Issn 1607-2782 Республикалық


ҚАЗАҚ  ХАНДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#9918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ҚАЗАҚ
 ХАНДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ 
 
Н.А.КАРГОПОЛЬЦЕВА, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Орынбор 
мемлекеттік университеті Ресей Федерациясы,  
О.Б.БЕРМАХАНОВ,
  философия ғылымдарының кандидаты 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы 
 
Аңдатпа
 
Қазақ  халқы  хандық  формасындағы  мемлекеттік  басқару  жүйесі  бар  дербес  ел 
ретінде мыңдаған жылдар тарих қойнауында пісіп-жетілді. Сақ, Ғұн, Көк түріктер, Дешті-
қыпшақ, Алтын орда, Ақ орда дәуірлері қазақ халқы және мемлекеттілігінің тарихи пісіп-
жетілу  процесінің  метаморфозалары,  тарихи  ішкі  мүмкіндіктері,  бастаулары.  Қазақ 
халқының  мемлекеттілігі  аталған  тарихи  мүмкіндік  сатыларынан  өтіп,  толық  кемеліне 
келген пішінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев нұсқаған ХV ғасырдың орта шенінен бастап 
адамзат  кеңістігі  мен  уақытында   қазақ  болмысының  нағыз  шындығы  ретінде  өмір  сүре 
бастады. 
Кілт  сөздер:
  Қазақ  хандығы, мемлекеттік басқару, дәуірлер, процесс, метаморфоза, 
адамзат кеңістігі, қазақ болмысы. 
 
Аннотация
 
Ханская  форма  государственности  казахского  народа  как  система  правления 
независимой  страны  назревала  в  лоне  истории  тысячелетиями.  Эпохи  Саков,  Гуннов, 
Дешт-Кипчак,  Алтын  орда  и  Ак  орда  и  есть  внутренние    исторические  возможности,  
истоки,  исторические  метаморфозы  процесса  созревания    казахского  народа  и  его 
государственности.  Как  сказал  наш  Президент  Н.А.Назарбаев,  что  государственность 
казахского  народа  успешно  преодолев  данные  этапы  исторических  возможностей, 
действительно  начал  существовать  с  середины  ХV  века  в  пространстве  и  времени 
человечества как реальность казахского бытия. 
Ключевые  слова:
  Казахское  ханство,  государственное  правление,  век,  процесс, 
метаморфоза, человеческое пространство, казахское бытие. 
 
Annotation 
       The Kazakh people Khanate as the independent country which has its own governing system 
had  been  originated  in  the  heart  of  the  history  for thousands  years.  The  Saks,  the  Ghunns,  the 
Kok Turks, the Desht-i-Kipchaks, the Altyn Orda, the AkOrda periods are the metamorphosers, 
inner historical possibilities and the beginning of the historical process of the Kazakh people and 
Statehood. 
The  Kazakh  people  statehood  passed  those  periods  of  historical  possibility  and  from  the 
middle  of  15th  century  in  the  form  of  full  flourishing,  as  it  was  menthioned  by  the  President 
N.A.Nazarbaev, began to survive as the real truth of the Kazakh being in the space of humanity 
and time. 
Key  words:  Kazakh  khanate,  state  rule,  century,  process,  metamorphosis,  human  space, 
Kazakh life. 
 
Қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы бірнеше мыңжылдықтарға 
созылып,  XV  ғасыр  ортасында  ұлттық  сипатқа  ие  болған  Қазақ  хандығын  дүниеге 
әкелгенін  бәріміз  білеміз.  Осы  кезден  ба-  стап  төл  тарихымызда  Қазақ  хандығы  өмір 
сүрген  дәуірді  тарихшыларымыз  хандық  дәуір  деп  атайды.  Керей  мен  Жәнібек  хандар 
билік  құрған  кезден  Тәуке  хан  қайтыс  болған  кезеңге  дейінгі  үш  ғасырға  жуық  тарихи 
уақыт  осы  хандық  дәуірдің  алғашқы  кезеңі  немесе  бір  орталықтан  басқарылатын  хандық 
кезең  болып  саналады.  Ал  одан  кейінгі  кезеңнің  саяси  және  мемлекеттік  тұрғыдан  алып 

