Issn 1607-2782 Республикалық


ӘОЖ.94(574).02.08:008    ҚАЗАҚ



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#9918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
 
 
ӘОЖ.94(574).02.08:008 
 
ҚАЗАҚ
 ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАЗБАША ДЕРЕК 
МӘЛІМЕТТЕРІ
 
 
Б.Б.КӘРІБАЕВ, тарих ғылымдарының
 докторы, профессор  
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы  
 
Аңдатпа
 
Мақалада  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихы  жайында  сөз  болады.Қазақ 
хандығының  құрылуының  саяси  үдерістері  мәселелерін  көрсететін  жазба  дерек 
мәліметтеріне тоқталған.Бұл жазба деректер әртүрлі тілдерде жазылған көршілес елдердің 
жазба  тарихында  шашыраңқы  күйде,үзік-үзік  мәліметтер  күйінде  кездеседі.Қазақ 
хандығының  құрылуы  ХV  ғасырдың  орта  шенінде  жүзеге  асқан  қазақ  тарихындағы  аса 
маңызды  оқиға  болып  саналады.Саяси  алғышарттарына  ХIV-XV  ғасырлардағы,  ал 
этникалық  алғышарттарына  XIII-XV  ғ.тарихи  дамулар  мен  процестер  жатады.Бұл 
аралықтағы  тарихи  дамулар  барысы  тек  жазба  ескерткіштерінде  ғана  емес,ауыз 
әдебиетінде  де  көрініс  тапқан.Сол  себепті  дерек  мәліметтерін  үлкен  екі  топқа  бөлеміз.1-
топқа  барлық  мәселеге  қатысты  жазба  деректер,  2-топқа  ауыз  әдебиетіндегі  деректер 
жатады.Осы  жазба  дерек  мәліметтерін  мәселеге  қатыстығына  байланысты  шартты  түрде 
мәселеге  тікелей  қатысты  және  жанама  қатысты  деп  бөлеміз.Тікелей  қатысты 
мәліметтерге  Қазақ  хандығының  құрылу  барысын  нақты  баяндайтын  мәліметтер 
аталса,жанама дерек мәліметтеріне хандықтың құрылу кезіндегі мемлекеттің ішкі-сыртқы 
саяси 
жағдайларын 
баяндайтын 
мәліметтер 
енеді.Осылайша,қазақ 
хандығының 
құрылуына  тікелей  қатысты  деректер  тобындағы  мәліметтерге  тоқтала  келе,  Тарих-и 
Рашиди»  мәліметтерін ең  негізгі деректер  қатарына жатқызған.Ал жанама  қатысты дерек 
мәліметтеріне 
Дешті 
Қыпшақ 
аумағындағы, 
Моғолстандағы, 
Мауереннахрдағы 
мемлекеттердің  ішкі-сыртқы  саяси  жағдайларын  баяндайтын  мәліметтерін  атаймыз.Бұл 
дерекке  Муйн  ад-дин  Натанзидың  «Муктахаб    ат-тауарих-и  Муйни»  атты  еңбегі 
жатады.Қорыта  айтқанда,  қазақ  хандығының  құрылу  тарихын  зерттеуде  жазба  дерек 
мәліметтерінің маңызы зор. 
Кілт сөздер:  Саяси үдеріс,
 жазба дерек, этникалық алғышарт, процесс, ішкі жағдай, 
жанама. 
 

16 
 
Аннотация
 
В статье говорится об истории создания Казахского ханства. Автор останавливается 
на  письменных  документальных  материалах,  раскрывающих  политические  процессы, 
которые  происходили  в  ходе    становления  Казахского  ханства.  Эти    письменные 
источники,  написанные  на  различных  языках  соседних  стран,  в  истории  хранятся 
разбросанно,  встречаются  фрагментарно,  информационно  кратко.  Создание  Казахского 
ханства  фиксируется  с  начала    второй  половины  ХV  века.  К  первым  политическим 
предпосылкам    XIV-XV  вв.  и  к  первым  этническим    проявлениям  XIII-XV  вв. относятся 
исторические процессы, которые отражаются не только в письменных памятниках, но и в 
произведениях  устного  творчества.  Поэтому  автор  все  имеющиеся  документальные 
материалы делит на две группы: первая- это письменные документы по общим вопросам, 
вторая  группа  охватывает  источники  устной  литературы.  Также,  автор  называет  в  числе 
документальных  источников,  материалы  непосредственно  связанные  с  созданием 
Казахского ханства. К ним входят материалы, раскрывающие государственную внешнюю 
и внутреннюю политику, которая велась в период становления Казахского ханства.Таким 
образом, автор  в число основных документальных  источников, содержащих достоверные 
сведения  о  создании  Казахского  ханства,  относит  памятник  «Тарих-и  Рашиди».  К  числу 
новейших  автор  относит  документальные  материалы,  повествующие  внутреннюю  и 
внешнюю  политику  государств,  расположенных  на  территории  Дешти  Кыпчак, 
Моголистана,  Мауереннахра,  и  труд  Муйн  ад-дин  Натанзи  «Муктахаб  ат-тауарихи-и 
Муйни». Автор подчеркивает большую роль документальных источников в исследовании 
истории образования  Казахского ханства. 
Ключевые  слова:
  Казахское  ханство,  письменные  источники,  политический 
процесс, этнические проявлени, устное творчество. 
 
Annotation 
The  article  says  about  the  history  of  the  Kazakh  Khanate.  The  author  dwells  on  written 
documentary  materials,  revealing  the  political  processes  that  occurred  in  the  course  of  the 
Kazakh  Khanate  formation.  These  written  records  are  written  in  various  languages  of 
neighboring  countries  and  stored  occasionally,  in  fragments  in  the  history.  Creation  of  the 
Kazakh Khanate is fixed from the beginning of the second half of the fifteenth century. The first 
political  premises  of  the  XIV-XV  centuries  and  the  first  ethnic  manifestations  of  XIII-XV 
centuries are historical processes that are reflected not only in the literary scripts, but also in  the 
storytelling.  So  all  the  documentary  materials  are  classified  into  two  groups:  the  first  are  the 
written documents on general issues, the second group covers the sources of oral literature. Also, 
the author refers to the  source documents materials that are directly related to the creation of the 
Kazakh  Khanate.  They  include  materials  that  reveal  the  state’s  domestic  and  foreign  policy, 
which was conducted in the period of the Kazakh khanate. So, the author relates the monument 
"Tarikh-i-Rashidi"  as    one  of  the  main  documentary  sources  that  contain  accurate  information 
about the Kazakh Khanate. Among the new materials, the author refers documentaries, narrating 
the inner and foreign policies of the states located in the territory of Deshti Kipchak, Mogolistan, 
Mauerennahra and the work of  Mui Ne Natanzi al-Din "al-tauarihi Muktahab-and Mui Ne." The 
author emphasizes the major role of documentary sources in studying the history of  the Kazakh 
Khanate formation . 
Key  words:  Kazakh  Khanate,  the  political  process  and  ethnic  manifestations,
 
writing 
sources, verbal work. 
 
Қандай  да  болмасын  нақты  бір  тарихи  тақырыпты  зерттеу  барысында  әрбір 
зерттеушінің  ерекше  назар  аударатын  мәселелердің  біріне  –  тақырыптың  деректік  
мәселелері  жатады.    Өйткені  деректің  қай  түрі  болмасын,  ол  кез  келген  тарихи 
тақырыптың  негізі  болып  саналатыны  белгілі.  Кез  келген  ғылыми  тұжырымдардың, 
пікірлердің  мықтылығы  оның  деректік    негіздеріне  тікелей  байланысты.  Ал  дерек 

17 
 
мәліметтеріне    сүйенбей  айтылған  ойлар  мен  тұжырымдардың  бар  болғаны  болжам 
күйінде ғана қалатыны және белгілі. 
Бүгінгі  күндері  еліміздің  Отан  тарихы  ғылымында  ең  бір  өзекті  тақырыптардың 
біріне  айналып  отырған  Қазақ  хандығының  тарихы,  оның  ішінде  Қазақ  хандығының 
құрылу тарихы мәселесінде оның деректік мәселесі ерекше орын алып отыр. Осыған орай, 
біз  осы  жұмысымызда  Қазақ  хандығының  құрылуындағы    деректер  мәселесін  
қарастырмыз. 
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында ежелден бері үздіксіз жалғасып 
келе  жатқан  этникалық,  саяси,  рухани,  мәдени,  мемлекеттік  даму  үдерістерінің  заңды 
қорытындысы  екендігі  айқындалған  тұжырым.  Ол  үдерістердің  бәрі  антикалық 
авторлардың  еңбектеріндегі  мәліметтерден  бастап,  XV-XVI  ғасырлардағы  шығыс  жазба 
деректеріне дейінгі мәліметтерде көрініс береді. Олардың  бәрін бір жұмыстың ауқымына 
сыймайды.  Сол  себепті  де  біз,  бұл  жұмысымызда  Қазақ  хандығы  құрылуының  саяси 
үдерістері мәселелерін көрсететін жазба дерек мәліметтеріне тоқталамыз. 
ХV  ғасырдың  ортасында  тарих  мінберіне  шығып,  ХVІІІ  ғасырдың  20-шы 
жылдарына дейін бір  орталықтан басқарылған Қазақ хандығы өзінің үш жарым ғасырлық 
тарихында өз тарихын баяндайтын жазба ескерткіш қалдырмады. Жазба ескерткіш болған 
деп  есептегеннің  өзінде  ол  бізге  дейін  жеткен  жоқ    не  болмаса  әлі  күнге  дейін  тарих 
ғылымына  белгісіз  болып  отыр.  Бұл  дегеніміз  жалпы  алғанда,  ХV-ХVІІІ  ғғ.  Қазақ 
хандығының тарихы жөнінде деректер мүлде жоқ дегенді білдірмейді. Деректер мен оның 
түрлері  баршылық.  Олардың  бәрі  әртүрлі  тілдерде  жазылған  көршілес  елдердің  жазба 
тарихында  шашыраңқы  күйде,  үзік-үзік  мәліметтер  күйінде  кездеседі.  Дәл  сол  сияқты 
Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты деректер де шашыраңқы күйде. 
Егерде  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихы  мен  оның    ХV-ХVІІІ  ғасырлардағы 
тарихына  қатысты  деректерді  салыстырар  болсақ,  онда  құрылу  тарихына  қатысты  дерек 
мәліметтері  ауқымды  келеді.  Өйткені  хандықтың  құрылу  тарихына  оның  ХІІІ-ХV  ғғ. 
этникалық,  саяси  алғышарттары,  сондай-ақ  ХV  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  Шығыс 
Дешті  Қыпшақ,  Моғолстан,  Мауреннахр  аумақтарындағы  мемлекеттік  құрылымдарының 
ішкі-сыртқы саяси жағдайларын көрсететін көптеген жазба деректер мәліметтері жатады. 
Жалпы, Қазақ хандығының құрылуы ХV ғасырдың орта шенінде жүзеге асқан қазақ 
тарихындағы  аса  маңызды  оқиға  болса,  оның  саяси  алғышарттарына  ХІV-ХV 
ғасырлардағы, ал этникалық алғышарттарына ХІІІ-ХV ғасырлардағы тарихи дамулар мен 
процестер  жатады.  Осы  аралықтағы  тарихи  дамулар  барысы  тек  жазба  ескерткіштерде 
ғана емес, сонымен бірге ауыз әдебиетінде де көрініс тауып, бейнеленген. Сол себепті де 
біз  қарастырып  отырған  мәселемізге  қатысты  дерек  мәліметтерінің  барлығын  екі  үлкен 
топқа бөлеміз. Бірінші топқа – мәселеге қатысы бар барлық жазба деректердегі мәліметтер 
енсе, ал екінші топқа ауыз әдебиетіндегі мәліметтер жатады. 
Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына  қатысты  жазба  дерек  мәліметтерін  олардың 
мәселеге  қатыстылығына  байланысты  шартты  түрде  мәселеге  тікелей  қатысты  және 
жанама қатысты деп екі топқа бөлуге болады. 
Мәселеге  тікелей  қатысты  дерек  мәліметтері  деп  Қазақ  хандығының  құрылу 
барысын нақты баяндайтын мәліметтер аталса, жанама дерек мәліметтері деп, хандықтың 
құрылу  барысын  баяндамаса  да,  хандықтың  құрылу  кезеңінде  Дешті  Қыпшақ 
аумағындағы,  Моғолстандағы,  Мауереннахрдағы  мемлекеттердің  ішкі-сыртқы  саяси 
жағдайларын  баяндайтын  мәліметтерді  атаймыз.  Мәселеге  жанама  қатысты  деректер 
хандықтың  құрылу  барысын  тереңірек  түсінуге  мүмкіндіктер  береді.  Төменде  осы 
деректерге  тоқталалық.  Алдымен  мәселеге  тікелей  қатысты  дерек  мәліметтерін 
қарастырсақ. 
А)Қазақ хандығының құрылу барысын тікелей баяндайтын жазба деректер ішінде ең 
алдыңғы  қатарда    -  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың    «Тарих-и  Рашиди»  атты  еңбегіндегі 
мәліметтер тұр. 
Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың    ата-бабалары Шағатай  Ұлысының  шығыс  бөлігінде, 

18 
 
кейіннен  Моғолстан  мемлекетінде  жоғарғы  мемлекеттік  қызмет  атқарып,  мемлекеттің 
қоғамдық-саяси  тарихында  ерекше  орын  алған  тұлғалар  болған.  Ұлысбегі  қызметі 
автордың  ата-бабаларына  мұрагерлік  жолмен  беріліп  отырған.  Мұхаммед  Хайдар 
1499/1500  жылы  Ташкентте  дүниеге  келеді.  Шешесі  жағынан  ол  моғол  хандарына  туған 
жиен, Темірлік Захир ад-дин Бабырға туған бөле болып келеді. Оның жастық шағы  XVІ 
ғасыр  басындағы  Мауереннахрдағы  болған  аумалы-төкпелі  жылдарға  сәйкес  келіп,  1508 
жылы әкесінен айырылады. 3-4 жыл Ауғанстандағы Бабырдың қолында болып, 1513-1533 
жылдары    шағатайлық  Сайд  ханмен  бірге  жүреді.  Одан  кейін  Солтүстік  Үнді  жеріндегі 
Бабырдың ұлдарына келеді де, 1540-1551 жылдары  Кашмир өлкесін  өзі бағындырып, 11 
жыл билейді. 1551 жылы қастандықтың құрбаны болған. 
Мұхаммед  Хайдар  қолбасшы,  мемлекет  басшысы  ғана  емес,  сонымен  бірге  дастан 
жазған  ақын,  тарихи  шығарма жазған  тарихшы  да.  Оның  қаламынан  «Жахан-наме»  атты 
поэма, «Тарих-и Рашиди» атты тарихи туынды дүниеге келген. Жалпы алғанда, Мұхаммед 
Хайдар  Дулатидың  өмірі  мен  оның  «Тарих-и  Рашиди»  еңбегі  тарих  ғылымына  XІХ 
ғасырдың  20-шы  жылдарынан  бері  жақсы  таныс  [1,  14-27  бб.;  2,  131-133  бб.;  3,  598-599 
бб.; 4, 91-100 бб.; 5, 78-87 бб.; 6, 22-23 бб.; 7, 829 б.; 8, 185-231 бб.; 9, 190-203 бб.; 10; 11, 
176-197  бб.;  12;  13.;  14.].  Қазіргі  күнде  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  есімі  мен  оның 
«Тарих-и Рашиди» еңбегі Отан тарихында өзіне лайықты баға алды деуге болады. 
Енді «Тарих-и Рашиди» және ондағы Қазақ хандығының құрылу тарихына  қатысты 
мәліметтерге тоқталалық. 
«Тарих-и  Рашидидің»  екі  бөлімнен  немесе  екі  кітаптан  тұратыны  белгілі.  1541/42 
жылы мемуарлық сипаттағы екінші кітап, ал  тарихи сипаттағы бірінші кітап  - 1546 жылы 
3  наурызда  жазылған  [15,  529-530  бб.].  Еңбек  Орталық  Азия,  Қашғар,  Ауғанстан,  Үнді, 
Қазақстан  тарихы  бойынша  құнды  дерек  болып  табылады.  Біз  бұл  жерде  өзіміздің 
қарастырып  отырған  мәселенің  деректеріне  ғана  тоқталып,  оларға  қысқаша  шолу 
жасаумен шектелеміз. 
1)  XV  ғасырдың  30-50-шы  жылдарындағы  Моғолстанның  ішкі  саяси  өміріндегі 
жағдайлар туралы мәліметтер [15, 104-108 бб.]. Бұл мәліметтер Қазақ хандығының құрылу 
қарсаңындағы  Моғолстанның  саяси  жағдайынан  хабардар  етіп,  оның  хандықтың  құрылу 
барысына қаншалықты дәрежеде қолайлы жағдайлар жасағанын көрсетеді; 
2)  Есенбұға  ханның  билігі  тұсындағы  Моғолстанның  жағдайы,  оның  әлсіздігі, 
әмірлердің оған көрсеткен қарсылықтары туралы мәліметтер. 
3)  Есенбұға  ханның  Мауереннахрдағы  саяси  дағдарысты  пайдаланып,  ол  жаққа 
жасаған  жорықтары  туралы,  Әбу  Сайд  мырзаның  Есенбұғаны  Ианги  (Тараз)  түбінде 
жеңіліске ұшыратуы туралы мәліметтер [15, 108-110 бб.]. 
4)  XV  ғасырдың  орта  тұсындағы  Шығыс  Дешті  Қыпшақта  билік  құрған  Әбілқайыр 
хан  және  одан  бөлініп  Моғолстан  аумағына  қоныс  аударған  Керей  мен  Жәнібек  хандар 
туралы, оларды Есенбұғаның қуана қарсы алып, Моғолстанның батыс жағындағы Шу мен 
Қозыбасы  өңірінен  жер  беруі  туралы,  олардың  «қазақ»  атануы,  қазақ  сұлтандарының 
билік  жүргізуінің  басы  870  (1465-66)  жылдан  басталады  деген  мәліметтері  –  Қазақ 
хандығының  құрылу  тарихындағы  ең  басты,  ең  негізгі  жазба  дерек  мәліметтері  болып 
саналады [15, 305-306 бб.].  Қазіргі кезде  Қазақ хандығының құрылуына  қатысты ой-пікір 
айтып,  тұжырымдар  білдіретін  тарихшылар  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  осы 
мәліметтеріне сүйенеді. 
Бұл  мәліметтер  -  әдеби-тарихи  сыннан  өтіп,  түпкілікті  мойындалған  деректер. 
Белгілі  шығыстанушы-ғалым  В.П.  Юдиннің  «Тарих-и  Рашидидегі»  жүйелі  түрдегі 
баяндау,  хронологиялық дәлдік,  ұсақ оқиғалардың  дәлдігі «Бабыр-намамен» салыстыруға 
келмейді,  егерде  «Тарих-и  Рашиди»  бізге  дейін  жетпей,  ал  «Бабыр-наме»  жеткен  күннің 
өзінде  Орталық  Азияның  деректануы  көп  нәрсе  жоғалтқан  болар  еді»,-  деген  пікірі  – 
еңбектің маңызын бір көрсетсе, екіншіден онда кейбір дәлсіздіктің бар екенін көрсетеді [8, 
190 б.]. 
Осындай  дәлсіздікті  біз  автордың  Қазақ  хандығының  құрылған  жылы  туралы 

19 
 
мәліметінен  көреміз.  Біз  ол  жөнінде  өз  ойымызды  басқа  жұмыстарымыздың  бірінде 
дәлелдеп көрсетуге тырыстық [16, 70-74 бб.]. 
5)  Әбу  Сайд  мырзаның  Жүністі  Шираз  қаласынан  шақыртуының  себептері  мен  екі 
билеуші арасындағы жасасқан келісім-шарттары туралы [10, 111-112 бб.]. 
6)  Жүніс  ханның  Моғолстанға  алғаш  келуі,  оған  Ыстық  көл  маңындағы  моғол 
тайпаларының бет бұруы туралы. 
7) Жүніс ханның Есенбұға ханмен алғашқы ұрысы және жеңіліс табуы туралы. 
8)  Жүніс  ханның  жеке  өміріндегі  оқиғалар  туралы  [10,  112-113  бб.].  Мысалы, 
«Тарих-и  Рашиди»  авторы  «Әбу  Сайд  мырза  Жүністі  Шираздан  алдыртып,  Моғолстанға 
жіберген кезде ханның жасы 41-де, ол 820 (1455/56) жыл болатын», - деп жазады [10, 115 
б.].  Бұл  мәліметті    Жүніс  хан  мен  Әбу  Сайд  мырзаға  қатысты  басқа  да  деректегі 
мәліметтермен  салыстыру  арқылы  Керей  мен  Жәнібектің  Моғолстанға  келу  уақытын 
білуге болады. 
9) Есенбұғаның 1461/62 жылы, дулат тайпасының әмірі Сайд Әлінің 1457/58  жылы 
қайтыс  болуы,  Есенбұғаның  мұрагері  Досмұхаммедтің  1461/62-1468/69  жж.  билік  етуі 
және сол тұстағы Моғолстанның жағдайы туралы мәліметтер  [10, 112-117 бб.]. 
10)  Моғолстан  мен  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  тайпалары  арасындағы  байланыстар 
туралы мәліметтер [10, 404 ]. 
Егерде  осы  жоғарыда  аталған  мәліметтер  болмаса,  онда  біз  Қазақ  хандығының 
қалай, кімдердің басшылығымен, қашан және қай жылы құрылған деген негізгі сұрақтарға 
жауап  таба  алмаған  болар  едік.  Міне,  осындай  сауалдарға  жауап  беретін  Мұхаммед 
Хайдар  Дулатидың  «Тарих-и  Рашидиінің»  мәліметтерін  біз  тағы  да  Қазақ  хандығының 
құрылуына  тікелей  қатысты   дерек  мәліметтері  тобына жатқыза отыра, олардың  ішіндегі 
ең негізгі, ең басты деректер деп санаймыз. 
Ә)    Қазақ  хандығының  құрылуына  тікелей  қатысы  бар      дерек  мәліметтерінің 
келесісіне  Мауереннахрдағы    Аштраханилық  әулеттің  билігі  тұсында  шамамен  1634-
1640/41 жылдары жазылған жазылған Махмуд ибн Уәлидің «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-
ахиар» (Море тайн относительно доблестей благородных) атты еңбегі жатады. 
ХVІ ғасырдың ортасында Астрахань немесе Хажытархан хандығын Орыс мемлекеті 
жаулап  алғаннан  кейін,  билеуші  әулеттің  екі  өкілі  Жармухаммед  пен  оның  ұлы  Жан 
Мауереннахрға  келіп,  шайбанилық  Ескендір  ханды  паналайды.  Ескендір  қызын  Жанға 
ұзатып,  одан  Бақымұхаммед      атты  ұл  дүниеге  келеді.  ХVІ    ғасырдың  соңында    ІІ 
Абдаллах    хан  мен  оның  ұлы  Абд  ал-Мумин  өлтірілгеннен  кейін  билікке  1599  жылы 
Бақымұхаммед  отырғызылады.  Тарихта  бұл  жаңа  әулет  –  Жанилықтар  немесе 
Аштраханилықтар  (астрахандық)  әулеті  деп  аталады.  Әулет  билігі  1785  жылға  дейін 
созылған  [17,  232-233  бб.].  Әулеттің  билігі  тұсында  Орта  Азияда  көптеген  тарихи  жазба 
туындылар 
жазылып, 
олар 
аштраханилық 
деректер 
қатарына 
жатқызылады. 
Аштраханилық  деректердегі 
Қазақстан  тарихына  қатысты  мәліметтер  жөнінде 
шығыстанушы ғалым Ж.М. Төлебаева жақсы ғылыми сипаттама береді. [18, 133-153 бб.]. 
Біз бұл жерде тарихи шығармадағы Қазақ хандығының құрылу тарихын баяндайтын дерек 
мәліметтеріне ғана тоқталамыз. 
Еңбек алғысөз бен кіріспеден, жеті томнан,  әр бір том төрт бөлімшеден тұрады [19, 
1136-1137 бб.]. Шығарманың алтыншы томы ХІІІ  ғасырдан ХVІІ ғасырға дейінгі Шығыс 
Дешті  Қыпшақтағы,  Мауереннахрдағы  әулеттер  тарихы  мен  саяси оқиғаларды  баяндауға 
арналған  [20,  70-71  бб;  18,  136-141  бб.].  В.П.  Юдиннің  жазуынша  Махмуд  ибн  Уәлидің 
мәліметтері  көп  жағдайда  компиялтивті,  соған  қарамастан  онда ол  тың  мәліметтерді  жиі 
пайдаланған  [21,  323  б.].  Біз  өзімізге  қатысты  материалдарды  К.А.  Пищулинаның  орыс 
тіліне аударып, Материалы по истории казахского ханства (МИКХ) атты жинаққа енгізген 
үзінділерінен алдық [22, 346-351 бб.]. 
Енді  осы  үзіндідегі  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына  қатысты  мәліметтерге 
тоқталалық. 
1) Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы  ХІІІ-  ХV  ғасырлардағы  Шибан  әулетінің  (деректе 

20 
 
Шайбан  деп  жазылады  –  Б.К.)  қысқаша  тарихы  туралы  мәліметтер.  Әулеттің  кейбір 
өкілдеріне сипаттамалар беріліп, оларға қатысты оқиғалар баян етіледі [22, 346-351 бб.]. 
2)  Әбілқайырдың билікке келуі туралы мәліметтер. 
3)  Керей  мен  Жәнібек  бастаған  шығысдештілік  тайпалар  тобының  Моғолстанға 
көшіп  келуі  туралы  мәліметтер  [22,  352  б.].  Бұл  мәліметтердің  «Тарих-и  Рашидиден» 
алынғаны  белгілі.  Махмуд  ибн  Уәли  ол  мәліметтерді  жай  ғана  көшіріп  қоймай,  оны 
өзінше  түсіндіріп,  толықтырып  береді.  Мысалы,  «Тарих-и  Рашидиде»  Керей  мен 
Жәнібекке Есенбұға ханның Моғолстанның батысындағы Шу мен Қозыбасы өңірі берілді 
десе, Махмуд ибн Уәли оның себептерін түсіндіреді. Осы жағынан алғанда бұл мәліметтің 
құндылығы өте жоғары болып саналады. 
4)  Әбілқайыр  хан  қайтыс  болғаннан  кейінгі  оның  мемлекетінде  қалыптасқан 
жағдайлар туралы мәліметтер. 
5)  Керей мен Жәнібектің қарамағындағы тайпалар тобының «қазақ»  деп аталуының 
себептері туралы мәліметтер. 
6)  Алғашқы қазақ ханы боп Керейдің тағайындалуы туралы мәлімет. 
7)  Әбілқайыр ханның ұрпақтарының шежіресі туралы мәліметтер. 
8)  Әбілқайыр  ханның  Моғолстан  жаққа  ең  соңғы  жорығы,  оның  бағыттары,  жорық 
барысында ханның қайтыс болуы туралы мәліметтер [22, 358-361 бб.]. 
Жорыққа қатысты мәліметтер оған дейінгі ешбір деректе айтылмағандықтан, біз оны 
оригиналды мәлімет дей отыра,  Қазақ хандығының құрылу тарихына  қатысты  өте  құнды 
деректер  қатарына  жатқызамыз.  Жорық  барысындағы  географиялық  атауларға 
деректанулық  тұрғыда  талдау  жасау  арқылы  біз,  Әбілқайыр  ханның  соңғы  жорығының 
Моғолстанның батысындағы Қазақ хандығына бағытталғандығын анықтадық. 
9)  Әбілқайыр  хан  қайтыс  болғаннан  кейінгі  Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы  саяси 
жағдайлар  туралы,  Шибанилық  әулеттің  билігіне  қарсы  саяси  күштердің  күресі  туралы, 
олардың ішінде тек Жәнібек  хан есімінің  аталуы туралы, Шайх-Ханның өлтірілуі туралы 
мәліметтер [22, 361-363 бб.]. 
Махмуд  ибн  Уәлидің  бұл  мәліметтері  Қазақ  хандығының    құрылуына  тікелей 
қатысты  деректер  қатарына  жатады.  Біз  олардың  құндылығын  «Тарих-и  Рашидидің» 
мәліметтерімен ғана теңесе алады дейміз. 
Б)  Қазақ  хандығының  құрылуына  тікелей  қатысты  деректердің  келесісіне 
шибанилық  деректер  тобының  бірнешеуі  жатады.  Олардың  алғашқысы  -  «Тауарих-и 
гузида-йи нусрат-наме» еңбегінің мәліметтері. 
Шығарма  авторы  толық  анықталмаған.  Еңбек  1502  жылы  басталып,  1505  жылға 
дейін  аяқталған.  Ол  жөнінде  пікір  айтқан  мамандардың  көбі  шығарманың  жазылуына 
Мұхаммед  Шейбан  ханның  қатысы  болған  деп  есептейді  [23,  126  б;  24,  113  б.;  25,  10-12 
бб.].  Жалпы  бұл  еңбек  Мауереннахрда  Шайбанилық  әулеттің  билігін  идеологиялық 
жағынан  негіздеу,  әулетті  дәріптеу  үшін  жазылғанын  аңғару  қиын  емес.  Шығарма  өткен 
ғасырдың 60-шы жылдары орыс тіліне аударылған [26.; 25, 9-43 бб.; 493-504 бб.]. Еңбекте 
Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты мынадай сипаттағы мәліметтер кездеседі: 
1)  XV  ғасырдың  бірінші    ширегінде  Әбілқайырды  қолдаған  ру-тайпа  көсемдері 
туралы; 
2)  1457  жылғы  Сығанақ  түбіндегі  жеңілістен  соң  Әбілқайыр  ханның  3  жасар 
немересі Махмуд бахадур-сұлтанның Өз Темір тайшыға тұтқынға түсуі туралы; 
3)  Әбілқайыр  хан  қайтыс  болғаннан  кейін  Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы  Шибан 
әулетінің жағдайы туралы; 
4)  Әбілқайыр  ханның  мұрагерлеріне  қарсы  күрескен  саяси  күштердің  жетекшілері 
туралы [22, 16-20 бб.]. Осы күштер қатарында қазақтар жағынан Барақ ханның ұлдары деп 
Жәнібек пен Керейдің есімдері айтылады. 
5)  Еңбектің  соңғы  жағында  «Жошы  ұрпақтарының  шежіресі»  атты  бөлімде  Қазақ 
хандарының  шежіресі  беріледі  [22,  33-44  бб.].  Бұл  мәліметтер  Қазақ  хандығының 
құрылуының алғышарттары мен барысын зерттеуде көп жәрдем береді. 

21 
 
В)  Қазақ  хандығының  құрылуына  тікелей  қатысты  деректердің  келесісі    - 
шибанилық  деректер  тобындағы    Шәді  молданың
 
дастан  түрінде  жазылған  «Фатх-нама» 
атты  еңбегі.  Автордың  толық  аты-жөні  –  Мулла  Мұхаммед  Шади,  ол  Мауереннахрда 
Мұхаммед  Шейбани  ханның  інісі  Махмұд  бахадүр-сұлтанның  қызметінде  болып,  оның 
тапсыруымен «Фатх-намені» шамамен 1505 жылы («Жеңіс кітабы») жазған. [27, 44-53 бб.; 
20,  15-17  бб.;  18,  89-90  бб.].  Ж.М.Төлебаеваның  көрсетуі  бойынша  дастан  Шибани  хан 
дүниеге келген 1451 жылдан оның 1501 жылы Самарқан тағын иемденгенге дейінгі Дешті 
Қыпшақ,  Хорезм  және  Мауереннахрдағы  жағдайларды  баяндайды  [18,  89  б.].    «Фатх-
наменің» біздің тақырыбымызға қатысты мәліметтері «Таварих-и гузида-йи нусрат-наме» 
мәліметтерімен  ұқсас,  дегенмен  де  ол  деректе  тек  өзіне  ғана  тән  құнды  мәліметтер 
айтылады. 
1)  Әбілқайыр  ханның  қайтыс  болуынан  кейін  шибанилық  әулеттің  өкілі  Йадгар 
ханның таққа отырғандығы туралы; 
2) Буреке сұлтанның Cыр бойында Жүніс ханмен шайқасы туралы; 
3) Сол кездерде Мұхаммед Шейбани ханның 16 жаста болып, Иадгар ханнан сыйлық 
алғаны туралы; 
4)  Иадгар  ханнан  кейін  билікке  Әбілқайыр  ханның  ұлы  Шейх  Хайдардың  келуі 
туралы; 
5) Қарсы күштердің Иадгар ханды өлтіруі туралы; 
6)  Қарсы  күштер  арасында  Қазақ  хандығы    жағынан  тек  Жәнібек  хан  есімінің 
айтылуы туралы  және т.б. [22, 53-57 бб.]. 
Бұл  деректер  арқылы  біз  Қазақ  хандығының  құрылу  барысындағы  Шығыс  Дешті 
Қыпшақ  пен  оған  іргелес  аймақтарда  болған  тарихи  оқиғаларды  және  хандықтың 
құрылуының соңғы кезеңіндегі тарихи тұлғалар туралы біле аламыз. Дерек мәліметтерінің 
құндылығы осыдан байқалады. 
Г)    Қарастырып  отырған  мәселемізге  қатысты  шибанилық  топтағы  келесі  дерекке 
Бинаидың «Шайбани-наме»  және «Футухат-и хани» («Ханның жаулаушылықтары») атты 
еңбектері жатады. Автордың толық аты-жөні – Маулен Камал ад-дин Али ибн Мұхаммед 
Бенаи  Харави  Хали,  бірақ  ол  көпшілікке  жай  ғана  Камал  ад-дин  Бинаи  есімімен  кең 
танымал.  Ол  1453  жылы  Гератта  дүниеге  келіп,  өмірінің  бірталай  бөлігін  Хорасан 
қалаларында,  соңғы  кезеңін  Мауереннахрда  өткізеді.  1512  жылы  Қарши  қаласын  қорғау 
кезінде қаза табады [22, 91-96 бб.; 20, 17-26 бб.; 18, 91-94 бб.]. 
Бинаидың  екі    шығармасының  мазмұны  да, оқиғалардың  хронологиялары  да  ұқсас. 
Соған  байланысты  Б.А.  Ахмедов  былай  деп  жазады:  «...  Футухат-и  хани»-  «Шайбани-
наменің»  алғашқы  нұсқасы  «Көшпелі  өзбектер»  басшысы мен оның  айналасындағыларға 
бірінші  нұсқаның  тілі  мен  жазылу  стилі  ұнамай,  оны  өте  қарапайым,  түсінікті  ету  үшін 
екінші  нұсқа  «Шайбани-наме»  деген  атаумен жазылған»  [20,  21  б.].  Шығарма  Мұхаммед 
Шайбани ханның 1451 жылы дүниеге келуімен оның 1505 жылы Хорезмді бағындыруына 
дейінгі  Қазақстан  мен  Орта  Азияда  болған  оқиғаларды  қамтиды  [20,  19-20  бб.].  Ондағы 
көптеген  оқиғалар  бұған  дейін  айтылған  шайбанилық  деректерде  қайталанады.  Сол 
себепті де біз  ол деректерді бұл жерде қайталап жатпаймыз. 
Ғ)  Қазақ  хандығының  құрылуына  тікелей  қатысты  деректердің  келесісіне    – 
Ходжамқұлы – бек Балхидың «Тарих-и Кыпчаки» атты еңбегінің мәліметтері жатады. 
Автор  Балх  қаласында  туылып,  1695/96  жылы  Лахорға  келеді.  1713  жылдан  бастап 
Пенджаб билеушісі Сайн ад-Даула Абд ас-Самад-хан Бахадұрмен жақындасады. «Тарих-и 
Кипчаки»  толығымен 1724/25 жылы жазылып бітеді [28, 72 б.; 20, 95-101 бб.; 18, 118-130 
бб.]. 
«Тарих-и Кипчаки»  - "дүние жаратылғаннан"  XVІІІ  ғасырдың 20-шы жылдарының 
ортасына  дейінгі  тарихи  оқиғаларды  қамтыған  жалпы  тарих  сипатындағы  еңбек.  Ондағы 
деректердің  көпшілігі  компилятивті  [20,  97  б.;  22,  387  б  .].  XV  ғасырдағы  Шығыс  Дешті 
Қыпшақтағы  тарихи  жағдайлар  шайбанилық  деректерден  алынса  да,  ондағы  кейбір 
мәліметтер  бізге  дейін  жетпеген  деректердің  мәліметтері  болуы  керек,  олар  ешбір  жерде 

22 
 
кездеспейді. Енді төменде сол және басқа да мәліметтерге тоқталалық. 
1)    Әбілқайырдың  билікке  келуі,  оның  Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы  күрестері  [22, 
390-392 бб.]; 
2) Әбілқайыр ханның Мауереннахрдағы темірлік әулеттің істеріне араласуы [22, 392 
б.]; 
3) 1457 жылы Сығанақ түбіндегі қалмақтармен ұрыс және қалмақтардың әскер саны 
туралы [22, 392-393 бб.]; 
4)  Әбілқайыр  ханның қайтыс болған жылы және нақты жерленген жері туралы [22, 
393 б.]; 
5) Әбілқайыр ханның мұрагері Шейх-Хайдар ханға сипаттамалар; 
6)  Жәнібек  ханның  ұлдарының  бірі  Бұрындық  ханның  (деректе  дәл  осылай  деп 
беріледі – Б.К.) Әбілқайыр ұлдарына қарсы жорығы, оларды жеңіліске ұшыратуы [22, 393 
б.]; 
7)  Шах-Бұтақ  сұлтанның  билікке  келуі  туралы,  оның  тұсында  парсы  тіліндегі 
еңбектерді түрік тіліне аударудың болғандығы туралы мәліметтер. 
«Тарих-и  Кипчакидың»  осы  мәліметтері  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихын 
зерттеуде  «Тарих-и  Рашиди»  мәліметтері  секілді  аса  маңызды    дерек  болмаса  да, 
хандықтың құрылуының соңғы кезеңдерін көрсетуде өзіндік рөлге ие. 
Осылайша,  Қазақ  хандығының  құрылуына    тікелей  қатысты  деректер  тобындағы 
мәліметтерге   қысқаша тоқтала келе, оларды,  әсіресе «Тарих-и Рашиди» мәліметтерін ең 
басты, ең негізгі деректер қатарына жатқызамыз. 
Енді мәселеге жанама  қатысты дерек мәліметтеріне тоқталалық. 
Бұған  дейін  айтып  өткеніміздей,  Қазақ  хандығының  құрылуына  жанама  қатысты 
дерек  мәліметтері  деп,  хандықтың  құрылу  барысын  тікелей  баяндамаса  да,  хандықтың 
құрылу  кезеңінде  Дешті  Қыпшақ  аумағындағы,  Моғолстандағы,  Мауереннахрдағы 
мемлекеттердің ішкі-сыртқы саяси жағдайларын баяндайтын дерек мәліметтерін  атаймыз. 
Бұл топқа жататын деректер көптеп саналады. 
А)  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына  жанама  қатысы  бар    темірлік  дерекке  – 
Муин  ад-дин  Натанзидың  «Мунтахаб  ат-тауарих-и  Муйни»  («Муйнидың  таңдамалы 
туындылары»)  атты  шығармасы  жатады.  Шығарма  –  1409-1414  жылдары  Иранның Фарс 
және  Исфахан  аймақтарын  билеп,  1415  жылы  өлтірілген  Темірдің  немересі,  Омар 
Шайхтың  ұлы  Ескендір  мырзаға  арналған  жалпы  тарих  сипатындағы  еңбек.  Алғашқы 
кезде  В.В.  Бартольд  бұл  шығарманы  шартты  түрде  «Ескендірдің  анонимі»  деп 
атағандықтан,  кейбір  тарихи  зерттеулерде  осы  атау  қолданысқа  түседі.  Кейіннен  В.В. 
Бартольдтің өзі шығарма авторының Муин ад-дин Натанзи екендігін дәлелдеп береді [29, 
481-482  бб.].  Муин  ад-дин  Натанзи  Исфхан  аймағындағы  Натанзи  қаласында  дүниеге 
келген  және Темір  ұрпағы  Ескендірдің  сарайында  қызмет  атқарған [30,  126-127  бб.;  118, 
44  б.].  Шығарма  хронологиялық  тұрғыдан  алғанда  «дүниенің  жаратылғанынан»  Әмір 
Темір  қайтыс  болған  1405  жылға  дейінгі  уақытты  қамтиды  [18,  44  б.].  Деректе  XІІІ-XV 
ғасырлар    аралығындағы  Қазақстан  тарихына  қатысты  құнды  мәліметтер  өте  көп.  Біз 
олардың ішінен өзіміздің мәселемізге қатысты мынадай мәліметтерді атап көрсетеміз: 
1) Деректе Жошы Ұлысының екіге бөлініп, сол қанатқа жататын бөлік Ақ Орда деп, 
ал оң қанатқа жататын биліктің Көк Орда деп аталатындығы туралы айтылады [30, 127 б.]. 
Натанзидың осы мәліметіне байланысты  мамандар арасында талас-тартысты пікірлер бар 
[31,  189-195  бб.;  32,  214-215  бб.;  33,  105-116 бб.].  Натанзи  сол  қанатты тек  Ақ  Орда  деп 
атап қана қоймай, сол жақтағы Ұлытау, Женд, Баршкенд, Қаратал, Сегізағаш (Сенгірағаш) 
деген географиялық атауларды нақты көрсетіп береді [30, 127 б.]. Бұл атаулардың бәрінің 
қазіргі  кездегі  Қазақстан  аумағында  кездесетіндігіне  және  болғандығына  ешкім  қарсы 
келмейді.  Сондай-ақ  Жошы  Ұлысының  сол  қанатқа  бөлінгендігін,  онда  Жошының  үлкен 
ұлы  Орда  Ежен  және  оның  ұрпақтары  билік  құрғандығын  Натанзидан  бір  ғасыр  бұрын 
Рашид  ад-Дин  айтып  кеткен  болатын.  Олай  болса,  Натанзи  жазып  отырған  Жошы 
Ұлысының сол  қанаты Ақ Орда деп аталады деген мәліметтің  ешқандай  қателігі жоқ. Ал 

23 
 
сол  қанат  Ноғай  ұрпақтарына  қарады  деген  Натанзи  мәліметі  шынында  да  күмән 
туғызады. 
2)  Жошы  Ұлысының оң  қанатының,  яғни  Алтын  Орданың  XІV  ғасырдың ортасына 
дейінгі саяси тарихына қатысты мәліметтері өте құнды. Біз ол мәліметтер арқылы Алтын 
Орданың ыдырау дәуірінің алғашқы кезеңдерін біле аламыз. 
3)  Ақ  Орда  хандарының  Сасы  Бұқадан  Тоқтамысқа  дейінгі  билеушілері  туралы 
мәліметтер оған дейінгі басқа ешбір жазба деректе айтылмайды. Сол себепті де біз оның 
бұл мәліметтерін өте құнды мәліметтер қатарына жатқызамыз. Сасыбұқа, Ерзан, Мүбарак-
қожа, Шымтай және Орыс хандар – Қазақ хандарының арғы аталары болып келеді. 
4)  Алтын  Ордадағы  XІV  ғасырдың  соңы  -  XV  ғасырдың    алғашқы  жылдарында 
болған  күрестер  жөніндегі  мәліметтер  де  құнды  боп  есептеледі.  Бұл  деректер  Алтын 
Ордадағы дағдарыстың тереңдеп, ыдыраудың күшейгенін көрсетеді. 
Осылайша  біз,  Муйн  ад-дин  Натанзидің  «Мунтахаб  ат-тауарих-и  Муйни»    атты 
еңбегіндегі мәліметтерге қысқаша тоқтала келе, олардың Қазақ хандығының құрылуының 
тарихи алғышарттарын түсінуде  маңызы жоғары деп есептейміз. 
Ә)  Қазақ  хандарының  шығу-тегін  анықтауда  парсы  тіліндегі  1426-27  жылы 
Хорасандағы  Темір  әулетінің  өкілі  Шахрухтың  тапсырмасымен  жазылған  және  одан 
кейінгі 
жылдары 
жалғастырылған 
«Муизз 
ал-ансаб» 
(«Книга 
прославляющая 
генеологии»)  атты  еңбектің  ролі  ерекше.  Шежіре  еңбектің  нақты  авторы  белгісіз.  Б.А. 
Ахмедовтың пікірінше шежірені жазған Хафиз-и Абру болуы мүмкін [34, 16 б.]. 
Т.И.  Сұлтанов  шығарманың  жазылуы  мен  аталуы  туралы  былай  дейді:  «Кітаптың 
алғы  сөзінде  белгісіз  автордың  мынадай  сөздері  бар»  Хижра  бойынша  830  жылдың  осы 
күндері  (1426/27)  Шахрух-Бахадур-хан...  Шаджара-йи  ансаб-и  салатин-и  могул»  атты 
оның  ата-бабаларының есімдері бар шежіре тарихты  қайта тексеріп, оны кейінгі туылған 
ұрпақтарымен  толықтырып,  құрастыруға  бұйырады.  Өзінің  мазмұнына  сәйкес  қолжазба  
«Муизз  ал-ансаб»  («Книга  прославляющая  генеологии»)  деген  атауға  ие  болды  [35,  111 
б.]. Дерек мәліметтерімен арнайы танысып, зерттеген Т.И. Сұлтанов шежіреде мыңнан аса 
Шыңғысхан  ұрпақтары  мен  Темір  ұрпақтары  туралы  мәліметтердің  жинақталғандығын 
айтады [35, 112 б.]. 
Біз  үшін  бұл  еңбектегі  Жошы  хан  ұрпақтарының  тарқатылуы  мен  соған  қатысты 
мәліметтердің маңызы ерекше болып саналады. Әсіресе, Орыс хан ұрпақтары шежіресінің 
біздің  қарастырып  отырған  мәселемізге  тікелей  қатысы  бар.  Онда  Керей  мен  Жәнібекке 
дейінгі шежіре тарқатылып беріледі [30, 62-63 бб.]. Т.И. Сұлтанов СМИЗО жинағындағы 
(2-том)  қазақ  хандарының  шежіресіне  қатысты  мәселелерде  қателер  мен  кемшіліктердің 
бар екенін ескертіп, оны өзі аударып, оқырманға ұсынады [35, 120-121 бб.]. 
Б)Темірлік  деректер  ішінде  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына  ең  көп 
фактологиялық материалдар беретін шығармаға Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ас-
садайн  ва  маджама  ал-бахрайн»  («Екі  бақытты  жұлдыздың  шыққан  және  екі  теңіздің 
қосылған  жері»)  атты  еңбегі  жатады.  Еңбек  авторының  толық  аты-жөні  –  Камал  ад-Дин 
Абд ар-Раззак Самарканди. 1413 жылы Гератта дүниеге келіп, 1482 жылы туған қаласында 
қайтыс  болған.  Автордың  әкесі  Самарқандық  болғандықтан, ол  Самарканди    деп  аталған 
[30, 190 б.; 36, 212 б.; 18, 77-78 бб.]. Самаркандидің еңбегі екі томнан тұрады, бірінші том 
-1466 жылы, ал екінші том 1470-71 жылы жазылған. Ж.М. Төлебаеваның жазуынша Абд-
ар-Раззак  Самарканди  еңбегінде  көптеген  жазба  деректерде  кездеспейтін  құнды 
мәліметтер айтылады [18, 78 б.] 
Қазақ  хандығы  құрылуының  алғышарттарына  қатысты  ол  шығармада  мынандай 
деректер бар. 
1)Темірдің  Темір-Мәлік  оғланға  қарсы  (Орыс  ханның  ұлы  –  Б.К.)  Тоқтамысты 
қолдануы туралы; 
2)Темірдің 1390-91 жылы Дешті Қыпшаққа жасаған жорығы туралы; 
3) XV ғасырдың бірінші ширегіндегі Алтын Ордадағы ішкі саяси жағдайлар туралы; 
4) 1419/1420 жылы Барақ оғланның (Жәнібек ханның әкесі – Б.К.) Ұлығбекке келіп, 

24 
 
паналауы туралы; 
5)  1422/23  жылы  Барақтың  Кіші  Мұхаммед  ханды  жеңіп,  Алтын  Орда  тағына  ие 
болғандығы туралы [30, 62-63 бб.]; 
6) Барақ ханның Сығанақ аймағы үшін Ұлығбекпен күресі туралы [30, 196-198 бб.]; 
7) 1428/29 жылғы Барақ ханның қаза табуы туралы; 
8)  XV  ғасырдың  екінші  ширегінде  Әбілқайыр  ханның  Темір  әулетімен  қарым-
қатынастары туралы [30, 199-200 бб.]; 
9) Дешті Қыпшақ тұрғындарының «өзбектер» деп аталуы туралы [30, 191-200 бб.]. 
Самарканди  еңбегінің  орыс  тіліндегі  аудармасының  үзінділері  СМИЗО-ның  екінші 
томында  шоғырландырылған  [124].  Сонымен бірге  оның  дерегіндегі  кейбір  мәліметтерді 
шығыстанушы  ғалымдардың  зерттеулерінен  кездестіруге  болады.  Оған  мысалы,  Б.А. 
Ахмедовтың еңбектеріндегі Самаркандидан алынған материалдар жатады. 
Енді сол материалдарға көңіл аударалық. Өйткені олар Қазақ хандығының құрылған 
жылын анықтауда көп жәрдем береді: 
1)  Хорасан  билеушісі  Әбіл  Қасым  Бабырдың  1457  жылы  21  ақпанда  қайтыс  болуы 
және Ала ад-Дауланың ұлы Ибрагим мырзаның 1457 жылы қыркүйекте Хорасан астанасы 
Гератты иеленуі туралы мәліметтер [38, 133-134 бб.]; 
2) Самархан билеушісі Әбу Сайд мырзаның Ибрагим мырзаны жеңіп, 1457 жылдың 
2  қазанында  салтанатты  түрде  Гераттың  солтүстігіндегі  Қыпшақ  қақпасы  арқылы  қалаға 
енуі туралы [38, 134 б.]; 
3) Абд ал-Латиф мырзаның ұлдары – Мұхаммед Жөкі мен Ахмет мырзалардың Балх 
аймағындағы  көтерілістерін  басу  үшін  Әбу  Сайд  мырза  Гераттан  Балхқа  аттанады  да, 
оларды жеңіп, Гератқа қайтып оралмай, Балх аймағында қыстап қалады [38, 134 б.]; 
4)  Ибрагим  мырза  осыны  пайдаланып,  Герат  қаласынан  Әбу  Сайд  мырза  Балхқа 
аттанып кеткенде Хорасан астанасын қайта басып алады [38, 134 б.]; 
5)  Әбілқайыр  ханнан  әскери  көмек  ала-алмаған  Ала-ад-Даула  Хорасанға  қайтып 
оралады  да,  1458  жылдың  23  сәуірінде  баласы  Ибрагимнің  қолдауымен  Герат  тағына 
отырады [38, 134 б.]; 
6)  1458  жылдың  қазанының  ортасында  ол  Қара  Қойлы  әулетінің  билеушісі  Жахан-
шахтан жеңіліс табады. Жахан-шах сол жылы 1 қарашада Гератты иеленеді [38, 136 б.]; 
7)  Азербайжанда  Жахан-шахтың  ұлы  Хұсайн-Али  әкесіне  қарсы  бас  көтерді  және 
Әбу Сайд мырза Мұргабтен өтіп, Жахан-шах әскерін жеңіліске ұшыратады [38, 136 б.]; 
8) Осындай қысылтаяң шақта Жахан-шах Әбу Сайд мырзамен бейбіт келісімге келіп, 
Хорасанды темірлік әулеттің өкіліне қайта береді. Сөйтіп, Әбу Сайд мырза 1458 жылдың 
16 желтоқсанында екінші рет, бұл жолы түпкілікті түрде Гератқа ие болады [38, 136 б.]. 
Міне,  Самаркандидің  осы  мәліметтері  Қазақ  хандығының  құрылған  жылын 
анықтауда  бізге  көп  көмек  бере  алады.  Әбу  Сайд  мырза  Мауереннахрдың  шығыстағы 
шекарасын моғол билеушісі Есенбұға ханнан  қорғау үшін Шираздан оның ағасы Жүністі 
шақыртып,  Моғолстанға  осы  кезде  жібереді.  Керей  мен  Жәнібек  хандардың  Жетісуға 
келуі  мен  Жүністің  Моғолстанға  келуі  бір  мезгілде  болғандықтан,  жоғарыдағы 
мәліметтердің маңызы өте жоғары. Т.И. Сұлтанов Әбу Сайд мырзаның Жүністі Шираздан 
шақыртуы  оның  Гератты  екінші  рет  иеленуінен  кейін  болған  деп  есептейді  де,  соған 
сүйеніп, Керей мен Жәнібек Шу өңіріне 1459-60-шы жылдары көшіп келген деп есептейді  
[35,  133  б.].  Ал  біз,  Жүніс  ханды  Әбу  Сайд  мырза  Гератты  алғаш  иеленген  бойда,  яғни 
1457  жылы  күзде  Шираздан  алдыртып,  Моғолстанға  жіберген  деп  санаймыз.  Осындай 
деректер  бар  Абд  ар-Раззак  Самаркандидің  мәліметтері  Қазақ  хандығының  құрылу 
тарихын зерттеуде ерекше маңызға ие деген қорытынды жасаймыз. 
В) Темірлік деректер тобындағы келесі туындыға Хафиз Абрудың еңбектері жатады. 
Мамандардың  пікірінше  Хафиз  Абру  -  темірлік  әулет  тұсындағы  тарихшылардың  ең 
көрнектісі  болып саналады [36, 215 б.]. Оның толық аты-жөні  – Шихаб ад-дин Абдаллах 
ибн Лутфуллах ибн абд ар-Рашид ал-Харави. Хафиз Абру 1361/62 жылы Гератта дүниеге 
келіп,  алдымен  Әмір  Темірдің,  одан  кейін  оның  ұлы  –  Шахрухтың  қызметінде  болған. 

25 
 
Шығармаларының бәрін Гератта жазған және 1430 жылы дүние салған [30, 139 б.; 36, 212 
б.;  18,  69  б.].  Хафиз  Абру  «Зайл-и  Джами  ат-таварих»  («Жылнамалар  жинағының 
жалғасы»),  «Зайл-и  Зафар-наме-и  Шами»  («Шамидың  Жеңіс  туралы  кітабының 
жалғасы»),  «Маджма  ат-таварих-и  султанийа»  («Сұлтандарға  [арналған]  Жылнамалар 
жинағы»),  «Зубдат  ат-таварих-и  Байсунгури»  («Байсұңқардың  таңдамалы  жылнамасы») 
«Тарих-и Хафиз-и Абру» («Хафих Абрудың тарихы») атты туындылардың авторы [18, 69-
74 бб.]. Оның шығармалары ішінде біздің тақырыбымыз үшін маңыздысы – «Жылнамалар 
жинағының  жалғасы»  атты  еңбегі.  Бұл  еңбек  –  Шахруктың  тапсырмасымен  Рашид  ад-
диннің  еңбегін  Олджайту  хан  мен  Әбу  Сайд  ханға  дейінгі  оқиғаларды  баяндау  үшін 
жазылған.  Шығарманың  Алтын  Орда  тарихына  қатысты  жерлері  орыс  тіліне  аударылған 
[30, 139-143 бб.]. Онда біздің мәселемізге қатысты мынадай мәліметтерді табамыз: 
1) XІV ғасырдың  бірінші ширегіндегі  Алтын Орда мен Хұлагу  әулеті  билеген Иран 
арасындағы саяси қарым-қатынастар туралы; 
2) Алтын Орданың ішкі саяси жағдайы туралы; 
3) Өзбек ханның билікке келуі туралы; 
4) Өзбек ханның жеке басына сипаттама және саясаты туралы. 
Бізге бұл мәліметтер Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары жөнінде 
жалпы ақпараттар береді. 
Г)  Мирхондтың  «Раузат  ас-сафа»  («Сад  чистоты»)  атты  еңбегі  де  темірлік  деректер 
ішіндегі  біз  үшін  маңызды  шығармалар  қатарына  жатады.  Автордың  толық  аты-жөні  – 
Мухаммед  ибн  Сайд  Мухаммед  ибн  Амир  Бурхан  ад-Дин  Хавенд-шах  ибн  Камал  ад-дин 
Махмуд  Балхи.  Тарихта  ол  Мирхонд  есімімен  белгілі.  Мирхонд  1433/34  жылы  туылып, 
өмірінің көп бөлігін Гератта өткізеді. 1488 жылы Гератта қайтыс болады [36, 213 б.; 18, 82 
б.].    Мирхондтың  көлемді  бұл  еңбегі  7  томнан  тұрып,  соңғы  екі  томының  мәліметтері 
оригиналды,  ал  қалған  томдарының  мәліметтері  компилятивті  болып  келеді  [36,  213  б.]. 
Алтыншы том - Әмір Темірдің, оның ұрпақтарының 1447 жылға дейінгі, ал жетінші том – 
Сұлтан Хұсайн мырза Байқараның билігіне және 1523 жылға дейінгі оның ұрпақтарының 
тарихына  арналған  [18,  83  б.].  Соңғы  томды  Мирхондтың  немересі  Хондамир  (1474/75-
1535/36)  аяқтап  шыққан.  «Раузат  ас-сафа»  еңбегіндегі  мынадай  сипаттағы  материалдар 
біздің тақырыбымыз бойынша өте құнды болып саналады: 
1)  XV  ғасырдың  бірінші  ширегіндегі  Барақ  хан  мен  Ұлығбек  мырза  арасындағы 
қарым-қатынастар туралы мәліметтер; 
2)  Әмір  Темір  мен  Орыс  хан  арасындағы  қарым-қатынастарды  көрсететін 
мәліметтер; 
3) 1427 жылғы Ұлығбек мырзаның Дешті Қыпшаққа жорығы жөніндегі мәліметтер; 
4)  XV  ғасырдың    ортасындағы  Мауереннахрдың  ішкі  саяси  өміріне  қатысты 
мәліметтер. 
Бұл  материалдар  арқылы  Қазақ  хандығының  құрылу  қарсаңындағы  Шығыс  Дешті 
Қыпшақ пен Мауереннахрдың ішкі саяси жағдайларын, олардың бір-бірімен саяси қарым-
қатынастарын терең түсінуге мүмкіндіктер аламыз. 
Ғ)  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына  қатысты жанама  деректер  «Хабиб  ас-сияр» 
атты  еңбекте  қездеседі.  Шығарма  авторы  -    Мирхондтың  немересі  Хондамир  1474/75 
жылы  Гератта  дүниеге  келіп,  Хорасандағы  Темірлік  әулетке  қызмет  етеді.  1428  жылы 
Бабырға  (1526-1530)  кетіп,  одан  кейін  оның  ұлы  Хұмайынға  жұмыс  істейді.  Ол  1535/36 
жылы  Делиде  қайтыс  болады  [36,  214  б.;  18,  86-87  бб.].  Хондамирдің  қаламынан  13 
шығарма  туған  [18,  87  б.].  Біз  үшін  олардың  ішінде  1523/24  жылы  жазылған  «Хабиб  ас-
сиар  фи  ахбар-и  афрад  ал-башар»  («Друг  жизнеописаний  в  известиях  об  отдельных 
людях») атты еңбегінің мәліметтері ерекше. 
Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына  қатысты  «Хабиб  ас-сиярда»  мынадай 
сипаттағы мәліметтер кездеседі: 
1) XV  ғасырдың  екінші ширегіндегі  Әбілқайыр ханның  Шығыс Дешті  Қыпшақтағы 
билігі туралы; 

26 
 
2)  Әбілқайыр  ханның  қайтыс  болуынан  кейінгі  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  аумағында 
қалыптасқан саяси жағдайлар туралы; 
3) Шибан әулетіне қарсы күрескен саяси топтар туралы. 
Бұл  мәліметтер  Қазақ  хандығының  құрылу  барысындағы  және  оған  қатысты 
оқиғаларды баяндайтындықтан, олардың маңызы өте жоғары болып саналады. 
Д)  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына  қатысты  жанама  деректері  бар    келесі 
туындыға  «Михман-наме-йи  Бұхара»  («Бұхара  қонағының  жазбалары»)  атты  еңбек 
жатады  [39]. Еңбектің  авторы   Фазлаллах  ал-Амин  ибн  Рузбихан  ал-Хунджи  аш-Ширази 
ал-Исфахани. Ол 1457-1458 жылы Иранның Фарс аймағындағы Хунджи елді-мекенінде ірі 
дінтанушы-    ғалымының  отбасында  дүниеге  келеді.    Жас  кезінде  жақсы  білім  алып, 
білімін  одан  ары  қарай  Араб  елінде  жетілдірген.  Жан-жақты,  әрі  терең  білімінің 
арқасында ол  Қойлы  әулетінің  билеушісі Сұлтан Жақып Байандуридың, Темірлік Сұлтан 
Хұсайн  Байқараның,  одан  кейін  шибанилық  Шайбани  хан  мен  Убайдуллах-ханның 
сарайында  қызметтер  атқарады.  Дерек  авторы  1521  жылы  Бұхара  қаласында  қайтыс 
болаған. 
Ибн  Рузбиханның  діни,  философиялық,  әдеби,  этико-дидактикалық  және  тарихи 
тақырыптарға  арнап  жазған  9  еңбегі  бар.  Солардың  бірі  –  «Михман-наме-и  Бухара». 
Шығарма  1509  жылы  Мұхаммед  Шейбани  ханның  қазақтарға  қарсы  жасаған  үшінші 
жорығы кезінде жазылған. Ибн Рузбехан осы жорық барысында Самарқан билеушілерінің 
жанына еріп жүреді. 
Жалпы алғанда, бұл дерек  - ХV-XVІ ғасырлардағы  қазақ халқы туралы баяндайтын 
ең  құнды  деректердің  бірі,  онда  Шығыс  Дешті  Қыпшақтың  географиялық  сипаттамасы, 
ауа-райы,  табиғаты,  Қазақстан  қалалары,  қазақ  халқының  әдет-ғұрыптары,  наным-
сенімдері,  діні,  қолөнері  мен  үй  кәсіпшілігі,  сауда-саттық  пен  айырбасы,  мал 
шаруашылығы,  қысқы,  жазғы  жайылымдары,  көші-қоны,  оның  бағыттары  туралы 
көптеген мәліметтер кездеседі. Біз өзімізге қатысты мәселе үшін Рузбихан мәліметтерінің 
бір-екеуін  ерекше  атап  өткенді  жөн  көріп  отырмыз.  Біріншісі  –  ХV  ғасырдағы  Шығыс 
Дешті Қыпшақтағы этникалық ахуал мен процесті көрсететін дерек. Онда былай делінеді: 
«Шыңғысхан иеліктеріндегі  өзбектерге  үш тайпаны жатқызады.  Қазіргі кездегі [Олардың 
бірі]  –  шибандықтар,  мәртебелі  хан  бірнеше  атасынан  кейін  олардың  билеушісі  болып 
отыр.  Екіншісі  –  қазақтар,  олар  өздерінің  күшімен  және  ержүректілігімен  барша  әлемге 
аян,  үшіншісі  –  маңғыттар,  астрахандық  хандар  осылардан  болады»  [39,  62  б.].  Қазақ 
халқының шығу-тегі мәселесімен айналысқан мамандар бұл мәліметтен айналып өтпейді. 
Кейбір  зерттеушілер  бұл  мәліметті  тек  атап  қана  өтсе,  ал  кейбір  зерттеушілер  оны  терең 
талдайды.  Біздің  ойымызша,  бұл  мәлімет  қазақ  халқының  қалыптасуының  соңғы 
кезеңіндегі  этнопроцесті  көрсетеді.  Қысқаша  түрде  айтсақ,  монғол  жаулаушылығынан 
кейін  Қазақстан  аумағындағы  этнопроцес  біршама  тежеледі  де,  XІІІ-XV  ғасырларда 
Қазақстан  аумағына  келген  әртүрлі  тайпалардың  қыпшақтануы  процесі  өтеді.  Шамамен 
XІV  ғасырдың  ортасына  таман  бұл  процес  өз  мәресіне  жетіп,  жаңа  этноқауымдастық 
«өзбектер» 
деп 
аталады. 
Әбілқайыр 
хандығы 
тұсында 
«көшпелі 
өзбектер» 
этноқауымдастығы  үш  үлкен  тайпалар  бірлестігінен  тұрып, олардың  бірі  қазақ  этносына 
ұйытқы болады. 
Ибн  Рузбихан      еңбегіндегі  екінші  мәліметке  –  оның  билікті  мұралану  жөніндегі 
мәліметі  жатады  [39,  59-61  бб.].  Бұл  мәліметке  зерттеушілер  көп  назар  аудара  бермейді, 
себебі,  оны  олар  діни  мәселе  деп  түсінетін  болуы  керек.  Біздің  ойымызша,  ол  мәлімет 
сырттай  діни  мәселе  боп  көрінгенімен,  терең  зерделесек,  ол  ХІV-XVІ  ғасырлардағы 
қоғамдық-саяси  өмірде  үлкен  маңызға  ие  болған  күрделі  сұрақтың  қатарына  жатады. 
Оның  түбі  мынада:  егер  атасы  хан  боп  тұрғанда  мұрагер  болып  бекітілген  ұл  қайтыс 
болса, онда атасынан соң билікке  қайтыс болған  ұлдың,  яғни мұрагердің  баласы келе ме, 
әлде  мұрагердің  бауырларының  бірі  келе  ме  деген  сұрақ  жатыр.  Бұл  жағдай  Мұхаммед 
Шайбани  ханның  тікелей  өз  басына  қатысты  болғандықтан,  сол  жылдары  өте  өзекті 
мәселеге  айналды.  Оның  әкесі  Шах-Бұтақ  Әбілқайыр  ханнан  бұрын  қайтыс  болған  еді 

27 
 
және  Шах-Бұтақтың  бауырлары  өте  көп  болатын.  Бұл  жерде  билікті  мұралану  жөнінде 
ескі  дәстүр  –  монғолдық  және  жергілікті  түркілік  (қыпшақтық)  дәстүрлер  бір-біріне 
қайшы келіп тұр. Мұхаммед Шайбани хан монғолдық дәстүрді сақтап қалуды талап етсе, 
жергілікті  дін  басылары  Құран  мен  хадистерге  сүйеніп,  биліктің  әкеден  балаға,  одан 
бауырларға бөлінетіндігін дәлелдеп береді. 
Бұл  мәселе  Қазақ  хандығы  үшін  де  өте  маңызды  еді.  Басқа  дерек  мәліметтері 
алғашқы  қазақ  ханы  Барақ  ханның  ұлы  Жәнібек  емес,  оның  шөбере  туысы,  жолы  үлкен 
Керейдің хан болғандығын дәлелдейді [22, 353 б.]. 
Ибн  Рузбиханның  келесі  бір  өте  маңызды  дерегіне  оның  Шығыс  Дешті  Қыпшақ 
тайпаларының ислам дінін қабылдағаны жөніндегі мәліметі жатады. Онда былай делінеді: 
«Аса  мәртебелі  ханның  ата-бабаларының  ұлылығы  туралы  (Мұхаммед  Шайбани  ханды 
айтып отыр - Б.К.) мәртебелі хан былай деген екен: «Шыңғысханнан кейінгі біздің бесінші 
атамыз исламды  қабылдаған». Сол күні  әр түрлі рулардан тұратын  өзбектер бүкіл Жошы 
ұлысы  исламды  қабылдап,  мұсылман  болған»  [39,  104  б.].  Бұл  мәлімет  бізге  ХІV 
ғасырдың басында-ақ Шығыс Дешті Қыпшақ тайпаларының ортақ рухани кеңістікте өмір 
сүргендігін дәлелдейді. 
Жалпы,  «Михман-наме-йи  Бұхара»  еңбегінің  мәліметтері  туралы  ойымызды 
түйіндей  келе,  ол  тек  қазақ  халқы  жөніндегі  мәліметтермен  ғана  шектелмей,  Қазақ 
хандығының құрылу тарихына қатысты да өте көп құнды жалпылама және нақты сипатта 
деректер береді деп есептейміз. 
Ж)  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихы  үшін  аса  маңызды  деректердің  біріне  – 
«Тарих-и  Абулхайр-хани»  («Әбілқайыр  ханның  тарихы»)  атты  еңбек  жатады.  Еңбектің 
авторы  –  Масуд  ибн  Осман  Кухистани,  оның  туған,  өлген  жылдары  белгісіз.  Автор 
еңбекті  Әбілқайыр ханның немересі, Сүйініш  Қожа ханның ұлы, Самарқанның билеушісі 
Абд  ал-Латифтің  (1540-1552)  билігінің  алғашқы  жылдары  оның  тапсырмасымен  жазған 
[22,  135-140  бб.;  20,  37-39  бб.;  18,  101-104  бб.]. Еңбек  жалпы  тарихи  баяндау  сипатында 
«дүниенің  жаратылғанынан»  XV  ғасырдың  60-шы  жылдарының  аяғына  дейінгі 
оқиғаларды  қамтиды  [18,  121  б.].  Біздің  қарастырып  отырған  тақырыбымыз  бойынша 
Кухистани еңбегінің  мәліметтері негізгі деректер  қатарына жатады. Ондағы мәліметтерді 
былайша топтастырып көрсетеміз: 
1) Әбілқайырдың дүниеге келген жылы туралы; 
2)  XV  ғасырдың  20-шы  жылдарындағы  Маңғыт  Ұлысы  мен  Шибан  Ұлысындағы 
саяси жағдайлар туралы; 
3)  Шибан  Ұлысындағы  талас-тартыстарға  16-17  жасар  Әбілқайырдың  араласуы 
туралы; 
4)  Әбілқайырдың  билікке келуі және оны  қолдаған жергілікті ру-тайпалар, олардың 
көсемдері туралы; 
5)  Әбілқайырдың  Шибан  Ұлысын  біріктіру  жолындағы  күрестері,  жорықтары, 
соғыстары туралы; 
6) Әбілқайыр ханның Сыр бойындағы қалаларды бағындыруы туралы; 
7) Әбілқайыр ханның Мауереннахрдағы темірлік әулеттің істеріне араласуы туралы; 
8)  1457  жылғы  Сығанақ  түбіндегі  Әбілқайыр  ханның  қалмақ  тайшысы  Үзтемірмен 
шайқаста жеңілісі және оның салдары туралы; 
9) Әбілқайыр ханның нақты қайтыс болған жылы туралы [22, 140-171 бб.]. 
Еңбекте  Әбілқайырдың  жеке  басы  мен  оның  билігінен  басқа  этникалық  сипаттағы 
деректер  өте  көп  кездеседі.  Мысалы,  1428/1429  жылы  Әбілқайырды  хан  көтерген  ру-
тайпалар атауларының  берілуі, сондай-ақ оның әрбір жорығына  қатынасқан тұлғалардың 
өз  ру-тайпа  атауларымен  көрсетілуі  –  XV  ғасырдағы  Шығыс  Дешті  Қыпшақтың  саяси 
жағдайымен  қатар,  этникалық  жағдайын  да  көрсетеді.  Сол  себепті  де  Кухистанидың  бұл 
еңбегіндегі  мәліметтерді  біз,  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына  қатысты  негізгі 
деректер қатарына жатқызып, олардың маңызы өте жоғары деп бағалаймыз. 
З)  Мауереннахрдағы  Шайбанилық  әулет  билігінің  соңғы  жылдары  жазылған 

28 
 
«Маджму  ат-тауарих»  атты  еңбектің  мәліметтері  де  біздің  тақырыбымыз  үшін  маңызды 
болып  саналады.  Шығарманың  негізгі  бөлігі  Ферғана  өңірінің  молдасы  Сайф  ад-дин 
Ахсикенди  жазып,  ол  қайтыс  болғаннан  кейін  ұлы  Нұрмұхаммед  (Наурыз  Мұхаммед) 
1591/92 жылы аяқтап бітірген [40, 200 б.]. Еңбектің мазмұнымен алғаш рет танысқан В.В. 
Бартольд:  «Кітап  негізінен  Касан  (Ферғана  аймағы)  қаласындағы  шейхтардың  тарихын 
баяндайды,  шейхтардың  өмірі  фантастикалық  тұрғыда  көрсетілген,  сол  себепті  кітаптың 
ешқандай  тарихи  маңызы  жоқ»,-  деп  жазған  болатын.  [41,  308  б.].  В.В.  Бартольдтың 
осындай  пікірінен  кейін  бірнеше  ондаған  жылдар  бойы  бұл  шығарма  мамандардың 
назарынан  тыс  қалып  келді.  Тек  А.Б.  Тагирджановтың  зерттеуінен  кейін  ғана    «Маджму 
ат-тауарихқа»  зерттеушілер  көңіл  аудара  бастады  [28.].  Т.И.  Сұлтанов  бұл  еңбектегі 
этникалық материалдарды өз зерттеуінде жақсы пайдаланады [43, 26-51 бб.]. 
Бұл  шығармадағы  біз  үшін  ең  құнды  мәліметке  –  «92  көшпелі  өзбек»  тайпалары 
атауының кездесуі жатады [22, 210-213 бб.]. 
Т.И.  Сұлтановтың  пікірінше  «Маджму  ат-тауарихтағы»  92  тайпаның  атауы  осы 
күнге дейінгі белгілі 92 тайпа атауының нұсқалары ішіндегі ең көнесі болып саналады [43, 
45  б.].  «Маджму  ат-тауарих»  және  басқа  да  кейінгі  кезеңдерде  жазылған  92  тайпа  атауы 
кездесетін  деректерді  терең  зерттеген  Т.И.  Сұлтанов  тізімде  тайпалар  атауын  мынадай 
принциптерге сай берілгендігін аңғарған: 
1)  Бір  саяси  құрылымда  немесе  шығуы  жағынан  туыс  келетін  тайпалар  тізімде 
топтасып берілген; 
2)  Тізімдегі  ру-тайпалардың  номерлік  реттік  саны  олардың  сол  аймақтағы  әскери-
саяси өмірде алатын орнын көрсетеді; 
3) Тізімде ру-тайпалар атауы аталуының ұқсастығына қарай берілген [43, 51 б.]. 
Шығарманың  жазылған  уақыты  XVІ  ғасырдың  соңы  болса  да,  ол  XІV  ғасырдың 
соңы  –  XVІ  ғасырдың  басындағы  тарихи  оқиғаларды  баяндаған  [43,  45  б.].  Соған 
қарағанда,  92  тайпа  атауы  да  осы  ғасырлардағы,  әсіресе  Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы 
этникалық  жағдайды  көрсетеді.  Біз  бұл  деректегі  мәліметтен  Қазақ  хандығының  құрылу 
қарсаңы мен құрылу барысындағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында қандай тайпалардың 
жетекші  рольдер  атқаратындығын,  қандай  тайпалардың  Қазақ  хандығының  этникалық 
негізін  құрағандығын  біле  аламыз.  «Маджму  ат-тауарихтың»  мәліметтері  бізге  осы 
жағынан аса құнды болып саналады. 
Е)  Хорезмде  немесе  Хиуада  XVІ  ғасырдың  басында  (1512)  Шибан  әулетінің  басқа 
бір тармағы билікке келіп, XVІІ ғасырдың соңына дейін билікте болады [44, 435-457 бб.]. 
Осы әулеттің өкілі, 1644-1663/64 жылдары билік құрған Әбілғазы Бахадур хан (1603-1664) 
«Шаджара-йи  тюрк»  («Түрік  шежіресі»)  атты  еңбек  қалдырған.  Еңбек  XVІІІ  ғасырдың 
бірінші  ширегінде  ғылымға  белгіл  болып,  көп  ұзамай  Европаның  бірнеше  тілдеріне 
аударылды.  Еңбектің  ғылыми  құндылығының  күштілігі  сондай,  ол  бірнеше  рет  қайта 
басылады  [20,  72-73  бб.].  Қазақ  тілінде  бұл  еңбек  1992  жылы  филология  ғылымдарының 
докторы  Б.Әбілқасымовтың  аударуымен  Алматы  қаласында  жарық  көреді  [45].  Біз 
қарастырып  отырған  мәселеге  қатысты  Әбілғазы  еңбегінде  өте  құнды  мәліметтер 
кездеседі.  XV  ғасырға  дейінгі  мәліметтердің  бір  бөлігі  компилятивті  сипатта  болса,  ал 
кейбір  мәліметтер  оған  дейінгі  ешбір  деректерде  ұшыраспайды.  Сол  себепті  де  біз 
компилятивті    деректерге  назар  аудармай,  деректің  сирек  кездесетін  мәліметтеріне  шолу 
жасаймыз. 
1)  Жошының  бесінші  ұлы  Шибан  әулетінің  Тұранда,  Қырымда,  Мауереннахрда, 
Дешті Қыпшақта билік құрғаны туралы мәліметтер жүйеленіп беріледі. Қазақ хандарының 
шежіресі осы жерде айтылады [45, 116-121 бб.]. 
2)  Иадгар  хан  мен  оның  ұлы  Бүрге  (  Бүреке)  сұлтанға  қатысты  деректерден  XV 
ғасырдың  ортасындағы  Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы  саяси  жағдайларды  түсінуге 
мүмкіндіктер аламыз. 
3)  Мұса  би,  Қожа  мырза  және    Ғази  би  арасындағы  талас-тартыстар,    Ғазидың 
Әбілқайыр  хан  жағында,  Мұсаның  Иадгар  хан  жағында  болуы  туралы  мәліметтер  XV 

29 
 
ғасырдың орта  тұсындағы,  яғни  Қазақ  хандығының  құрылу  қарсаңындағы  Шығыс  Дешті 
Қыпшақтың саяси өмірін көрсетеді. 
4)  Деректе  XV  ғасырдың  50-60  жж.  Мауереннахр  мен  Хорасанда  билік  құрып 
отырған  Темір  әулеті  арасындағы  талас-тартыстар  туралы  мәліметтер  өте  жақсы 
баяндалады. 
5) Орыс хан мен Тоқтамыс хандар арасындағы күрестер туралы. 
Бұл  мәліметтер    Қазақ  хандығының  құрылу  қарсаңындағы  Дешті  Қыпшақтың  ішкі 
және сыртқы саяси жағдайларын  түсінуге көп жәрдемін тигізеді. 
И) Хорезмдегі шайбанилық әулеттің билігі тұсында жазылған  «Шыңғыс-наме» атты 
шығармада    Қазақ  хандығының  құрылу  тарихын  түсінуге  жәрдем  беретін  мәліметтер 
кездеседі. Шығарма авторы  Өтеміс  қажы ибн Маулен Мұхаммед Дости, ол  – шибанилық 
Илбарыс  ханның  сарайында  хатшы  қызметін  атқарған.  Шығарма  XVІ  ғасырдың 
ортасында  тарихи  аңыз-әңгімелер  негізінде  жазылған  [46].  Дерек  XІІІ-XІV  ғасырдың 
соңына  дейінгі  Алтын  Орда  тарихындағы  оқиғаларды  қамтиды.  Біз  одан  қарастырып 
отырған мәселемізге қатысты мынадай сипаттағы мәселелерді кездестіреміз: 
1)  Жошы  Ұлысы  құрамындағы  кіші  ұлыстардың  пайда  болу  тарихы  (деректе  Ақ 
Орда, Көк Орда және Боз Ордалардың шығуы жөнінде тарихи аңыз айтылады) [46, 92 б.]; 
2) Берке ханның мұсылмандығы туралы [46, 76 б.]; 
3) Өзбек хан және оның исламды қалай қабылдағаны туралы [46, 105-107 бб.]; 
4)  Алтын  Ордадағы  XІV  ғасырдың    ортасында  басталған  «дүрбелең  кезеңнің» 
алғашқы жылдары  және сол кезде болған оқиғалар туралы. 
Жалпы  бұл  мәліметтер  Қазақ  хандығының  құрылуын  нақты  көрсетпесе  де,  оның 
алғышарттарын ашуға көп жәрдем береді. 
З) Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеуде Захир ад-дин Мухаммед Бабырдың 
тарихи-әдеби, мемуарлық сипатта жазған «Бабыр-нама»  еңбегінің ролі зор. Онда 1493/94-
1528/29  жылдары  Орта  Азияда,  Ауғанстанда  және  Солтүстік  Үнді  жерінде  болған  саяси 
оқиғалар  әр  жылдар  бойынша  баяндалады.  «Бабыр-нама»  ғылыми  ортаға  XІХ  ғасырдың  
басынан бері белгілі болып, ол ағылшын, неміс, француз, орыс тілдеріне аударылған [20, 
150-155  бб.].  Қазақ  тілінде  «Бабыр-нама»  екі  рет  басылып  шығады  [47-48].  Мұның  өзі 
«Бабыр-наменың» қазақ тарихындағы алатын орнын көрсетсе керек. 
Ал енді өзіміз қарастырып отырған мәселе бойынша біз «Бабыр-наманың» мынадай 
мәліметтеріне ерекше назар аударамыз. 
1)  XV  ғасырдағы  Әмір  Темірдің  Мауереннахрда  билік  құрған  ұрпақтарының 
шежіресі туралы мәліметтеріне; 
2) Қазақ хандығының құрылуы барысында белгілі бір дәрежеде роль атқарған моғол 
ханы Уәйістің ұлдары: Есенбұға хан мен Жүніс хандар туралы мәліметтерге; 
3)  XV  ғасырдың  30-50  жылдарындағы  Мауереннахр  мен  Моғолстан  билеушілері 
арасында  болған  қарым-қатынастар  туралы,  әсіресе  Есенбұға  ханның  Мауереннахрға 
жасаған  жорықтары  мен  Әбу  Сайд  мырзаның  оған  қарсы  жасаған  әрекеттер  туралы 
мәліметтерге; 
4) Әбу Сайдтың Жүністі Ирак жақтан шақыртып, інісіне қарсы жіберуі; 
5)  Жүніс  ханның  Моғолстандағы  билікті  алу  үшін  жүргізген  күрестері  туралы 
мәліметтердің  Қазақ  хандығының  құрылу  барысын  зерттеуде  тигізер  нақты  және  жанама 
маңыздары бар [48, 26-31 бб.; 39 б; 47 б.]. 
Ж)  Хорезмдегі  қоңырат  әулетінің  билігі  тұсында  (1804-1920)  жазылған  тарихи 
шығармалар  ішінде  біздің  мәселемізге  қатысты  «Фирдаус  ал-икбал»  («Райский  сад 
благоденствия») атты еңбектің мәліметтері негізгі роль атқармаса да, өзіндік орын алады. 
Еңбекте  Хорезмнің  тарихы  ежелгі  замандардан  қоңыраттық  әулеттің  үшінші  өкілі  – 
Аллақұлы  ханның  (1825/26-1842)  билігінің  басына  дейінгі  аралықты  қамтиды. 
Шығарманы  екі  автор  –  Шермухаммед  Мунис  (1778-1828/29)  пен  Мухаммед  Риза  Агахи 
(1809-1864)  жазған.  Бірінші  автор  1812  жылға  дейінгі  тарихты  жазса,  екінші  автор 
Аллақұлы ханның тапсырмасымен 1839 жылы аяқтап шыққан [20, 120 б.; 22, 431-435 бб.]. 

30 
 
В.П.  Юдин  еңбектің  бірінші  бөлімінің  компилятивті  екендігін,  авторлар  өздеріне  дейінгі 
деректердің,  әсіресе  Әбілғазының  мәліметтерін  пайдаланғандығын  атап  өтеді  де,  XVІІІ 
ғасырдағы  тарихты  баяндаудың  оригиналды  сипатта  екендігіне  ерекше  назар  аударады 
[22, 433 б.]. 
Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына  қатысты  мәліметтер  де  Әбілғазының  «Түрік 
шежіресінен»  алынған  [44,  436  б.].  Бірақ  онда  кейбір  оқиғалардың  болған  уақыты  нақты 
көрсетіледі.  Біз  сол  анықталған  оқиғалар  арқылы  жалпы  Қазақ  хандығының  құрылу 
қарсаңындағы оқиғалар тізбегін анықтай аламыз. Мысалы, «Фирдаус ал-икбалдағы» «862 
(19.  XІ.  1457-  10.Х.  1958)  жылы  Мұса  би  мен Буреке  сұлтанның  қолдауымен  Иадгар  хан 
өзбектердің  көп  бөлігінің  билеушісі  болды»,-  деген  мәлімет  көп  жағдайлардың  бетін 
ашуға  көмектеседі  [44,  436  б.].  Сол  кездегі  оқиғалар  тізбегіне  назар  салсақ,  1457  жылғы 
Сығанақ түбіндегі  Әбілқайырдың қалмақтардан жеңілісінен кейін «көшпелі  өзбектерден» 
тек Керей мен Жәнібек бастаған тайпалар ғана емес, шибанилық әулеттің өкілі Иадгар да 
Әбілқайыр  ханның  билігіне  бағынбай,  өз  ұлысында  дербес  хан  болып  сайланған.  Міне, 
осындай  мәліметтері  бар  «Фирдаус  ал-икбал»  дерегін  біз,  Қазақ  хандығының  құрылуын 
зерттеуде өзіндік маңызы бар деректер қатарына жатқызамыз. 
К)  Қазақ    хандығының  құрылу  тарихына  қатысты  жанама  мәліметтері  бар  келесі 
шығарма  авторы  -  Қадырғали  Қосымұлы  Жалайыр.  Ол    XVІІ  ғасырдың    алғашқы  он 
жылдығында 
орыс 
еліндегі 
Қасым 
хандығында 
хан 
болған 
қазақ 
сұлтаны 
Оразмұхаммедтің  кеңесшісі  қызметін  атқарған.  1600  жылы  Оразмұхаммедті  орыс 
патшасы  Борис  Годунов  Қасым  хандығына  хан  етіп  тағайындағаннан  кейін,  Қадырғали 
Жалайыр аталмыш еңбегін жазуға кірісіп, оны 1602 жылы аяқтап шығады. 
Шығарманы зерттеген ғалымдар мен олардың еңбектері өте көп. Біз олардың бәріне 
тоқталып жатпай, тек бірнешеуін ғана атап өтеміз. Олардың қатарына И.Н. Березин, М.А. 
Усманов,  Р.  Сыздықова,  М.  Қойгелдиев,  Б.Көмеков,  Н.  Мингулов,  С.  Өтениязов,  Ә. 
Дербісәлиев  және  т.б.  жатады.  Біз  бұл  жерде  шығарма  көне  қазақ,  ескі  татар,  шағатай 
тілдерінде  жазылған  деген  пікірлерді  талдауға  бармай,  бәріне  ортақ  түрік  тілі  деген 
атауды  қолданып  отырмыз.  Біз  үшін  бұл  жерде  ең  бастысы  –  шығармадағы  Қазақ 
хандығының  құрылу  тарихына  қатысты  мәліметтерге  қысқаша  шолу  жасап,  сипаттама 
беру жатады. Төменде сол мәселеге назар аударалық. 
«Жылнамалар жинағының» Орыс хан туралы дастанына дейінгі көп бөлігі Рашид ад-
динның «Жамих ат-тауарих» атты кітабының түрікше  қысқартылған түрі. Сол себепті де 
ол  мәліметтер-компилятивті  сипатта.  Біз  үшін  ең  маңыздысы  соңғы  тоғыз  дастанның 
мәліметтері  болып  саналады.  Біз  ол  дастандардан  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына 
қатысты мынадай мәліметтерді кездестіреміз. 
1)  Орыс  хан,  Құйыршақ  хан,  Барақ  хандар  туралы,  Жәнібек  ханның  "кіші  Жәнібек 
хан"  деп  аталатындығы  туралы  және  XІV  -XV  ғасырларда  Дешті  Қыпшақта  болған 
оқиғалар туралы жалпы мәліметтер [49, 112-114 бб.]; 
2)  Едіге  және  оның  ұрпақтары:  Мансур,  Қази,  Наурыз,  Нұраддин;  Афас,  Оқас, 
Хорезми, Мұса, Жаңбыршы билерге қатысты мәліметтер [49, 117-1119 бб.]; 
3) Сібір хандарына қатысты мәліметтер [49, 119 б.]; 
4)  Шайбанилық  Әбілқайыр  хан  мен  Иадгар  ханға  қатысты  мәліметтер  [49,  120-121 
бб.]; 
5) Жәнібек хан және оның ұрпақтарына қатысты мәліметтер [49, 121-123 бб.]. 
Қадырғали Жалайыр еңбегінде  Қазақ  хандығының құрылуы туралы нақты деректер 
айтылмаса да, жоғарыда атап өткен мәліметтер тобы жалпылама немесе жанама сипаттағы 
деректерге  жатады.  Ол  мәліметтер  арқылы  біз  Алтын  Орданың  ыдырау  процесін,  одан 
бөлініп шыққан хандықтардың бір-бірімен күресін, әр аймақтағы әулеттердің шығу-тегін, 
бір-біріне  туыстығын  біле  аламыз.  Бұлардың бәрі  Қазақ  хандығының  құрылуының  саяси 
алғышарттарын терең түсінуге және зерттеуге мол мүмкіндіктер береді. 
Осылайша,  Қазақ    хандығының  құрылу  тарихына  қатысты  жазба    деректер 
тобындағы мәліметтерге шолу жасай келе, мынадай ортақ тұжырымға келеміз. 

31 
 
Жалпы  алғанда,  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихын  зерттеуде  жазба  дерек 
мәліметтерінің  маңызы  ерекше  зор    және  олар  бұл  мәселеде  негізгі  роль  атқарады. 
Олардағы  мәселеге  тікелей  қатысты  және  жанама  қатысты  мәліметтер  бір-бірін 
толықтырып,  байытып,  тақырыпты  терең  зерттеуге,  сол  тұстағы  тарихи  үдерістерді  кең 
тұрғыда қарастыруға  мол мүмкіндіктер береді. 
 
 
Әдебиеттер:
 
 
 
 1.Ахмедов  Б.А.  Амир  Темур:  Жизнь  и  общественно-политическая  деятельность./ 
Б.А.Ахмедов,  Р.Г.Мукминова, Г.А. Пугащенкова. – Ташкент, 1999. – 246 с.:
 2000 экз.: ISBN 
5-7242-2443-1 (в пер.).
 
2.Ахмедов Б.А. Историко-географическая литература Средней Азии. – Ташкент, 1997. – 
462  с.:
 1000 экз.: ISBN 5-3241 -8437-2 (в пер.).
 
3.Ахмедов  Б.А.  Государство  кочевых  узбеков.  –  М.,  1965.  –  459  с.:  (Письменные 
памятники)  –Ташкент,  1985.-  328  с.:
  ил.;  25  см.  –    Библиогр.:  с.  327–328.;    5000  экз.:  ISBN  5-
1120-4043-1 (в пер.).
 
4..Бабырнама /Қазақша  сөйлеткен Байұзақ Қожабекұлы.  – Алматы: Ататек, 1993. - 448 
б. 60х90.; ISBN 9965-9219-0-3: 5000 дана.
     
5.Бартольд В.В. Определенные «Анонима Искандера» Т.8. – Москва, 1973. - 481 с.
 
6.Бартольд  В.В.  Хайдер-мирза:  Сочинения.  –  Москва,  1973.  -    556  с.;  22  см.  –  
Библиогр.: с. 550-555.; 10000 экз.: ISBN 5-6312-4551-2 (в пер.).  
7.Бартольд В.В. Соч. ІV. – Москва, 1966.
  –
 
550 с.:
 
22 см. – Библиогр.: с. 530–540.; 20000 
экз.; ISBN 5-7975-0223-2. 
8.Валиханов Ч.Ч. Из «Тарих-и-Рашиди»: Собрание сочинаний. Т.4.– Алма-Ата, 1985. - 
453 с
.; 21 см. – Библиогр.: с. 452-453.; 10000 экз.:  ISBN 5-7173-2891-1. 
 
  9.Вельяминов-Зернов В.В. Исследование о Касымовских царях и царевичах. Ч.2.– СПб., 1864 . – 
662 с.;
 
; 22 см. – Библиогр.: с. 661-662.; 5000 экз.: ISBN 5-3252-8811-6 (в пер.).  
10.Дербісәлиев  Ә.  Қазақ  даласының  жұлдыздары:  Тарихи-филологиялық  зерттеу 
/Арнаулы  ред. және  кіріспе  сөзін  жазған  Ө.  Жәнібеков. 
  -  Алматы:  Рауан,  1995.  –  230  б.; 
ISBN 5-625-02750-1 
11.Дербісәлиев 
Ә. 
Мұхаммед 
Хайдар 
Дулати: 
Өмірбаяндық-библиографиялық 
анықтамалық. –Алматы, 1999. – 160 б.; 1000 экз.: ISBN 5-7242-7781-4.  
  12.Истории  Ирана  с  древ.  времен  до  конца  ХVIII века.  /  Пигулевская  Н.В.,  Якубовский 
А.Ю., Петрушевский И.П., Строева Л.В., Беленицкий А.М. – Л., 1958. – 505 с. 
  13.
История Казахстана с древнейших времен до наших дней. В 5-ти томах. Т.2. 
 
/ НАН РК, Ин-т 
истории  и  этнологии  им.  Ч.  Валиханова,  Ин-т  археологии  им.  А.Х.  Маргулана;  Ред.  кол.  М.Х. 
Асылбеков и др. - Алматы: Атамура, 1996. – 556 с.: ISBN 5-7667-2980-4.
 
17.Кәрібаев  Б.  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихына  кейбір  деректердегі  ақаулар  және 
оларды дұрыс түсіндіру мәселесі // Вестник АГИ.  -1998.-№1.- с.8-9. 
18.Кляшторный  С.Г.,  Султанов  Т.И.  Казахстан:  Летопись  трехтысячилетий.  –  Алматы, 
1992. – 550 с
.: 22 см. –Библиогр.: с. 530–540.; 10000 экз.: ISBN 5-7244-06554-1 (в пер.).
   
 
19.Кляшторный  С.Г.,  Султанов  Т.И.  Государство  и  народы  Евразийских  степей. 
Древность  и  сердневековье.  –  2-е  изд.,  исп.  и  доп..  –  СПб.,  2004.-  428  с.:
 
25  см.  –  
Библиогр.: с. 427-428.; 2000 экз.: ISBN 5-7114-5442-5.   
20. Маджму ат –таварих: Материалы по истории киргизов и Киргизии. Вып.1 - М., 1973. 
– 120 с.: 22 см. – Библиогр.: с. 90-110.; 3000 экз.: ISBN 5-7975-0223-2 
  
  
 
21. Марғұлан Ә. Мұхаммед Хайдар (Дулати). // Білім және еңбек. -1963. -№ 7. – 3-6 б. 
22.  Марғұлан  Ә.   Мұхаммед  Хайдар  Дулати  -  қазақтың  тұңғыш  тарихшысы.  //  Әдебиет 
және искусство.  – Алматы, 1941. - №4. – 5-6 б. 
23.Масанов  Э.А.  Мухаммед  Хайдар,  Доглат  Мырза  Хайдар.  //  Советская  историческая 
энциклопедия. Т.3 – Москва, 1966. – С.84-89.  – Библиогр.: с. 105–106.  

32 
 
24.Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков (Извлечения из персидских 
и  тюркских  сочинений)./Сост.:  С.К.Ибрагимов,  Н.Н.  Мингулов,  К.А.Пищулина,  В.П. 
Юдин. – Алма-Ата, 1969. – 652 с.
 
25.Мингулов  Н.  Мухаммед  Хайдар  Дулати.  //  Великие  ученые  Средней  Азии  и 
Казахстана.    (VІІІ-  ХІXвв.)  –  Алма-Ата,  1965.-  544  с.: 
ил.;  25  см.  –  Библиогр.:  с.  542-544  – 
Предм. указ.: с. 540-541.; 30000 экз.: ISBN 5-85201-2308-1.
  
26.Мукминова Р.Г. О некоторых источниках по истории Узбекистана начала XYІ в. Вып 
3.// Труды института Востоковедения АН УзССР.–Ташкент, 1954. - 256 с.
 
27.Мырза  Мухаммед  Хайдар.  Тарих-и  Рашиди  /Введ.  перевод  с  персидского.  А. 
Урунбаева,  Р.П.  Джалиловой,  Л.М.  Епифановой.  –  Ташкент,  1996.  -  728  с.
 
ил.  ;  25  см.  –     
Библиогр.: с. 722–726.; 30000 экз.: ISBN 5-11255-144-5.  
28.Мырза  Мұхаммед  Хайдар.  Тарих-и  Рашиди  /Введ.  пер.  с  перс.  А.  Урунбаева,  Р.П. 
Джалиловой,  Л.М.  Епифановой;  Примеч.  и  указат.    Р.П.  Джалиловой,  Л.М.  Епифановой. 
Предисл. ко 2-му изд. М.К. Козыбаева, К.А. Пищулиной. – Алматы, 1999.
 
– 413 с.: ил.; 25 
см. – Библиогр.: с. 410-413.; 3000 экз.: ISBN 5-93208-043-4. 
29.Мұхаммед  Хайдар  Дулати.  Тарих-и  Рашиди.  (Хақ  жолындағылар  тарихы) [Мәтін]  / 
М.Х.  Дулати.-  Алматы:  М.Х.Дулати  қоғамдық  қоры,  2003.-  616  б.:  60х90.;  ISBN  9965-
9219-0-3: 5000 дана.
 
30.Прошлое  Казахстана  в  источниках    и  материалах.  Сборник  1.  (V  в.  до.н.э.    -XVІІІ 
в.н.э.) – Л-М., 1935. – 332 с.; 28 см. – Библиогр.: с. 530–540.; 50000 экз.: ISBN 5-7975-0223-
2 (в пер.).   
 31.Сборник  материалов,  относящихся  к  истории  Золотой  Орды.    Т.II.  /Извлечения  из 
персидских сочинений./Собр. В. Тизенгаузеном и обр. А.А.Ромаскевичем и С.Л.Волиным. 
– М.-Л., 1941. – 308 с. 
 32.  Семенов  А.А.  Первые  шайбаниды  и  борьба  за  Мауереннахр.    //  МИТУСА.  Вып.  I. 
ТИИАЭ АН Тадж.ССР.  – Столинабад, 1954. –- С. 109-150. 
 33.  Стори  Ч.А.  Персидская  литература.  Библиографический  обзор  в  3-х  частях  Ч.  ІІ./ 
Пер., перераб. и доп. Брегеля Ю.Э. – Москва, 1972. - 461 с.: ил. ; 25 см. – Библиогр.: с. 461-
461.; 15000 экз.: ISBN 5-7320-3043-5.  
   34.  Стэнли  Лень-Пуль.  Мусульманские  династии.  –  СПб.,  1889.  –  184  с.:  ил.;  25  см.  –  
Библиогр.: с. 183-184. – 5000 экз. 
 35.Султанов Т.М. Кочевые племена Приаралья в ХV-ХVІІ вв. – М., 1982. – 364 с.:
 
22 см. 
– Библиогр.: с. 362-364.; 1000 экз.: ISBN 5-7274-0111-3 (в пер.).    
 36.
Султанов  Т.И.  Поднятые  на  белой  кошме.  Потомки  Чингиз-хана.  –  Алматы,  2001.  
- 256 c.: ISBN 9965-9522-8-0.
 
 37.Таварих-и  гузида-йи  нусрат-наме./Исслед.,  крит.  текст,  аннотир.  огл.  и  табл.  свод. 
огл. к филол. наукам А.М.Акрамова. – Ташкент, 1967. – 522 с. 
 38.Тагирджанов А.Б. Описание таджикских и персидских рукописей Восточного отдела 
библотеки АГУ. т.I: История, биография, география. – Ленинград, 1962. - 341 с.
 
 39.Тарих-и  Рашиди.  Материалы  по  истории  Казахских  ханств  XV-XVIII  веков 
(Извлечения  из  персидских  и  тюркских  сочинений)  /Сост.:  С.К.Ибрагимов,  Н.Н. 
Мингулов, К.А.Пищулина, В.П. Юдин. – Алма-Ата, 1969. – 652 с.:
 
ил.; 25 см. – Библиогр.: с. 
622–626. – Предм. указ.: с. 627–630.; 20000 экз.: ISBN 5-63501-043-4 (в пер.). 
40.Тулебаева  Ж.М.  Персоязычные  источники  по  истории  казахов  и  Казахстана  ХІІІ-
ХІХвв.  –Астана, 2006.  – 280 с.:
 
ил. ; 25 см.  – Библиогр.: с.  279–280.; 10000 экз.: ISBN 5-
9308-0231-4 (в пер.).     
 41.Фазлаллах  ибн  Рузбихан  Исфахани.  Михман-наме-йи  Бұхара.  (Записки  Бухарского 
гостя)/ Пер., предисл. и прим. Р.П. Джалиловой; Под ред. А.К. Арендса. – Москва, 1976. – 
356 с. 
 

33 
 
ӘОЖ 950 (574.54) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет