3], - деген тарихшы, ғалым Қ.Атабаевтың тұжырымын негізге
алсақ, газет бетінде бостандық туралы жарияланған материалдардың тарихи маңызы зор
екендігіне көз жеткіземіз.
80
Мерзімді басылымдардағы материалдар қоғамдағы өмірдің өткені жайында құнды
мағлұматтар беретін дерек көзі бола алады. Оның мәліметтері әр алуандылығымен
ерекшеленеді және бұл мәліметтерді әртүрлі салалардағы мамандар пайдаланып, өзінің
зерттеу объектісіне қолдана алады.
Еліміздің егемендік алуымен коммунистік идеология ықпалынан арылып, мерзімді
басылымдардың
гуманитарлық,
демократиялық
қағидалар
мен
жалпыазаматтық
құндылықтар бағытында дамуы мәселені жаңа көзқараспен бағалауда кең мүмкіндіктерге
жол ашты. «Бірлік туы» газетінің 1917 жылғы 20-шы тамыздағы санында жарық көрген
«Бұл заман-өзгеріс заманы» деп аталатын мақалада «Заман – өзгеріс заманы: ескінің
қирап, жоғалып, оның орнына жаңаның орнап жатқан дәуірі. Қашаннан залымдық,
құқықсыздықтың зарын тартып, құлдық қамытын киіп келген руссия халқы март айынан
бері бостандық шуағына шықты... Қашаннан халықты қой есебінде бағып, құл есебінде
тұтқан ескі қалып жоғалған соң ерік тізгіні сол халықтың өзіне тиді» деп жазады. Алайда,
өзгерістің екі жағы барын, оның әрқайсысы өз орнында болса ғана біздің халқымызға зор
пайда келетінін нақты мысалдар келтіре отырып баяндайды. Оның бірінші жағы халықтың
ілімді болып, ғылымды игеріп, оқуға ден қою қажеттігін дер кезінде түсінулері қажет деп
санайды. Себебі, білімді халықты ешқандай жау алмайтындығын, көзі ашық адамдар елді
алға сүйрейтінін айтады. Өзгерген заманды өз пайдамызға жарату үшін екінші мәселе елде
тәртіптің болғандығы деп көрсетеді. «Алаш азаматтары, егер жұрт болып халық қатарына
қосыламын десең, тағы да баяғы құлдықты сағынбасаң, көздеріңді түріп ашатын уақыт
осы. Кеудесінде саңлауы бар бұған түсінсе керек. Ілгеруден үмітің болса өткенді
ұмытпа!»[4],-дейді. 1917 жылдың өзінде қол жеткізген бостандықты баянды етудің оңай
еместігін,
атқарар
жұмыстардың
қыруар
екендігін
көрегенділікпен
жеткізеді.
Тәуелсіздіктің де ғұмырының ұзақ болуы осы мақаладағы оқу, білімге құштарлық пен
елдегі орнаған тәртіптің ықпалының зор екендігіне көз жеткіземіз.
Міне, халыққа болған уақиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзімді басылым, сол
оқиға туралы өз бойына қажетті мағлұматтар да жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі де
тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп, оқиғалардың кейбір қырларын ашуға,
көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Мысалы, «Бірлік туы» газетінің 1918 жылғы №22
санында Уфадағы медресенің 31 Ғалия шәкірттері қол қойған «Алаш азаматтарына»
тақырыбында хат жарық көрген. Онда «Құрметті Алаш азаматтары! Заманның түрі
келіспекке айналды. Қауіп-қатерге толы екі талай күндер туды. Береке-бірлік қылып,
адамшылық ойласаң, адам болатын шағың жетті! Алтыбақан алауыз болып бөлінсең, жоқ
болатын уақытың жетті! Кейінгі үрім бұтақ, қара қазан сары баланың қамын ойлайтында
уақытың осы. Олардың көз жасына қалатын да уақытың осы. Егер осы күнгі күш бастап
жүрген көсем, ақ жүрек азаматтардың соңына ерсеңіз, иншалла ол уақытта қатын-баланың
кейінгі ұрпақтың обалына қалмайсыздар!» деп, бірліктің маңызын, ел бастаған
азаматтарға қолдау көрсетудің қаншалықты қажеттілігін нақтылайды.
Газеттің №27 санында Би Махмұд Майлиннің «Не жаздым Құдайым?» өлеңі
жарияланған. Онда:
Не жаздым құдай?
Неше жыл ұдай,
Көріп келдім таршылық.
Жат үшін жүдеп,
Тілеуін тілеп,
Істегенім жалшылық.
Көрмегенім жоқ еді,
Зарлаған күнім боп еді.
...Жасқанып өлдік,
Ала-алмай теңдік,
Біз-ақ сорлы болдық па?
Ел көшсе, жаз кеп,
81
Басқаға мәз боп,
Шыныменен жұртта қалдық па?-деп жырлау арқылы қазаққа бостандық та, теңдік те
оңайлықпен келмегенін, аңсап, армандап күткен тәуелсіздіктің құнының біздер үшін
қаншалықты қымбат екендігін дәлелдей түседі. Тәуелсіздік тақырыбының көкейкестілігін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының
бірінші құрылтайының мәжілісінде былай деп баса көрсеткен еді: «Бүгінгі бостандықтың,
бүгінгі тәуелсіздіктің өзінен-өзі келіп, басымызға қона қалмағанын, азаттық үшін
миллиондаған адамдардың қаны шашылып, жаны қиналғанын, жазықсыз зардап шеккенін
де сіздер жақсы білесіздер. Бүгінгі күн ата-бабаларымыздың талай ғасырлар бойғы
арманы еді. Отаршылдықтың темір құрсауының, отызыншы жылдардағы ашаршылық пен
сталиндік жаппай жазалау құрбандарының, Ұлы Отан соғысында от ортасынан оралмаған
боздақтардың, кешегі желтоқсанда ұлттық намысын қолдан бермеу үшін, халықтың сағын
сындырмау үшін бел буып шыққан жастарымыздың арманы еді»[5].
«Бірлік туы» газетінде бостандық, теңдік мәселесі әрбір жарық көрген санында сөз
болады. Әсіресе, уақытша өкіметтің өткізген сьездер, жиындар, онда қаралған мәселелер
туралы толыққанды ақпараттар беріп отырады. Сонымен бірге елдің Әулиеата, Ақмешіт,
Семей елді мекендерінің жағдайына да жіті назар салып отырғанын байқаймыз. Оған
«Түркістаннан»,
«Шиеліден»,
«Семейден»,
«Әулиеатадан»
тақырыбындағы
жарияланымдар куә. «Демократия» мәнісі» (БТ, 1917, №2), «Қазақ һәм қырғыз халқына»
(БТ, 1917, №2), «Ұлтшыл азаматтарға» (БТ, 1917, №5), «Шақырады «Бірлік туы»
бірлікке» (БТ, 1917, №3), «Ғасырда жиырмасыншы заман келді» (БТ, 1917, №5), «Қырғыз
бауырларыма» (БТ, 1917, №5), «Бостандық һәм автономиялар» (БТ, 1918, №28) атты
жарияланымдарда елдің хал-жағдайы, бірлік, елдік тақырыптары, оқу-ағарту мәселесі,
уақытша өкіметтің ұстанған саясаты туралы айтылады.
Газет тек ақпарат жеткізудің көзі ғана емес, ол өзі жеткізіп отырған ақпаратына
қалың оқырманды, көпшілікті сендіру мен сол көздеген мақсаты бағытында тәрбиелеу
жүгін де қоса ала жүреді. Осы тұрғыдан келгенде «Бірлік туы» газеті ұжымдық үгітші,
насихатшы және ұйымдастырушы қызметін де атқарды.
Дамыған, өркениетті елдердің қайсысында болмасын бұқаралық ақпарат құралдары,
оның ішінде мерзімді баспасөз ерекше ықпалдыққа ие болып келген. Солай бола береді
де. Сол себепті де «Газет өмірдің айнасы» деп тегін айтылмаса керек. Ақпараттар тасқыны
арындап тұрған кезде баспасөз арқылы мемлекеттік және түрлі қоғамдық бағыттар мен
мақсаттар, саяси формациялар мен экономикалық-әлеуметтік мәселелер халық
таразысынан өтіп, дұрыс шешімін тауып отырады.
Қазақтың ұлт болып қалыптасу кезеңіндегі ата-бабамыз жүріп өткен жолдың әрбір
қадамы - өшпес тарих, тұнған шежіре. Ел басына күн туған кездерде, батырлық пен
батылдықты, ерлік пен өрлікті, қайсарлық пен адалдықты қатар ұстап, азаттықты аңсаған
«Бірлік туы» сынды газеттер аз емес. Біз зерттеген басылымда бодандықтан құтқарған
бостандық мәселесі туралы маңызы материалдар жарық көрген.
Жүсіпбек Аймауытовтың 1925 жылдың 5 мамырында жарияланған «Ел газетке не
жазбақ?» деген мақаласындағы: «… жанына жағымды, тілі батарлық сөздер басылмаса,
ондай газет бағасын жоймақ, кім көрінгенге қолжаулық, майлық, шылым орауыш, тағы
бірдеңе болмақ. Бірақ газетшіге кінә қоятын да, қоймайтын да орын бар. Жұрт жазбаса,
ішіндегісін тауып жазатын газетші «тәуіп» те, «пайғамбар» да емес… Ел: «Жазбасам,
маған серт, баспасаң, саған серт! деген жолға түссе, сонда газет елдікі болады. Сонда жұрт
газетті қызығып оқитын болады, газеттен пайдаланады» сөзі өз мағынасын жойған жоқ.
Бүгінде тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, оны көздің қарашығындай сақтау бүгінгі журналист
қауымының биік міндеті, қасиетті борышы. Өйткені, Тәуелсіздік – ұлттық санамыздың
шарықтау биігінде тұрған, қасиетті қара бесікке бөленген алтын бастауы.
82
Әдебиеттер:
1.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі (Қазақстан тарихының дерек көзі 1870-1917). –
Алматы: Қазақ университеті, 2000. − 124 б.;
ISBN 5-7171-2127-5: 1000 дана.
2.Бөкейхан, Ә. Шығармаларының толық жинағы [Мәтін] = Полное собрание
сочинений. 4-ші том. "Иртыщъ", "Омичъ" және "Голосъ степи" газеттері: Мақалалар,
талдаулар, хаттар, жеделхаттар (телеграмдар): 1897, 1905, 1906-1907 (Омбы-Повлодар-
Семей-Самара-С.-Петербор-Омбы): (Қазақ және орыс тілдерінде) / Ә. Бөкейхан; Құраст.:
Ж.С.Аққұлұлы.- Астана: Сарыарқа, 2010.- 568 б.: 60х84.(ҚР Байланыс және ақпарат мин-
гі; Ақпарат және мұрағат комитеті): ISBN 978-601-277-061-2: 2 000 дана.
3.Бөкейхан, Ә. Шығармаларының толық жинағы [Мәтін] = Полное собрание
сочинений. 5-ші том. Мақалалар, әдеби сын, фольклорлық зерттеулер, әдеби аудармалар,
хаттар, жеделхаттар (телеграмдар): 1907, 1913-1915 (Омбы-Павлодар-Самара-С.-
Петербор-Орынбор): (Қазақ
және орыс
тілдерінде)
/
Ә.
Бөкейхан;
Құраст.:
Ж.С.Аққұлұлы.- Астана: Сарыарқа, 2010.- 560 б.: 60х84. (ҚР Байланыс және ақпарат мин-
гі; Ақпарат және мұрағат комитеті); ISBN 978-601-277-062-9: 2 000 дана
4.Назарбаев Н. Келешектің алтын кілті. – Алматы: "Полиграфсервис", 2002.- 216 б.:
60х90.; ISBN 9965-893-23-3: 10000 дана.
ӘОЖ: 323.32:894.342(574)
М.
ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ
МҰРАМЫЗҒА
ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Л.В.ЗУБОВА,
психология ғылымдарының докторы, профессор,
Орынбор мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы,
С.Б.
БАХТИЯРОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,Қазақстан Республикасы
Аңдатпа
Мұстафа Шоқай – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары
үшін күрескен қайраткер. Ол Орта Азия халықтарының ауыз және жазба әдебиеттерін
терең біле отырып, оларды халыққа танытуға бар күшін салды. Халықтың рухани
дамуында әдебиеттің ерекше рөл атқаратындығын ескерген М.Шоқай «Яш Түркістан»
журналында елде қалған ақын, жазушылардың да, шетте жүргендердің де туындыларына
үнемі орын беріп отырды. Ол Абайды қазақ жазба әдебиетінің басшысы ретінде танытты.
Өзі қазақтың қисса-дастандарымен кең таныса отырып оларға жоғары баға берді. «Ұлттық
бостандық – ұлттық рух желісі. Ұлттық рухтың өзі де ұлттық бостандық пен ұлттық
тәуелсіздік аясында жеміс бере алады» деген тұжырымдама жасады.
М.Шоқайдың бұл идеялары бүгінгі күні де өзекті болып қала бермек.
Кілт сөздер: М.Шоқай, Алаш қозғалысы, Ұлттық рух, мұра, тәуелсіздік
.
Аннотация
М.Шокай – замечательный представитель движения Алаш, внесший значительный
вклад в борьбу за его идеи и цели.
Он хорошо знал устную и письменную литературу народов Средней Азии и
знакомил с ней народ. М.Шокай считал, что литература играет важную роль в духовном
развитии людей. В журнале «Яш Туркестан» он опубликовывал произведения писателей,
поэтов, живущих в стране и за ее пределами, независимость.
83
М. Шокай дал высокую оценку дастанам – народным высоко художественным
произведениям. Он отмечал, что национальная свобода – это результат национального
духа, национальной независимости.
Идеи М.Шокай не утратили актуальности и в наши дни.
Ключевые слова: М.Шокай, движение Алаш, Национальный дух, наследие
,
independence
.
Annotation
M.Shokay is a well-known representative of movement Alash, who contributed much in
the struggle for his ideas and aims.
He knew the oral and written literature of nations of Middle Asia and introduced the nation
to it. M.Skokay considers that literature plays an important role in the spiritual development of
people. He published works of writers, poets, living in the country and abroad in the journal
“Iash Turkestan”.
M.Shokay evaluated greatly poems- folklore, highly-artistic works. He noted that the
national freedom is a result of a national spirit, national independence.
M.Shokay’s ideas didn’t lose the significance in our days too.
Key words: M. Shokay, political party Alash, national spirit, heritage.
М.Шоқайдың өмір жолы өнегеге толы болды. Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына
айналған М.Шоқай 20 ғасыр кезеңінде адамзат баласының айтулы перзенті болды. Оның
бойында біз біліп үлгірмеген, тарихымен таныспаған талай рухани қазыналар жатыр
[1,38б].
Мұстафа Шоқай – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары
үшін күрескен қайраткер. Бүкіл өмірін халқының бостандығына арнаған Мұстафаға елінен
кету қиынға соқты, жаны күйзелді. Әсіресе, оның жан тебіренісі 1922 жылы Берлиндегі
Трокадеро этнографиялық мұражайына барғанда көзіне жас алдырды. Осы сәтті зайыбы
Мария Шоқай былай деп суреттейді: «Мұражайда тұрған тамаша домбыраны көріп, ол
өзін-өзі ұстай алмай, қызметкерден инструментті қолға алуға рұқсат сұрады. Сол бойда
оны бабына келтіріп, ғажап қырғыз (қазақ) сазын ойнап берді. Ол домбырамен өте
қамығып қоштасты, көзі жасқа толып кеткен екен».
Мұндайда Қадыр ақынның «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген
өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Домбыраны көргенде Сыр өңірінен бастап бүкіл қазақ
даласы, туған-туыстары, сол кезде аштан қырылып жатқан қазақтар Мұстафаның көз
алдынан өткен шығар…
Мұстафа – орыс, батыс, шығыс әдебиетін жақсы білген адам. Оның бір мысалы
ретінде 1922 жылдың 12-мамырында Парижден Ташкентте тұратын «NN» деген аноним
адамға жазған хатын айтуға болады («NN» дегені - Х.Досмұхамедов).Хатта Мұстафа
Алексей Толстойдың «Хождение по мукам» деген еңбегін орыс революциясын «романға»
айналдырудың сәтсіз әрекеті десе, Григорий Гребенщиковтың «Братья Чураевы» деген
повесі туралы жақсы тілмен жазылған деп қана шектеледі. Түркістанда қандай газет-
журналдар және қай тілдерде шығады, «қырғыз газетін» кім басқарады деп сұрайды.
Мұстафаның «қырғыз газеті» деп отырғаны «Ақ жол» газеті. Бір-екі жылдан кейін ол
бұл басылымды тұрақты түрде алып тұрады. Оны «Түркістандағы Лениннің мұрасы»
(1924), «Түркістандық «тамаша» (1924), «Ұлт мәселесінің зертханасында» (1924), «Қызыл
Түркістанда» (1924), «РКП-ның ташкенттік мырзалары» (1925), «Ояну» (1926) деген
еңбектерінде «Ақ жол» газетіндегі материалдарға сілтеме жасауынан көреміз.
Мұстафа Қазақстанда жарық көрген жаңа туындыларды алдырып, олармен танысып
отыруға да көп көңіл бөледі. 1927 жылдың 5-шілдесінде Ташкентте оқып жатқан туыстас
інісі Байдәулет Дабыловқа хат жазып, Бейімбет Майлиннің өлеңдері мен «Ер Сайын»
деген кітапты алғанын хабарлап, жақында Қызылордада «Тар жол, тайғақ кешу» атты
кітаптың жарық көретінін айтып, егер мүмкіндігің болса, осы кітапты салып жіберші деп
84
өтініш білдіреді.Сәкен Сейфуллиннің бұл кітабы сол жылы араб графикасымен
Қызылордада басылып шыққан болатын.
Батыс әлемі М.Шоқайды ірі саяси қайраткер ғана емес, түркітанушы ғалым ретінде
қабылдайды. Сол себепті онымен жазысқан тұлғалар қатарынан француз ғалымы Поль
Пельо (1878-1945), Париж университетінің (Сорбонна) профессоры Жан Дени (1870-
1945), араб және парсы тілдерінің маманы Габриэль Ферран, Париж ұлттық кітапханасы
Шығыс бөлімінің меңгерушісі Э.Блоше, Орта Азия мен Қазақстанда өткен ғасырдың 20-30
жылдары орын алған, одан бұрынғы дәуірлерге де қатысты оқиғалар туралы еңбектер
авторы Ж.Кастанье, ағылшын шығыстанушысы, Кембридж университетінің профессоры
Эдвард Браун (1862-1925), Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін өз
түсіндірмелерімен ағылшын тіліне аударған Эдвард Денисон-Росс (1871-1940), «Коман
халқы туралы» атты іргелі еңбектің авторы Йозеф Маркварттың (1864-1930), италиялық
ғалым Э.Инсабота есімдерінің ұшырасуы заңды болатын.
М.Шоқайдың неміс ғалымдарымен ұзақ жылдар бойғы шығармашылық байланысын
ерекше атаған жөн. Олардың ішінен, әсіресе, көрнекті неміс түркітанушысы Аннемари
фон Габенмен (1901-1993) тығыз байланыста болып, оның қазақ тілі грамматикасын
зерттеуіне көп көмек бергендігі – таңғаларлық жағдай.
А. фон Габен көнетүркі ескерткіштерін, көктүріктердің мәдениеті мен дүниетанымын
зерттеуге үлкен үлес қосады. Ол – «Түркі тіліндегі турфан мәтіндері» деген бестомдық
монографияның, «Көнетүркі тілінің грамматикасы» деген еңбектің авторы. Сонымен бірге
А. фон Габен жаңа замандағы қазақ этнографиясы мен лингвистикасына арналған бірнеше
ғылыми мақалалар жазды.
Неміс ғалымы Мұстафаны өмірден озғаннан кейін де ұстаз ретінде құрмет тұтып,
үнемі еске алып отырды.Ал Берлин университетінде қызмет істеген Иоханнес Бенцингті
шын мәнінде Мұстафаның шәкірті деуге болады. Ол осы университеттің түркітану
факультетін Мұстафаның жан-жақты көмегі арқасында бітіріп шығады. Берлин
университетінде қазақ тілінен сабақ беретін дәрежеге жетеді.И.Бенцинг М.Шоқайды
ұстазы ретінде және туған ағасындай сыйлайды. 1933 жылы ол «Мұстафа Шоқайұлы
туралы жаңа өзбек әдебиетінде не жазылуда» деген мақала жариялайды. Жалпы ол қазақ
тарихы мен әдебиетінің білгір маманы болады. Жазушы Х.Абдуллиннің сөзіне қарағанда,
ол М.Жұмабаевтың өлеңдерін жарыққа шығарған. А. фон Габен де: «И.Бенцинг Мағжан
Жұмабаевтың өлеңдерін алғаш алман тілінде сөйлеткен, 1929 жылы бір томдық
шығармаларын тәржімелеген» дейді. Аударма Германия мұрағаттарының бірінде
сақталуы мүмкін. Ә.Қашаубаев Мұстафаның үйінде болған кезінде Мағжанның
«Алыстағы бауырға» деген өлеңін қазақ, неміс, француз тілінде тыңдаған. Өлеңді
Бенцингтен басқа біреудің аударуы мүмкін емес.М.Шоқайдың Орталық Азия
халықтарының ауыз және жазба әдебиетін терең білетіндігін оның Париждегі «Мұсылман
әлеміне шолу» журналында жарық көрген аудармаларынан да байқаймыз.
Бұл пікірімізге тағы бір мысал келтіре кетейік.
1939 жылы жазылып біткенмен, 1942 жылы Лейпцигте шыққан Р.Ольцша мен
Г.Кляйновтың «Түркістан»: Саяси тарихы және әлеуметтік проблемалары» деген 409
беттік кітабының соңғы 60-70 бетін М.Шоқай жазғанға ұқсайды. Ондағы «Қозы Көрпеш –
Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан» секілді қазақ әдебиетінің
үлгілері, «Исатай – Махамбет», «Бекет», «Амангелді», «Жалбыр», «Бекболат» пьесалары,
С.Сейфуллин, С.Мұқанов, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароковтың шығармашылығы жөніндегі
ой түйіндеулер Мұстафаның ғана қарымды қаламынан туындады деп ойлаймыз.
Халықтың рухани дамуында әдебиеттің ерекше рөл атқаратындығын ескерген М.Шоқай
«Яш Түркістан» журналында Түркістанның елде қалған ақын, жазушыларының да, шетте
жүргендердің де туындыларына үнемі орын беріп отырады. Журналдың бірінші
санындағы бағдарламалық мақалалардың бірінде «Біз «Яш Түркістан» беттерінде
Түркістан шайырларының шығармаларынан үлгі боларлық кейбір үзінділер басып
тұрмақшымыз» дейді және бұл уәдесін М.Шоқай басылымның соңғы сандарына дейін
85
берік ұстайды.Журналдың осы санын Мағжан Жұмабайұлының «Түркістан», Шолпанның
«Жапырақтар» деген өлеңдерімен бастайды.Бұл екеуі Мұстафаның аса қадір тұтатын
ақындары болатын.
Қазақ ақынының «Түркістан» атты әйгілі шығармасы оның 1923 жылы Ташкентте
жарық көрген кітабынан алынған еді.
Қырағы Тянь-Шань мен Памир, Алтай,
Күтеді көптен сені қарай-қарай.
Кене мен Абылайдың жолын қумай,
Жаһанда жабығудың жөні қалай, – деген жолдармен аяқталатыны белгілі. Мұның өзі
өлеңнің Мұстафаға қаратып жазылғанын және оны қазақ қайраткерінің жақсы түсінгенін
білдіреді. Ал 1931 жылы «Яш Түркістанның» үшінші-төртінші сандарында жарық көрген
Мағжанның «Алыстағы бауырға» өлеңін Мұстафа Анадолы түркілеріне арналған деп
түсінеді, оның түрікшілдік идеясына назар аударады. Бұл өлеңді И.Бенцингтің неміс
тіліне
аударғаны
жөнінде
жоғарыда
айтып
өткенбіз.
Қазақ
ақынының
бұл
шығармаларының жазылу уақыты Мұстафаның Францияға барып күрес жолын бастау
кезеңімен тұстас келеді. Мағжанға Мұстафаның «Кене мен Абылай» жолында жүргендігі,
бірақ олардың арманын бейбіт, саяси күрес тәсілдері арқылы жүзеге асыруға бет алғаны
белгісіздеу еді. М.Шоқай «Яш Түркістан» журналында түркістандық ақын-жазушылардың
өмірі мен шығармашылығын дәріптеумен қатар, эмиграцияда жүрген талантты жастардың
қаламынан туындаған әңгіме, өлең, әдебиеттанушылық талпыныстарына үнемі қолдау
көрсетіп отырады. Соның бір мысалы – Есен Тұрсын деген лақап атпен жария болған
Тахир Шағатайдың «Түркістанның ұлы ақыны (1845-1904)» деген шағын мақаласы.
Тахир Шағатай «Яш Түркістан» журналының жауапты хатшысы болды. Абдуақап
Оқтаймен бірге осы басылымның жүгін көтеріп, М.Шоқаймен бірі оң қанаты, бірі сол
қанатындай ынтымақта жұмыс істеді.
Мақала «Яш Түркістан» журналында (1934. №58, 39-41-б.) жарық көрді, ол шағатай
тілінен аударылып, «Түркістан» газетінде (2004, 15-шілде) қазақ тіліне аударылып
басылды.Абай туралы Есен Тұрсынның мақаласын редакциялап, оған толықтырулар
енгізумен М.Шоқай шектеліп қалмайды. «Яш Түркістан» журналына (1935, №63) «Шайыр
Абайдың өмірден озғанына 30 жыл толуына орай» деген мақала жазып, онда «Абай –
ұлтшыл», «Абай – феодалшыл», «Абай – алашордашыл» деп, Абай шығармаларын мектеп
кітапханаларына да жіберткізбей өрекпіп жүрген большевиктер саясатын сынға алады.
Бірақ халық санасынан Абайды сызып тастаудың мүмкін еместігін, «Табиғатты есіктен
қуып шығарсаң, ол терезеден қайтып кіреді» деген секілді, Абайдың да халық өмірінен
кең орын ала бастағаны туралы баяндайды. Кеңес газетінде Абайды – «қазақ жазба
поэзиясының негізін салушы» деген баға берілуіне орай, қазақ халқының Абайға дейін-ақ
бірнеше ғасырлар бұрын дүниеге келтірген «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан», «Қозы
Көрпеш – Баян сұлу», «Асан Қайғы» секілді дастандарының авторлары «жазба шайырлар»
болды деген пікір білдіреді.
Мұнан бұрынғы да шығармалар мен ескертулерінде М.Шоқайдың «Қыз Жібек»,
«Айман – Шолпан», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», т.с.с. дастандар жөніндегі пікірі осыған
ұқсас келеді.
М.Шоқайдың бұл туындысын, шағын болғанымен, Кеңес Одағында қазақ
әдебиетінің ірі өкілдерін қудалау, әсіресе, Абай шығармашылығын зерттеуге түрлі
тосқауылдар қою жағдайында жазылған, үлкен әлеуметтік жүк көтеріп тұрған шығарма
деуге болады.
1934 жылы «Яш Түркістан» журналының Түркия аумағына ене алмауы көптеген
оқырмандардан айырылып қалу қаупін тудырады. Осы жағдайды ескерген М.Шоқай
мазмұны да, тілі де «Яш Түркістанмен» сабақтас, бірақ аты сәл өзгерген «Түркістан» атты
журнал шығара бастайды.
86
М.Шоқай туыстас Түркия тарапынан жасалған бұл әрекетке өкінішін білдірсе де,
серіктестерін бұл елдің ішкі және сыртқы саясаты жөнінде бірде-бір сыни пікір айтпауға,
оған түсіністікпен қарауға шақырады.
Осындай қысылтаяң жағдайда Абай туралы мақаланың берілуі де түрік оқыр-
мандарын қазақ халқының абыз ақынымен таныстыру ниетінен туындаған-ды.
М.Шоқайдың әдебиет әлеміндегі қызметінің бір арнасы шетел баспасөздерінде
Түркістан халықтарының әдебиеті жөнінде жарық көрген басылымдар жөнінде орыс,
шағатай тілдерінде шолулар жасап, түсіндірмелермен оқырмандарға жеткізіп отыруға
байланысты болды. «Яш Түркістанның» 1930 жылдың қараша айындағы нөмірінде
М.Шоқайдың «Алман қаламгерлерінің түркістандық әсерлері» деген мақаласы жарық
көреді, онда В.Штайнның «Vossische Zeitung» газетінде (1930, 14-маусым) басылған
көлемді мақаласы жөнінде сөз қозғалады. Осы мақаладан Мұстафа мынадай үзінді
келтіреді: «Ұлтшыл шайыр Шолпанның өлеңдері зор көлемде елден-елге тарап, барлық
қауым
тарапынан
оқылады.
Шолпан
өлеңдерінде
орыс
отаршылдары
–
түркістандықтардың басты жауы ретінде көрсетіледі. Шолпан өлеңдері барша
түркістандықтарды кеңестік Ресей қамытынан құтылуды үгіттейді. «Қасқырлардан тек
ақымақтар ғана рақым күтеді» деген сөздер сол Шолпан өлеңдерінің бірінде айтылған».
Мақала соңында Мұстафа Берлинде шығып тұрған «Остойропа» журналының 1931 жылғы
сәуірдегі №7 санында жарық көрген «Түркістан шайырлары мен өлеңдері» атты 19 беттік
мақала басылғаны жөнінде де хабарлайды.«Яш Түркістанның» 1931 жылы шілде
айындағы санында «Түркістан ұлттық әдебиеті хақында француз журналы не дейді» деген
еңбегі Париждің ең беделді басылымдары қатарынан орын алатын «Муа» («Le Mois»)
журналының маусым айындағы санында «Түркістан әдебиетіндегі өлеңдер» деген
мақалаға
орай
жазылған-ды.
Француз
авторы
Түркістан
жазушылары
мен
әдебиетшілерінің арасынан Шолпанға ерекше тоқталады: «Шолпан – тек түрік әлемінде
ғана емес, Еуропада да танымал бір шайыр. Оның өлеңдері мен тілі Түркістан түркілерінің
классикалық әдебиетін еске салады. Шолпанның барлық өлең-жырлары өлкеде ел аузынан
түскен емес. Оның пьесалары түрік театрына жаңа тыныс, жаңа леп әкелді».Мақала
былайша аяқталады: «Түркістан поэзиясының өркен жаюы ұлттық түйсіктің оянуымен
тығыз байланысты. Большевиктер бұл әрекетті тұншықтыруға тырысуда. Алайда
халықтық өмір сүруге құлшынысы барған сайын артып келеді. Түркістан өз тәуелсіздігі
үшін ғана емес, сонымен бірге өзіне тән рухының жеңіліс таппауы үшін күресуде».
М.Шоқай Париждің атақты журналында мұндай мақаланың жарық көруіне ерекше
қуанып, «Дұрыс. Түркістан өз саяси тәуелсіздігі ғана емес, сонымен бірге ұлттық түрік
рухы үшін де күресуде» дейді.
М.Шоқайдың әдебиеттану саласы бойынша қызметінің келесі бағыты әдебиеттің
қоғам өміріндегі орнына, ақын, жазушылардың халық санасында ұлттық рухты берік
орнатудағы рөліне, Кеңес Одағында ұлттық әдебиет өкілдерін қуғындауға байланысты.
Халық жүрегінен берік орын алған, оның мұң-мүддесіне қызмет істеген әдебиет өкілдерін
ғайбаттап, олардың орнына «пролетарлық әдебиет» дегенді қалыптастырудың рухани
қасіретке ұласатындығын М.Шоқай талай рет ескертеді. Идеологиялық қысым жалғыз
қазақ әдебиетін ғана емес, өзбек, түрікмен, қырғыз, тәжік әдебиетін де қамтиды. Осы
кездегі саяси науқаншылдық жөнінде ол: «Науаиды түрік әдебиетінің тарихынан шығарып
тастауға ұрыну үшін шынында да шектен асқан ақымақ, қып-қызыл ақымақ болу керек…
Бірдеңелерді бұтып-шатуға, Мақтымқұлының жүзіне «түкіруге», «партия бағытын»
қабылдауға болатын шығар, бірақ мұндай жолмен Түркістанның рухани сұранысын
қанағаттандыруға бола қоймас» деп жазды.«Қып-қызыл ақымақтар» (1931 ж.) деген
еңбегінде «Күнің туды батырақ, Шапқылап қал, шапқылап» деп, «уралап» әдебиет
майданына енген, «бірдеңелерді бұтып-шатып» жазушы атанғандардың Науаи, Абай
секілді ұлыларды сынға алуын ерен ессіздік ретінде қабылдады, олар жөнінде жебелі сөзін
аямады. Атақты орыс мысалшысы Крылов өзінің «Есек және бұлбұл» деген еңбегінде, –
дейді ол, – өз әнімен бұлбұлдың есекке ұнағаны, бірақ есек әтештен біршама үйренсе,
87
бұлбұл мұнан да тәуір ән салар еді деп ұйғарады. Сол сияқты мұндай «қызыл
революциялық шөже әтештер» ұлттық түркістан әдебиетінің шын мәніндегі бұлбұлы –
Науаиды онша қолдап-қолпаштамайды (Мұстафа Шоқай. Шығармаларының толық
жинағы. - Алматы, 2013.-5-том.- 298-б.).
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың шығармаларын аса жоғары бағалап, олар
– өз халқының тілі мен әдебиетінің ұлы білгірлері деп көрсетті, неліктен олар
Түркістанның бір жерінде өз білімдеріне қолданыс таба алмай отыр деп өкініш білдірді
(Сонда. 7-том. 270-б.).
Әдебиет саласындағы жаңалықтарды М.Шоқай «Еңбекші қазақ», «Казахстанская
правда» және басқа да жаздырып алып отырған баспасөзден біліп отырды. «Казахстанская
правда» газетінің 1937 жылдың 8-шілдесінде шыққан нөміріндегі «Халық жауларымен
ымыраластық – партия жолына сатқындық» деген мақаламен танысып, оны Қазақстанның
Жазушылар одағы мен оның бас органы – «Литературный Казахстан» журналына қарсы
жасалған жорық деп түйіндеді.Мақалада «сталиндік мектептің әйгілі кеңес жазушылары
Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллин ұлтшылдық элементтермен байланысты қолдап
келгендігімен де аты шықты, әрине, бұл Одақтың жұмысына және жас жазушы кадрларды
өсіруге үлкен зиян келтіріп отыр» делініпті. Мақала авторы, әсіресе, мұндай
«зиянкестіктің түп тамыры қазақ халқының қас жауы, жапон тыңшысы Шоқаевқа
ықыластық танытқан» Смағұл Сәдуақасовқа барып тіреледі деген секілді «көрегендік»
білдіреді (Сонда. 9-том. 473-б.).Көп ұзамай осы газеттен М.Шоқай С.Сейфуллиннің де
«жапон тыңшысы» ретінде «айыпталғанын» оқып біледі.
Ұлттық кадрларды қуғындаудың түп-тамыры Смағұл да, Әлихан да емес, мүлдем
басқада болатын. «Түркістандағы әдебиет төңірегінде» деген айдармен «Яш Түркістан»
журналында жарық көрген Тахир Шағатайдың мақалаларына жазған кіріспе сөзінде
М.Шоқай автор кеңес өкіметінің жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық әдебиетті Ресей
мүдделеріне қызмет істеуге мәжбүрлеуі, сонымен бірге елде жалпы ұлттық мәдениет пен
тілдің қалыпты дамуына кедергі жасауы жөнінде баяндайды; бұрынғы орыс классиктерін
мадақтап, мәскеулік большевиктер түркістан классикалық әдебиетінің қазынасын
пайдалануға, ұлы түркістандық жазушылардың есімдерін құрмет тұтуға тыйым салуда деп
қорытады (Сонда. 9-том).
М.Шоқай өмір бойы елдегі әдеби процестерді қалт жібермей бақылады. Оған
Мұстафаның «Әдебиет майданы» журналын алдырып, үнемі оқып тұруының өзі дәлел
бола алады (Сонда. 10-т. 63-б.).Мұстафа біраз еңбектерінде әдебиеттану теориясына көңіл
бөледі. Оның пікірінше, жазушы өзі көрген және өзінше пайымдаған оқиғаны жазған
кезде ғана шынайы туынды бере алады. Белгілі бір схемаға, идеяға алдын-ала бейімдеп
жазудан ештеңе шықпайтындығын ескертеді. Осы жағдайдың бір мысалы ретінде
Александр Сытин, Николай Тихонов, Борис Пильняк және басқа да кеңес
жазушыларының «партияның бас бағыты» бойынша «әлеуметтік тапсырысты» орындау
үшін Түркістанға барғанын, бірақ түкке тұрғысыз макалатурадан басқа ештеңе бере
алмағандығын, себебі олардың «партияның бас бағыты» талап еткен ештеңе таба алмай,
еліміздің өміріндегі фактілерді соған орай «қиюластырылғанын» айтады (Сонда. 7-том.
367-б.).
Ғалымның «Ақ – Қызыл», «Ұлтшыл – зиянкестердің даурығы» секілді еңбектерінде
әдебиеттің белгілі бір топтың, не таптың мүддесіне емес, бүтін ұлт мүддесіне қызмет
істегенде, ұлт мүддесін білдіргенде ғана көркейіп, гүлденетіні, нағыз әдебиеттің ұлттық
тәуелсіздік жағдайында ғана өсіп-өркендейтіні жөнінде жазылады.«Ақ – Қызыл» еңбегінің
әрі қарайғы мазмұны осы шындықты дәлелдеуге арналған: «Міне, мынау Түркістанда
халқымыз тілін байытып, дамытады және биік ұлттық құндылықтар жасайды деп үміт
артқан ең ұлттық жазушыларымыз, көп болғанда, үнсіздікте қалуға мәжбүр болып отыр.
Себебі олар «мәдениеттің формасы ұлттық, мазмұны социалистік» болады деген
мәскеулік түсінікке сәйкес келмейді. Мысалы, біздің Ахмет Байтұрсынов пен Шолпан
ұлттық әдебиетіміздің озық өкілдері болып табылады. Олардың шығармаларынан Ресей
88
үстемдігінен де құрып кетпеген біздің тіліміздің байлығы мен жарқылын көреміз. Ахмет
пен Шолпан қазір қайда? Неге олар үнсіздік құрсауында?..
Пушкин мен Тургенев, дворяндар мен «капиталистер» болса да, орыс пролетариаты
үшін «қасиетті» болып есептеледі, себебі олар – орыстар. Ал, Шолпан мен Ахмет –
түркістандықтардың жауы деп суреттеледі, себебі Шолпан мен Ахмет – түркістандықтар»
(Сонда. 5-том. 129-131 б.). Қандай да болсын, ұлттық әдебиеттің негізі – ұлттық тіл
екендігі ақиқат. Ұлттық тілсіз – әдебиеті, ұлттық әдебиетсіз – ұлттық рух, ұлттық рухсыз –
ұлттық тәуелсіздік жоқ екендігі де – аксиомалық шындық. Сол себепті кеңес саясаты
ұлттық тілді тұншықтыруға бағытталған деген Мұстафа тұжырымы «Кеңес галстугі»
мақаласында баяндалған.Есен Тұрсынның «Түркістандағы тіл саясаты» деген «Яш
Түркістан» журналында жариялана бастаған мақалалар топтамасына жазған кіріспеде
М.Шоқай Кеңес өкіметінің жергілікті халықты орыстандыруға бағытталған тіл саясатын
сынға алуына байланысты автор ұстанымына қолдау көрсетеді. Әдебиеттің әлеуметтік
функцияларына байланысты тақырыпты барынша зерттеген М.Шоқай «Ұлттық бостандық
– ұлттық рух жемісі. Ұлттық рухтың өзі де ұлттық бостандық пен ұлттық тәуелсіздік
саясында жеміс бере алады» деген тұжырымдама жасайды. «Әдебиеттің бостандығы»
мәселесі осыдан туындайды. М.Шоқай сондықтан әдебиеттің дамуына қажетті
жағдайлардың ішінде саясаттың әдеби процеске араласпауын алдыңғы орынға қояды.
«Адамзат шығармашылығының барлық түрлерінің ішінде әдебиет бәрінен бұрын
бостандыққа мұқтаж» дейді.Ақын, жазушыларға берілген «бостандық» – күнкөрістің көзі
емес, халыққа қызмет істеудің, оның жан дүниесін байытып, рухын көтерудің, тәуелсіз
өмір сүруінің шарты.М.Шоқайдың бұл идеялары бүгінгі күні де өте өзекті. Пендешілік
құлы болмай, ұлттық мүдделерге қызмет істеу әрбір ақын, жазушының бағыт-бағдары
болуы тиіс.
Әдебиеттер:
1.
Достарыңызбен бөлісу: |