41 
 
қарағанда  бытыраңқылық  кезең  екені  белгілі.  Жүздердегі  хандық  биліктер  мен  Ресейдің 
оларды  өзіне  бағындыра  бастауы  мен  біржолата  жойып  жіберуі  XVIII  ғасырдың  30-шы 
жылдарынан басталып, XIX ғасырдың 20-шы жылдары аралығында өтеді. Бұқарбай батыр 
дүниеге  келген  жылы  әлі  де  болса  әр  жүзде  хан  лауазымы  қолданылып  тұрса,  ол  20-дан 
асқан  шағында  Ресей  империясы  арнайы  заңдарымен  алды-  мен  Орта  жүзде  (1822  ж.), 
кейіннен  Кіші  жүзде  (1824  ж.)  хандық  басқару  жүйесін  біржолата  жойып,  қазақ  елінде 
империялық басқару жүйесін енгізе бастайды. Осылайша Ресейдің бір ғасырға жуық қазақ 
жерінде  жүргізген  саясаты  қазақ  мемлекеттілігін  құлатумен  аяқталады.  Кейіннен  XIX 
ғасырдың  30-40  жылдары  Бұқарбай  батырдың  Кенесары  ханды  қолдап,  оның  қазақ 
мемлекетін қайта қалпына келтіру жолындағы күресіне белсене араласуы оның сол кездің 
өзінде мемлекеттіктің маңызын жете түсінгендіктен деп білеміз [1, 8-б]. 
Қазақ  мемлекетінің  тарихы,  яғни  қазақ  мемлекеттілігі  қай  дәуірден  бастау  алады 
деген  ғылыми  талас  мәселеде  Президентіміздің  Ұлытаудағы  ұлағатты  пікірлерінен  кейін 
тарихшылар  пісіп-жетілген    ортақ  мәмілеге  келе  бастады.  Дегенмен  қазіргі  жаһандану 
дәуірінде  қайсыбір  мәселелер  сияқты  тарих  мәселесі  де  саналуан  қитұрқы  саясаттың 
қосалқы  құралына  айналып,  онымен  мұхият  шұғылдануды  күн  тәртібіне  қойып 
отырғандай.  Мысалы  жаңа  Ресей  шовинизімінің  өкілдері-Жириновский,  Проханов, 
Лимоновтар  бастаған  компанияның  жат  қылықтары,  Украйна-Ресей  жанжалы  осыған 
дәлел.  Яғни  төл  тарихымызды  түгендеу,  тұшыну  ел  мәңгілігінің  асыл  мұраты  ғана  емес, 
сонымен  бірге  ішкі  және  сыртқы  қауіпсіздігіміздің  сенімді  қалқаны  екенін  ұғына 
бастағандаймыз.  Қазақ  тарихы  жай  тарих  емес,  ауыр  тарих.  Әйтседе,  зерттеулерде  қазақ 
тарихын  одан  сайын  ауырлататын  екі  кемшін  тұсты    естен  шығармау  керек  сияқты.  
Біріншісі,  қазақтың  жазбаша  тарихының  жұтаңдығы,  болған  деген  азғантай  мұралардың 
өзі  жойылып  кетуі.  Екіншісі,  300  жылдық  Ресей  отаршылығы.  Отар  деген  ұғымның  өзі 
айтып тұрғандай басып алған  халықты отау, жою, оның жерін, байлығын  иемдену. Олай 
болса оның тарихы, демек рухы  жоққа шығарылуы тиіс. Осылайша тарихты тұшынудың 
еуропалық  моделіне  негізделген  Ресей    империясының  идеологиясы  бізді-қазақтарды 
Гегель  айтқандай  «тарихи  емес»  халық  деп  есептеді.    «Бұртаналар»,  «түземдіктер», 
«қайсақтар»  деп  кемсітушілік,  мойындамаушылықтың  себебі  осы  жерде  жатыр. 
Еуроцентристік  менмендіктің  жеңіс  шапанын  киген    «жаңа  Ресей  империясын» 
аңсаушылардың  қазақ  мемлекеттілігі  туралы  тұжырымдамасы  осы  пікірлерге  жақын. 
Алайда  мемлекеттіліктің  бұрын  болмауы,  болған  кездерде  жаугершіліктен  құлауы,  оның 
қайта  жандануы  жалғыз  қазақ  халқының  тағдыры  емес,  бүкіл  әлем  халқы,  бірі  ерте,  бірі 
кеш осы «тарихи тозақтан» өткен. 
Қазақтарда мемлекет болмаған деген қитұрқы уәждер логикалық мазмұнсыз, әлбетте 
ғылыми аргументтер ретінде есепке алынбайды, ғылыми қауымдастық оны назар аударуға 
тұратын  пікір  екен  деп  қарамауға  тиіс.  Дегенмен,  осыған  ұқсас  теориялар    тұрпайы  да 
дұшпан саяси пікірлерге негіз болып, ішкі және сыртқы мүдделі топтардың идеологиялық 
құралына айналып отырғаны жасырын емес. Сондықтан зерттеулерде аталған пікірлердің 
метафизикалық қателігін дәлелдеу де бүгінгі күннің өзекті мәселесі болмақ. 
Тарих  философиясында  халық  деген  категория  әр  түрлі  этностардың    (ру,  тайпа) 
ортақ  тіл  кеңістігінде,  шартты  географиялық  территорияда  белгілі  бір  шаруашылық 
тәсілімен  өмір  сүретін,  тарихи  қауымдасқан  тұтастығын  білдіреді.  Басқа  атрибуттарын 
қоспағанның өзінде қазақ халқы Қытай, Парсы, Араб, Шағатай-түркі, Еуропа  жазба дерек 
көздері көрсеткендей, осы атауменен, осы тарихи формада, яғни қазақ халқы болып  соңғы 
стадиядағы  Орта  ғасырлардан  бастап  басқа  сырт  мемлекеттермен  танылған.  Танылған 
деген  түсінік  саяси  философияда  қазақ  халқы  басқа  мемлекеттермен  сауда-саттық, 
экономикалық-саяси,  әскери-соғыс  қатынастарында  болған  деген  синкретикалық 
анықтама,  дефиниция.  Демек  қазақ  халқы  атынан  белгілі  бір  билік  жүйесі,  немесе 
институт аталған қарекеттерді атқарып отырған. Аталып отырған атқарушы билік жүйесі-
мемлекет  деген  әлеуметтік  институт,  басқаша  емес,  басқаша  болуы  мүмкін  емес. 
Этностың  белгілі  бір  дәуірде  халық  болып  танылуы,  сол  дәуірге  сай  тарихи  формада 

42 
 
басқару  жүйесі-мемлекеттілігі  болған  деген  сөз.  Демек  мемлекет  халық  ұғымының  ішкі, 
имманентті анықтамасы, дәлірек айтқанда бірін-бірі өзара анықтаушы ұғымдар.  Адамзат 
конгломератының  халықтық  деңгейге  көтерілгенінің  басты  белгісі  мемлекет  болмақ. 
Халық  деген  ұғым  адамдардың  рулық,  қандас,  туыстық  қатынастардан    азаматтық 
қатынастарға  өткенін  білдіреді.  Яғни  халықтық  сатыда  адамдар  бір-біріне  «Туыс»  деген 
қатынастың  алдында    «Адам»    атты  қатынас  жасағанды  дұрыс  деп  санайды,  әлеуметтік 
өмірде  реттеушілік  моральдық  нормалардан  құқықтық  нормаларға-заңға  ауысады,  оның 
кепілі  тек  мемлекет  бола  алады.  Бұл  жағдайда  адамдар  өзіне  туыс  еместің  барлығымен 
шапқыншылық  жағдайда  болатын  варварлар  емес,  туыс  еместердің  барлығымен  өзара 
келісім  арқылы  бірігіп  өмір  сүре  алатын  өркениеттік  социумға,  яғни  халықтық  деңгейге 
көтеріледі, немесе соған қарай тарихи бағыт алады.  Жазба деректер дәлелдеп отырғандай 
қазақтар  осы  тарихи  кезеңдердің  барлығынан  өткен,  сондықтанда  олар  халық  ретінде 
танылған,  демек  қазақ  халқының  мемлекеттілігін  жоққа  шығару  мүмкін  емес.  Мұндай 
тұжырымдар  әлемдік  дәрежедегі  көрнекті  ғалымдар  Г.Шварц,  И.С.Брагинский  және 
басқалардың еңбектерінде ішін-ара көрсетілген. 
Тарихты  тұшынудың  батыстық  моделі  көшпенділік  пен  мемлекеттілік  бірімен  бірі 
сиыспайтын  ұғым деп есептейді. Олардың ойынша халық,  демек мемлекет  ұғымдары тек 
отырықшылыққа, ары қарай  жерге жекеменшік қатынастарына байланысты қолданылады. 
Жерге  жекеменшік  қатынастар  айырбастау  процесі,  яғни  сауда-саттықпен  сипаттала 
отырып,  көшпенділерде  мұндай  процестер  болмаған  деп  тұжырымдайды.  Демек,  оларда 
еңбектің  құрылымдық  бөліністері-дене,  ой,  басқару  жүйесі  қалыптаса  алмаған.    Артық 
өнім,  еңбек  бөлінісі  болмаса,  оларды    асырайтын  классикалық  салық  жүйесі  қалыптаса 
алмайды.  Демек, көшпенділерде мемлекеттің болуы мүмкін емес. 
Батыстың  мемлекет  теорияларына  ортақ  нәрсе  олар  көшпенділікті  тар  шеңберде 
түсіндіреді.  Шығыстың  сан  алуандығын,  оның  ішіндегі  көшпенділік  өмір  сүру  әдісін 
аталған  батыстық  модель  қисынында  түсіндірудің  мүмкін  еместігі  қазіргі  кезде 
мойындала бастады. «Аттылы номадтар» ұғымының авторы Д.Синор көшпенді халықтың, 
мысалы  қазақ  халқының  билік  құрылымының  ерекшеліктерін  батыстың  отырықшы-
егіншілік билік құрылымы моделімен түсіндіру мүмкін еместігін жақтайды. Шынында да 
көрсетіліп отырған батыстық тұжырымдарға қай аспектіден талдау жасалғанмен олардың 
көшпенділер социумының шындығына сәйкес келмейтінін көреміз. Шындығында адамзат 
тарихы  да  табиғат  сияқты,  онда  таза  нәрсе  кездеспейді.  Абсолют  ұғымындағы  таза  ол 
ештеңе,  яғни  жоқ.  Дүние,  әлем  қоспадан  тұрады.  Бұған  ешкімнің  таласы  болмаса  керек. 
Сол  сияқты  таза  көшпенділік  деген  болмайды.  Егер  біз  көшпенділік  туралы  айтсақ, онда 
көшпенділік  белгілі  бір  халықтың  өмір  сүру  тәсілдерінің  ішіндегі  доминант,  яғни  басым 
түрі 
деп 
түсіну 
керек. 
Көшпенділерде 
отырықшылық 
болған. 
Көшпенділер 
отырықшылықпен мыңдаған жылдар бойы ықпалдасып,  әлеуметтік симбиоз түрінде  өмір 
сүрген.  Сақ,  ғұн  дәуірлері,  бертін  келе  көк  түріктер  кезеңінде  көшпенділердің  ішкі 
қатынастарынан  туындаған  қалалар  пайда болды.   Қытайдың «Ханьшу» жылнамасында 
осылай  көрсетіледі.  Сондықтан  да  қазіргі  қытай  зерттеушілері  қазақтарды  ертедегі 
сақтардың  мұрагері  санайды.  Мемлекеттілікті  қазақ  жерінен  табылған  алтын  адамдар  да 
дәлелдейді.  Президентіміз  айтқандай  қазақтардың  арғы  тегі  сақтардың,  ғұндардың  өз 
патшалары  болған.  Патшаны  тайпалардың  көсемдері,  ақсақалдары  сайлаған,  яғни  қазіргі 
тілмен  айтқанда  өкілеттілікке  негізделген  билік  жүйесі-мемлекет  болған.  Зерттеушілік 
әдебиеттерде  мұны  көшпенділер  немесе  дала  демократиясы  деп  те  атап  жүр.  Көптеген 
белгілі  зерттеушілер-О.Прицак,  М.Дромп,  В.Рабатский,  Р.Груссен,  П.Голден  т.б. 
ғалымдар  жазба  зерттеулерінде  Түрік  қағанаттығындағы  мемлекеттік  басқару  жүйесі, 
оның  функционалдық  құрылымының  ерекшеліктері  туралы,  мемлекеттік  лауазымдар 
иерархиясы,  күрделі  формадағы  әлеуметтік  институттар,  әскери,  дипломатиялық 
құрылымдар,  сыртқы  дұшпан  халыққа  қарсы  қоятын  өзіне  тән  идеологиялық 
дүниетанымы,  тіпті  ішкі  іcтермен  шұғылданатын  билік    болғанын,  оның  жаулап  алған 
елдерден  салық  жинаумен  айналысқанын  нақты  дәлелдейді.Түрік  қағанаты  өзінің  қуаты 

43 
 
жағынан  әлемдік  мемлекеттер-қытай,  парсы,  батыс  мемлекеттерінен  кем  түспеген,  олар 
барлық  жағынан  түркілермен  санасып  отырған.  Бұл  туралы  да  жазба  деректер-
дипломатиялық  хаттамалар    болғандығын  зерттушілер  Э.Шаван,  Г.Моравчик  т.б. 
ғалымдар  дәлелдеп  көрсетті.  Данышпан  Фирдоусидің  «Шахнамасын»  еске  алсақ  та 
жеткілікті.  Иран  мен  Тұран  соғысындағы  тұрандар  қазақтардың  арғы  ата  тегі.  Егер 
тұрандардың мемлекеті болмаса мемлекеті бар ирандармен қалай соғысады? 
Мемлекеттіліктің  Дешті  Қыпшақ  кезеңіне  назар  аударайық.  Бұл  кезең  туралы 
көшпенділер  мемлекеттілігінің  болғандығына  ара-кідік  күман  келтіретін  П.Голденнің  өзі 
«Кодекс  Куманикусты»  зерттеу  барысында  қыпшақтардың  мемлекеттілігі  болғандығын 
мойындайды. Алтын орда және Ақ орда тұсындағы моңғол империясының мемлекеттілік 
сипатын  тарихты  батыстық  моделдеу  жоққа  шығара  алмайды.  Шыңғысхан  империясы, 
Жошы  ұлысы  тек  династиялық,  әулеттік  тұрғыдан  ғана  моңғолдар  болды,  ал  өзінің  
әлеуметтік  құрылымы  мен  этногенетикалық  құрамы,  шаруашылығы  мен  мәдениеті 
жағынан  түркі  мемлекеті  болып  қайта  қалыптасты.    Олар  түркілік  ортаға 
ассимиляцияланып,  түркіленіп,  қыпшақтанып,  кейін  қазақтанып  кетті.  Бұл  туралы  араб 
әл-Омари,  француз  Р.Груссен,  орыс  В.Н.Бартольдтар  дәлелдеп,  жазып  кетті.  Алтын 
Орданың  мемлекеттілігін дәлелдейтін басты тарихи  құжат «Ұлы Жасақ» Кодексіне назар 
аударуға  тиіспіз.  Ол  Дешті  Қыпшақтың  «Кодекс  Куманикусымен»  үндес  жалғасы, 
көшпенділердің  сақ-ғұн заманынан  басталған, түркі  қыпшақ,  яғни  қазақ  мемлекеттілігіне 
жалғасатын аса бай құқықтық нормалар мен саяси билік тәжірибесінің ресми жинағы деп 
айтуымызға  болады.  Аталған  Кодекстер  көшпенділердің  құқықтық  құжаты,  дала 
заңдарының  квинтэссенциясы.  Мемлекет  теориясында  ешқандай  ғалым  нормативтік 
құқықтық  құжат  бар  жерде  мемлекеттік  билік  жоқ  деп  айтуы  мүмкін  емес.  Құқықтық 
нормалар  мен  мемлекет  бірінің  –бірі  кепілі,  біртұтастықтың,  мысалы  әлеуметтік  өмірдің 
екі жағы. 
Жазба  деректерде  Жәнібек  пен  Керейге  дейін  Орыс  хан  мен  Барақ  ханның  кезінен 
бастап  осы  мекен  -  қазақ  айлағы,  тіл  -  қазақ  тілі  болғандығы  көрсетіледі.ХІІІ-ХV 
ғасырлардағы Орта Азияда Дешті қыпшақ тайпалары толығымен мұсылманданды. Алтын 
Орда  мен  Ақ  Ордада  ислам  мемлекеттік  дінге  айналды.  Бұл  ұлы  процесс,  яғни 
қазақтардың ортақ тілі және ортақ мұсылмандық діні рулық, тайпалық, этностық сананың 
ортақ  рухани  кеңістікке  енуіне,  яғни  этностық  сананың  халықтық  санаға  айналуында, 
қазақтардың халық, мемлекет болып қалыптасуында, демек қазақ Ренессансында шешуші 
рөл 
атқарды.Қазақ 
мемлекеттілігі 
қалыптасуының 
ішкі 
генерациялары 
мен 
қатализаторлары  туралы  ой  тарқатқанда    көшпенділіктің  мәнді  анықтамалары-
«бақташылық»  (пасторализм),  «салт  атты  көшпенділер»  ұғымдарына,  олардың  тарихи 
ерекшеліктеріне  батыстық  моделге  негізделген  зерттеулерде    ешбір  назар  аударылмаған. 
Мысалы, «салтатты көшпенділер» адамзатты қозғады, әлеуметтік жағынан алып қарағанда 
батыстың  сол  кезеңде  орман  арасында  тұмшаланып,  тұралап  қалған  өміріне  
континентальдық  дрейф  жасап,  тынысын  ашты.  Қөшпенділер  дрейфі  арқылы  адамзат 
тарихында  екіжақты,  каузальды  әлеуметтік-саяси  зор  өзгерістер  орын  алып,  оның  терең 
мәнін  іздеушілік,  яғни  өмір  мен  өлім,  жақсы  мен  жаман,  әділет,  теңдік,  зұлымдық  т.с.  
жалпы  адам  болмысына  тән  оның  қауіпсіздігі  мен  тіршілігі  үшін  аса  қажет 
экзистенциялық  құндылықтардың  дәуірлік  жаңа  парадигмалары  мен  өлшемдеріне 
қажеттілік  туындады.  Көшпенділер  адамзат  баласын  осы  мәңгілік  ұлы  мәселелерге  оята 
отырып,  бұл  мәселелердің  шешуін  іздеген  пайғамбарлар  мен  даналардың  да  өмірге 
келуіне,  яғни  немістің  ұлы  философы  К.Ясперс  пайымдаған  «кіндік  уақыттың» 
басталуына  әсері  болды.  Бұл  ұлы  қозғалыс,  ұлы  дәуір  сақтар  мен  ғұндардың,  Көк  
түріктердің тікелей мұрагері-қазақ халқының қазіргі мекені осы Ұлы даладан бастау алған 
еді. 
Қорыта  айтқанда,  Қазақ  халқы  хандық  формасындағы  мемлекеттік  басқару  жүйесі 
бар  дербес  ел  ретінде  мыңдаған  жылдар  тарих  қойнауында  пісіп-жетілді.  Сақ,  Ғұн,  Көк 
түріктер,  Дешті  қыпшақ,  Алтын  орда,  Ақ  орда  дәуірлері  қазақ  халқы  және 

44 
 
мемлекеттілігінің  тарихи  пісіп-жетілу  процесінің  метаморфозалары,  тарихи  ішкі 
мүмкіндіктері,  бастаулары.  Қазақ  халқының  мемлекеттілігі  аталған  тарихи  мүмкіндік 
сатыларынан  өтіп, толық кемеліне келген пішінде  Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев  нұсқаған 
ХV  ғасырдың  орта  шенінен  бастап  адамзат  кеңістігі  мен  уақытында    қазақ  болмысының 
нағыз шындығы ретінде өмір сүре бастады. 
 
Әдебиеттер: 
1.Әбілғазы.  Түрік  шежіресі.  –Алматы:  Ана  тілі,  1991.  -208  б.;  1000  дана.:    ISBN  5-
630-00003 
2.Бабыр  Захир  ад-дин  Мухаммед.  Бабырнама  /Қазақша  сөйлеткен  Байұзақ 
Қожабекұлы. – Алматы: Ататек, 1993. - 448 б.:
 
26 см. –Библиогр.:  440-447 б.; 2000 дана.: 
ISBN 977-2101-3449-1 (в пер.). 
3.Бабыр Захир ад-дин Мұхаммед. Бабырнаме.-Алматы: Жалын, 1990. - 328 б.:
 
24 см. 
– Библиогр.:  320-927 б.; 24000 дана.: ISBN 5-610-00441-1 
4.Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің  хабаршысы: 
Республикалық  ғылыми-әдістемелік  журнал  №3(35)  2012.=  Вестник  Кызылординского 
государственного  университета  им.  Коркыт  Ата:  Республиканский  научно-методический 
журнал  №2  (32)  2012  /  Бас  ред.  Бисенов  Қ.А.-  Қызылорда:  Қорқыт  Ата  атындағы  ҚМУ, 
2014.- 262 б.: 60х84. (ҚР Білім және ғылым мин-гі); ISSN 1607-2782:  500 дана 
 
 
 
 
ӘОЖ 950 (574.54) 
 
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ЖАҢАҚОРҒАН 
 
ТАРИХЫНЫҢ ТҰЛҒАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
 
 
Х
.ТҰРСҰН, тарих ғылымдарының докторы 
Т.САБИТОВ,  PhD докторанты
 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,  
Қазақстан Республикасы 
 
Аңдатпа
 
Мақалада  Көкен  батыр  Назарұлына  қатысты  архивтік  және  ауызша  деректер 
сараланып,  оның  отаршылыққа  қарсы  күресі  баяндалады.Көкен  батыр  Назарұлы  XIX 
ғасырдың  ортасында  Сыр  бойындағы  Бұхар,  Қоқан  хандықтарының  езгісіне  қарсы  ұлт-
азаттық  қозғалысқа  белсене  араласқан  тарихи  тұлға.Батыр  өз  халқын  қалай  сыйласа, 
халқы  да  оған  солай  құрмет  көрсеткен.Көкен  батыр  Назарұлымен  Бұхарада  қатар  білім 
алған  замандастары  Керей  Марал  ишан  Қармақшыда,  Құлболды  ишан  Тереңөзекте, 
Қосым  ишан  Қазалыда  отаршылдыққа  қарсы  ұлт-азаттық  қозғалыстарға  дем  берген 
тұлғаларға  айналса,  Көкен  батыр  Назарұлы  және  Айқожа  ишан  Темірұлы  Жаңақорған-
Түркістан атырабында осындай тарихи жағдайда бір-бірімен етене араласып, ел басқарған 
батыр  тұлғалар.  Әр  рудың  әскерін  басқарған  батырлардың  есімдері  сол  рулардың 
жауынгерлік  ұранына  айналып  жатты.  Есімін  ұран  етіп  алу  -  ол  батырларға  берілген 
халықтың марапаты, наградасы. 
Сонымен қатар Жаңақорған өңіріндегі  XIX ғасыр ортасындағы тарихи оқиғалармен 
өлкетану материалдарын ғылыми айналымға ұсынудың әдістемесі талданады. 
Кілт сөздер:
 Көкен батыр Назарұлы, Әликен хан, Қоқан езгісі, Ресей отаршылдығы, 
батырлық институты. 
 
 

45 
 
Аннотация
 
В статье анализируются архивные документы и устные предания, касающиеся Кокен 
батыр  Назарулы,  повествуется    его  борьба  против  колониальной  политики.  Кокен  батыр 
Назарулы  –  историческая  личность,  активно  принявшая  участие  в  национально-
освободительном  движении  против  эксплуатации  со  стороны  Бухарского  и  Кокандского 
ханств  в  середине  XIX  века  на  территории  Сырдарьи.  Батыр  проявлял  к  своему  народу 
большое  уважение,  такое  же  уважение  проявлял  к  нему  и  народ.  Если  личностями, 
вдохновившими национально-освободительные движения против колонизации, считаются 
Керей Марал ишан - в Кармакшы, Кулболды ишан - в Теренозеке, Косым ишан - в Казалы, 
то Кокен батыр Назарулы и Айкожа ишан Темирулы, тесно взаимодействавшие при таких 
исторических  условиях  от  Жанакоргана  до  Туркестана,  -  это  личности,  возглавившие 
народ.  Имена  батыров-руководителей  войск  каждого  рода  стали  своеобразными 
воинственными  лозунгами.  Для  батыров  это  считалось  большой  наградой  и  похвалой  со 
стороны народа. 
Наряду с этим, в статье автор анализирует методические рекомендации по внесению 
в научный оборот краеведческих материалов и исторических событий середины XIX века 
в Жанакорганском регионе. 
Ключевые  слова:  Кокен  батыр  Назарулы,  Аликен  хан,  Кокандская  эксплуатация, 
Российская колонизация, институт батыров. 
 
Annotation 
The  article  analyzes  the  archival  documents  and  oral  traditions  relating  Koken  Batyr 
Nazaruly. it tells the story of his struggle against the colonial policy. Koken Batyr Nazaruly is a 
historical  figure  who  actively  took  part  in  the  national  freedom    movement  against  the 
exploitation  from Bukhara and Kokand khanate in the middle of the XIX on the territory of the 
Syrdarya river. Batyr showed great respect to his people, and the same respect  people showed to 
him.  While    Kerey  Maral  Ishan  -  in  Karmakshy  region,    Kulboldy  Ishan  -  in  Terenozek,  skew 
Ishan  -  in  Casaly  were  considered  to  be  the  persons  who  inspired  the  national    liberation 
movement  against  colonization  ,    Koken  Batyr  Nazaruly  and  Aykozha  ishan  Temiruly  closely 
interacted    in  historical  conditions  from  Zhanakorgan  to  Turkestan  -    were  the  persons  who 
headed the nation. Names of the  leaders of executive  troops of each kin  have  become a sort of 
bellicose slogans. For the batyrs it was a great reward and praise of  their people. 
Along  with  this,  in  the  article  the  author  analyzes  the  methodological  recommendations 
how  to  introduce  the  materials  of  local  history  and  historical  events  in  the  middle  of  the  XIX 
century in Zhanakorgan region into scientific circulation. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет